Әлемдік және дәстүрлі діндер



1 Ислам . адамзаттың асыл тәжі.
2 Ақырғы елші аманаты
3 Ұлы өркениетке қадам
4 Сунниттер және шииттер
5 Исламдағы төрт мәзһаб
6 Теріс ағымдар туралы
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіретпен сұхбатымыз әуелде Алматыда өтетін болып уағдаласылған еді.
Елбасымыз, “Нұр Отан” партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында дін мәселесі жөніндегі ұстанымды нақты айқындау қажеттігін ескерткеніне орай біз дінбасымен хабарласып, сұхбаттасу үшін Алматыға арнайы баратынымызды айтқанбыз. Уәдемізді орындаймыз дегенше арада бірнеше күн өтіп те үлгерді. Сөйтіп жүргенде, Әбсаттар қажының өзі Астанаға және үлкен басын кішірейтіп, мәдениеттілікпен, зиялылықпен редакцияға келді».
2008 жылдың 15 ақпанында «Дінің тұрсын дін аман» деген тақырыппен жарияланған сұхбаттың аңдатпасында осылай айтылған екен. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі жақында бізге хабарласып, алда келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі қарсаңында сондай бір әңгімені тағы да өткізудің реті барсияқты деп ұсыныс жасағанда бұл жолы өзіміз Алматыға жеткенді жөн көрдік.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіретпен сұхбатымыз әуелде Алматыда өтетін болып уағдаласылған еді.
Елбасымыз, “Нұр Отан” партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында дін мәселесі жөніндегі ұстанымды нақты айқындау қажеттігін ескерткеніне орай біз дінбасымен хабарласып, сұхбаттасу үшін Алматыға арнайы баратынымызды айтқанбыз. Уәдемізді орындаймыз дегенше арада бірнеше күн өтіп те үлгерді. Сөйтіп жүргенде, Әбсаттар қажының өзі Астанаға және үлкен басын кішірейтіп, мәдениеттілікпен, зиялылықпен редакцияға келді.
2008 жылдың 15 ақпанында Дінің тұрсын дін аман деген тақырыппен жарияланған сұхбаттың аңдатпасында осылай айтылған екен. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі жақында бізге хабарласып, алда келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі қарсаңында сондай бір әңгімені тағы да өткізудің реті барсияқты деп ұсыныс жасағанда бұл жолы өзіміз Алматыға жеткенді жөн көрдік. Ал енді осы дүйсенбідегі сол сұхбатымызға назарсалыңыз, ардақты ағайын.
–Қадірлі хазірет! Өзіңізге белгілі, кеңес кезінде қазақтың мәдениетіне, әдебиетіне, салт-дәстүріне, тіліне, ділі мен дініне қиянат жасалды. Оған тарих куә. Құдайсыздар қоғамы дегенге дейін құрғызған сол заманда да талай зұлматты бастан кешкен ата-бабаларымыз тағдыр тезіне төзіп, сабыр сақтап, сенімдерінеселкеу түсірген емес. Енді егемен ел атанып, етек-жеңімізді жинап, еңсемізді тіктедік. Осы ретте Исламды қабылдап қана қоймай, асылдінімізді байыта түскен бабаларымыздың рухани мұрасын зерделеу, түгендеу, оны әлемге паш ету игілікті ісі өзінен-өзі сұранып тұрғандай.
– Дұрыс айтасыз. Әрбір ұлт пен халықтың жүріп өткен жолы мен ұзақ-сонар тарихы болады. Содан әр ел өмірлік сабақ алып, келешегіне болжам жасайды. Бүгінде әлемнің төрттен бірін құрайтын мұсылман жұртшылығының да алтын әріптермен жазуға тұрарлық өзіндік жарқын тарихы бар. Иә, дінмен, иманмен, сеніммен біте қайнасып жатқан тарих қашанда сәулелі, нұрлы болары сөзсіз.
Тарихтың әу басы әлемді түнектен жарыққа жетелеген пайғамбарлардан бастау алады. Адамзат баласы ең асыл қасиеттерді, барша ізгі құндылықтарды пайғамбарлардан үйренді. Мәселен, өз ағаттығы үшін Алла Тағаладан кешірім тілеп, тәубеге келуді мұсылмандар сонау Адам (ғ.с.) атамыздан үйренді. Дұшпандары тарапынан отқа тасталып жатса да, қасқайып тұрып: Хасбуналла (медет тілерім бір Алла) дейтін қас жүрек турашылдықты Алла Тағаланың досы Ибраһимнің (ғ.с.) тәлімінен алды. Өз еңбегімен, һәм маңдай терімен күн көруді Дәуіт (ғ.с.) пайғамбардан, қиын-қыстау, ауыртпашылықтарға сабыр етуді Аййуб (ғ.с.) пайғамбардан, ар-намысты бәрінен жоғары қоюды және әр мәселені даналық және хикметпен шешуді Жүсіп (ғ.с.) пайғамбардан үйренді. Ендеше, бүкіл жақсылық атаулының ең алғашқы насихатшылары пайғамбарлар болған. Олардың өмірі ғибратты үлгі-өнегеге толы. Осынау рухани әлемнің керуенін ғаламның рақым нұры, адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) тәмамдады. Соңғы Пайғамбардың (с.ғ.с.) Алла құзырындағы, пайғамбарлар арасындағы, екі дүние жұртындағы орны, әрине, зор. Алла елшісі (с.ғ.с.) барша пайғамбарлардың ерекшеліктері мен қасиеттерін бойына жинай білген пайғамбарлар сұлтаны һәм ақырғы елші. Мұхаммед (с.ғ.с.) деген есімді естігеннің өзінде ақиқат әлеміне бойлай білген қаншама адамның көзі сүйіспеншілік жасына, көңілі шаттық сезіміне бөленіп, ғаламат бір күй кешеді. Ең соңғы дін ретінде одан бұрынғы замандардағы жақсылықтардың бәрін бір бойына жинаған Ислам – адамзаттың асыл тәжі.
Қазақ елінің тарихына да Ислам шежіресіндегі мәртебелі, ұлы тұлғалар қатыссыз деуге құқымыз жоқ. Өзімізді һәм ата-бабаларымызды мұсылман санасақ, онда осы тарихқа да ортақпыз деген сөз. Бүгінге дейін қазақтың тарихы біраз жазылды, зерттеліп, зерделенді. Қатпар-қатпар тарихымыздың қойнауын ақтарсақ, руханиятымыздың, дініміздің, мінез-құлқымыздың, дүниеге көзқарасымыздың да өз жолы болғанын аңғарамыз. Бүгінде бабаларымыздың діни жолы мен ұстанған бағыты қандай болған, асыл діннің даңғыл тарихына қай ғасырда қосылдық деген секілді сұрақтардың жауабы әр қазақты қызықтырса керек. Дүниені жайлаған жаһандану дәуірінде бұрын көз көріп, құлақ естімеген түрлі дін атын жамылғандар елімізге келіп жатқанда мұны зерделеу айтарлықтай маңызды. Зерделеп те жатырмыз. 2006 жылы мен және еліміздің бір топ ғалымдары Шам жұртының астанасы Дамаскіде Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың зиратына зиярат жасадық. Ғылымның сан түрлі саласын меңгерген бабамыздың рухына Қасиетті Құран аяттарын бағыштадым. Қазір Дамаск қаласында ғұламаның кесенесі салынып, аз-Заһир Бейбарыс бабамыздың медресесі мен кітапханасы қайта жөнделіп жатыр. Жуырда бұлардың бәрі бітеді деген хабар бар.
–Сіз жақында бізді тағы бір мақтаныш тұтар тұлғамызбен таныстырдыңыз. Маған телефон шалғаныңызда Тараздан шыққан ірі ғалымның еңбегін жариялағаныңызды, ол жайында арнайы кітап жазғаныңызды айтып едіңіз. Жаңа әңгімеміз басталарда ол кітапты сыйладыңыз да. Осы адамның тағдыры, еңбегі жөнінде оқырмандарға да айтып берсеңіз деймін.
– 2002 жылы Каирде өткен дәстүрлі Ислам конференциясына қатыстым. Сонда мені осы елдегі елшіміз Асқар Мусинов Насрулла ат-Тарази деген кісімен таныстырды. Ұзын бойлы, ат жақты адам екен. Араб, парсы, қазақ, өзбек тілдерінде еркін сөйлейді. Қасында баласы бар. Аты – Мүбарак. Ол 1922 жылы Таразда парасатты, білімдар кісі Әбу Насыр Мүбашшир ат-Таразидің (1896-1977) отбасында дүниеге келген. Әкесі Әбу Насыр Кеңес өкіметін қолдамаған. Сол үшін бірнеше рет абақтыға да жатып шығады. Ақырында отбасымен Ауғанстанға қоныс аударады. Ол жерде де тыныштық болмаған соң Пәкстанға асады, ақырында Египетке тұрақтайды. 1977 жылы Әбу Насыр Мүбашшир ақсақал Каирде дүниеден өткен. Насрулла Ауғанстанда орта мектепті тәмамдаған соң Кабул университетінің парсы тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Насрулла ағамыз араб, парсы, ежелгі түрік, шағатай тілдері ғана емес, сондай-ақ түркі халықтарының тарихы мен әдебиетінің, жазба жәдігерліктерінің білгірі боп шықты. Мен Тараздың тарихы, осы шаһардан шыққан ғұламалар мен дарынды перзенттері жайлы жазған мақалаларымда Насрулла ақсақал туралы айтуды, оны насихаттауды да ұмытқан емеспін. Каирде 2011 жылы болған бүлікке дейін Египетке барған тағы бір сапарымда Насрулла ағаның ұрпақтарының жерлесіміз мұрасының бір бөлігінің Өзбекстанға, тағы бір бөлігін Қазақстан мұрағатына өткізгенін естіп, сүйсіндім.
– Хибатулла ат-Тарази и его духовное наследие деген кітабыңыз орысша шығыпты.
– Оның жайы былай. Мұндай тұлғалар жайында бүкіл мұсылман әлемі, ең алдымен түркі жұрты білуге тиіс. Тек қазақша жазсаңыз татар, башқұрт, өзбек, қырғыз сияқты ағайындарымыз хабардар болмай қалады. Сондықтан орысша да шығардым.
 
Ақырғы елші аманаты
– Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайында, оның көркем мінезі туралы өз аузыңыздан естісек деп едік. Бір қарағанда Пайғамбарымыз туралы әңгімелеңізші деудің өзі артық та сияқты. Бәріміз бұл жөнінде білуге тиіспіз ғой. Әйтсе де, қазірше дәл олай емес. Газет оқырмандары арасында мұндай әңгімені қажет ететіндер де табылатыны талассыз.
– Әуелі Мұхаммед пайғамбарымызды (с.ғ.с.) неге соңғы пайғамбар дейтінімізді түсіндірейін. Һижрадан (622 жыл һижра жыл санауының бастауы) 4600 жыл бұрын Ад тайпасына жіберілген Һуд (ғ.с.), һижрадан шамамен 4400 жыл бұрын Самуд тайпасына жіберілген Салих (ғ.с.), һижрадан шамамен 3400 жыл бұрын Мадиян жұртына жіберілген Шұғайб (ғ.с.) және һижрадан шамамен 3800 жыл бұрын Меккедегі Журхум тайпасына жіберілген Исмайыл (ғ.с.) және т.б. хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) дейінгі араб жұртына жіберілген пайғамбарлар қатарын құрады.
Алланың соңғы елшісі, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) араб елінің экономикалық және діни орталығы саналған Мекке қаласында 571 жылы дүниеге келді. Бұл қаланың тұрғындары егіншілікпен де, қол өнерімен де, бау-бақша өсірумен де шұғылданбайтын. Олар солтүстік жағынан Шам, Ирак, Мысыр қалаларынан, ал оңтүстігінен Үндістан, Қытай, Шығыс Африка елдерінен келетін үлкен-үлкен сауда керуендерінің күтімімен айналысатын. Халықтың дені негізінен осы іске ден қоятын. Меккедегі ең беделді әрі бай саналатын Құрайыш тайпасы сауда экспедицияларын ұйымдастырып басқаратын. Сондай-ақ, өсімқорлық та бұл тайпаның кәсібі болды. Өйткені, Хижаздың көшпелі тайпалары көбіне-көп қарыз астында езіліп, одан құтылу үшін өсіммен ақша алатын.
Құрайыш тайпасы Араб түбегіндегі өзге тайпалардың бірі ғана болғанымен, экономикалық жағдайы жағынан өзгелерден көш ілгері-тін. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы тайпаның Һашим руынан шықты. Әкесі шағын дәулетті Абдулла деген кісі еді. Ол өмірден ерте озып, алты жасында анасы Әминадан да айырылып, жетім қалды. Сөйтіп, сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көкесі Әбу Тәлібтің қамқорлығында өсті. Оның қолында жүріп, қой да бақты. Ер жете келе сауда керуендеріне қосылды. Құран Кәрімде Алла тағала Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызды бүкіл ғаламға рақым нұры, әрі ақиқат дінді жеткізуші етіп жібергені жайлы: (Мұхаммед с.ғ.с.)Ей, адам баласы! Мен барлығыңа Алланың елшісімін. Ол сондай, Алла жер мен көктің иелігі оған тән. Одан басқа тәңір жоқ. Ол тірілтеді де өлтіреді. Аллаға және Алланың сөздеріне сенген, жіберілген оқымаған Пайғамбарға иман келтіріңдер. Және оған еріңдер, әрине, тура жол табасыңдар!, (Ағраф сүресі, 158-аят ) дейді.
Бұған дейінгі сан мыңдаған пайғамбарлардың арасында бір қауымға ғана емес, бүкіл адамзат пен жындарға жіберілген ақырзаман пайғамбары хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) алар орны ерекше. Алла тағала: “Сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік”, деп оған өзгеше ілтипат танытты. Сондықтан Алланың соңғы елшісі (с.ғ.с.) қасиетті Құран Кәрімді барша адамзат баласына түсіндіріп, насихаттады. Өмірінің соңына дейін осы міндетті қалтқысыз атқарды. Мүбарак Құран болса, жер бетіне өзінен бұрын түскен қасиетті кітаптар мен парақтардың (сухуф) мазмұнын толықтай қамтыды. Оларда берілген діни үкімдерді бекіте келді және алдыңғы кітаптардың үкімін жойған соңғы түскен қасиетті кітап болды.
 
Ұлы өркениетке қадам
– Бүгінде Батыстың мүйізі қарағайдай кейбір ғалымдары Исламды мойындап қана қоймай, Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әкелген асыл дінімізді қабылдауда. Оның тек Алла Елшісі ғана емес, данагөй дипломат, ұлы ұстаз, әділетті басшы, мейірімді әке, көркем мінезге ие жан екені жайлы парасатты пікірлер паш етілуде. Екі дүние сардары тас жүректерді жібітті, халықты қараңғылықтан құтқарды. Оның ізін басқан сахабалардың да есімі тарихта алтын әріптермен жазылды. Осы ретте Исламды төрткүл дүниеге таратқан саңлақ сахабалар жайлы әңгімелеп берсеңіз.
– VII ғасыр алғашында араб қоғамы, кейіннен бүкіл адамзат үшін ұлы өркениет пен мәдениеттің нұрлы бастауына айналды. Араб түбегінде аса қуатты діни мемлекеттің орнауы жер-жаһанның тынысына бұрын-соңды болмаған жаңа леп алып келді. Бұл елдің бұрыннан табынып келген жалған құдайлары мен пұттарын тастап, мұсылмандықты қабылдап, жалғыз Алла тағалаға ғана құлшылық етуінің игі әсері еді. Адамдардың дүниеге, бүкіл жаратылыстарға деген көзқарасы өзгерді. Ұлы Жаратушыға деген сенім біртіндеп адамгершілік қасиеттермен де толықты. Ислам қоғамдық қатынастарға ықпал етіп, жалпақ жұрттың әлеуметтік мәселелерін де оп-оңай шеше бастады. Бір-бірімен шабысып-қырқысып жатқан араб ру-тайпаларының бір тудың астына бірігуі халықтың көсегесін көгертіп, мерейін асырды. Ислам діні адамдарды жаңа құқықтық қарым-қатынасқа шақырып, жаңа сенімнің кеңінен жайылуына жағдай тудырды. Жаңа дін келуінен он жыл өтпей жатып арабтардың ұлан-асыр жерді бағындырған даңқы жан-жаққа жайыла түсті. Ал хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың қауымы ақиқат дінді жаю жолындағы күрестің маңызын жан-тәнімен қабылдап, оны табиғи мінездеріне айналдыра білді. Сөйтіп, Ислам діні Азия мен Африка халықтарының арасында, Еуропаның бір бөлігінде, жалпы Үндістаннан Испанияға дейінгі ұлан-ғайыр далада кеңінен жайылды. Үш құрлықтың тұрғындарынан құралған көптеген халықтар бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай бірігіп, рухани-саяси күшке айналды. Сол кезде әлемді дүр сілкіндіріп тұрған екі алып империя Иран мен Византия да мұсылмандардың ығына жығылды.
Анығырақ айтар болсақ, Әбу Бәкір (р.а.) халифалығы кезінде (632-634 ж.) зекет бермейтін тайпалар тәртіпке келді. Қасиетті Құран Кәрім кітап болып жинақталды. Хазіреті Омар (р.а) кезінде (634-644 ж.) Ирак, Иран, Шам және Мысыр елдеріне Ислам діні орнады. Хазіреті Османның (р.а.) дәуірінде (644-656 ж.) алғашқы Ислам теңіз флоты құрылды. Кипр азат етілді. Бірақ үшінші халифа кезінде билікке қарсы шығушылар бой көтеріп, хазірет Әлидің (р.а) дәуірінде тіпті күшейіп кетті. Бұл мұсылмандардың бөліне бастауына себеп болып, Исламның жайылуына кері әсерін тигізді.
Умеядтар (Амауилер) дәуірінде (661-750) Ислам діні қайта қанат жайды. Солтүстік Африка толығымен Исламды қабылдап, Испанияға Ислам туы тігілді. Хорасан мен Мауараннаһр аймақтары жаңа дінге өтті.
Аббасилердің билігі кезеңінде Ислам дінінің таралу қарқыны бәсеңдеді. Дегенмен, бұл дәуірде Исламды өркениет жолымен жаюға, ілім-білім мен өнерге, әдебиетке көбірек көңіл бөлінді. Түріктер мен парсылар (Иран) секілді халқы араб емес өлкелерге бұл дәуірде белгіленген міндеттер жүктелді.
Түркі әлемінің діни тарихына келсек, бұл жұрттың өте көп сенім түрлерін басынан өткізгенін көреміз. Бірақ мұнда бәрінен де Көктәңірге сыйыну тараған. Кейбір шетелдік тарихшылар түркілер тарихын Исламға дейінгі және Исламнан кейінгі деп бөле қарастырады.
Аббасилер дәуірінде түрік-арабн қақтығыстары айтарлықтай орын алған жоқ. Ал 751 жылы қытайлар мен Аббас әскері арасындағы Талас (Атлах) шайқасында қарлұқтардың мұсылмандарды жақтауы аббасилердің жеңісіне сеп болғаны тарихтан мәлім. Аталмыш шайқастан соң бірте-бірте түркі араб қарым-қатынастары жақсара берді. Орта Азия біртіндеп мұсылман еліне айналды.
 
Сунниттер және шииттер
– Жасырсақ та, жасырмасақ та дәл қазір ислам әлемінде тұтас бірлік жоқ екені рас. Әрине, басы ашық нәрсе: күллі мұсылманның Құраны бір, Пайғамбары да бір. Алайда, Ислам тарихынан бастау алған мұсылмандардың сунниттер және шииттер деген атаумен қос топқа бөлінуі туралы түрлі пікір бар. Тіпті одан саяси астар іздейтіндер де табылып жатады. Осы оқиғаның тарихына тоқталып, ара жігін ажыратып берсеңіз.
– Мәселені тым олай етіп қоюға болмайды. Өйтіп айтсаңыз, христиан дініндегілерде де тұтастық жоқтығын қосып айту керек. Ана жылы дүниеден өткен Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің әлемнің жүзден астам елін араласа да, Ресей жеріне табанын тигізе алмағанын бәріміз білеміз. Діни соғыстар мұсылмандардан гөрі христиандар тарихында көбірек екенін білесіз.
Енді біздегі бөлінушілікке байланысты айтайын. Табиғиндер (сахабаларға ерушілер) дәуірінде мұсылмандар арасында пікір қайшылықтары да кездеспей қалмады. Сүннетті ұстану жолынан байқамай адасқандар да кездесті. Әһли сунна уа жамаға (сүннет пен жамағат иелері) жолынан бағыты тайып кеткен Харижилер (бөлініп шығушылар) шиалар секілді бағыттарға бөлінушіліктер осы кезеңге тән.
 
– Шиа деген не?
– Шиа партия, жақтаушылар, тараптас болу деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан үшінші халифа хазіреті Османның (656 ж.) шаһид етілуінен кейінгі ішкі жанжалдар кезінде хазіреті Әлиді халифалыққа лайық көріп, әсіре жақтаушылар Шиа-и Әли (Әлидің жақтастары) деп аталды. Шиа бағытының тарихы осылай басталған. Хазіреті Әли жиырма жылдан астам өзінен бұрынғы үш халифаға бой ұсынып, олардың билігі бойынша өмір сүрді. Түсінген жанға бұл да біраз жайттан хабар берсе керек.
Жалпы алғанда, шиа бағытының пайда болуына хазіреті Әлиге деген шектен тыс махаббат жол ашты. Дәлірек айтсақ, бұрынғы екі үлкен мемлекеттердің бірі сасандықтар мұрагері ирандықтар арабтардың өздеріне билік жүргізуін іштей қаламады. Нәтижесінде Әлиді жақсы көру деген желеумен арабтардан бөлініп, өздерінше діни бағыт қалыптастырды. Бірақ бұл діни бағыт толық салтанат құра алмады.
 – Жаңа шектен тыс махаббат деп қалдыңыз. Дінге келгенде де сондай бола ма?
– Неге болмасын? Әбден болады. Абай айтқандай, не нәрсе де мөлшерінен аспауы керек.
Бүгінгі таңда әлемдегі мұсылмандардың шамамен 90 пайызы Исламның сунниттік бағытын ұстанады. Суннит араб тіліндегі Әһлу сунна уәл-жамағат (Сүннет пен жамағат иелері) тіркесінен алынған. Негізінде, сүннет (сунна) деп ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жолын айтамыз. Исламның алғаш пайда болған кезіндегі саңлақ сахабалар, олардың соңынан ерген табиғиндер (ерушілер) және табиғиндерге ілесушілер осы суниттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы этноконфессиялық үдерістер
БАҚ ЖӘНЕ ДІН НАСИХАТЫ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ НЕГІЗІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм
Егемен Қазақстан және Жас Алаш газеттерінің тарихи құндылықтары
Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
Бейбітшілік пен келісім елі
Қазақстанда жүзеге асырылған ұлттық маңызды жобалар
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
ДІНТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Пәндер