Смағұл Садуақасовтың


Смағұл Садуақасовтың өмірі.
С. Садуақасұлы 1916 жылы Омбыда қайраткерлік мектеппен бірге қаламгерлік мектептің де табалдырығын аттады. Ол қаламын «Бірліктің», «Балапан» атты қолжазба журналдарында ұштады. Смағұл көсемсөздік пен жазушылық өнерді тынымсыз қайраткерлік қызметінің барысында меңгерді. 1918-1919 жылы Алаш Ордаға тыныс болған «Жас азамат»газетің, 1920 жылы атын «Қазақстан» етіп, затын халықтық қылып өзгертпекке бел
буған «Ұшқын» газетің, 1922 жылы Еуропа өркениетін уағыздаған «Өртең» газетін, қазақ жастарының «Жас қазақ» журналын шығаруға атсалысты.
Мұнан бөлек ол 1920 жылы «Еңбекшіл жастар»(Омбы), «Кедей сөзі»(Омбы), «Еңбек туы» 1925-1926 жылы «Еңбекшіл қазақ», кейін «Еңбекші қазақ» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналының (1924-1925 ж. ж. шығып тұрған) жауапты шығарушысы (редакторы) болды. (С. Садуақасұлы. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т., Алматы, 2003, 9-бет)
Көтерген тақырыптарының ауқымы турасында: «Өмір үшін күресу» (1918), «Көтеріл, жастар!» (1920), «Өткен күндер һәм болашақ»(1922), «Шарт керек пе?»(1922), «Қостанай - Торғай»(1922), «Орта Азия өміріндегі жаңа дәуір» (1924), «Қазіргі дәуір іс дәуірі» (1925), «О национальностях и националах»(1928) және тағы басқа толып жатқан мақалаларында қазақ қоғамының өтпелі дәуіріндегі қоғамдық-саяси ахуалдың қандайлығын һәм ел мен оның көсемдерін тығырыққа тіреген зәруліктерді шешудің амалдарын көрсетеді.
Өркениетті болуға талпынған елге қажетті шартты орындау ісінен күшін аяп қалмады. С. Садуақасұлы «Нужды аула» (1919), «Бірінші мақсаттарымыз»(1920), «Халық ағарту мәселелері»(1925), «Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар» (1926), «Қазақстанда халық ағарту мәселелері» (1927), т. б. мақалалары мен соңғы аталған кітабымен аттас кітапшасында елдегі оқу-ағарту зәрулігін сөз етеді
Смағұл Садуақасов - публицист
«Ауылдағы жастар туралы» мақаласы «Еңбек туы» газетінде 1920 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған. Мақалада ауылдағы жастарды ұйымдастыру, қоғамға пайдалы жұмысқа тарту, олардың іскерлігін қалыптастыру мәселесі көтерілген. Осы еңбегінде Смағұл бұрындары құрылған ұйымдардың кемшілігін айта отырып, оны қайталамауды, өткеннен сабақ алуды ескертеді. Көсемсөзші қазақ жастарының ерекшелігіне қарай жұмысты жоспарлауды ұсынады. «Біздің Қазақстан - ауылдың республикасы. Қазақтың 99 пайызы ауылда. Сондықтан ауыл жастарының арасындағы жұмыс ең бірінші орында болу керек», - дейді. Смағұл ауыл жастарына менсінбей қарайтындарды, оларды алға жетектеудің орнына меселін қайтаратындарды: «Қазақтың ұлтшылдары ондай «төрелерге» тиісті баға берсе де, қазақ ішінде «төрелік» қалған жоқ. Күні бүгінге дейін шаһарлы жерде жүрген дұп-дұрыс адам секілді жігіт елге шықса, шіңкілдеп, тоқаңдап кетеді. Балалармен сөйлесу түгілі, жаман-жәутік қазақпен де сөйлеспейді»- деп сынайды. Смағұл осы мақаласында: «Осы күнгі заман - бірлескеннің, білгеннің