Қаржылық бақылау нысаны ретінде аудит: түрлері, мақсаттары және ұйымдастыру негіздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Аудит нысаны ретінде қаржылық бақылау.

Нарық экономикасы дамыған елдерде қаржылық бақылау мемлекеттік, ведомстволық және тәуелсіз (аудиторлық) - үш негізгі бағытта қарқынды дамуда.
Аудит - салыстырмалы түрде біздің елімізде акционерлік қоғамдардың, серіктестер мен басқа да шаруашылық субъектілерінің қызметін тәуелсіз қаржылық бақылаудың жаңа бағыты. Бақылау немесе ревизиялық қызмет бұрын жүргізілмеген деген түсінік қате болып саналады. Ревизия мен аудит мағынасы бойынша жақын болса да, екеуі әр түрлі түсінік. Аудит - бақылаудың шығармашылық дамуы. Қаржылық бақылаудың нысандары мен түрлерін толықтырып отырады.
Аудит қызметі біздің түсінігіміздегі экономикалық талдауға, құжаттық кешендік ревизияға баланстың есептік бақылауы мен соттық - бухгалтерлік сарапқа тән емес.
Аудиторлар өз міндеттерін жүзеге асырубарысында басқа да есептік, бақылау - аналитикалық тәжірибені қолданады. Профессор Я. В. Соколовтың айтуы бойынша: Ревизияның мақсаты - кемшіліктерді, залалды жою болса, аудит мақсаты- кемшіліктерді қысқарту мен залады шектеу.
Басқарушылық аудит - ревизия мен бақылауға қарағанда кең мағыналы түсінік. Ол қаржылық көрсеткіштердің анықтығын бақылап, ғылыми негізде рационалды кіріс көздерін көбейту мақсатында ұсыныстар мен кепілдемелер жасаумен айналысады. Осыған сүйене отырып, шаруашылық ішіндегі бақылау мен бухгалтерлік есеп жағдайына тексеру жүргізілетін операциялардың заңға сәйкес жүзеге асырылуын қадағалайтын, рационалды емес шығыстарды болдырмау, ресурстарды тиімді пайдалану мен кірісті жоғарылату мақсатындағы эксперттік консультация берумен айналысатын ерекше бизнес сараптамасы.
Аудиторлық бақылау әлемдік практикада кең қолданылады. Мұндай бақылаудың негізгі ерекшелігі - кәсіпорынның (акционерлер немесе кәсіпорын иелері) мемлекеттің (салық қызметі), есеп пен есеп беру анықтығын қамтамасыз етуші аудитордың арасындағы өзара мүдделі қарым-қатынас. Аудитор өз қызметінде заңға, этикалық принциптерге және өз ынтасына жетекшілік етеді.

Қазіргі кезде аудиторлық бизнестегі қатаң бәсекелестік этикалық принциптер мен кәсіби стандарттардың ара қатынасы бақылау мен ревизиялардың сапалы өтуіне экономикалық тұрғыда әсер етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өздеріне басқа мекемелерден тәуелсіз аудиторды таңдай алады, өз кезегінде мемлекет бюджет қаражатын жұмсамай-ақ, бухгалтерлік есеп берудің анықтығын, яғни салық салудың дұрыс жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етеді.
Нарықтық қатынастардың алға қарай дамуы, меншік түрлерінің көптігі, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің толық дербестігі, ведомстволық қадағалаудың қысқаруы мен аудиторлық бақылаудың қолдану салаларының кеңеюіне алып келеді. Бұл тек тиімді, сапалы және өз уақытында жүргізіліп отырған тексерулерге ғана байланысты емес, сонымен қатар зерттеліп отырған объектінің қызметін жақсартуға бағытталған нақты кепілдемелер жасау дайындығына да байланысты. Кез келген қызмет жасаудың жаңа саласы сияқты басқарушылық аудит те концептуалдық негіздер, методикалық және ұйымдастырушылық нысандарды қажет етеді. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтің жетілдіруіне Ант берген бухгалтерлердің американ институты (AICPA), Өкілетті қоғамдық бухгалтерлердің ассоциациясы (ААРА), Аудиторлық тәжірибе бойынша кеңес (АРС), Шотландияның ант берген бухгалтерлер институты (ІСАS) сияқты халықаралық мамандандырылған ұйымдар өз көмегін тигізуде.
Сонымен бірге басқарушылық аудит пен басқа да сыртқы бақылау нысандары кәсіпорын иелері атқаратын тікелей, яғни, ішкі немесе шаруашылық ішіндегі бақылауды ұйымдастыру шараларын, т. б. міндеттерді ығыстырмау керек. Ішкі аудиторлар ішкі есеп беру бақылауын, сыртқы аудиторлар сол сияқты сыртқы қаржылық есеп беру бақылауын қамтамасыз етеді. Ішкі аудиторлардың кәсіби әлемінде жалпыға танымал лидерлер- Ішкі аудиторлар институты (ІІА) болып табылады, оның 100-ден аса елдерде қызмет жасайтын он мыңға жуық мүшесі бар.
Нарық экономикасы шарттарына сәйкес, шаруашылық қызмет ақша өлшеуішін, яғни, қаржылық критерий қолданумен қорытылады. Сондықтан да экономикалық бақылау жүйесінде қаржылық бақылау қалыптасты. Бұл бақылаудың мазмұнына макро-микроэкономика саласындағы өндірістік қатынастармен өндірістік күштер кіреді.
Макроэкономика саласында мемлекеттік қаржылы-экономикалық бақылауды Президент немесе Парламент қарамағындағы Шоттық палата жүзеге асырады. Оның объектілері болып -мемлекеттік бюджет, мемлекеттік атқару және сот билігі жоғарғы органдардың сметалары, ірі ауқымды бағдарламалардағы шетел валюталық кредиттері мен инвестициялары, т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржыны басқару, қаржылық бақылау және аудит
Пәннің оқу бағдарламасы: Қаржылық бақылау және мемлекеттік аудит
Қаржының жалпы ұғымы және оны басқарудың негіздері: қаржылық есеп, бақылау және аудит
Инвестицияларды жүйелі бақылау және мемлекеттік қаржылық аудит: органдар, тәртіптер және мемлекеттік мекемелердегі қаржылық есептілікті бақылау
Банктердің қаржылық есептілігін ұйымдастыру және аудит: талдамалық, топтамалық және аудит есептері
Қаржылық есептілікті аудитті жоспарлау: мақсаттары, қағидалары, сатылары және аудит бағдарламасы
Мемлекеттің құрылымдық нысаны: мемлекет нысаны ретінде
Қаржылық құқықтың негіздері және қаржылық бақылау
Экологиялық сараптама мен аудит: мақсаттары, объектілері және құқықтық негіздері
Бақылау жүйесіндегі аудит: мәні, жіктелуі және инвестиция кезеңіндегі аудит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz