Хаттың түрлері



Хаттың түрлері
ТЕЛЕФОНХАТ үлгі
Қызметтік хат
ҰСЫНЫС ХАТ
БАС ТАРТУ ХАТ
ХАБАРЛАМА (АҚПАРАТТЫҚ) ХАТ
Хат – пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты. Ол мекемелермен, жеке тұлғалармен хабар алысу құралы қызметін атқарады, әртүрлі мәліметтер жіберуге, оқиғалар туралы құлақтандыруға мүмкіндік береді. Хат мәселені басқа құралдар арқылы (жеке әңгіме, телефон арқылы сөйлесу) шешу мүмкін болмағанда қолданылады. Хаттың көптеген түрі бар: жауапты талап ететін өтініш, ұсыныс, шағым, сұрау салу хаттары т.б. Хабарлама, ақпарат, бас тарту, ескерту т.б. мазмұндағы жауапты талап етпейтін хаттар да кездеседі.
Телефон хат – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және алушы жазып алатын құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскери кездесулер, жоспарланған іс-әрекеттердегі қандай да бір өзгерістер, іс-шаралар туралы жедел хабарлар жіберу үшін пайдаланылады.
1 kk.wikipedia.org
2. predschool.kz
3. inform.kz

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Хаттың түрлері
Хат – пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты.
Ол мекемелермен, жеке тұлғалармен хабар алысу құралы қызметін атқарады,
әртүрлі мәліметтер жіберуге, оқиғалар туралы құлақтандыруға мүмкіндік
береді. Хат мәселені басқа құралдар арқылы (жеке әңгіме, телефон арқылы
сөйлесу) шешу мүмкін болмағанда қолданылады. Хаттың көптеген түрі бар:
жауапты талап ететін өтініш, ұсыныс, шағым, сұрау салу хаттары т.б.
Хабарлама, ақпарат, бас тарту, ескерту т.б. мазмұндағы жауапты талап
етпейтін хаттар да кездеседі.
Телефон хат – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және
алушы жазып алатын құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскери кездесулер,
жоспарланған іс-әрекеттердегі қандай да бір өзгерістер, іс-шаралар туралы
жедел хабарлар жіберу үшін пайдаланылады.
Қызметтік хат – қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды
тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы. Қызметтік хат бір бөлімшеде
дайындалып, қызметтік мәселелерді шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат
болып табылады. Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру
сипатында болуы мүмкін.
Мәтінде құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға қатысты іскери
мәселелер баяндалады.
Ұсыныс хат – белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа
қызметкердің жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы немесе еңбек
нәтижесінің тиімділігін арттыру мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы
жазылған хат түрі.
Бас тарту хат қандай да бір іс-әрекетті орындауға мүмкіндік
болмағанда немесе өтініш (бұйрық, тапсырма т.б.) заң актілеріне қайшы
келген жағдайға оны орындамау туралы хат түрінің бірі болып табылады.
Кепілхаттың мәтінінде адресатқа орындалған жұмыстың ақысын немесе
қандай да бір қызметтің (ғимараттың, тұрғын үйдің және т.б. жөндеу
жұмыстары) ақысын төлеу туралы кепілдеме беріледі. Хатта адресант ұйым
өзіне белгілі бір міндеттеме алады, сондықтан хаттың құқықтық күші болады.
Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және
ақпараттық хаттарға ұқсас болып келеді. Нақты адресат үшін жазылады және
сұратуға жауап болып табылады.
Ілеспе хаттар адресатқа қосымша құжаттар немесе материалды
құндылықтар қоса жіберілгендігі туралы ақпарат береді. Ілеспе хатта
жіберілген қосымша хаттағы жағдайлардың орындалуы немесе мақсаты туралы
түсініктеме қажет болған жағдайда жазылады.
Ескертпе хаттың мәтіні қандай да бір іс-әрекеттің, шараның, оқиғаның
жақындағаны, тездетілуі немесе мерзімінің өткендігі туралы хабарлайды.
Мұндай хат адресатқа жеке байланыс немесе телефонмен сөйлесу арқылы жауап
ала алмаған жағдайда жолданады.
Талап ету хатты әдетте сатып алушы кәсіпорын міндетіне
жауапкершіліксіз қарайтын жеткізуші ұйымға жолдайды. Мәтінде хат иесінің
талаптары мен шағымдары көрсетіледі, бұл талаптар негізделеді, қажет болған
жағдайда, хат иесі өзіне аударуды сұрайтын соманың егжей-тегжейлі есебін
көрсетеді. Хатқа ұйымның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Баянхат – ақпараттық-анықтамалық сипаттағы құжат. Ол бұл хатты
жазушының өзі жұмыс істейтін ұйымның басшысына немесе жоғары тұрған органға
жолдаған қандай да бір мәселе немесе деректен, қорытынды мен ұсыныстан
тұруы мүмкін.
Мазмұны мен мақсатына байланысты баяндау хат бастама (ұсыныс жасау,
өтінішті, деректі, оқиғаны баяндау) және есеп беру (қандай да бір істің,
тапсырманың, жоспардың орындалу барысы, жағдайы, аяқталуы, іссапар
нәтижелері, тексеріс және т.б. туралы) сипатында болуы мүмкін.
Түсінік хат – 1) негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның)
жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін құжат; 2) лауазымды тұлғаның
қандай да бір іс-әрекетті, деректі, оқиғаны түсіндіріп, жоғары тұрған
лауазымды тұлғаға ұсынатын хабарламасы. Түсінікхат қызметкер ішкі еңбек
кестесін және еңбек тәртібі ережесін бұзған жағдайда (жұмысқа кешігіп келу,
жұмыстан қалу, жұмыс орнынан табылмау және т.б.) жазылады.
Жауап хаттың мәтіні бастама құжаттың мазмұнына байланысты болады.
Мұнда хатқа, сұрау салуға, өтінішке, үндеуге, ұсынысқа, талап етуге
байланыстыжауап жіберіледі. Жауап хатта жауап берілетін бастама (кіріс)
хаттың индексі мен күніне сілтеме берілуі тиіс. Егер бастама хат жеке
тұлғадан түссе, сілтемеде кіріс құжаттың түскен күні көрсетіледі. Мәтінде
бастама хатқа байланысты қабылданған шешім беріледі: ұсыныстан бас тарту,
өтінішті орындау, сұрау салуға жауап. Жауап нақты, анық түрде берілуі тиіс.

