Холдинг


Холдинг
Холдинг (ағылш. holdіng - иеленуші) - тәуелді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания‚ заңды тұлға. Холдинг осы бақылау пакеттері арқылы олардың қаржы-шаруашылық қызметіне‚ кадрлар құрамына‚ қаржы тасқынын бөлуге елеулі ықпал жасайды. Концерннен өзгеше түрде Холдингте мүшелердің арасында бәсекелестік болады. Түрлері: таза Холдинг - фирманың негізгі 100%-дық қызметі қаржы қызметінің алуан түрлі салаларына қатысты (бағалы қағаздарды сатып алу-сату‚ еншілес фирмалардың ақша тасқынын үйлестіру‚ несиелермен және қарыздармен операциялар жасау) ‚ оның меншікті өндірісі болмайды; аралас Холдинг қаржы қызметінен басқа өндірістік қызметті де жүзеге асырады.
Фирма
Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы. "Фирма" термині көбінесе кез келген компанияны атау үшін пайдаланылады. Термин қызмет түрлерін айқындайтын терминдермен тіркесте қолданылады, мысалы, делдалдық фирма, риэлторлық фирма, өндірістік фирма, консалтингілік фирма, аудиторлық фирма, т. б.
Акция
Акция (нидер. aktіe, нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) - акционерлікқоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы: акцияда 100 теңгедеп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталыпроцентінің деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестірінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданыбөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады.
Кез келген заңдық немесе әлеуметтік маңызы бар әрекет; әлде бір мақсатқа (мысалы, саяси акция; дипломатиялық акция) қол жеткізу үшін қолданылатын іс-қимыл.
Акционерлік қоғам капиталында оның иесінің үлестік қатысуы туралы куәлік ететін акционерлік қоғам шығаратын және қоғамның істерін басқаруға қатысуға, оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивиденд түрінде алуға және сонымен қатар, ол таратылғаннан соң қалған мүліктің тиісті бөлігін алуға құқық беретін құнды қағаздың бір түрі.
Ұсынушыға арналған акция
Іс жүзінде иелену оның иесінің компания акционері ретінде заңдық құқын қуаттайтын акция түрі. Ұсынушыға берілетін акцияның атаулы акциялардан айырмашылығы, жаңа иеленушіні тіркеуді қажет етпестен, құнды қағаздар рыногында оны еркін сатып алуға және сатуға болады.
Акционер
Акционерлік кәсіпорынның тең иеленушісі; белгілі бір табысты алуға және істерді басқаруға қатысуға құқық беретін акциялардың иесі.
Акционерлік қоғам
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнынын шегінде, қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Акционерлік капитал
Акция эмиссиялары есебінен құралатын акционерлік қоғамның, негізгі қоры. Акционерлік қордың одан әрі өсуі, жинақталған пайданы қорға айналдыру жолымен және жаңа акциялар эмиссиясы есебінен жүзеге асырылады. Пайданың недәуір бөлігі, қор биржасындаакциялармен саудаласу барысы кезінде алынады.
Акция бағасы
Акция бағасы - нарықта акцияның ақшамен бағалануы. Атаулы, теңгерімдік (бухгалтерлік) және нарықтық құн түрлеріне бөлінеді. Акцияның атаулы құны- айналысқа акция шығарған акционерлік қоғамның жарғылық капиталының бірлік үлесі. Ол акцияның эмисссиясын тіркеу кезінде көрсетіледі және акцияларды заңнама бойынша инвесторларға сату кезінде бастапқы баға болып табылады. Акцияның теңгерімдік құны - 1 акцияға шаққандағы қарыз капиталын шегергендегі меншікті капиталдың шамасы. Акцияның нарықтық құны немесе оның бағамдық құны - акция қор нарығында сатылатын және сатып алынатын баға. Ол туралы ақпараттың негізгі көзі - биржалық және биржадан тыс ұйымдастырылған нарықтардың баға белгіленімі.
Шағын кәсіпорын
Шағын кәсіпорын - жұмыскерлерінің саны заңнамалық жолмен белгіленген мөлшерге сай келетін (экономиканың түрлі салаларында түрліше болып келеді) салық жеңілдіктерін, несие бойынша жеңілдіктер алатын басқа да мемлекеттік қолдау көрсетілетін субъект. Жұмыс істеушілер саны немесе шаруашылық қызметіне қатысты шектеулер ерекше белгілері болып саналатын заңды тұлға құқығы бар дербес әрекет етуші шаруашылық субъектісі; кәсіпкерлік қызметтің барынша икемді және өсіңкі даму нысанына ие нарықтық құрылымның маңызды элементі. [1] Шағын кәсіпорынды шағын бизнес субъектісі немесе шағын бизнес кәсіпорны деп те атайды. Қазақстанда шағын бизнес кәсіпорындары - серіктестік немесе өндірістік кооператив нысанында белгіленген тәртіппен тіркелген, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, активтерінің жалпы құны жылына орта есеппен заңды тұлғалар 60 мың еселік есептік көрсеткіштен аспайтын, банк және сақтандыру қызметі аясынан басқа салада істейтін заңды тұлғалар - шағын кәсіпкерлік субъектілері. 2005 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 6679 шағын кәсіпорын тіркелді;
Ашық Акционерлік қоғам
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz