Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы



1. Шәкәрім Құдайбердіұлы.қазақтың аса ірі ағартушыларының бірі.
2. Шәкәрім Құдайбердіұлының көп қырлы шығармашылығының көркемдік болмысы.
3. Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы . адам болмысы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 20-шы ғасырдың басындағы қазақтың аса ірі ағартушыларының бірі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Абайдың үлкен ағасы, тобықты руынан тараған, ірі феодал Құнанбайдың ұлы. Шәкәрім 5 жасқа толғанда, әкесі оны моллаға араб, парсы тілдерін үйрену үшін оқуға береді. Ол белсенділігінің , танымдылығының арқасында шығыс тілдерін, одан кейін орыс тілін тез меңгеріп алады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, Шәкәрім атасының қолында тәрбие алады. Оған әкесінің інісі жиырма жасар Абай тірек болады. Абайдың жетелеуімен оның әдебиетке, философияға, тарихқа, географияға музыкаға деген ынта-ықыласы оянып, қызығушылығы арта түседі. Абай інісінің музыкаға деген ынтасын байқап, ауылға белгілі домбырашы Біткебайды шақырады, ол кісі Шәкәрімді домбырада ойнауға үйретеді. 14-15 жасында Шәкәрім музыка шығара бастайды. Орыс тілін жақсы меңгереді. 1903 жылы Ш.Құдайбердиевті Семей орыс географиялық қоғамына мүше етіп тағайындайды. Онда орыс географиялық қоғамының мүшелері Нұрғали мен Нәзипа Құлжановтармен, мұғалім Рахметолла Елкібаевпен танысып, араласа жүріп гуманистік ағартушылық көзқарасы оянады.
1. Ізтілеуова С.Д. Шәкәрім поэтикасы.Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.
2. Шаңбай Т. Шәкәрімнің философиялық лирикасы // Қазақстан мектебі. -2008.-№ 4.
3. Жетібаев, Е. Шәкәрім ойларының ерекшелігі // Қазақстан мектебі. - 2009. - № 7.
4. Жақыпов Ш. Шәкәрім философиясының кейбір негіздеріне физикалық көзқарастар // Шәкәрім әлемі. - 2006. - №2.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Шәкәрім Құдайбердіұлы-қазақтың аса ірі ағартушыларының бірі.
2. Шәкәрім Құдайбердіұлының көп қырлы шығармашылығының көркемдік
болмысы.
3. Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы – адам болмысы.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 20-шы ғасырдың басындағы қазақтың аса ірі
ағартушыларының бірі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Абайдың үлкен ағасы,
тобықты руынан тараған, ірі феодал Құнанбайдың ұлы. Шәкәрім 5 жасқа
толғанда, әкесі оны моллаға араб, парсы тілдерін үйрену үшін оқуға береді.
Ол белсенділігінің , танымдылығының арқасында шығыс тілдерін, одан кейін
орыс тілін тез меңгеріп алады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, Шәкәрім
атасының қолында тәрбие алады. Оған әкесінің інісі жиырма жасар Абай тірек
болады. Абайдың жетелеуімен оның әдебиетке, философияға, тарихқа,
географияға музыкаға деген ынта-ықыласы оянып, қызығушылығы арта түседі.
Абай інісінің музыкаға деген ынтасын байқап, ауылға белгілі домбырашы
Біткебайды шақырады, ол кісі Шәкәрімді домбырада ойнауға үйретеді. 14-15
жасында Шәкәрім музыка шығара бастайды. Орыс тілін жақсы меңгереді. 1903
жылы Ш.Құдайбердиевті Семей орыс географиялық қоғамына мүше етіп
тағайындайды. Онда орыс географиялық қоғамының мүшелері Нұрғали мен Нәзипа
Құлжановтармен, мұғалім Рахметолла Елкібаевпен танысып, араласа жүріп
гуманистік ағартушылық көзқарасы оянады.
