Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
3. Лекциялар конспектілері
1 ТАҚЫРЫП Шаруашылық құқық оқу пәні ретінде.
Жоспар
- Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
- Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
- Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
- Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
- Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
Кәсіпкерлік құқық - кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерцтялық емес, кәсіпкерлік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әркет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а) кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) деп екіге бөлуге болады. Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкердің құқықтық субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтіретін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзіретті органдар тарпынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тиым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.
- Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар мынадай қағидаларға негізделеді. : 1) кәсіпкерлік істің еркіндігі - кез-келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар; 2) кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері мен түр-пішіндерінің құқықтық (заңдық) теңдігі; 3) бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу; 4) кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу; 5) кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық; 6) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.
- Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі жалпы және рекше деген екі бөлімнен тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне:
- кәсіпкерлік құқыққа кіріспе;
- шет елдердің сауда құқығы;
- кәсіпкерлік құқықтық қатынастар;
- банкроттық;
- республикалық және коммуналдық меншікті мемлекетсіздендіру, жекешелендіру;
- кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;
- кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық;
- кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау;
- экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар жатады.
Ерекше бөліміне:
- монополистік әрекетті құқықтық реттеу;
- өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқықтық қамтамасыз ету;
- баға мен тарифтерді құқықтық реттеу;
- инвестицияландыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу;
- несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу;
- есеп пен бақылауды құқықтық реттеу;
- сыртқы кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;
- еркін экономикалық аймақтарды құқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.
- Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері Конституция, Конституциялық заңдар, халықаралық шарттар мен келісімдер, заңдар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және өкілетті органдарының актілері жатады. Мысалы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Дойников И. В. «Предпринимательское право». Москва, 1998.
2. Круглова Н. Ю. Хозяйственное право. Москва, 1999.
3. Мартемьянов B. C. «Хозяйственное право» том 1, Москва, 1994.
4. Предпринимательское право. Курс лекций/ Под ред. Н. И. Клейн. М, 1993 г.
5. Лаптев В. В. «Предпринимательское право: понятие и субъекты». Москва, 1997
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (1 тақырып) [1, 2, 3, 4, 5, 6]
1. Кәсіпкерлікқұқықтың тар және кең мағынадағы түсінігі.
2. Кәсіпкерлік құқық екінші деңгейдегі құқық саласы ретінде.
3. Кәсіпкерлік құқық институтының мазмұны - кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу.
4. Сауда құқығын оқу тарихы.
5. Кәсіпкерлік және азаматтық құқықтардың обособление мәселелері.
2 ТАҚЫРЫП. Кәсіпкерлік қызмет түсінігі. Кәсіпкердің іскерлік этикасы.
Жоспар
1. Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
2. Кәсіпкерлік қызметтің белгілері.
3. Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, қүұрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
4. Кәсіпкерлік іскердің этикасы.
1. Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары. Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдің жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттік болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15, 7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01. 10. 1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субъектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1, 2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емесе, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық те емес, сауда шықты.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
- Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол - шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
- Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
- Кәсіпкерлік қызметтің тбелгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни, кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ. үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.
Енді кәсіпкерліктің негізгі құқықтық принциптеріне қысқаша тоқталайық. Оларға мыналар жатады:
- Кәсіпкерлік қызметі еркіндігінің принципі.
Бұл негігі принцип. Ол ҚР Конституциясы 26-б. 1-т. -да: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар» деп бекітілген.
Одан әрі бұл принципті ҚР АК-де, заңнамалық актілерде таба аламыз. Ол кәсіпкердің мүліктің қолдана (айналымнан шығарылмаған) кез келген түрлерін пайдалана отырып және т. б. кәсіпкерліктің кез келген саласында, заңмен көзделген кез келген нысанда өз ісін бастауға және жүргізуге құқығын білдіреді.
Бірақ Қазақстан заңнамасымен кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қоғам мүддесіне орай конституциялық құрылыс негіздерін, басқа адамдардың адамгершілігін, денсаулығын, заңды мүдделерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына қажетті шамада шектелуі мүмкін. Сонымен, ол шаруашылық қызметтің кейбір түрлерін лицензиялаудың кең тәжірибесімен жарым-жартылай шектеледі.
- Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принципі. Ол Конституцияның 6-б. -да бекітілген. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Оған сәйкес заңнамамен кәсіпкерлік қызметін республикалық, коммуналдық немесе жеке меншіктегі мүлік қолданып жүргізетін субъектілер үшін меншіктің белгілі бір түрлеріне қандай да болмасын артықшылықтар немесе шектеулерді белгілеуге болмайды.