Телефонхат – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және
алушы жазып алатын құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскери кездесулер,
жоспарланған іс-әрекеттердегі қандай да бір өзгерістер, іс-шаралар туралы
жедел хабарлар жіберу үшін пайдаланылады.
Аудан әкімдеріне

ТЕЛЕФОНХАТ үлгі

Осы жылдың (күні)(айы)күні, сағат (сағат)-де(да,та,те), № (номер)залда
(қала)қаласы әкімдігінің кеңейтілген отырысының өтуіне байланысты жеке
өзіңіздің, орынбасарларыңыздың, аппарат басшысының, бөлім бастықтарының
қатысуын, сондай-ақ ауданыңыздан (50)адамнан тұратын өкілдерді
(ардагерлерді, кәсіподақ қызметкерлерін, шағын және орта бизнес өкілдерін,
Мәдени мұрабағдарламасына қатысты ҒЗИ, мұражай, қоғамдық қор басшыларын)
шақырып, тіркеуді ұйымдастыруды өтінемін.
Тіркеудің басталуы сағат: (сағат).
Күн тәртібі:
1. (қала) қаласының тұрғындарына (жыл) жылдарға арналған (алғашқы
медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру мен дамыту
бағдарламасының) жүзеге асырылу барысы туралы;
2. Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасының (жыл) жылғы жүзеге асырылу
барысы туралы;
3. (қала) қаласы әкімдігінің (қала) қаласының сақталуға тиісті құжаттардың
сақталынуын қамтамасыз ететін кәсіпорындармен, ұйымдармен мұрағат
қызметінің жұмысы туралы (жыл) жылғы № (номер) қаулысының орындалуы туралы
ақпарат;

4. Аудан әкімдерінің Аудандарды дамытудың болашағы туралы есебі.
(лауазымы) (аты-жөні)

Қызметтік хат – қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды
тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы. Қызметтік хат бір бөлімшеде
дайындалып, қызметтік мәселелерді шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат
болып табылады. Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру
сипатында болуы мүмкін.
Мәтінде құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға қатысты іскери
мәселелер баяндалады.