1906 жылы Шәкәрім атақты шығыс қалалары Кайр, Стамбул, Мекке,
Мәдинәні аралап, кітапханаларынан ежелгі қолжазбаларды жинайды. Стамбулде
жүріп шығыс тілін үйренеді. Елге қайтарында ол белгілі ғалым, философ Кант,
Пастер т.б жазушылардың кітаптарын ала келеді.
Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы, 1920-1921 және 1930-1931
жылдардағы ашаршылық, 1928 жылғы жаппай тәркілеу барлығы ақынның дүниеге
көзқарасын оятып, үлкен әсер етті. Осы кезде Шәкәрім халық арасынан кетуге
мәжбүр болды. Ол Шыңғыстау тауларының бөктеріне келіп, жалғыз өзі өзінің
өміріндегі болған оқиғаларға көз жібертіп өз ойын жазады. Ал ақынның бұл
қылығы кеңес үкіметі басшылығына күдік туғызады. Ақырында оны қудалап жүріп
2 қазанда 1931 жылы өлтіреді. Денесін Бақанасқа жақын жерде орналасқан
құдыққа тастайды.
Осындай жағдайдан кейін оның кітаптары кітапханалардан алынды, тіпті
жазушыны еске алудың өзі қылмыс болып саналды. Уақыт өте келе біз оның
қызметі жайлы, ұрпаққа қалдырған бай әдебиеттері мен ғылыми зерттеулері
жайлы тереңінен таныстық. 1988 жылдан бастап ақынның творчестволық мұрасын
тексерген комиссияның жұмысының қорытындысын Республика Мәжілісінде
қайтадан қарап, ойшыл, ағартушы, философ, ақын Шәкәрім Құдайбердиевтің
заңсыз қуғын-сүргінге ұшырағанын ескеріп, оның ғылыми-педагогикалық әдеби
еңбектерін жарыққа шығарады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының жан-жақты қаламгер болып қалыптасуына,
қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Махамбет пен  Абай, шығыс пен батыс
әдебиеті айтарлықтай әсер етті.
Ұлы ақынның талантын былайша бағалауға болады:
 -Шәкәрім Абай тәрбиесін алғаннан кейін өсиеті, өнегесі мол мұра қалдырған
ақын, лирик;
 -Заманы мен тарихы туралы нақтылап баяндап беріп кеткен тарихшы;
   -Адамның ішкі сезім-сырларын, көңіл-күйін, нанымы мен танымын дөп басып
шынайы жеткізе білген философ;
 -Орыс халқы мен Шығыстың озық үлгілерін түпнұсқасымен қазақ жұртшылығына
танытқан көркем шебер аудармашы;
-Заманында шығып тұрған Айқап журналы мен Қазақ газетіне саяси-
әлеуметтік мәселелерге үн қосқан публицист;
-Өлеңдеріне әсем әуен жазған сазгер, музыкант.
Жалпы алғанда, Шәкәрім шығармаларының басым көпшілігі – поэзиялық
шығармалар. Сөз өнерінің осы байырғы түрі – поэзияда, ең алдымен, адам
өмірінің қат-қабат қыры мен сыры, қуат берер қуанышы мен қартайтар қайғысы,
алға тартар арманы мен жетелер үміті, сәулелі серпін туғызар мұрат-
мақсаттары – баршасы көркем бояулармен, сан-қилы ою-өрнегімен көрініс
табатыны хақ.
Шәкәрім шығармаларының мазмұны бай, түрі мол. Поэзясында азаматтық
лирикасы да, философиялық лирикасы да, махаббат лирикасы да, табиғат
лирикасы да бар, ода, сонет, тарихи баллада, халық өлеңдері түріне жазылған
шығармалар да кездеседі. Ақын өзінің шығармаларында дүниенің барлық
көріністерін, адам өміріндегі мың алуан құбылыстарды бүкіл болмысымен,
барлық жүйке-сезімімен қабылдай білген. Ол жердің сырын, желдің үнін,
құстың әнін, адамның арман-қиялымен, мұңымен бірдей түсінді.
Ақын мұраларына үңілсек, Шәкәрімнің ақындық жаңашылдығы тыңнан қосқан өлең-
өлшем өрнектерінен, өлеңдеріне шығарған әндерінен, үздік композиторлық
дарынынан да анық танылатындығын көре аламыз. Осы жағынан қарасақ, Шәкәрім
қазақ әдебиетінде ғана емес, дүниежүзілік әдебиетте де өзінің орны бар,
шоқтығы биік тұлға деп айта аламыз.
Философиялық лирика — тақырыптық-мазмұндық жағынан, лирикалық поэзияның
азаматтық лирика, көңіл күй лирикасы, саяси лирика, табиғат лирикасы,
махаббат лирикасы, әлеуметтік лирика деген сияқты дараланған жанрлық түрі.
Оны лириканың басқа жанрлық түрлерінен сыршылдықтан ойшылдығы басым,
философиялық сарыны күшті болуы мен ғалам сыры, тіршілік құпиясы, жазмыш
жұмбағын тануға ұмтылысы дараландырып тұр. Яғни, ойшылдық, басқаша
айтқанда, танымдық аспектісі дараланған, поэзияда осы танымдық бейнеленіп
берілген. Шәкәрімнің осы бағыттағы өлеңдерін қай ғылым саласы қарастырмасын
жанрлық табиғаты жағынан философиялық лирика деп тануы шындықка жанасымды.
Философиялық лирика — көркем философия мен сопылық поэзияның және
өнер философиясының да объектісі. Діннің де, философияның да, басқаның да
бастауына сөз өнері (миф, т.б.) тұрғаны туралы ғылымда неше мәрте айтылған.
Философиялық лирика көпқабатты (көркемдік, эстетикалық, танымдық, діни
аспектісі астасқан) жанр. Шәкәрімнің философиялық лирикасы жанр болғанда -
сыр сөз, хикмет, трактатқа тән сенім мен танымның негізін бойына жиған
барлықты (болмысты) көркемдік шындық арқылы бейнелеп келе жатқан және
ұлттық - адамзаттық құндылықтар жүйесіне негізделген қазақ сөз өнеріндегі
метажанр. Мұнда танымға сенім үндескен. ''Өзіңді өзің таны'' дейтін
антропологиялық философияның концепциясы мен ''Өзіңді өзің танысаң,
Жаратушыңды да танисың'' Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар хадисінің шынайылығы,
Құран Кәрімнен бастау алар ислам санасы, ізгілік жолы Шәкәрім
шығармашылығында ерекше көрініс тапқан. Жаратушының барлығы және мәңгілігі
туралы идея, дүниенің тұтастығы мен антропологизм, адамның тұлға ретіндегі
құндылығы ақын Шәкәрімнің философиялық лирикасында кең өріске шыққан.
Шәкәрім шығармаларында автобиографиялық жад аса қуатты, онда өткен өмір
тізбектеліп айтылмайды, одан ақиқатқа бастайтын даналық ой қорытылады.
Ақынның ''Мұтылғанның өмірі'' деген автобиографиялық көркем шығармасын
Ғарифолла Есімнің ''Мұтылған'' фипософиясы деп қарастыруы кездейсоқтық
емес. Шәкәрімнің философиялық лирикасына иек артқанда, философ,
мәдениеттанушы, теолог, филолог барлығы, оны ең алдымен қазақтың ұлтгық
мінезін, барлығын (болмысын) контексте танитын ұлттық сөз өнерінің үлкен
жанры, ерекше метажанры деп қарастырганы ләзім. Философиялық лирика, көркем
философия, жалпы сөз өнері—ұлттық дүниетанымның, қазақ философиясының
бастауында тұрғаны жайында қазір де нақтылы айтыла бастады. Мәселен,
Ғарифолла Есім ''...халықтық, ұлттық дүние-танымның табиғи-тарихи арналары
қайсы дегенде, мен бүл мәселені халык-тың сөз өнеріне қатысты
қарастырмақпын...'' немесе ''Ұлттык дүниетатанымның бастауы қайда?,-дейді.
Философиялық лирикада сол ұғымдардың мәніне, адам денесінің бес сезімі
арқылы білінген нәрсенің кайда барарына бағыттайды. Ақын Шәкәрімнің
бейнелік ойы, философ Шәкәрімнің танымдық ойымен үндесетін, өзінің
философиялық трактатындағы Анықтың мәніне, антропологиялық философия
мәселесіне сәйкес келетін сәті осы. Шәкәрім ''Үш анық'' философиялық
трактатында: ''Енді бір кесел; 1797 жылы туып, 1857 жылы өлген Опост Конт
деген адам: ''Физика жолымен анықталмаған, метафизика нәрсені білем деп
әуре болмайық. Дене сезімімен барлығы табылған нәрсені ғана шын деп
білейік' деген бір жол шығарып, оған ''позивитивизм'' деп ат койған. Соған
нанып қалып, сол жолға түсіп, дененің бес сезімі арқылы білінбеген нәрсені
біржола жоқ деп коятын болған. Сөйтіп жанның ең қасиеті — терең ой,
ноқтадан сау ақылын арқандап қойып, жанын тани алмай қалған'' — дейді.
Яғни, бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы, жаман екенін ақылға салып
тексермек, билік жүректен шығарылмақ. Маңызды мәселелерді поэтикалық ой-
толғаныстан өткізу Шәкәрімнің философиялық лирикасының стилі. Ақылға
салмай, ықтималмен, өлшеуге алмай, нәпсінің ұнатқанымен жүргеннің қайда
ұрындырарын Шәкәрім өленде дәл бейнелеп берген: ''Нысананы сығалап, дәлдеп
атпай, көзін жұмып оқ атқан қайтіп оңбақ''.
Шәкәрім өлеңінің мәйек-ядросы жүрек болып, негізгі ой соған
бағытталған. Абай Он төртінші қара сөзінде жүрекке қаратып: ''Тірі
адамның жүректен аяулы жері бар ма? ... Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі
істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді
демек, бұлар — жүрек ісі. Асықтық та — жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына
көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады'' деген. Ал,
он жетінші қара сөзінде де қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің өнерлерін
айтысып, таласып келгенде, ғылым ''Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.
Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды
деп, Кітаптың айтқаны осы'' — дейді. Бұл, философиялық трактаттағы тұжырым.
Ислам дінінде, Құран Кәрімде жүрек— негізгі тірек. Шәкәрімнің философиялық
лирикасында да жүрек — негізгі макрокатегория. Шәкәрімнің ақиқатка жетуге,
хақиқатты тануға бағытталған философиялық трактат-еңбектеріндегі ой-танымы,
философиялық лирикасында бейнелілік жолмен дами жалғасын тауып, үндесіп
жатады: ''Жасырып тұр Жар өзін, Бас көзімен қарама, Жүрегіңнің көзін аш,
Жанның сырын арала,т.б., т.с.с.
Абай қалыптастырған философиялық лириканың дәстүрін Шәкәрім дамыта
жалғастырды дегенде, осы тақырыпта жазған шығармаларының мазмұндық сыры мен
пішіндік тұрпатынан да реминиценциялық, өзгеше үндестік табамыз. Мәселен,
''Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек'' (21,
Абай), ''Арсыз, арам, асығыс, айлакерлік, Мұның бәрі шайтанның досы
болмақ'' (Шәкәрім). Екі өлеңде де Ар ілімі, адал рухани таза жолмен
жүрмеген пендені не күтіп тұрганы соңғы түйін-сентенция шумақта шешімін
табады. Абайда ''Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек'' болса, Шәкәрімдегі
үкім одан да қатал: ''Құдай кешер, Алла деп күнә қылмақ, Ар кетіріп, ант
ішіп, жан сатылмақ, Не жалғанда немесе ақиретте, Оңалмастай өкпеден бір
атылмақ''.
Филсофиялық лирикада суреткердің адамгершілік позициясы, ар ілімі
көрініс тапқан. Ақынның толғаныс пен ізденіс, қиялының поэтикалық
қорытындысы дүниетанымдық мәнде, көремдік ойлау – мәдениеттің қуаты.
Шәкәрімнің филсофиялық лирикасы ұлттық рухқа ие. Ақынның филсофиялық
лирикасының негізгі идеясы – адамдық сапасы, ар ілімі туралы. Осыған
байланысты оқырманға белгілі бір жайт бар. Тегінде, философиялық
көзқарастардың негізі болып саналатын ілімдер екі бағытта дамыган. Олар
дүние-тану және қоғамтану пәндері болып қалыптаскан.
     Шәкәрімнің айтылған, философиялық көзқарасындағы басты ұғымдарды осы
дүниетану тұрғысынан, олардың қазіргі физика ғылымында кең тараған
ұғымдармен байланыстары, (сәйкестіктері) қарастырылады. Осы сәйкестіктерді
өлеңнің бір шумағымен былайша тұжырымдауға болады:
Қозғалыстың алуан түрі біздерге ол елес пе?
Жан дегеннің түсінігі энергия емес пе?!
Өзгерісі анықталмақ. Жұмыс және Жылу-деп,
Шамасы оның табылады физикалық есеппен!
Осы тұжырым барысында, алдымен Шәкәрімнің... Жаралыс басы - қоғгалыс-деген
ойының физикалық тұрғыдағы жалғасы төмендегідей сараптамада болар. Сонда,
егер қозғалыс баста болғанда уақиға жүреді. Оның көрінісі бірнеше түрдегі
құбылыстар. Ал оның нәтижесінде бастапқыдан өзгеше бір нәрсе, не алуан
түрлі бөлшектер пайда болуы мүмкін. Яғни қозғалыс баста болғанда табиғатта
оның көптеген әр түрлі көріністер мен құбылыстар тізбегі болатындығы айқын
сияқты. Ал қозғалыс жеке дара емес, ол белгілі бір баста болатын нәрсенің
қозғалысы болар. Сонымен қатар, нәрсенің қозғалыстар тізбегіндегі (не оның
бір бөлігі) нәтижесі Энергия деп түсіну дұрыс сияқты. Осы қозалыстар
тізбегінде оның бір түрі екінші бір түрге ауысқанда осы қозгалыс
нэтижесіннің мөлшері -энергия-жогалмайды, сақталады. Сонда заттың жалпы
энергиясы оның өзгерісінен кейінгі бөліктерінің энергияларының қосындысынан
тұрады.
Шәкәрім философиясында Жан ұғымы қоғамтану (''тірі'' дүние)
ғылымында нақтылы мағына береді. Ал, Энергия ұғымы соңғы кезде жалпылама
терминге айналып келеді. Мысалы, энергетика, энергетикасы күшті адам т.б.
Сонымен қатар энергия ұғымы дүниетану (''өлі'' дүниеде) заттың (оның
бөлшектерінің) сан алуан қозғалыстарының нәтижесінің шамасын (қорын)
анықтайтын термин. Сөйтіп, физикадағы энергия ұғымы Шәкәрім
философиясындағы жан ұғымына өте жақын (сәйкес) қой дейміз. Ал енді жан мен
заттың айырмашылығы бар екендігін, және сонымен бірге олар бір-біріне
байланысты қатар болатындығын мойындау жөн сиякты. Егер зат (не оның
бөлшегі) болмаса, онда оның қозғалысы (не энергиясы) туралы қандай сөз
айтуға болады?! Ал, енді нәрсенің (Шәкәрімше: зат, дене) бөлшектерінің
қозғалысы кезінде олар белгілі бір құбылыс түрінде көрініс беруі де мүмкін.
Мысалы, біз нәрселердің (заттардың) қаншалықты көлемдегісін (кесегін,
бөлігін) қарастыратындығымызға байланысты. Егер нәрсенің көлемі үлкен
болып, оған өз көзімізбен қарай алатын болсақ, онда оны біз зат (дене) деп
атаймыз. Ал енді, егер нәрсенің көлемі өте аз, оны белгілі құралдар
(приборлар, установкалар т.б) арқылы зерттегенде, осындай аз көлемде нәрсе
бар екендігі туралы нақтылы информациямыз болса, онда біз нәрсені бір
құбылыс түрінде қабылдаймыз. Оны қысқаша төмендегідей түсінуге болады.
Нақтылы заттың (Шәкәрімше нәрсенің) бір кіші бөлшегі атом. Оның құрамында
электрондар болатыны физикалық тәжірибелер арқылы дәлелденген. Кеңістікте
нәрселердің (оның элементар бөлшектерінің) таралуы белгілі бір уақиға.
Уақиғалардың кеңістіктегі таралуы әртүрлі құбылыстар береді. Осы құбылыстар
тарайтын ортаны өріс дейміз. Өрістің алуан түрі болады. Шәкәрімнің
көзқарасындағы тұрғын орта біздің ойымызша осы өріс болар. Өрістің кейбір
түрлері дененің өз ішінде не оның бөлшектері арасында да және денелер
аралық кеңістікте де болады. Сонымен, физикалық сараптамалардың Шәкәрім
көзқарасындағы философиялық ойлары мен тұжырымдарына толық сай келеді
деуден аулақпыз.
     Шәкәрім поэтикасындағы күрделі тақырыптарды дүниетанымдық тұрғыдан
көркем бейнелеу үлгісін ғылыми саралау – бүгінгі қазақ поэзиясының бастау
көзедерін анықтауға негіз болады. Соны ізденістер арқылы Шәкәрім өлең
сөздерін жетілдіріп, рухани әлемімізді жаңа әдіс- тәсілдермен, бейнелік
оралымдармен, жаңа сөз тіркестерімен образдық үлгілермен толықтырған.
Шәкәрімнің поэтикалық әлеміндегі бейнелі суретті образдардың мәні қазақтың
ғана емес, жалпы адамзаттық ақыл-ой дүниесімен астасып жататындығымен
құнды. Қандай да бір мәселені тілге тиек етсе де ақынның ерекшелігі оны кең
ауқымда алып, өлең өлшеміне өрісті оймен сыйдыра білген. Бұл қасиет сөз
зергерінің шағын өлеңдерінде де, көлемді туындыларында да бөлекше бітімге,
әсерлі айшыққа ұласқан. Ақын поэмаларының тақырыптық жүйесі, жанрлық түрі,
идеялық және мазмұндық негіздері қазақ поэзиясындағы тың үрдісті танытады.
Онда дәстүрлі шығыстық сөз саптау үлгісі мен батыстың дамыған әдебиетінің
ықпалы өзара үйлесім тапқан. 
Шәкәрім Құдайбердіұлының көп қырлы шығармашылығы тақырыптық
мазмұны, көркемдік болмысы алуан түрлі, әрі күрделі. Оның негізі қай
қоғамның да көкейкесті мәселесі болып келген адам тұлғасы мәселесін
көтеруде жатыр. Ақын шығармашылығының түп тірегін және шешуші мәнін
құрайтын адам мен қоғамның, адам мен тылсымның (жар- жаратушы)
мәселелерінің мәнін ашу іргелі зерттеуге негіз боларлық өзекті мәселе.
Шәкәрім дүниетанымы өзі өсіп өнген жұрттың ауқымынан асып, бүкіл адамзаттық
мазмұндағы ойлармен сабақтасып жататындықтан оның көркемдік әлеміндегі
әрбір сөз қолданысы мен ой образының мәні терең. Сөз арқылы адам түзетпек
болған сөз зергері шығармашылығының көркемдік поэтикасын ғылыми саралаудың
аса маңызды қажеттілігі де осыдан туындайды. Өйткені барлық замандарға тән
мәңгілік тақырыптарды (жан мен тән, өмір мен өлім, адам мен жаратылыс)
бейнелеудегі поэтикалық үлгілер көнеден күні бүгінге дейін түрлі даму
сатыларын басынан өткерді. Бұл жағдай Шәкәрім өмір кешкен аумалы-төкпелі
трагедияға толы заманда ғана емес оған дейін де, бүгінгі күні де адамзат
үшін аса маңызды тақырып. Ақын қалам тербеген аса елеулі тақырыптарда
қоғам, әлеумет мәселелері терең ойшылдықпен көркемделіп ақын поэзиясы
философиялық және терең әлеуметтік мазмұнға ие болады.  Сонымен бірге
руханиятымыздың өзгеше сипатты поэтикалық көркемдік болмысын қалыптастырып,
аясын кеңейтеді. Әдебиеттің ежелден бергі обьектісі адам болмысы, адамды
тәрбиелеу, жетілдіру болса Шәкәрім бұл тарапта қазақ қоғамының азаматын
тәрбиелеудің өркениетті үлгісін әлдеқешан-ақ  сомдаған, жеке адамды түзету
арқылы қоғамды түзету, адам баласының өмір сүру барысындағы үздіксіз
іздену, өзін-өзі жетілдіру мәселесіне ден қойғанда ғана тіршілікте үйлесім
болатындығын ақындық шеберлікпен көркем бейнелеген.
