Динамикалық қатарлар



1. Динамикалық қатарлардың ұғымы және түрлері
2. Динамикалық қатарлардың статистикалық сипаттамасы (көрсеткіштері)
Статистика әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды уақытына және орнына қарай сандық жағынан зерттеуге алатындықтан, оның мәліметтеріне талдау жүргізгенде өзге уақыттар мен орындарға қарай жүргізген ыңғайлы. Статистикалық бақылаудың мәліметтерін құбылыстың пайда болу уақыты мен орнына қарай салыстырмалы түрде зерттеуді бұрын да, мысалы қатыстық шамаларда, орта шамаларда келтірдік. Сондай-ақ қатыстық шамалардың бірі болып табылатын динамиканы сипаттайтын қатыстық шаманы да келтірдік. Аталып отырған тақырыптарда зерттеуге қолданылатын абсолют тік шамала әр түрлі уақыттар мен орындардағы жиынтықтарды білдіргенмен, олар құбылысты уақыты мен орнына қарай ғана зерттеуді мақсат еткен жоқ. Динамиканы сипаттайтын қатыстық шамада динамиканың түсінігін, оларда қолданылатын әртүрлі уақытқа қарай біртектес жиынтықтардың бір-біріне қатыстылық шамасын қарастырдық.
2. ҚР Қылмыстық Кодексі
3. Құқықтық статистика С.Әпенов Алматы “Жеті жарғы” 2004 ж.
4. ҚР статистика жөніндегі агенттігі. 2001 жылдың Қаңтар – Желтоқсан айларында ҚР жасалған қылмыстың жекелеген көрсеткіштері туралы.
5. Основы математической статистикий для психологов 1972 г. СуходольскийГ.В.
6. Юридическая статистика М. Юрист 1999. Лунеев В.В.
7. “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ҚР Заңы”
8. Правовая статистика М Юрист 2000. Савюк Л.К.
9. Преступност и правонарушения (1991-1995 ) Статистический сборник 1996
10. Методологические и методические вопросы изучения и профилактики преступлении в крупных городах . М. 1979 г.
11. Об оценке степени общественной опасностий преступлении Хан-Магомедов Д. 1972 г.
12. Советская судебная статистика М. 1976 г. Остроумов С.С.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Динамикалық қатарлар

(1 сағат)
Жоспар:

1. Динамикалық қатарлардың ұғымы және түрлері
2. Динамикалық қатарлардың статистикалық сипаттамасы (көрсеткіштері)



Лекцияның мәтіні:

Статистика әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды уақытына және орнына қарай сандық жағынан зерттеуге алатындықтан, оның мәліметтеріне талдау жүргізгенде өзге уақыттар мен орындарға қарай жүргізген ыңғайлы. Статистикалық бақылаудың мәліметтерін құбылыстың пайда болу уақыты мен орнына қарай салыстырмалы түрде зерттеуді бұрын да, мысалы қатыстық шамаларда, орта шамаларда келтірдік. Сондай-ақ қатыстық шамалардың бірі болып табылатын динамиканы сипаттайтын қатыстық шаманы да келтірдік. Аталып отырған тақырыптарда зерттеуге қолданылатын абсолют тік шамала әр түрлі уақыттар мен орындардағы жиынтықтарды білдіргенмен, олар құбылысты уақыты мен орнына қарай ғана зерттеуді мақсат еткен жоқ. Динамиканы сипаттайтын қатыстық шамада динамиканың түсінігін, оларда қолданылатын әртүрлі уақытқа қарай біртектес жиынтықтардың бір-біріне қатыстылық шамасын қарастырдық.
Бұл тақырыпта құбылыстың динамикасын анықтаудың негізгі кілті ретінде, қатыстық және орта шамалардағыдай емес, бірнеше уақыттармен, ол уақыттық көрсеткіштерді жеткілікті түрде шамти отырып анықтауды мақсат етеміз. Бұл тақырыпта динамикалық қатарлар статистикалық мәліметтерді талдаудың жеке бір түрі ретінде қарастырылады. Соған орай құбылыстың динамикасы анықталғанда динамикалық қатардың түсінігін, оның элементтерін, ондай қатарды түзудің амалдарын келтіруге болады. Динамикалық қатарлардың құбылысты уақытқа және орнына қарай талдаудың басқа түрлерінен айырмашылығы, мунда уақытына қарай немесе орнына қарай бір құбылысты сипаттайтын жиынтықтардың ғана қолданылуында болып табылады.
Динамикалық қатарлардың елеулі ғылыми танымдық мағынасы бар. Сонымен бірге зерттеуге жататын құбылысты немесе құқықбұзушылық пен қылмыстылықты уақытына қарай қарапайым және анық түрде бейнелеу тәсілін білдіреді.
Сонымен, “динамика” деген ұғым ретінде, құбылыстың уақытқа қарай сандық жағынан қозғалысы, өзгерісі ескері леді. Осындай ұғымды ескере отырып, динамикалық қатарлар ретінде статистикалық зерттеуге алынуға жататын әлеуметтік- қоғамдық, экономикалық құбылыстардың белгілі бір уақыттар аралығындағы сандық көрсеткіштерінің қатары алынады. Құбылыстың уақытқа қарай өзгерісін бейнелеу үшін қатарлар, яғни динамикалық қатарлар келтірілуі керек. Ол қатарлар хронологиялық немесе уақытына қарай келтіреді. Уақытына қарай хронологиялық келтіру – бұл құбылысты өзгеру ретіне қарай, яғни шамасының тәртібіне қарай қатарлауды емес, жылы бойына қарай қатарлауды білдіреді. Сонда ғана уақытына қарай құбылыстың сандық жағындағы өзгерістерді танула болады. Жоғарыдағы анықтамада динамикалық қатарлар сандық көрсеткіштердің қатары ретінде алынатындығы келтірілді. Бұл зерттеуге алынағн құбылыстың сандық мәліметін білдіретін көрсеткіштердің түрлеріне байланысты. Яғни құбылыстардың сандық көрсеткіштерін әр түрлі нысандарда беруге болады.
Динамикалық қатарларда екі көрсеткіш анықталуы керек немесе бұл жұмыс осы екі мәселенің екеуі де толық орындалғанда шешілген болып табылады. Бір інші көрсеткіш - уақыттық көрсеткіштер, яғни құбылысты айлармен немесе жылдар бойынша көрсететін уақыт мерзімдерін білдіреді. Динамикалық қатарды сызықты немесе бағаналы графиктер түрінде бейнелегенде уақытты білдіретін көрсеткіштер абцисс белдігінде көрсетіледі. Екінші көрсеткіш –қатар деңгейі деп аталады. Қатар деңгейі әрбір уақыттағы құбылыстың сандық көрсеткішін немесе санын білдіреді.

Статистикалық бақылау және топтастыру мәліметтері қоғамдық құбылысты басқа уақыттармен салыстырғанда, сандық жағынан біркелкі тәртіппен сипаттағанда, яғни құбылыс бірте-бірте өсуді және кемуді білдіргенмен, қатар деңгейі бойынша түсінуге қиын мәліметтер білдіреді. Бірнеше уақыттардың абсолют тік көрсеткіштері құбылыстың жалпы дамуын түсінікті түрде ашып бере алмайды. Бұл әсіресе ұзақ жылдар бойынша құбылыстың динамикасын анықтағанда байқалады. Бұл біріншіден, екіншіден бақылау және топтастыру нәтижесінде алынған статистикалық жиынтықтардың абсолют тік шама түріндегі көрсеткіштері кейінгі зерттеу сатыларында талдауларға алынады. Мұндай кезде екі немесе одан да көп абсолют тік шамала алдын ала өңдеуден өткізіліп, қатыстық және орта шамалардың көрсеткіштеріне келтіріледі. Қай тәсілді қолдану – ол зерттеуді мақсатына қарай анықталадлы. Осындай есептеулерден немесе талдау жүргізуден кейін, қолданылған жиынтықтар өзінің абсолют тік шама түрін жоғалтып, олардан мақсатқа сай анықталған көрсеткіштер шығады. Мысалы жиынтықтың белгілі бір бөлігінің бас жиынтық ішіндегі үлес салмағын білдіретін немесе құбылыстың орташа даму деңгейін көрсететін көрсеткіштер анықтала алады. Осы тәріздес мақсаттар құбылыстың уақытқа қарай динамикасын анықтауда да болады. Анығырақ айтқанда, бірнеше уақыттар аралығындағы қозғалысты сандық жағынан сипаттайтын абсолют тік көрсеткіштер әр түрлі деңгейде кездесіп жатқанда, олардың қарқынын өсімшесін, орташа өсу немесе азаю қарқынын пайыз түрінде білу туралы қажеттілік туындайды. Осыған орай бірнеше уақыттар аралығындағы жай сандық көрсеткіштерді пайдалана отырып, жоғарыдағыдай мақсаттарды анықтап шығуға болады. Мұндай кезде қойылған мақсатқа сай алынған көрсеткіштер енді абсолют тік көрсеткіш түрінде емес, қатыстық және орта шамаларды талдауда кездесетін көрсеткіштерге ұқсас алынады және алынған көрсеткіштер динамикалық қатардағы бір уақыттың ғана сандық мәліметін қамтып сипаттамайды, ол көрсеткіштер қатардың бүкіл уақыттардағы немесе бір бөліктеріндегі көрсеткіштерінің ортақ көрсеткішін немесе сипаттамасын, бағасын білдіреді.
Демек, динамикалық қатарды абсолют тік шамала түрінде құроағннан кейін, ол уакқыттар арлығындағы мәліметтерді бағалау, немесе ол уақыттар аралығындағы мәліметтерді бағалау, немесе оларға статистикалық сипаттама беру қажеттілігі туындайды.
Динамикалық қатардың басқа статистикалық зерттеулерден бастр айырмашылығы, мунда бірнеше уақыт бойындағы құбылыстың айырмашылығы, мунда бірнеше уақыт бойындағы құбылыстың сандық деңгейіне көңіл аударылады. Құбылыстың уақытына қрай динамикасын анықтауда алынатын көрсеткіштердің жиі кездесетін түрлеріне қатыстық және орта шамаларды қарастырғанда тоқталдық. Қатыстық шамалардың бір түрі болып табылатын, динамиканы анықтайтын қатыстықты қарастырғанда абсолют тік өсімше немесе азаю (бұл кейінгі уақыт пен оның алдындағы көрші уақыттың арасындағы абсолюттік шама түріндегі айырмашылықты білдіреді), өсу қарқыны немесе азаюы (бұл тұрақты немесе тізбекті базамен салыстырғанда кейінгі уақыттардың пайыз түріндегі өзгеру көлемі) тәрізді көрсеткіштердің қалай анықталатынын келтірдік. Орта шамалардың көмегімен жылдық өсу немесе кему қарқынының орта геометриялық шамасын білдіретін орташа жылдық өсімше немесе азаю қарқынын қарастыруға болады. Мұндай кезде динамикалық қатардың орташа жылдық өсімше немесе азаю қарқынын білдіретін көрсеткіш алынады.

Тақырып ХХVIІ.

Динамикалық қатарларды қайта құру

(1 сағат)
Жоспар:

1. Динамикалық қатарларды қайта құру
2. Маусымдық ауытқуды есептеудің тәсілдері

Лекцияның мәтіні:

Әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың бірнеше жылдар бойындағы сандық мәліметі қатар келтірілгенде, ол құбылыстың осы уақыттар ішіндегі сандық жағындағы өзгерістерді байқауға болады. Мұндай өзгерістерде құбылыстың белгілі бір уақыттарда өсу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уақытқа тәуелді қатарлар
Статистикалық динамикалық қатарлар
Динамикалық қатарлардың теориялық негіздері
Өсіңкілік қатарлар туралы түсінік және оның түрлері
Уақыт қатарының талдауы мен болжамдары
Динамика қатарлары
ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАРДЫ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Динамикалық қатарлардың ұғымы және түрлері
Мәліметтерді талдау және модельдеудегі Шампан түріндегі шарапты талдау әдісі
Қатысты шама
Пәндер