Жаңа жыл мерекесі



1 Жаңа жыл мерекесі наурыз
2 Жаңа жыл таза көшпелілердің мейрамы
3 Он екі жылдың анықтамасы
4 Уақыт мезгілдері
Қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.
Мұрат Әджінің «Қыпшақ-тар» атты кітабында «Шыршалар мерекесі» деген тарау бар. Оның жазуынша, мереке ең басында құдайлар мен аруақтар мекені – жер шарының тура кіндігінде тіршілік еткен Жер – Судың (Иерсу) құрметіне арналыпты. Жер – Судың жанында ақ сақалды Үлкен (Ульген) есімді шал жүрсе керек. Түркілер оны үнемі әдемі қызыл шекпен киіп жүрген қалпында көріпті. Мұрат Әд-жінің дәлелдеуінше, ежел-гі алтайлықтар шыршалар мерекесін 25 желтоқсан-да, Күннің Түнді «жеңген» кезінен бастап, түркілер Күннің қайта оралғанына қуанып, Үлкенге (Ульген) алғыстарын жаудырыпты, оған тәу етіпті.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.

Мұрат Әджінің Қыпшақ-тар атты кітабында Шыршалар мерекесі деген тарау бар. Оның жазуынша, мереке ең басында құдайлар мен аруақтар мекені – жер шарының тура кіндігінде тіршілік еткен Жер – Судың (Иерсу) құрметіне арналыпты. Жер – Судың жанында ақ сақалды Үлкен (Ульген) есімді шал жүрсе керек. Түркілер оны үнемі әдемі қызыл шекпен киіп жүрген қалпында көріпті. Мұрат Әд-жінің дәлелдеуінше, ежел-гі алтайлықтар шыршалар мерекесін 25 желтоқсан-да, Күннің Түнді жеңген кезінен бастап, түркілер Күннің қайта оралғанына қуанып, Үлкенге (Ульген) алғыстарын жаудырыпты, оған тәу етіпті. Дұғаларымыз Тәңірінің құлағына шалынса деген үміт-арманмен Үлкеннің сүйікті ағашы – шыршаны үйлеріне әкеліпті. Бұтақтарына неше түрлі әсем шүберектер байлапты. Сонан соң дөңгелене қол ұстасқан қалпы шыршаны айналып: Түн кетіп, Күн келсін, деп ән салған. Осылайша Мұрат Әджі бауырымыз Жаңа жыл түніндегі үлде мен бүлдеге бөленген шырша мерекесінің І Петр патшадан да әріде болғанын баяндап, ол түркілер дәуірінде сол халықта тойланған деп дәлелдейді.

Белгілі этнограф – тарихшы Ақселеу Сейдімбек Жаңа жылдың көшпелілер мейрамы екендігі туралы былай дейді: Өмір – тіршілікте шарттылықтар өте көп. Сол шарттылықтардың ең ғажабы, адам баласының уақытты межелеуіне қатысты. Мәселен, осы күндері бү-кілхалықтық қуаныш ретінде тойланып жатқан Жаңа жыл мейрамын алайықшы. Қалыптасқан ұғым бойынша, Жаңа жыл, яғни1-қаңтар, Иса пайғамбардың туған күні. Бүкіл христиан әлемі осылай деп түсінеді, осындай деп тойлайды. Ол тойына Рождество Христова деп ат берген. Орыстар православ сенімінде болғандықтан, бұрынғы Юлиан күнтізбесінің межесі бойынша, желтоқсан-ның 25-і Исаның туған күні деп тойлайды. Мен, бір қызықты пікір айтайын. Осы Жаңа жыл тойы арысы Еуразияның ежелгі көшпелі скиф-сақтарының, бергісі бүгінгі түркі халықтарының, оның ішінде, қазақтардың да байырғы мейрамы деп есептеймін.

Тарихи дерек бойынша, 532 жылға дейін бүкіл Еуропа Диоклитан календарын тұтынған. Ол христиан дініне қарсы адам. Сол кезде христиан дінін басқарушы кординалдардың бір бас-қосуында жыл басын Исустың туған күнімен бастау жөнінде қарар қабыл-данады. Бір қызығы, сол басқосуға қатыс қандардың ішінде Исустың туған күнін ешкім білмейтін болып шығады. Сонда босаға жақта отырған скифтен шық-қан есепші-жұлдызшы кішкене Диониси деген кісі: Жарықтық, Иса пайғам-бардың туған күнін мен білуші едім. Ол осыдан аттай 532 жыл бұрын дүниеге келген, - дейді. Оған ешкім де дау айта алмайды. Өйткені, Иса пайғамбардың туған жылын айғақтайтын ешқандай тарихи дерек болмайтын. Ал кішкене Дионисидің аузынан шыққан 532 деген сан көшпелілер үшін киелі сан болатын. Яғни, көшпелілер табынатын аспан денелері – Ай 19 жылда бір рет дөңгелегін жаңғыртып отырады. Осы Айдың дөңгелегінің саны 19 бен Күннің дөңгелегінің саны 28-дің көбейтіндісі – 532.

Демек, Жаңа жылды той-лағанда бұл мерекенің де көшпелілер пайымымен байланысты екендігін ескерген жөн. Өкінішке орай, бұл деректер бүкіл халықтың жадының игілігі бола алмай келе жатыр. Дегенмен, В.В.Цибульскийдің Луно-солнечный календарь стран Восточный Азий, М.Ысқақовтың Халық календары, Х. Әбішевтің Аспан сыры атты кітаптарында осы деректер қызықты баяндалады.

Қысқасы, сол деректерге ден қойғанда, Жаңа жыл таза көшпелілердің мейрамы еке-

нін мойындауға тура келеді. Бірақ Еуропаға бұл мейрам жерсінді. Бұған Аяз ата, шырша, шырақ жағу деген сияқ-ты Еуропа елдері өздерінің этнографиялық реңктерін беріп, байытты. Содан бүгінгі күні мүлдем танымастай өзгеріп, Еуропалық мейрам болып шыға келді.

Діни календарь бойынша, Исаның туған күні қаңтардың 1-і емес, одан 6 күн бұрын аталып өтеді.

Өкінішіке орай, Жаңа жылды елімізде Христостың туған күні, Рождество мейрамы ретінде тойлау, бүкіл ұран, құттықтаулардың соған арналуы байқалады. Бұл ащы да болса, айтар шындық. Негізінен, Жаңа жылға терең діни мән-мағына бермей, оны алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағда-рымыз бен мақсат, міндеттерімізді белгілейтін. Үміт, Сенім мерекесі ретінде тойлағанымыз, ескі жылды ризашылық сезіммен шығарып салып, Жаңа жылды тәтті тілек, ақ батамен қарсы алғанымыз абзал.

Он екі жылдың анықтамасы

Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар болса, олар туралы деректер VIII ғасырдағы Күлтегін ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқари-дың еңбектерінде кездеседі. Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі бойынша жылдар бірінен соң бірі былай аталады: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз жылы. Жыл басы қазақтарда тышқаннан және Наурыз айының 22-сінен басталып, ол он екі жыл бір айналғанда мүшел жасты құрайды. Алайда, адамның алғашқы мүшелі – 13 жас. Біз енді әр жыл-дың қысқаша анықтамасына тоқталсақ.

Тышқан жылы. Қазақ-тар тышқан жылын береке, ырыстың, татулық пен тыныштықтың жылы деп санайды. Тышқан жылының мыңдаған жылдық тарихына назар аударсақ, оның көп жылы аштықсыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз, молшылықта өткен. Қанжығалы Бөгенбай батыр тышқан жылы (1684) туса, Төле би тышқан жылы (1756) қайтыс болған, алғаш Қазақ ордасы 1456 тышқан жылы құрылған.

Сиыр жылы. Тышқан жылынан кейін кіреді. Сиыр жылында дау-жанжал, қиындықтар мен ау-ыртпалықтар көп болған. Қариялар соны жиі айтып, сиыр жылында сәтсіздіктер бола қалса, Биыл ауыр жыл ғой. Мұның бәрі содан ғой, - деп өзін-өзі жұбатып жатады. Ырым-нанымға сәйкес, сиыр жылы туғандар бұл жылы сиырды бауыздамайды. Көп халық сиыр жылының дастарханына сиыр етін, одан жасалған тағамдарды қоймайды.

Барыс жылы. Сиыр жылынан кейін кіреді. Оның ауыртпалығы да, жақсылығы да аралас. Бұрындары барыс жылында есте қалатын елеулі оқиғалар болмағандықтан оны жайсыз жыл санамайды, жамандамайды. Біздің ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) барыс жылы туып (570), ұлу жылы қайтыс болған (632). 1937-38 жылғы саяси қуғын-сүргін де осы барыс жылында болып, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқи-ғасы барыс жылына тұстас келді, Мұстафа Шоқай барыс жылы туып, жылан жылы қайтыс болды (1890-1941).

Қоян жылы. Барыс жылынан кейін кіреді. Бұл жыл жұт, аштық, ауыртпалық, бейнетпен қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерекелер түрлері
Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Рождество мерекесі
Наурыз – көне мереке
Православиялық мейрамдар
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Діни мерекелердің рөлі
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы
Ұлыстың ұлы күні Наурыз
Пәндер