         Демек адам болмысы, адамның жан дүниесіндегі түрлі сапалық
өзгерістерді поэзия тілімен өрнектеудің өзгеше әдіс-тәсілін тапқан ақын
қазақтың төл әдебиетімен ғана шектелмей түбі бір түркі руханиятының
мазмұнды туындыларынан сусындап, әрі әлемдік ақыл-ой жетістіктерінен
үйренген.
         Әдеби туындының көркемдік әлемі қаламгердің ой-қиялы және
дүниетанымы мен сөз саптасына келіп тіреледі десек, қазақ өлеңінің
кеңістігінде Абайдан соңғы ойлы  өлеңнің өрнегін салған суреткер – Шәкәрім
Құдайбердіұлы. Оның шығрамашылығының поэтикалық жүйесіндегі өзіне тән
ерекшеліктерді былайша сипаттауға болады:
 Біріншіден, ақын өлеңге өнер ретінде қарап, оны өрелі ой айтудың
құралына айналдырған. Сондықтан да өлең жолдарында философиялық таным мен
поэзиялық көркемдіктің тұтастықта жарасым тауып, нәтижесінде қазақ
поэзиясында жаңа мазмұндағы өлеңдік өрнектер мен келісті суреттеулер, тың
түр мен мазмұн пайда болып ұлттың рухани әлемін жаңа бір сатыға көтерген.
Екіншіден, Шәкәрімнің лирикалық кейіпкерлерді сомдаудағы өзіндік
қолтаңбасы шағын лирикалық өлеңдері мен көлемді туындыларында да
сабақтастық тауып, ой мен сөздің мән мағынасын, әсерін арттыра түсетін:
шын нұр, шын асық, таза ой, от жүрек, тәтті тіл, таза жан т.б.
көптеген эпитеттік қолданыстарды түрлендіре қолдануы ұлттық поэзиямыздағы
көркемдік құралдарды тыңнан түлетіп қана қоймай, ақынның қаламгерлік
қолтаңбасын айқындайтын айрықша белгіге айналған. Тек бейнелілік қана емес
оның терең мазмұнымен өрілген өзгеше бітімі руханиятымыздағы жаңа бір
көркемдік дүниені қалыптастырды.
Үшіншіден, ақын поэзиясындағы адам мәселесі өзгеше өрнекпен, бөлекше
талап – тілекпен сомдалып, алдымен адам жан дүниесінің сапалы жақтарын
дамыту баса көрсетіліп, адам табиғи жаратылыстың күрделі нәтижесі ғана емес
рухани жан әлемі ерекше қасиетке ие болған құбылыс екендігін дәлелдеу үшін
поэтикалық жүйе жасалды. Осы мәселені шешуде суреткер небір жаңа
метафоралар мен ауыстыруды түрлендіре қолданды. Дәстүрлі адам мен табиғат
бірлігін психологиялық тұрғыдан сипаттаудың тың үлгісін танытқан сөз шебері
шынайы болмыс суретінен асып, адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөлі
Шәкәрім қазақ поэзиясының философия саласын дамытқан ақын
Мұхтар Шаханов поэзиясы
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Шәкәрім поэтикасы
XV—ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
Шәкәрім құдайбердіұлы шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері
Шәкәрім Құдайбергеновтың өмірі мен шығармашылығы
Абай және Шәкәрім: көркемдік дәстүр жалғастығы
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Пәндер