Қызметтік хат

Осы жылдың (күні) (айы) (қала) қаласы ((аудан) ауданы) әкімі аппаратына
келіп түскен азамат (аты-жөні) өтініші бойынша, Сіздің тапсырмаңыздың
орындалуы жайында төмендегілерді хабарлаймын.
Осы жылдың (күні) (ай) күні өтініш беруші (аты-жөні) телефон арқылы
әңгімелестім. Әңгіме барысында ол (қала) қаласында ((аудан) ауданында)
Қауіпсіздік, қорғаныс және құқық қорғау академиясының филиалын ашу туралы
мәселе көтерді.
Әңгімелесу нәтижесінде ол (қала) қаласы ( (аудан) ауданы) әкімінің бірінші
орынбасары (аты-жөні) (күні.айы.жылы) ж. қабылдауына жазылды.
(лауазымы)
(аты-жөні)
Ұсыныс хат – белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа
қызметкердің жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы немесе еңбек
нәтижесінің тиімділігін арттыру мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы
жазылған хат түрі.

ҰСЫНЫС ХАТ
Штат бірлігін көбейту туралы

(қала) қаласы (лауазымы)

(аты-жөні)

Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына берілген (жыл) жылға
арналған штаттық кесте жобасында мәдениет, тілдерді дамыту, білім және
спорт бөлімінің бөлінуі қаралмаған. Мұның себебі (жыл) жылға арналған
штаттық бірлік өсімінің қаралмағандығы болып отыр.
Білім және спорт қосымша бөлімін құру үшін мәдениет, тілдерді дамыту,
білім және спорт бөлімін бөлудің есебінен үш қосымша бірлік қажет.
Берілген штат саны есебінен бөлім құру әрбір қызметкердің жұмыс көлемі
лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленгендіктен және штаттық бірлікті қысқарту
қызметкерлерге қосымша жүктеме түсіретіндіктен мүмкін болмай отыр. Қазіргі
уақытта аппарат бойынша маман тапшылығын ескерсек, жоғарыда аталған жайттар
жағдайды күрделендіруі мүмкін.
Осыған байланысты Сізден штат кестесін үш бірлікке көбейту туралы
мәселені шешуді өтінеміз.

(лауазымы)
(аты-жөні)

Бас тарту хат қандай да бір іс-әрекетті орындауға мүмкіндік болмағанда
немесе өтініш (бұйрық, тапсырма т.б.) заң актілеріне қайшы келген жағдайға
оны орындамау туралы хат түрінің бірі болып табылады.

БАС ТАРТУ ХАТ
Ақпарат беруден бас тарту
(Лауазымы)
(Ф.И.О.)
(ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің) (қала) қаласы
бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық
басқармаларының қатысуымен өткен алқа жиынының (күні.айы.жылы) ж. № (нөмір)
хаттамасын орындау бойынша төмендегіні хабарлайды.
Хаттаманың 2-тармағының 2-тармақшасы бойынша табиғи монополиялар
субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінде ( (қала)
қаласы бойынша) газ толтыратын бекеттер мен топтық резервуар
қондырғыларында сұйықтандырылған көмірсутекті газды сақтау бойынша қызмет
көрсететін субъектілер жоқ. Басқарма осы тармақ бойынша ақпарат бере
алмайды.

(лауазымы)
(аты-жөні)

Кепілхаттың мәтінінде адресатқа орындалған жұмыстың ақысын немесе қандай
да бір қызметтің (ғимараттың, тұрғын үйдің және т.б. жөндеу жұмыстары)
ақысын төлеу туралы кепілдеме беріледі. Хатта адресант ұйым өзіне белгілі
бір міндеттеме алады, сондықтан хаттың құқықтық күші болады.
Қызмет ақысын төлеу туралы
(лауазымы)
(аты-жөні)
КЕПІЛХАТ
(қала)қаласы ((аудан) ауданы) әкімдігі (ұйымның атауы)
(бағыт) бағыты бойынша жүк тасымалдағаны үшін қызмет ақысын төлеуге
кепілдік береді.
Біздің реквизиттер: (реквизиттер)
Заңды мекенжай: (мекенжай)
СТН (нөмір)
Есеп айырысу шотымыз (шот нөмірі)
(банк атауы)

БСК (нөмір)
(қала) қаласы ((аудан)ауданы)
(лауазымы)
(аты-жөні)
(лауазымы)
(аты-жөні)

Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және ақпараттық
хаттарға ұқсас болып келеді. Нақты адресат үшін жазылады және сұратуға
жауап болып табылады.

ХАБАРЛАМА (АҚПАРАТТЫҚ) ХАТ

Ақпарат беру туралы
Бірінші басшыға

(қала)қаласы ((аудан) ауданы) әкімдігінің (жыл) ж. № (номер) (қала)
қаласының ((аудан) ауданының) жергілікті атқарушы органдарында іс
жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы Қаулысын орындау, сондай-ақ
жоғарыда аталған Қаулыны іске асыру жұмыстарын сараптау мақсатында қосымша
беріліп отырған нысан бойынша әр айдың 5-інде ақпарат беріп отыруларыңызды
сұраймыз.

(лауазымы)
(аты-жөні)

Пайдаланылған әдебиеттер

1 kk.wikipedia.org
2. predschool.kz
3. inform.kz

Письмо-извещение по своему стилю близко к письмам-приглашениям и
информационным письмам. Составляется для конкретного адресата и, чаще
всего, является ответом на запрос.
В тексте информационного письма сообщают о каких-либо фактах или
мероприятиях. Часто, с помощью информационных писем пропагандируют
деятельность организаций или различную продукцию. Письмо-извещение
составляют для конкретного адресата, оно является ответом на запрос.ПИСЬМО-
ИЗВЕЩЕНИЕ (ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО)

О представлении информации
Первому руководителю

Во исполнение Постановленияакимата ((район) района) города (город)за №
(номер)от (год)г. О переводе делопроизводства на государственный язык
местных исполнительных органов ((район) района) города (город), а также
для составления анализа по реализации вышеуказанного Постановления, просим
Вас представить информацию по прилагаемой форме ежемесячно 5 числа.

(должность)
(Ф.И.О.)

Ілеспе хаттар адресатқа қосымша құжаттар немесе материалды құндылықтар
қоса жіберілгендігі туралы ақпарат береді. Ілеспе хатта жіберілген қосымша
хаттағы жағдайлардың орындалуы немесе мақсаты туралы түсініктеме қажет
болған жағдайда жазылады. ІЛЕСПЕ ХАТ

Есеп беру туралы

Аудан әкімдеріне
Қалалық құрылымдық
бөлімшелердің басшыларына

(Құжаттармен жұмыс жасауды реттеу және орындаушылық тәртіп бойынша
сапалы саралау жүргізу мақсатында) есеп берілетін кезеңнен кейінгі айдың 5-
інен кешіктірмей бекітілген үлгілерде құжат айналымы бойынша тоқсандық,
жарты жылдық, жылдық есеп берулеріңіз қажет.
Қала әкімі аппаратына жолданатын құжаттар бірінші басшы (немесе оның
міндетін атқарушы тұлға) қол қойған, қойылған қолдан кейін төменгі сол жақ
бұрышта немесе бірінші парақтың сырт жағында орындаушының тегі және телефон
нөмірі көрсетілген, бекітілген үлгідегі бланкіде ғана қабылданады.
Аталған талаптарға жауап бермейтін хат-хабарлар түзету үшін қайта
қайтарылады.

(лауазымы)
(аты-жөні)

Сопроводительные письмо информируют адресата, о направлении к нему
прилагаемых документов или отправленных материальных ценностей.
Сопроводительные письма составляют в том случае, если необходимо
пояснение характера исполнения, или цели направления приложенного
документа. СОПРОВОДИТЕЛЬНОЕ ПИСЬМО

О представлении отчета

Акимам районов
Руководителям городских
структурных подразделений

(В целях упорядочения работы с документами и осуществления
качественного анализа по исполнительской дисциплине),Вам необходимо
представить ежеквартальные, полугодовые, годовые отчеты по
Документообороту, строго по установленным формам не позднее 5-го числа
месяца, следующего за отчетным периодом.
Документы, направляемые ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметтік хат
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ
Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау
Құжаттарды әзірлеу және ресімдеу
Қызметтік хаттарды ресімдеу жолдары
Ресми хаттар – іскерлік және коммерциялық. коммерциялық корреспонденциялардың негізгі. құжаттардың тілі мен стилі – құжаттағы тіл формулалары, сөз этикеті
Анықтама және оның түрлері
Төменгі курс студенттердің ағылшын тілінде хат жазу іскерліктерін қалыптастыру әдістемесі
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар
Хаттардың жалпы ерекшеліктері мен сипаттамасы
Пәндер