заманы. Бірлестің, бірауызды болдың - сен күн көре аласың. Бытырадың, надан болдың - өлесің» - деп, ел жастарын ұйымдасуға, өрелілікке шақырады. «Жастар съезіне» атты мақаласын қаламгер «Қазақтың саяси пікірінің тарихы - қазақ жастарының тарихы» сөйлемімен бастайды. Бұл еңбегінде С. Садуақасұлы аға толқынның кезінде топтаса алмағандығын, «көпке бірдей жақсы аты шыққан қазақтың азаматы аздығын», жастар содан сабақ алу керектігін сөз ете келіп, жаңа замандағы жас лектің мақсат-міндеттеріне және санадағы сауатсыздықпен күрес қайтсе жеңіске жететінін әңгіме етеді. Жастардың ұйымдасып отырғанын үлкен күшке балап, оларға мүмкіндікті қолдан жібермеу жөнінде ақыл-кеңес береді. Ұлтты қадірлеуді ескертеді. «Мен - коммунист. Маған қазағы да, орысы да бәрі бір» деушілер табылады. Бірақ бұл секілді сөзді айтушылар орысқа да, қазаққа да пайдасыз адам болып шығады», - дейді Смағұл. Автор мақаласын: «Көтеріл, жастар! Ұйымдас, жастар!» - деген үндеумен аяқтайды. Байқап отырғанымыздай, Смағұл осынау үш мақаласында да ұлт ертеңі жастардың қолында екенін сөз етеді.
С. Садуақасов. Көтеріл, жастар! («Еңбек туы», 1920 жыл, 13 қараша) .
Қазақтан шыққан тамаша талант, ел тағдырын ойлаған ұлт зиялысы, жастардың ақылшысы әрі жанашыр жетекшісі Смағұл Садуақасовтың өмірі мен қызметі ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы аласапыран кезеңге тұспа-тұс келді. Смағұл Садуақасовтың жас та болса ел басқару, халық тағдырын ең жоғарғы деңгейдегі билік тұтқасын ұстағандармен тайталаса жүріп шешу сияқты саясат ісінде ірілік көрсетті.
Смағұл 1914 жылы Омбы қаласында ашылған қазақ жастарының алғашқы ұйымы «Бірлікте» қызмет етті. «Бірлік» ұйымының мақсаты - «Қазақ халқын мәдени һәм әдеби жағынан ілгері қатардағы жұрттарға қосу, ұлтшылдық сезімін туғызу һәм ұлттықты сақтау. Бұл айтылған мақсаттарға жету үшін жастар арасында ұлтты сүю сезімін сіңдіре беру. Халық әдебиетін жинау, ол әдебиетті кітапша һәм үлкен кітаптар етіп бастыру. Театр кітаптарын шығару, газет-журналдар шығару. Бастауыш, орта дәрежелі мектептерге кітаптар жазу, школға түсемін деген шәкірттерді даярлайтын курстар ашу, мұқтаж шәкірттерге жәрдем көрсету, спектакль, концерт һәм басқа-басқа ойындар жасап, қазақтың ішінде театр туғызу.
Ұйымның саяси һәм шаруашылық туралы ұстаған жолы: «кедейлерді, жіңішкелерді байлардың, күштілердің зорлығынан құтқару, әйелге теңдік әперу» болды.
1916 жылы «Бірлік» ұйымы «Балапан» деген журнал шығарып, жастарға қызмет етті. «Жастарға жаңа жол» деген Смағұл Садуақасов кітабында: «Бостандыққа жетем, теңдік алам десең, өзің қимылда. Аспаннан саған құймақ жаумайды. Оны бір деп біл» деп қазақ жастарына бостандық пен теңдік өзінен-өзі келмейтінін түсіндіріп еңбек жазды.
Алдыңғы толқын Алаш зиялыларының халыққа қызметін үлгі етті. Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтай арыстарды «қазақ ұлтшылдарының басшылары» деп атап, олардың ұлтқа сіңірген еңбегі арқасында өте қадірлі адамдар болғанын жастардың жадына құйып отырды.