- Бәсекелестікті ұстап тұру мен монополизациялауға және жосықсыз бәсекеге бағытталған (Конституцияның 26-бабы) экономикалық қызметке жол бермеу принципі. Бұл принцип сақтау - нарықтық экономиканы дамытудың және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты. Мұнда ҚР 2001 ж. 19-қаңтардағы «Бәсекелсу және монополистік қызметті шектеу туралы» заңына маңызды рөл беріледі.
- Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу принципі. Ең бастысы, Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында - кәсіпкерлердің және мемлекеттің жұрт алдындағы және қоғамның мүдделерінің сақталуына қол жеткізілуі тиіс.
- Заңдылық принципі. Ол өте маңызды және оның іске асырылуы - құқықтық мемлекетті құрудың негізі. Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары қатал сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден, маңыздырағы, мемлекет құқықтық актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс.
- Кәсіпкерлердің, солар сияқты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды кәсіпкерлік принциптерінің қатарына жатқызуға болады. Бұл принциптің түпкі мақсаты - тұтынушылардың мүдделерін толық қанағаттандыру жолымен кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Екінші жағынан, кәсіпкерлердің өздері өз құрылымдарын құру тәртібін оңайлатуға, дәлелсіз тексерулерге және керексіз мемлекеттік бақылауға жол бермеуге, коммерциялық құпияны сақтауға, әділ салық салуға мұқтаж болады. Дәп осыған ҚР АК 10-бабының, 1992 ж. 4-шілдесіндегі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы»; 1997 ж. 19-маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы»; 1997 ж. 19-маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы»; 1998 ж. 31-наурыздағы «Шаруа (фермер) қожалығы» және кәсіпкерлік қызметті реттейтін басқа заңдардың нормалары бағытталған.
2. Кәсіпкерлік қызметтің белгілері. ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-б. 1-т. -на сәйкес «Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады». Бұл анықтама толық емес шығар, бірақ оны талдауы кәсіпкерліктің төмендегідей белгілерін атауға мүмкіндік береді:
1. Дербестік. Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде бөліп көрсетуге болады. Қызметтің экономикалық базасы сияқты мүліктік дербестік кәсіпкерде айрықша өзіндік мүліктің бар болуымен анықталады. Мүліктік дербестік көлемі негізінде осы мүліктік субъекті жататын заңдық атағына байланысты болады. Мүліктің меншік иесінің дербестігі анағұрлым басым. Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін кәсіпкорындардың да айтарлықтай мүліктік, бірақ заңмен шектелген дербестігі бар. Ұйымдық дербестік - кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкіншілігі. Осындай қызметпен шұғылдану туралы шешім қабылдау, қызметтің түрін, ұйымдық-құқықтық нысанын, құрылтайшылардың шеңберін таңдау - мұның бәрі-ұйымдық дербестіктің көрінуі.
2. Тәуекел . кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды. Осы арқылы ол шаруашылық жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлекетке жүгінуге мүмкіндігі болған зиянды кәсіпорындардың біле тұра жол берген әкімшілік-жоспарлы экономика кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекел - табысты жұмысқа қуатты ынта.
3. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған.
4. Жоғарыда келтірілген кәсіпкерлік анықтамасына сәйкес субъектілер табысты тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден алады. Бірақ бұл тұжырым түзетуді талап етеді. Істің мәні мынада, кәсіпкерлік қызмет көп қырлы және оның бағыттарын көрсетілген тізім арқылы ұсынуға болмайды. Осылайша, субъект табысты мүлікті иелену құқығын іске асыру барысында ала алады (мысалы, оны жалға беру кезінде. Жалдау - иелік ету және пайдалану, бірақ иелену емес) . Патент иесі табысты жүйелі түрде алады, басқа адамдарға өзінің зияткерлік қызметі нәтижесін пайдалануына құқығын беріп, лицензиялық шарттар жасасады.
5. Кәсіпкерлік қызметті заңмен анықталған ретте кәсіпкерлер ретінде заңмен белгілеген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады.
3. Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, қүұрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік қызмет туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік қызмет өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға кректі қаражатты кезекке ұстау.
Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.
Өндірістік тәуекел . бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, бірақ, рекламация т. б. себептер тікелей ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел - бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекел - қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т. б.
Инвестициялық тәуекел - бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
Нарықтық тәуекел - бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.
Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.
Тәуекелді талдаудың схемасы:
1. нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
2. Айқындалған факторларды талдау.
3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:
А) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;
Б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.
4. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
5. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
6. Тәуекелді бәсеңдету үшін шаралар жасақтау.
Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.
1. Материалдық зиян - бұл жабада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
2. Еңбек зияны -жұмыс уақытын жою, кездейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.
3. Қаржылық зиян - бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т. б.
4. Уақытты жою - бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.
5. Арнайы зиян түрлері - бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.
6. Саяси фактолрларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т. б.
4. Кәсіпкерлік іскердің этикасы. Ұлттық мүддеге орай ескеру және дүниежүзілік жалпыға бірдей әлемдік үрдіс жағдайында кәсіпкерлік қызметті мәдениетті түрде жүргізуі ғаламдандыруға жаңа талаптарды ескеру керек.
Кәсіпкердің этикасы:
- Өз еңбегінің тек қана өзіне емес, басқаларға, қоғамға, мемлекетке де пайдалы екеніне сенімді.
- Адамдардың, айналасындағылардың жұмыс істегісі келетінін және істей білетінін ескеріп, кәсіпкермен бірге өздері де іске асыруға ұмтылады.
- Кәсіпкерлікке сенеді, оны тартымды шығармашылық ретінде бағалайды, кәсіпкерлікке өнер ретінде қарайды.
- Бәсекенің қажеттілігін мақұлдайды, бірақ ынтымақтастықтың қажеттілігін де түсінеді.
- Өзін адам ретінде, ал кез келген адамды - өзіндей сыйлайды.
- Кез келген меншікті, мемлекеттік билікті қоғамдық қозғалысты, әлеуметтік тәртіпті, заңдарды сыйлайды.
- Өзіне және басқаларға сенеді, кәсібилікті және жете білушілікті сыйлайды.
- Білім, ғылымды және техниканы, ақпараттануды, мәдениетті бағалайды, экология проблемаларына түсіністікпен қарайды.
- Жаңалықтарға ұмтылады.
- Гуманист болып табылады.
- Көшбасшылықты қамтамасыз ету маңызды. Өзінің істейтін нәрсесі айтқаныңызға сай болуы тиіс.
- Өз алдыңызға және фирма қызметкерлерінің алдында нақты міндеттер қою.
- Өнегелік нормаларын міндетті түрде ұстану керек.
- Өнегелік нормаларды бұзушыларды жазалаған жөн.
- Фирмада кәсіпкерлік әдептануы бойынша жұмыстардың өткізілуін қамтамасыз ету қажет.
- Жақсы адамдар мен мамандарды қызметіне жалдауға ұмтылу керек.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Дойников И. В. «Предпринимательское право». Москва, 1998.
2. Круглова Н. Ю. Хозяйственное право. Москва, 1999.
3. Мартемьянов B. C. «Хозяйственное право» том 1, Москва, 1994.
4. Предпринимательское право. Курс лекций/ Под ред. Н. И. Клейн. М, 1993 г.
5. Лаптев В. В. «Предпринимательское право: понятие и субъекты». Москва, 1997
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (2 тақырып) [1, 2, 3, 4, 5, 6]
- Кәсіпкерлік қатынастар кәсіпкерлік құқықты құқықтық реттеудің пәні ретінде
- «Шаруашылық» және «кәсіпкерлік құқық», «шаруашылық» және «кәсіпкерлік қатынастар» түсініктерінің арақатынасы.
- Кәсіпкерлік құқықтың еріктілігі.
- Азаматтық құқықтың кейбір субъектілері үшін кәсіпкер мәртебесін қабылдауды құқықтық реттеу.
- Кәсіпкерлердің құқықтық мәртебесінің мемлекеттік қызметкерлер және депутаттардың құқықтық жағдайларымен сәйкессіздігі.
- Кәсіпкерлердің іскерлік этикасы.
- Алыс шетел, ТМД және ҚР заңнамалары бойынша «кәсіпкер» және «коммерсент» түсініктеріне салыстырмалы анализ жасау. Осы елдердің заңнамалары бойынша кәсіпкерлердің мәртебесін қабылдау және анықтау ерекшеліктері.
3 ТАҚЫРЫП. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрлері және нысандары
Жоспар:
- Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері.
- Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары.
- Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны. Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері. Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялыры, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің барлық субъектілеріне - жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне, микробизнес субъектілеріне, шағын, орта кәсіпкерліктің және ірі бизнестің субъектілеріне бөлінеді.
Жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлға құрылмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеек тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.
Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.
Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар, жұмыскерлердің жылдық орташа саны 10 адамға дейінгі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді және тиісінше шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін көзделген жеңілдіктерді пайдаланады.
Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.
Орта кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
-дербестік және тәуелсіздік;
-экономикалық ынталылық;
-шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
-жаңашылдық.
Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінедә: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік қызмет жеек адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz