Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңі



Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде шаруашылық түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнестің әлеуметтік – экономикалық мәні зор екені белгілі. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.
2010 жылғы 29 – шы қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақсатанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы «Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші тармағында - әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаң¬ғыртудың қозғаушы күші болып табы¬лады делiнген. Осыған байланысты Үкімет 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізіп,оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп айтылған. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.
Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мы¬надай бағыттар бойынша жүзеге асы¬рылуы тиіс:
- несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;
- шағын және орта бизнеске несие¬лерді ішінара кепілдендіру;
- бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;
- кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы
және әлеуметтік жұмыс орындары.
“Бизнестің жол картасы-2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады.
Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға, неоклассикалық теорияға, кейнсианстік, необерализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән. Ғылыми термин түсінігінде «кәсіпкер» экономика теориясына тұңғыш рет VIII ғасырдағы атақты ағылшын экономисті, банкир Ричард Кантильон енгізді. «Кәсіпкер - бағаның тұрақсыздығы мен сату болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сатып алу мен сату процесстеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде
шаруашылық түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын
ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын
дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын
шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын
қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды
енгiзуде шағын және орта бизнестің әлеуметтік – экономикалық мәні зор
екені белгілі. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып
табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi,
өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс
секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.
2010 жылғы 29 – шы қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақсатанның
жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына жолдауы Кәсіпкерлік –
жаңа экономиканың қозғаушы күші тармағында - әртараптандырудың өзегі
кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды
игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз
келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып
табылады делiнген. Осыған байланысты Үкімет 2010 жылдан бастап өңірлерде
кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізіп,оны
“Бизнестің жол картасы-2020” деп айтылған. Бұл бағдарламаның мақсаты
өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа
тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.
Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы
тиіс:
- несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;
- шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;
- бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;
- кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар
практикасы
және әлеуметтік жұмыс орындары.
“Бизнестің жол картасы-2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен
инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа
мүмкіндіктер ашады.
Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық
экономикалық теорияға, неоклассикалық теорияға, кейнсианстік,
необерализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген
әр түрлі бағыттар тән. Ғылыми термин түсінігінде кәсіпкер
экономика теориясына тұңғыш рет VIII ғасырдағы атақты ағылшын
экономисті, банкир Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкер - бағаның
тұрақсыздығы мен сату болашағын болжауға болмайтын жағдайда
тауарларды сатып алу мен сату процесстеріне қатысатын, бірақ
кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдар. Ең басты
ерекшелік – тәуекелділік-деген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы
мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және
қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған
бірлескен іс-қимыл жоспарында, экономиканы отандық қаржы институттары
тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске
көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық
тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне
көрсетілетін болады. Біріншіден, осы мақсаттарға Самұрық-Қазына қорынан
2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ долларын (120 млрд. теңге) бөлінді. Бөлінген
қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30%
жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған болатын. Екінші деңгейдегі банктер
шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың
операторлары болды. Самұрық-Қазына қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір
жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін
өсті.
Үкімет Самұрық-Қазына қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы
ставкасын тұрақтандыру бойынша дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін (14%-дан
аспайтын) шара қабылданды.
Кәсіпорынды дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге
кепілдік беру тетігін енгізетін болады. Екіншіден, Самұрық-Қазына қоры
ауылдық жерде шағын кредит берудің, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге
кредит берудің бағдарламасын әзірлейді. Үшіншіден, шағын және орта бизнес
субъектілерін тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында оларға
Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңның қолданылуы шеңберінде
мемлекеттік органдардың, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың
мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізуі ұсынылатын болады.
Жер қойнауын пайдаланушылармен және сервистік компаниялармен
қазақстандық қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс күшейтілетін болады.
Төртіншіден, Үкімет кәсіпорынті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді
төмендету және рұқсат беру жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты
жалғастырады.
Өткен жылмен салыстырғанда, корпоративтік табыс салығы биылғы жылдың өзінде
үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады.
ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының
регресті шкаласының орнына 11 пайыз көлеміндегі бірыңғай ставка енгізілді.
Инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары
көзделген.Осының бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және
орта кәсіпорынды дамытудың аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға
дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар
туралы " 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығындағы негізгі мақсат
шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк саласының серпiндi дамуын қамтамасыз
ететiн мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiру. Стратегияның негізгі
мiндеттерi  бағдарлама мақсатын іске асыру үшiн мынандай мiндеттердi
шешу көзделiп отыр:
• халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
• қоғамдық ұйымдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау
мәселелерiндегi рөлiн күшейту;
• шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк секторын басымдықты дамыту;
шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру және
дамыту.
Бағдарламаны  iске асырудың  негiзгi  бағыттары:
шағын кәсiпкерлiк саласындағы нормативтiк құқықтық актілердi жетiлдiру
және олардың  орындалуына бақылау жасауды күшейту;  шағын кәсiпкерлiктi
қолдау мен қорғаудың құрылатын инфрақұрылымын пайдаланудың тиiмдiлігiн
арттыру;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалы
Жеке тұлғаларға салынатың салық. Кәсіпкерлерден алынатың салық. Салықтың түрлері және жіктелуі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Аралас экономика жүйесі
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Аралас экономиканың сипаттамасы
Нарықтық экономика: қажеттілігі, мәні, өту жолдары
Пәндер