Балдырлар



Мазмұны

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Балдырлардың таралуы мен шаруашылықтағы маңызы ... ... ... ... .5
2.2 Қызыл балдырларға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2 Қызыл балдырлардың классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.3 Қызыл балдырлардың шаруашылықтағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... 9

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

ІV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Кіріспе

Өсімдіктер төменгі сатылы өсімдіктер және жоғары сатылы өсімдіктер болып 2 үлкен топқа бөлінеді. Төменгі сатылы өсімдіктерге бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар және қыналар (лишайники) жатады. Бұлардың құрылысы тамырға, сабаққа және жапыраққа дараланбаған. Бұл топқа кіретін өсімдіктер ішіндегі геология үшін маңызы өте зор болып келетіндері – балдырлар.
Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты, балдырлар тұтастай бір геологиялық эпоханы басынан өткізген. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Бұл қарапайым жануарларға жақын, бір клеткалы және колониялы балдырлар. Филогенез процесінің барысында, балдырлардың эволюциясы, бір клеткалы және колониялы формаларынан көп клеткалы, құрылысы күрделі болып келетін, ұзындығы ондаған метрге жететін, денесі дифференциаланған ұлпалардан тұратын ересен үлкен өсімдіктерге дейін жеткен.
Қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек, балдырларды талшықтылардан, яғни суда өмір сүрген 1-2 талшығы бар бір клеткалы организмдерден шыққан деп жорамалдайды. Олардың ішінде хлорофилдері бар (автотрофты) және түссіз (гетеротрофты) организмдер кездеседі. Бұлардың алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жануарларға жақын. Сондықтан да көптеген систематиктер талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлардың арасын жалғастырып тұратын, екеуіне де ортақ бастапқы топ ретінде қарастырады. Балдырлар 10 типке бөлінеді. Олардың ішіндегі палеонтология үшін маңыздылары: көк-жасыл, диатомды және жалтырауық балдырлар. Топырақтан әзірше балдырлардың 1380 түрі табылды, оның 528 – жасыл, 406 – көк-жасыл, 246 – диатомды, 171 – сары-жасыл балдырлар бөліміне жатады. Бұл балдырлардың топырақта таралуы біркелкі емес.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Абдрахманұлы О. Өсімдіктер систематикасы. Алматы: «Ғылым», 2003. -440 б.
2. Әметов Ә. Ботаника. Алматы, 2000. -508 б.
3. Бигалиев А., Жамалбеков Е., Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. Алматы: Санат, 199 б.
4. Сейітов Н. Геология негіздері. Алматы, 1999. -170 б.
5. Сейітов Н., Абдуллин А. Геология терминдерінің сөздігі. Алматы: Қазақстан. 1996. -368 б.
6. Сейітов Н. Жұмыр жердің тынысы. Алматы: Қазақстан, 1991. -192 б.
7. Тазабеков Т. және авторлар ұжымы. Топырақтар географиясы. Алматы: Агроуниверситет, 2000. -180 б.
8. Герасимов И., Глазовская М. Топырақтану негіздері мен топырақтар географиясы. –М., 1960.
9. Тұяқбаев Н., Арыстанов К., Әбішов Б. Жалпы геология курсы. Алматы: Білім, 1993. -248 б.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Балдырлардың таралуы мен шаруашылықтағы маңызы ... ... ... ... .5
2.2 Қызыл балдырларға жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .5
2.2 Қызыл балдырлардың
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.3 Қызыл балдырлардың шаруашылықтағы
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ...9
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...13
ІV Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..15

Кіріспе

Өсімдіктер төменгі сатылы өсімдіктер және жоғары сатылы өсімдіктер
болып 2 үлкен топқа бөлінеді. Төменгі сатылы өсімдіктерге бактериялар,
балдырлар, саңырауқұлақтар және қыналар (лишайники) жатады. Бұлардың
құрылысы тамырға, сабаққа және жапыраққа дараланбаған. Бұл топқа кіретін
өсімдіктер ішіндегі геология үшін маңызы өте зор болып келетіндері –
балдырлар.
Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда
болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты,
балдырлар тұтастай бір геологиялық эпоханы басынан өткізген. Алайда олардың
көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан
көп айырмашылықтары жоқ. Бұл қарапайым жануарларға жақын, бір клеткалы және
колониялы балдырлар. Филогенез процесінің барысында, балдырлардың
эволюциясы, бір клеткалы және колониялы формаларынан көп клеткалы, құрылысы
күрделі болып келетін, ұзындығы ондаған метрге жететін, денесі
дифференциаланған ұлпалардан тұратын ересен үлкен өсімдіктерге дейін
жеткен.
Қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек, балдырларды
талшықтылардан, яғни суда өмір сүрген 1-2 талшығы бар бір клеткалы
организмдерден шыққан деп жорамалдайды. Олардың ішінде хлорофилдері бар
(автотрофты) және түссіз (гетеротрофты) организмдер кездеседі. Бұлардың
алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жануарларға жақын. Сондықтан да
көптеген систематиктер талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлардың арасын
жалғастырып тұратын, екеуіне де ортақ бастапқы топ ретінде қарастырады.
Балдырлар 10 типке бөлінеді. Олардың ішіндегі палеонтология үшін
маңыздылары: көк-жасыл, диатомды және жалтырауық балдырлар. Топырақтан
әзірше балдырлардың 1380 түрі табылды, оның 528 – жасыл, 406 – көк-жасыл,
246 – диатомды, 171 – сары-жасыл балдырлар бөліміне жатады. Бұл
балдырлардың топырақта таралуы біркелкі емес.
Құрлықта тіршілік ететін балдырларды 3 топқа бөлуге болады.
1. Аэрофильді балдырлар тобына ағаштың қабығында, дуалдарда, дымқыл
жартастарда, жер бетінен жоғары жатқан басқа да өсімдіктерде мекендейтін
балдырлар жатады. Аэрофильді балдырлардың тіршілік ортасы тез өзгеріп
отырады. Бұлар түнге қарай тоңазиды, қыста үседі, құрғақшылықта кеуіп
қалады.
2. Геофитті балдырлар топырақтың бетінде, кеуіп бара жатқан батпақты
жерлерде тіршілік етеді. Мұндай балдырлар ерте көктемде пайда болады,
оларды эфемер деп атайды, вегетативтік уақыты қысқа. Бұған тақыр жерлерде
қаптап өсетін көк-жасыл, аздаған жасыл балдырлар жатады.
3. Эдафильді балдырлар топырақтың ішкі қабаттарында тіршілік етеді.
Оның таралуына топырақтың физика-химиялық құрамы тікелей әсер етеді.
Топырақта тіршілік ететін балдырлардың басым көпшілігі микроскопты
организмдер, тек бірен-сараны ғана макроскопты. Оған мысал ретінде қара-
қоңыр, жасыл қабыршақты түрінде кездесетін Nostoc commune жатады.
Көпшілікқызыл балдырлар шаруашылықта жиі қолданылады. Оның құрамында
көп мөлшерде күрделі коллоидты қосылыстар — фикоколлоидтар болады. Одан
агар, полисахарид каррагенин және агаридтер алады. Агарды Gracilaria,
Celidium және тағы басқа балдырлардан өндіреді. Агарды медицинада,
микробиологая, кондитер, қағаз және мата өндірістерінде кеңінен қолданады.
Басқа фикоколлоидтардың ішінде ерекше орынды каррагенин, агароидтар алады.
Каррагенинді негізінен ChondrusTaH, агаридты Рһуііорһогадан өндіреді. Қызыл
балдырларды басқа балдырлармен бірге балдыр ұнын өндіруде пайдаланады. Оны
үй жануарларының азығы және тыңайтқыш ретінде қолданады. Біраз теңіздің
қызыл балдырынан салат және етке, балыққа қосып көп елдерде тамаққа
пайдаланады. Олардың ішінде ерекше орынды Rhodymenia мен Рогрһуга алады.
Шығыс Азия және Гавай аралдарының халықтары оны тамаққа пайдаланады.
Жапонияда порфира (Роірһуга) балдырын тамақ үшін өсіреді. Бұрын филофора
(Phyllophora) балдырынан иод өңдіретін.

2.1 Балдырлардың таралуы және шаруашылықтағы маңызы

Жұмыртқа клеткасы біреу немесе бірнешеу болады, ал сперматозоиды көп.
Балдырларда тіркесу арқылы көбеюде (коньюгация, немесс зигогамия) жиі
кездеседі. Бұл жағдайда екі вегетативтік клетканың біреуінің ішіндегі
протопласты екіншісіне құйылады. Осы сөз болған жыныстық көбеюлердің кез
келгені зиготаның (2п) түзілуімеи аяқталады. Біраз тыныштық кезеңін басынан
өткізген соң зиготадан редукциялық бөліністің нәтижесінде төрт зооспора
түзіледі. Олардан келешекте жаңа особьтар пайда болады. Кейбір жағдайларда
зигота тыныштық кезеңіне көшпей ақ, редукциялық жолмен бөлініп, бірден
қозғалмайтын жаңа особьқа айналады. Бұл жаңа особьтар, тағыда жаңа жыныстық
көбеюдін мерзімі келгенше, ұзақ уақыттар бойы жы-ныссыз көбейе алады. Жаңа
жыныстық кқбеюдің мерзімінің келуі, көп жағдайда сыртқы ортаға байланысты
болады. Алайда зиготадан жыныссыз фаза- спорофит (2п) түзіледі, ал онда
жыныссыз көбею органы- зооспоранги жетіледі. Зооспорангидің ішіндегі
заттардың редукциялық жолмен бөлінуінің нәтижесінде гаплоидты (п)
зооспоралар түзіледі. Зооспоралар өсіп гаметофиттер (п) береді, ал оларда
жыныстық көбсю органдары гаметангилер жетіледі. Гамстангилерден гаметалар
түзіледі. Гаметофит қосжынысты да, дара жынысты да болады. Сонымен,
балдырлардың біреулерінің өмірлік циклінде ядролық фазалардың дұрыс алмасуы
болмайды, ал екіншілерінде спора- және гаметофазаларының алмасуын айқын
байқауға болады
Балдырлардың көпшілігі суды, негізінен теңіз суларын мекендейді.
Олардың біреулері, планктонның негізгі бөлігін түзіп, суда бос жүзіп
жүреді, ал екіншілері судың түбінде бос жатады немесе субстратқа бекініп
тұрады. Соңғылары бентостың (су асты шалғындардың) негізгі бөлігін түзеді.
Теңіздерде балдырлар 30 м тереңдікке дейін ерекше қалың болып өседі. Алайда
көлеңкеге ең төзімді қоңыр және қызыл балдырлар 100—200 метрге, ал
жекеленген түрлері 500 метр-ге және оданда көбірек терендікке дейін өседі.
Кейбір балдырлар өте төменгі температураның өзіндік тіршілік қабілетін
жоғалтпайды. Мысалы, полярлық ендікте және таулардың биік белдеулерінде
(альпалық субальпалық) балдырлар қардың үстінде өседі және оларды қызыл,
жасыл, коңыр, сары түстерге бояйды (қар хламидомонасы).
Балдырлар топырақтың бетінде, топырақтың жоғарғы қабаттарында, тіптен
атмосфералық ауада (хлорелланың кейбір түрлері) өмір сүреді.

2.2 Қызыл балдырлардың шаруашылықтағы маңызы

Қызыл балдырлар адам өмірінде кеңінен қолданылады: олардан кондитер
және басқада өнеркәсіптерде пайдаланылатын агар-агар алынады және
микробиологиялық техника лабораторияларында микроорганизмдерді өсіруге
қажетті қатты коректік заттар дайындау үшін де пайдаланады. Теңіз
жағалауындағы елдер де, мысалы Жапонияда балдырлар әртурлі тағамдар жасауға
пайдаланылады. Адам теңіз балдырларын химиялық өндірістеде жиі пайдаланады.
Олардан иод, калий тұздары, целлюлоза, спирт, сірке қышқылы алынады. Одан
басқа теңіз балдырларын малға азық ретінде және тыңайтқыш ретінде де
пайдаланады.
Көпшілікқызыл балдырлар шаруашылықта жиі қолданылады. Оның құрамында
көп мөлшерде күрделі коллоидты қосылыстар — фикоколлоидтар болады. Одан
агар, полисахарид каррагенин және агаридтер алады. Агарды Gracilaria,
Celidium және тағы басқа балдырлардан өндіреді. Агарды медицинада,
микробиологая, кондитер, қағаз және мата өндірістерінде кеңінен қолданады.
Басқа фикоколлоидтардың ішінде ерекше орынды каррагенин, агароидтар алады.
Каррагенинді негізінен ChondrusTaH, агаридты Рһуііорһогадан өндіреді. Қызыл
балдырларды басқа балдырлармен бірге балдыр ұнын өндіруде пайдаланады. Оны
үй жануарларының азығы және тыңайтқыш ретінде қолданады. Біраз теңіздің
қызыл балдырынан салат және етке, балыққа қосып көп елдерде тамаққа
пайдаланады. Олардың ішінде ерекше орынды Rhodymenia мен Рогрһуга алады.
Шығыс Азия және Гавай аралдарының халықтары оны тамаққа пайдаланады.
Жапонияда порфира (Роірһуга) балдырын тамақ үшін өсіреді. Бұрын филофора
(Phyllophora) балдырынан иод өңдіретін.
Қызыл балдырлардың филогенезі. Қызыл балдырлар алуан түрлілігіне, өте
ерте заманда қалыптасқан организмдер болуына қарамастан біртекті табиги
топ. Олардын қазба қалдықтары кембр, силур және девон дәуірінен белгілі.
Талшықты қозғалыс стадиясының болмауы, пигментгерінің құрылысы мен
тилакоидтарының дара орналасуы жағынан, биохимиялық, физиологиялық
ерекшеліктеріне, құрылысына қарай көк-жасыл балдырлардан шықты деп қарауға
болады. АлаЙда, клеткалық құрылымына жене күрделі құрылымды жынысты
көбеюлеріне қарағанда бұл екі тоты бір-біріне жақыңдастыру өте қиын-ақ.
Дегенмен бұл екі балдыр тобын байланыстыратын форма ретінде Cyanidiumui
алуға болады. Алайда кейбір ғалымдар Cyanidium coldarum-нын құрамында
Суапорһога дағыдай цианелла болатындығына күмәнданады. Сонымен бір қызыл
балдырлардың көк-жасыл балдырлардан шыққандығын қиындататын мәселенің бірі
— эукариотгылардың эволюциялық дамуында. Дегенмен қызыл балдырлардың ерте
уақытта басқа балдырлармен байланыссыз ажырасып кетуінде. Мұны көптеген
авторлардың филогенетикалық нобайларынан байқауға болады.
Алғашқы қызыл балдырлар бір клеткалы болуы мүмкін, одан тарихи дамудың
ерте кезеңінде қарапайым жіптесінді формалар шығуы тиіс. Қазба қалдықтардың
жеткіліксіз болуына байланысты флоридея класының филогенетикалық нобайын
жасау қиынға соғады. Алайда криптонема қатарына жататын тұқымдасының тасқа
айналған қалдықтарына қарағанда кембрий дәуірінін орта кезінде пайда болып,
ордовик дәуірінде қаулап өскендігін байқауға болады. Олардан клеткалары уақ
осы уақыттағы Соrаll3na шығуы тиіс. Мезозой дәуірінің бор кезеңінде осы
күнгі уақытта кездесетін флоридея класына жататын Lithothamnion сияқты
көптеген туыстар қалыптаса бастаған. Мұндай балдыр шар формалы, 50—200 метр
тереңдікте кездеседі және өте жай еседі, 800-дей жылдарда диаметрі 30 см
жетеді. Қызыл балдырлардың ішінде ең қарапайымы — бангиялар. Флоридеялар
класының ішіңде ұрпақ ауысуы болмайтын, ауксилярлы клеткалары мен
гонимобластылары жоқ немалион тұқымдасы шығу тегі жағынан бангияларға жақын
тұрады. Карпоспора ұрықтанған карпогоннан түзіледі және екеуі де
моноспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Моноспоралар көбінесе жыныс
органдары өскен дарақтарда дамиды.
Флоридея класының эволюциялық дамудың біртіндеп күрделене түсе
бастағаны байқалады. Криптонемиялықтардан эволюциялық дамудың келесі
сатысына келтірілгенін байқауға болады. Бұларда ерекше ауксилярлы
клеткаларының түзілуі, карпогоннан бірнеше цистокарпий клеткаларының
құралуын қамтамасыз етеді. Мұның өзі карпоспора өнімдерінің көбеюіне әкеп
соғады. Күрделі эволюциялық даму сатысына церамиялықтар жеткен. Мұнда
ауксилярлы клеткалар тек ұрықтанғаннан кейін ғана түзіледі және
прокарпилері болады, тетраспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Изо және
гетероморфты ұрпақ ауысулары байқалады. Ұрпақ ауысу: гаметофит,
карпоспорофит, тетраспорофиттер үш кезеңдерінен өтеді. Тетраспора,
гаметофиттер, одан түзілген аталық және аналық жыныс элементтері гаплоидты,
ал карпоспорофит, карпоспора тетраспорофит дигогоидты болады.

2.3 Көк-жасыл балдырлардың шаруашылықтағы маңызы

Көк-жасыл балдырлар жалпы шаруашылықта бір жағынан пайда келтірсе,
екінші жағынан зиян келтіреді. Көк-жасыл балдырлар ақпайтын суда,
бөгеттерде, ағысы жай өзендердегі суды көк-жасыл түске бояп, сүйкімсіз иіс
шығарады.
Көпшілік авторлар стигонемалықтар қатарының кейбір өкілдерінің
регрессивтік дамуының нәтижесінде осцилляториялықтармен ностоктар шыққан
дейді. Ал стигонемалықтардың өзі хамесифондықтардан шығуы мүмкін деседі.
Хамесифонды балдырлар құрылыстары және дамуы жағынан хроококтылар мен
гормогониялы балдырлардың арасынан орын алады. Көпшілік белгілері жағынан
хроококтыларға жақын тұрады. Соған байланысты бұрьш хроококтылармен бір
таксонға біріктіретін-ді. Алайда, төсемікке бекініп тіршілік етуіне
байланысты, клетка формаларының жоғарғы және төменгі жағына бөлінуі, оның
айырмашылығының болуы, клеткалы формаларға қарай дамуы, бұларды жеке таксон
ретінде қарауға мүмкіндік береді. Бірақ мұндай көзқарасты барлық
зерттеушілер қолдамайды.
Эволюциялық дамуы жағынан хлорококты балдырлардан улотрикстер жоғары
тұрады. Белгілі бір бағытта дами қоймаған протосифон тектес, ертедегі
хлорококтылар клеткаларының вегетативтік бөлінуі нәтижесінде көп клеткалы
жіп тәрізді улотриксті балдырлар шыққан. Бұлардың кейбір өкілдерінің
клеткасы көлденең бөлінуімен бірге ұзынынан да бөлініп, одан ульва сияқты
көп клеткалы талломы бар пластинкалы балдырлар дамыған. Мұнда біртіндеп
клеткалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Балдырларға жалпы сипаттама
Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы
Балдырлардың формалары жіп тәрізді және талломды
БАЛДЫРЛАР ОРТАСЫНЫҢ ӨСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Балдырлар классы
Көк-жасыл балдырлар
Көк жасыл балдырлардың мутуалистік типтері
Балдырлар. Зерттеу әдістері мен зерттеу зерзаттары
Диатомды балдырлар
Пәндер