Смағұл 1920 жылы РК(б) П қатарына өткеннен кейін партия, кеңес жұмыстарына араласып, жастар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізді. Оларға арналған оқу курстарын ашып, дәріс оқыды. 1920 жылы Қазақстан өз алдына дербес автономиялы республика болғаннан кейін РКЖО Орталық комитеті Қазақ облыстық бюросының хатшысы қызметін атқарды. Ол өзінің саяси ұстанымы туралы Әбдірахман Байділдинге жазған хатында: «Меніңше келешекте біздің әдісіміз мынадай болу керек: Бұл мақсатты бірінші орынға қойсақ та билікті біздің қолымызға бермес еді. Сондықтан жастарды тәрбиелеуге, жастарды келешекке да-йындап, күш жинауға тырысу керек» - деп жазды. Осы мақсатта жастардың «Еңбекші жастар» газетін ашып, оған редакторлық етті. 1921 жылы «Жастарға жаңа жол» деген кітабын жазды.
1925 жылдың тамыз айында Қазақстанға басшы болып келген Филипп Голощекиннің С. Садуақасовтай асыл ерді ұлтшыл, жікшіл деп қуғындағаны, оның пікірлес достарын сәдуақасовшылдыққа айыптағаны, ақыры оны Қазақстаннан кетіріп тынғаны тарихтан белгілі.
Қазақтың көзін ашып, оны ілгері дамыған халықтар қатарына қосамын, мәдениетке жеткіземін деп қалың ұйқыда жатқан қазақ халқын бірі «Маса» болып ұлт құлағына ызыңдап мазалаған, екіншісі «Оян қазақ!» деп жар салған ұлт зиялыларының қызметі туралы «Ол замандағы тұрмыс солай еді. Ол кезде маңайың дұшпан, қасқыр еді. Біреуі сені өлтіріп бара жатса, сен жағаласпай, мен сопымын деп қарап отырмайсың. Маңайыңның бәрі сені құл қылуға жаны шығып жүрсе, сен ұлтшыл болмайтын шараң қалмайды. Маған бәрі бір, мен қазақ, орыс деп бөлмеймін дегеніңмен, сені біреу бөлшек-бөлшек қылып, сирағыңды сирақтай, басыңды бастай мүжіп жатса, қарап отыруыңның өзі күнә болып шығады. Сондықтан жүрегінде жалыны бар, кеудесінде адамшылықтың ұшқыны бар жігіт ұлтшыл болмай отыра алмайды. Сол секілді ол кездегі жастардың ұлтшыл болғанын кінәлауға жарамайды» деп жазды. Қазақ халқының сүттің бетіне шығар қаймақтарын озбыр да өктем жүйенің негізсіз айыптап, олардың арман мақсатына балта шапқан сұрқия саясатына осылайша тосқауыл қоймақ болды.
«Баяғыда қазақ халқы соры қайнап, көзі жайнап Николайдың урядниктерінің ойыншығы болып жүргенде біз: «Жастар ұлтшыл емес, оларға бәрі бір» десек, онда бізді көршілес отырған патшалықтардың жастары тұп-тура жынды деп ұғынар еді» деп өсіп келе жатқан жас буынның кеңестік ұлт саясатының ақ-қарасын ажыратуына, олардың болашағын дұрыс таңдауына бағыт болар ақыл-кеңесін өзінің кітаптары мен мерзімді баспасөзде жариялаған мақа-лаларында мүмкіндігінше жазып, дұрыс көзқарас қалыптастыруға маңыз беріп отырды.
С. Садуақасов газетті осы күнгі дүниенің айнасы деп бағалап, жастардың газетті оқуына ерекше маңыз берді. Ол өзі «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарып жүргенде Алаш зиялылары мақалаларының баспасөзде жариялануына мүмкіндік жасады, өзі де озық та, батыл пікірлерін жариялады. «Қазіргі дәуір - іс дәуірі», «Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар», «Ойланатын уақыт жетті» және тағы басқа мақалаларында ел ішінде орын алып отырған олқылықтар мен асыра сілтеушіліктерді ашық сынға алды.
1926 жылдың 24 ақпанында БК(Б) П Қазақ Өлкелік Комитеті Бюро Мәжілісінің №2 хаттамасында «Соңғы айларда» «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған мақалалар мен фельетондар мазмұны жағынан партия саясатынан алшақ деп кінә тағылып, С. Садуақасов «Еңбекші қазақ» газетінің редакторлығынан босатылды. Көп ұзамай Халық ағарту комиссариатындағы жұмысынан алынып, Ташкенттегі Ұлттық педагогика институтының ректорлығына жіберілді. Жиырма бес жасында мемлекеттік ірі істерге белсене араласқан ойы терең, сөзі салмақты, тура сөйлейтін Смағұл Садуақасов республиканың тізгінін ұстаған үш сыныптық қана білімі бар, өзінің ойын жүйелеп жеткізуге деңгейі жете бермейтін, сауатсыз партия функционері Ф. Голощекинге ұнамады. Смағұл Садуақасовтай асыл азаматтың ар-намысын қорлап, өзінің туған елінен кетуге мәжбүрледі және оның ең жақын пікірлес достары Ыдырыс Мұстамбаев, Жағыпар Сұлтанбеков, Әміре Нақымжанұлы, Нығмет Нұрмақов және басқаларды «сәдуақасовшылдыққа», Қазақстандағы ұлтшылдыққа, оңшылдыққа айыптап қазақтың тұлпарларын сүріндірмек болған жымысқы саясатын Қазақстаннан кеткенінше жүйелі жүргізумен болды.
Смағұл Садуақасов өзінің қарсыласы Ғаббас Тоғжановқа «Қызыл Қазақстанда» жазған жауабында: «… ұлтшылдықты туғызатын отаршыл. … орыс коммунистерінің ішінде отаршылдар бар ма, жоқ па … жоқ деп ешкім айтпайды. Отаршылдар бар. Бар болса олармен күресу керек. Бұл - біздің коммунистік борышымыз. Отаршылдармен күресуді бастаған Смағұл емес, партия. Партияның мүшесі болып отырып, мен өзгелерден бұл мәселені қаттырақ айтсам, қызулау болсам, ол «кінәмді» мойныма алам. Қырық жерден отаршылдар лағнет оқыса да шыдадық» деп жазды. Асыл азамат шынында да туған халқы, елі-жері үшін коммунистік партияның отаршылдық саясатымен жан аямай өмірінің соңына дейін күресті.
Қазақ жастарына: «Жастар бұл ретінен қарағанда өздерінің аттарын ақтау керек. Жастар қай уақытта болса да, кеудесі түсіп, болашақтан үміт үзіп, жалқаулыққа салынбауы керек. Біз «болашақ - жастардікі» дейміз. Олай болса, жастар көбінесе болашаққа қарасын. Ілгерінің тағдыры солардың қолында екенін ұмытпасын» деген өсиет қалдырды.
Билiктiң мұндай аярлыққа толы, екiжүздi саясаты туралы осыдан 81 жыл бұрын, 1926 жылдың 29-қазанында Ташкент шаһарында педагогтiк жоғары оқу орнының ашылуына арналған салтанатты мәслихатта сөйлеген Қазақстан Халық ағарту комиссары Смағұл Садуақасов ашып әрi ашынып айтқан болатын. Өз баяндамасына «Жоғары оқу орнының Қазақстан үшiн маңызы» деп айдар қойған арыс азамат:
«Атыраудың айдынынан Қытайдың атырабына дейiн шалқып жатқан кең жазира өлкемiздi - орыс саудагерлерi мен орыс буржуазиясы тек ауыздан сiлекей шұбыртқан дайын ас деп ұғынатын. Батыс Еуропа ұстанған саясатпен салыстырғанда Ресейдегi мұндай саясат - мейлiнше мешеу, мейлiнше дөрекi, жетесiз саясат болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz