Заңгер этикасы
1. Құқық этикасының пәні
2. Этикалық категориялардың ерекшеліктері мен әлеуметтік функциялары
3. Кәсіби борыш пен абырой
4. Қайырымдылық пен зұлымдық
5. Әділеттілік
6. Бақыт
7. Ар.ұят
8. Әдет.ғұрып, миф және құқық
9. Канондық құқық пен мораль
10. Табиғи құқық пен мораль
11. Рим құқығы адамгершілік құндылығы ретінде
12. Позитивтік құқық пен мораль
13. Тірі құқық құқықтық моральдың қайнар кгьзі ретінде
14. Құқыққорғау қызметінің адамгершілік мазмұны
15. Құқыққорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер
16. Құқықтық тәртіпті сақтаушы лауазымды тұлғалардың жүріс —
тұрысының кодексі
17. Полиция қызметі этикасының негізгі қағидалары
18. Ресей Федерациясындағы ішкі істер органдарының қатардағы және
басқарушы құрамының абырой кодексі
19. АҚШ полиция қызметкерінің моральдық.этикалық кодексі
20. ГФР полиция қызметкерінің этикасы
21. Францияның ұлттық саясаты деонтологиясының кодексі
22. Ұлыбританиядағы полициялық қызметтің этикалық қағидалары туралы Ереже

Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды таныпбілуге деген ұмтылыс күнненкүнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек — адам. Осындай тоғысудың нәтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тәжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық, жергілікті құқық және т.б. қалыптасады. Құқық философиясына жүгіну — қазіргі заманға адам өмірінде құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы — құқықтың танымдық, құндылықты және әлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мәні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нәтижесінде және қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы ғылым.
Құқық этикасы белгілі бір дәрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тән бірқатар ерекшеліктері де бар. Философия әртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні таңдайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау әрқашан жекелік сипатқа ие және іштей еркін бола тұрып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, әділдік, жақсылық пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз байланысты болады.
Құқықты түсінуде негізгі екі бағыт бар: объектіге зор мән беретін (объектоцентристік) және субъектіге зор мән беретін (субъектоцентристік) бағыттар. Этика бұлардың екіншісін таңдайды. Яғни, құқық этикасының субъектоцентристік бағыты басқа бағыттарды жоққа шығарады: бұл жерде ең маңыздысы — субъектінің мүдделері (бұл мәселеге ұқсас жағдай ретінде сот процесіндегі адвокатты тағайындау мен оның ролін атауға болады: адвокат әрқашан сотталушының мүддесін
білдіреді).

http:www.topreferat.kzloadkitap taryzager_ehtikasy144-1-0-4989
Ғ
МАЗМҰНЫ
Құқық этикасының пәні
Этикалық категориялардың ерекшеліктері мен әлеуметтік функциялары
Кәсіби борыш пен абырой
Қайырымдылық пен зұлымдық
Әділеттілік
Бақыт
Ар-ұят
Әдет-ғұрып, миф және құқық
Канондық құқық пен мораль
Табиғи құқық пен мораль
Рим құқығы адамгершілік құндылығы ретінде
Позитивтік құқық пен мораль
Тірі құқық құқықтық моральдың қайнар кгьзі ретінде
Құқыққорғау қызметінің адамгершілік мазмұны
Құқыққорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер

АҚШ полиция қызметкерінің моральдық-этикалық кодексі
гФр полиция қызметкерінің этикасы
Францияның ұлттық саясаты деонтологиясының кодексі
Ұлыбританиядағы полициялық қызметтің этикалық қағидалары туралы Ереже

Ал объектоцентристік бағыт адамға құқықта қалыптасқан мүмкіндіктерге тәуелді ауыспалы сипат береді. Яғни, адам жүрістұрыс еркіндігі "берілетін" немесе "берілмейтін" объект ретінде түсіндіріледі.
Құқық этикасының пәніне анықтама берместен бұрын, этиканың пәні мен құқықтың пәнінің анықтамаларын келтіріп өткен жөн болар.
Мораль дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабы зерттеушінің объектоцентристік немесе субъектоцентристік бағытты ұстануына байланысты әртүрлі болады.
Объектоцентристік дүниетаным адамды табиғитарихи үрдістің (процесстің) нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқарасқа сәйкес, адамның дамуы экономикалық, саяси, техникалық жағдайлармен анықталады. Мұндай дамудың жоғарғы сатысы болып адамның ақылпарасаты табылады. Аталған бағыт арқылы көптеген мәселелерді түсіну қиынға соғады: неге тарих көп жағдайларда адамды гуманизациялаудан алшақтатады, неге адам нақты әлеуметтік жағдайларға нашар бейімделеді, неге ол қарамақайшылықсыз бақытты көтере алмайды және т.б.
Субъектоцентристік дүниетаным адамды басқаша қабылдайды. Бұл бағытқа сәйкес, адамның бойында болмыстың барлық құпиялары көрініс тапқан. Оны тек ұтымды әдістермен таныпбілу мүмкін емес. Адам — микрокосм, оның әлемінің нақты айқын шегі жоқ. Тарих дегеніміз адамның өзінөзі дамытуының "соқыр тәуекелі", ал объективтік шындық — адамның ішкі күшқайратының дамуының көрініс табуының нәтижесі.
Құқықтың пәніне жүгінуде, құқық туралы әдебиетте оны түсінудің кем дегенде екі жолы бар екендігін ескеріп өткен жөн: құқықты кең мағынада түсіндіру және тар мағынада түсіндіру. Кең мағынада құқық әдетғұрыпты (әдет құқығы), дінді (канондық құқық), табиғи құқықты, позитивтік құқықты, тірі құқықты және т.б. қамтиды. Тар мағынада құқық мемлекет жариялаған нормалар мен заңдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, іс жүзінде құқықты түсінудің екі жолы қалыптасқан.
А. А. Гусейнов моральдың ерекшеліктерін былай анықтаған:
а) ол адамның бірігіп өмір сүру қабілетін сипаттайды және адамдар арасындағы қатынастардың
нысанын білдіреді;
ә) моральдық заң әрекеттің субъектісі мен объектісін бөліп қарастыруға жол бермейді, яғни, моральды жариялау мен оны өз басынан өткеру — бұл біртұтас үрдіс;
б) мораль — адамның ерікті түрде өз мойнына алған ауыр жүгі. Мораль — адамның өзінөзі
бәске тігуімен сипатталатын ойын. Сократ у ішуге мәжбүр болған. Иса пайғамбар керіп
шегеленген. Джордано Бруно отқа жандырылған. Ганди өлтірілген. Міне, бұл ойынның ұтыстары
осындай.
Заңдар жекелеген адам санаттарына қатысты қатал, моральға қайшы, қайырымсыз болуы мүмкін. Неге? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мораль мен құқықтың өзара әсерін талдауға тырысып көрелік. Яғни, алдымен, құқықтың адамгершілік құндылықтар мен моральдық нормалар туралы көзқараста қалай көрініс табатынын, содан кейін, моральдың құқыққа қалай әсер ететінін қарастырайық.
Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дамуының белгілі бір кезеңінде, яғни, филогенезде және онтогенезде пайда болады. Моральдан бұрын адамдық "Меннің" қалыптасуының сатылары орын алады:
а) Табыну сатысы адамның "Біз" феноменінен көрініс табатын әлеммен біртұтастығын, оның
әлем мен басқа адамдардан ажырамайтындығын, адамның дүниетанымының басқалармен
біртұтастығын білдіреді;
ә) Мәдениет сатысы адам қызметінің және адамдық ерекшеліктердің алуан түрлілігі жағдайындағы мәдени нысандарды іріктеуді білдіреді. Бұл сатыда біз адамгершілік деп атайтын адамдар арасындағы өзара қарымқатынастардың табиғи нормалары қалыптасады, негізгі адамгершілік құндылықтар: еркіндік, жақсылық, жамандық, әділдік пайда болады. Мәдениет сатысы өркениеттің пайда болуымен аяқталады.
б) Социум сатысында жақсылық, жамандық, еркіндік құндылықтары борыштың әлеуметтік
түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда әлеуметтендіріледі де, әлеуметтік және құқықтық нормаларға
айналады. Бұл кезде олардың адамгершілік бастамасы біртіндеп жоғалып, жойылып кетеді. Егер
алдыңғы сатыда біз гуманистік этика (фр. humanite — адамды сүю) туралы сөз қозғасақ, бұл
сатыда әлеуметтік этика жөнінде пікірлер айтылды. Әлеуметтік этиканың ерекшелігі — ол
жекелеген, нақты бір адамның емес, социумның мүдделеріне бағытталған. Адам бұл этикада
қоғам әсер ететін объект ретінде немесе басқа социум (қоғамның немесе белгілі бір әлеуметтік
институттың бөлігі) ретінде көрініс табады.
Әлеуметтік этика, ең алдымен, адамның жүрістұрысының сыртқы келбетіне, оның этикеттік имиджіне назар аударады. Ол адамдағы сыртқы мен ішкі элементтерді тікелей түрде бөліп қарастырады, сөйтіп, оны еркіндіктен айырады. Осыған байланысты, адамға сыртқы әсер мен жеке мінезқұлық арасындағы ішкі шиелініс қайнар шегіне жетіп, ол сыртқы қарамақайшылықтардан көрініс табады.
Осылай, қазіргі кездегі түсініктегі құқық салыстырмалы түрде кеш, өркениеттің пайда болуы жағдайында пайда болған (Римде). Ол күрделенген сыртқы әлеуметтік өзара әсерлесулердің жүйесінде адам тұлғаға айналған кезде пайда болады. Осы кезде адамның жекелеген адамдық бастамасы көлеңкеге, яғни, интимдік, достық қарымқатынастар, жеке шығармашылық әлеміне ауысады, ал бұл жағдайда адамгершілік норма, құндылықтың қажеттігі туындайды. Заңды социологизм асқан дәлдікпен әлеуметтік психологияның, антропологияның, адам биологиясының жаңалықтарынан, техникалық өнертабыстардан не алуға болатынын "ескере" отырып, құқықтың, заңның барлық салаға талғаусыз әсер ететіндігін көрсетеді.
Құқық жүрістұрыстардың сыртқы жағына, ал этика олардың ішкі жағына мән береді. Олардың өзара күресіне қарамастан, құқықтық норма өзінің моральдық, адамгершілік мазмұнының арқасында ғана өмір сүреді. Осы жағдай арқылы көптеген "бос" заңдардың өмірде кездесуі түсіндіріледі. Сондықтан да, құқық моральдық климатты, адамгершілік құндылықтарды сақтау үшін мүдделі. Себебі, олар құқықты қоректендіріп отырады.
Құқықтық және адамгершілік нормалардың шиелінісі көп жағдайларда адамды зорлауға, қанауға бағытталған тоталитарлық жүйе заманында, мемлекет мүдделерінің адамның табиғи құндылықтарымен қайшы келетін заманында орын алады. Бұл шиеліністен шығудың бірденбір жолы — құқықты өзгерту (жасанды құрылым ретінде), оны адамға қарай ыңғайландыру, адамның мүдделері мемлекет мүдделерінен жоғары тұратындай, ал мемлекет адамның өзінөзі жүзеге асыруына мейлінше мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін құрал болатындай етіп жағдай жасау.
2. Этикалық категориялардың ерекшеліктері және әлеуметтік функциялары
Барлық ғылым түрлеріндегі сияқты этикада да бірқатар категориялар бар. Категориялар заңдармен, қағидалармен, әдістермен біріге отырып, кезкелген ғылымның мазмұнының негізін құрайды. "Категория" сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын көрсететін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады. Ол — адам танымының өзекті пунктері.
Этика категориялары — моральдың ең мәнді жақтары мен тұстарын көрсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер. Этика категориялары адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өмір сүреді. Олар — рухани, идеалды тәртіптің құрылымдары, болмыстың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген, теориялық білімдер жиынтығы.
Сонымен қатар, моральдық құбылыстардың көрініс табуы тек теориялық деңгейде ғана жүзеге асырылмайтындығын ескеру қажет. Олар нақты сезімдер, көзқарастар, армантілектер және т.б. түрде қарапайым сананың деңгейінде де көрініс табады. Жоғарыда аталған екі деңгейде де, көрініс тапқан элементтер бірдей сөздермен сипатталады. Мысалы, борыш категориясы бар екені белгілі, сонымен қатар жеке тұлғаның борыш туралы көзқарасы да бар.
Этикалық категориялар туралы сөз қозғай отырып, олардың ғылымның кейбір "қызметтік" функцияларын атқаратынын да атап өткен жөн. Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың саласы ретіндегі моральды танудың таусылмас баспалдақтары. Екіншіден, олар танымның дербес құралы болып табылады. Үшіншіден, этика категориялары — моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәннен екінші тәртіптегі мәнге және т.б. дамуының, қозғалысының нысаны.
Басқа ғылымдардың категорияларына тән белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен,этикалық категориялардың өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктері де бар.
Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүрістұрысымен, олардың жақысылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес бірбіріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда олар әрқашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, себебі, кейбір кездерде олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып көрсетеді.
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал, тәртіпті, әділ, жауапкершілі мол адам және т.б.
Үшіншіден, олар адамдардың жүрістұрыстары мен қарымқатынастарын реттеу құралы болып табылады, қоғамның адамгершілік талаптарын көрсетеді.
Төртіншіден, басқа да адамгершілік құрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т.б. сияқты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.
Бесіншіден, этика категорияларында, басқа ғылымдардың категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қоғамдық қатынастардың эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.
Жоғарыда айтылғандай, этика категориялары мазмұны бойынша объективті, ал нысаны бойынша субъективті сипатқа ие. Мазмұнының объективтілігі, онда шынайы өмірде бар және адам санасынан тәуелсіз элементтер бар екендігін білдіреді. Бірақ, бұл мазмұн адамдармен түрліше бағалануы мүмкін. Мұндай бағалау бірқатар факторларға байланысты қалыптасады, олардың ішінен мыналарды атауға болады: тұлғаның интеллектуалдық дамуы, оның адамгершілік мәдениеті, өмір сүру салты. Міне, осындай факторлардың әсерінен белгілі бір өмірлік оқиғаны екі тұлға түрліше бағалауы мүмкін.
Этикалық категориялар саны жағынан өте көп, сондықтан ғылыми және тәжірибелік мақсаттарда оларды топтарға бөлу орын алған. Кейбір ғалымдар оларды құрылымдық және субстанционалдық (мәндік) деп екіге бөледі. Басқа бір ғалымдар мұндай бөлудің негізі ретінде басқа қағиданы ұсынады: белгілі бір категорияны функционалды ретінде қарастырып отырып, топтауды осы категорияның негізінде жүзеге асырады. Мысалы, Эпикур этиканың барлық категорияларын бақыт категориясына бағындырған. Аристотель ең маңызды деп игілік категориясын санаса, Кант борыш категориясына ерекше мән берген. Алайда, қазіргі кезде де осы мәселеге қатысты нақты бір көзқарас жоқ. Отандық этикада барлық категориялардың жиынтығын көп жағдайда моральдың құрылымының негізінде бөледі. Бұл құрылымның негізгі элементтері ретінде кейбір ғалымдар моральдық тәжірибені, моральдық сананы және адамгершілік өзіндік сананы таниды. Алайда, кеңірек таралғаны болып, басқа бір ғалымдардың моральдың құрамында моральдық сана, адамгершілік қарымқатынастар және адамгершілік қызмет бар екендігін
мақұлдайтын бағыты саналады. Жоғарыда аталаған екі бағыттың арасында ерекше атап өтетіндей айырмашылықтар жоқ, себебі, екінші бағыттағы моральдық сананың құрамына бірінші бағытта аталған адамгершілік өзіндіксана кіріп кетеді, ал адамгершілік қарымқатынастар мен адамгершілік қызмет адамгершілік тәжірибені құрайды.
Моральдық сана белгілі бір деңгейде тұлғаның әрекеттерін, істерін және адамгершілік жүрістұрысын анықтайды; өз кезегінде, тек шынайы өнегелі тәжірибе ғана сананың өнегелігінің дұрыстығына баға бере алады. Мысалы, борыш категориясы, оны тұлғаның түсінуі тек тәжірибе арқылы ғана тексерілуі мүмкін. Белгілі бір жайтты шынайы әрекеттерсіз, жай қарапайым түрде түсіну — бос сөз. Мысалы, бір жас офицердің өзінің қызметтік борыш талаптарына адал екендігін жариялай отырып, белгілі бір жауапкершілігі мол істен бас тартуы.
Этиканың категориялары бірбірімен тығыз байланыстылықта болғаны соншалық, олар бірбірінің мазмұнын ашады. Яғни, белгілі бір этикалық категорияның мазмұнын екінші бір этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы, абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ержүректілік және т.б. категорияларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т.б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгіштік және т.б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес.
Жоғарыда аталған үш топтың категорияларын жекежеке талдауға тырысып көрелік. Бірінші топ — моральдық сана категориялары. Оларға мыналар жатады: моральдық қағида, моральдық норма, моральдық немесе этикалық категория, моральдық сенім, адамгершілік мақсат, моральдық таңдау және т.б.
Негізі этикалық категориялардың барлығын моральдық сана категориялары деп те атауға болады, себебі, олар моральдың қандай жағын көрсетсе де солардың барлығы моральдық санада тіркеледі. Моральдық сананың мәнді категориялары: қайырымдылық, зұлымдық, борыш, абырой, арождан және т.б. категориялар жүйесінде орталық орынды иеленген, бірақ, оларды адамгершілік қарымқатынастар мен моральдық тәжірибеден бөліп қарастыруға болмайды, себебі, мұндай жағдайда олар өздерінің негіздерінен айырылады да, бос абстракцияларға айналады. Қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік туралы жай, өмірден тыс әңгімелердің ешбір мәні жоқ. Керісінше, олар демагогияға, немқұрайдылыққа әкелуі мүмкін. Ал егер моральдық сана категориялары шынайы қатынастар мен әрекеттерді көрсетіп, оларға белсенді түрде әсер етсе, онда олардың маңызы да артатыны сөзсіз.
Екінші топ категориялары — бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуды болады: адамгершілік өзара әрекеттер, адамгершілік шиелініс, моральдық бедел және т.б. Өзінің функционалдық ролі бойынша адамгершілік қатынастар моральдық субъектілердің өзара қарымқатынастарының көрінісі болып табылады. Бұл қатынастардың адамгершілік деп бағалануының себебі мынада: олар достық, қастық, серіктестік, сенім, сыйластық, екіжүзділік және т. б. моральдық бағалаулармен сипатталады.
Үшінші топ категориялары — бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдықжүрістұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі бір моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрдісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық (немесе моральға қайшы) әрекет, моральдық салдар мен санкциялар. Олар арқылы моральдық борыш, абырой, батырлық немесе қорқақтық, әділдік немесе әділетсіздік, адалдық немесе сатқындық, кеңпейілділік немесе жауыздық және т.б. адамгершілік сана категориялары көрініс табады. Бұл топ категорияларында моральдың адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші ретіндегі мақсаты ашылады.
Этикалық категориялардың ерекшеліктерін, түрлерін және мәнін қарастырудың теориялық қана емес, жалпыәдістемелік те маңызы өте зор. Оларсыз кәсібиэтикалық категорияларды талдау мүмкін емес, себебі, олар жалпы этика категорияларының нақтыландырушысы болып табылады. Бұл категориялардың сандық ауқымы өте кең, сондықтан да, біз олардың ішіндегі ең маңыздыларына ғана тоқталамыз, себебі, құқыққорғау қызметкерлерінің қызметінде олардың алатын орны ерекше.
Борыш категориясы — этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол. Бол! Борышта басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ әлдеқайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен қатар, оған бұйрықтық сипат береді: шақырады, талап етеді, оның жүзеге асуын қалайды. Борышты адам болу — оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау да.
Көптеген ғұламалар борыш сезімін жоғары бағалаған. И. Кант жазғандай, борыш — адамды өзінен өзін жоғары етіп қоятын ұлылық. А. Блок та оған қосылғандай: "Борышыңды ұмытпа, ол — бұл әлемдегі жалғыз әуен. Борышсыз өмір де, құштарлық та жоқ" деген.
Борыш категориясы кең қолдауды тапқан сала болып ежелден бері әскери және құқыққорғау қызметтері саналады. Осы салаларда шынайы да, жалған да борыш адамдарға әсер етуші негізгі күш ретінде қолданылып келген және әлі де қолданылуда. Сол себепті де, мансапқорлық мақсаттарға жетуде осы категорияны пайдалану жиі кездесіп жатады. Мұндай борыш шынайы ма, жалған ба — оны анықтау өте қиын.
Құқыққорғау органдарының қызметкерінің кәсіби борышы қоғамдық борыштың құрамдас бөлігі бола тұра, өзінің объективтік және субъективтік көрінісі бойынша адамгершілік сипатқа ие. Борыштың объективтік мазмұнының моральдық құндылығы оның ең жоғарғы және әділ міндетті шешуге бағытталуымен тығыз байланысты. Бұл міндет — тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, өз мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту. Алайда, әскери борыштың шынайы мүмкіндіктері субъективтік адамгершілік қатынаспен толықтырылғанда ғана айқын көрінеді. Себебі, адам қоғамдық міндеттерді өзінің жеке міндеттеріндей қабылдап, сезінгенде ғана, өз қызметіне бар жантәнімен берілгенде ғана борыш туралы сөз қозғауға болады.
Құқыққорғау органдары қызметкерінің борышы — тұлғаны, қоғамды және мемлекетті қорғаудың объективтік қажеттіктерінен туындайтын, мемлекеттікқұқықтық талаптармен және адамгершілік ішкі сезімдермен толықтырылатын ерекше міндет.
Негізгі тілек пен борыштың сәйкес келуі адамгершілік үшін ерекше бір мәселе. Борыш пен тілектің объективтік талаптарының сәйкес келуін түрлі ғалымдар түрліше түсіндіреді. Кейбір ғалымдардың ойынша, міндетті нәрсе мен қалаулы нәрсенің арасында ешқандай қарамақайшылықтар жоқ. Алайда, кезкелген адам эмпирикалық жол арқылы басқаша қорытындыға келе алады. Әрине, қоғамдық міндеттілікті өзіндік талап ретінде түсіну міндеттілік пен қалаушылықтың арасын біршама қысқартады. Мұндай жақындастыққа күмән жоқ, бірақ, ол ешқашан абсолюттік сипатқа ие бола алмайды және міндеттілік пен қалаушылықтың арасындағы белгілі бір қарамақайшылықтарды жоя алмайды. Сонымен қатар, борыш пен тілекті бірінбірі жоққа шығаратын талпыныс, оларды мәңгілік қарамақайшылық ретінде қарастыратын көзқарас та дұрыс емес. Ақиқат осы екі көзқарастың ортасында деген дұрыс болар. Борыш пен тілек — бірінбірі жоймайтын қарамақайшылықтар. Олар бірбіріне жақындасуы немесе бірбірінен алшақтауы мүмкін, бірақ іс жүзінде бірінбірі ешқашан жоймайды. Бұл жерде ерекше атап өтетін бір жайт — ақыраяғында борыш белгілі бір тілекке жетуге негіз болып табылады, ал тілекті дұрыс түсіну борышты нәтижелі орындауға алып келеді. Борыш сезімі жоғары дамыған тұлға әрқашан өзінің субъективтік талаптары мен құштарлықтарынан жоғары тұра алады және өзін борыштың талаптарына бағындыра алады. Осылай, міндеттілік белгілі бір дәрежеде тілекке айналып, сыртқы талпыныстан тұлғаның ішкі талпынысына ауысады. Борыш пен тұлғаның талпыныстары, құштарлықтары арасындағы, борыш пен өзінөзі сақтап қалу сезімінің арасындағы қарамақайшылықтар тапсырылған істің жүзеге аспай қалуымен қатар құқыққорғау органдарының қызметкері үшін өте ауыр салдарға, тіпті, өлімге де алып келуі мүмкін. Қызметтік борышты орындауға, тапсырылған істің әділдігіне бір сәт болса да күмәндану тұлғаның өмірін мүлдем басқа бағытқа бұрып жіберуі мүмкін.
Адамгершілік іс жүзінде адамдар арасындағы барлық қарымқатынастарды, олардың мемлекет пен қоғамға қатынасын қамтиды. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған талаптарын адамгершілік одан әрі нақтыландыра түседі. Тұлғаның қабылдаған моральдық нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреншікті әдетіне ауысады. Қоғамдық мораль қоғамдық және мемлекеттік құрылымның одан әрі бекітілуіне жәрдемдеседі, белсенді тұлғаны қалыптастырады. Тұлғаның даму үдерісінде оған моральдың бағалаушылық және нормативтік жақтары әсер етеді. Моральдың бағалаушылық жағы жақсылық пен әділдікке негізделсе, нормативтік жағы борышқа бағытталған. Борыш — бұл моральдық нормалардың барлық жиынтығын адамдардың іс жүзіндегі әрекетімен байланыстыратын өзек. Бұл өзекке біртұтас болып негізгі мен туынды, бағалаушылық пен нормативтік, жетістіктер мен армантілектер жинақталған. Мұнда теория тәжірибеге, жақсылық пен әділдік идеялары мықты материалдық күшке, моральдық қағидалар мен нормалар шынайы әрекеттерге айналады. Борыш арқылы
моральдың белсенді табиғаты тікелей көрініс табады. Ол идеялар мен мақсаттарға нақты сипат берумен қатар, оларға жетуге итереді, талап етеді. Сол себепті де, қоғамдық борышты қолданыстағы сана деп атауға болады. Ол, ең алдымен, адамның адамгершілігіне сипаттама бере алады, себебі, адамның әрекеттері арқылы оның адамгершілік қасиеттері мен кемшіліктеріне баға беруге болады.
Қоғамдық борышқа деген қатынас тек тұлға туралы ғана емес, сонымен қатар, ұжым туралы, қоғамның рухани күштері туралы мәліметтер бере алады. Құқыққорғау органдарында борышқа олардың қызметкерлерінің қызметін тікелей реттеуші құрал ретінде негізгі мән беріледі.
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жүрістұрысының механизмі, олардың ұжымындағы адамгершілік қатынастардың мәні үш маңызды факторға негізделеді:
қызметкердің ұжымнан, мемлекеттен және қоғамнан тәуелділігі, абырой сезімінен көрініс табатын оның қоғамдық қолдауға мүдделілігі;
объективтік анықталған мүмкіндіктер түрінің шегінде қызметкердің белгілі бір жүрістұрыс түрін таңдау мүмкіндігінен көрініс табатын тәуелсіздігі, бостандығы;
өз әрекеттерінің "еркіндігінің " нәтижелері мен салдары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі, яғни, әрбір жекелеген қызметкердің ұжым мен қоғам қалыптастырған адамгершілік нормалар шегінде өзінің моральдық таңдауына жауап беру міндеті.
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің адамгершілік борышының объективтік және субъективтік жақтары болады. Объективтік жақ мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қорғау, оның азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету қажеттігімен анықталады. Субъективтік жақ мемлекеттің құқыққорғау органдарының алдына қойған төмендегідей нақты міндеттерімен анықталады: құқықтық тәртіпті нығайту, мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін, оның азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға байланысты өзіне жүктелген міндеттерді орындаудағы қызметкерлердің саналылығы және жауапкершілігі, әрбір қызметкердің борыш талаптарын, жалпы істегі өз орны мен ролін түсінудегі, өзінің борышқа деген ішкі сезімін анықтаудағы, өзінеөзі жоғары талаптар қоя білудегі қабілеті мен дайындығы.
Құқыққорғау органдарының кейбір мақсатміндеттері ерікті және мақсатқа жетелеуші қызметке айналады, себебі, оларды қызметкерлер әділ әрі ақиқатты ретінде қабылдайды. Ішкі қозғаушы себеп құқыққорғау органдарының әрбір қызметкерінің адамгершілік борышының мәніне тұлғаның адамгершілік күштерінің қайнар көзі ретінде еніп кетеді.
Ескеріп өтетін бір жайт, қоғамдық борыштың талаптары қоғамның барлық мүшелері үшін бірдей. Алайда, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Олардың борышына қойылған талаптардың ерекшеліктерін олардың алдына қойылған міндеттермен, олардың қызметтернің ерекшеліктерімен байланыстыруға болады. Мұндай қызмет жоғары жауапкершілікті, ұйымдастырушылықты және адамгершілік, физикалық күштерін барынша пайдалануды талап етеді.
Құқыққорғау органдары қызметін ұйымдастырудың ерекшелігіне қарай олардағы адамгершілік қатынастар азаматтық өмірдің басқа салаларына қарағанда құқықтық нормалармен әлдеқайда жанжақты реттелген. Сол себепті де, борыш — тілек емес, ол, ең алдымен, мемлекет пен қоғамның талабы және бұл талаптың орындалуы міндетті сипатқа ие. Борыштың адамгершілік мазмұны заң күшіне ие құқықтық талаптармен бекітіледі. Борыштың адамгершілік сезімі арқылы көптеген жоғары қасиеттер ашылады. Олар: саналы ынта, қайрат, абырой, қоғамдық міндеттерге деген белсенді қатынас.
Кәсіби борышты тікелей көрсететін және бекітетін қатынастардың барлығы адамгершілік және құқықтық беделге ие. Моральдық нормаларды бұзу көп жағдайларда заң нормаларын бұзуды да білдіреді. Антта, жарғыларда, нұсқауларда көрініс табатын заңды рәсімделеген борыш талаптарында моральдық бағалау мен құқықтық норма бірдей орын алған. Кәсіби борыш саласында моральдық күші жоқ заңды талаптар болмайтыны секілді құқықтық белсенділігі жоқ адамгершілік нормалары да болмайды.
Алайда, құқыққорғау органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілерде қоғамдық талаптардың бұл екі түрінің өзара әсері әлдеқайда тығыз, әрі тереңірек. Құқықтық және адамгершілік нормалар ұйымдастырушылық, нақтылық пен тәртіптің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Кәсіби борыш белсенді күшке ие, ол қызметкерлердің істері мен ойларын жұмысты нақты және мерзімінде орындауға, барлық күшін қойылған мақсаттарға жетуге бағытталатын ұмтылыспен толықтырады.
Кәсіби борышта құқықтық және адамгершілік талаптарды нақты бөліп қарастыруға болмайды. Борыштың құқықтық жағының ерекше қасиеті болып қатысты болса да, жоғарғы бақылаудың болуы, әкімшілік санкцияны қолдану мүмкіндігі және ережелерді орындамаудағы жазалаудың орын алуы табылады. Ал моральдық нормалар ішкі сенімнің, арнамыстың негізінде және қоғамдық көзқарас күшінің әсер етуімен жүзеге асырылады. Осы жерде борыштың екі жағы біртұтас сипатқа ие болады.
Яғни, кәсіби борыш құқықтық және адамгершілік жақтардың біртутастығын білдіреді, себебі,
моральдық талаптар мемлекет еркімен сәйкес келеді. Құқықтық санкция мен моральдық итермелегіш күш құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің санасы мен еркіне әсер етуде түрліше сипатқа ие. Құқық жедел түрде әсер етеді, ал ішкі сеніммен, моральдық итермелегіш күшпен жүзеге асырылған әрекеттер негізділікке, тұрақтылыққа ие, алайда, моральдық тұрғыдан дайындығы бар қызметкер өз әрекеттерін адамгершілік қағидаларға сәйкес қатаң түрде жүзеге асыру үшін уақыт қажет. Құқықтық санкция бірден әсер етеді және жекелеген қызметкерлерге мемлекеттік мәжбүрлеуді қолданумен сипатталады. Адамгершілік талаптар адамның әрекеттерінің барлық түрлеріне таралады. Олар қызметкерлердің қатынастарындағы өзгерістерді бағалау мен көрініс табу жағынан белсенді сипатқа ие.
Адамгершілік борыштың маңызды құрамдас бөлігі болып өзіндік тәртіп табылады. Егер жеке сеніммен, арнамыспен сәйкес келмесе, құқықтық әсер ету күші де, ұжымның әсері де жеделқызметтік ісәрекеттерде қызметкердің моральдық нормаларды сақтап, өз мінезінің беріктігін көрсетуінің кепілі бола алмайды. Ең алдымен, адамның борышқа деген адамгершілік қатынасының жоғарғы дәрежесі қажет, борышты орындау арожданның талабына сәйкес болуы тиіс және кәсіби борыштың басты көрінісі ретіндегі тәртіп өзіндік тәртіпке айналуы тиіс. Себебі, өзіндік тәртіп дегеніміз кәсіби борыштың талаптарын орындау қажеттігін түсіну, өз әрекеттерін кәсіби борыш талаптарына келістіруге дайындық, ішкі мүдделілік. Анттың, жарғылардың, өз басшыларының талаптарын орындаудағы ішкі дайындық, оны қажеттік ретінде түсіну — жауапкершіліктің ең жоғарғы көрсеткіші, кәсіби борышты мәжбүрлеу арқылы емес, өз арожданына қарай, ерікті орындау дайындығы. Борыш пен жеке моральдық сезімдер арасында, борыш пен арождан арасында оңтайлы қатынастарды орнықтыру борыштың талабы ретіндегі қоғамдық тәртіптің өзіндік тәртіп деңгейіне көтерілуіне алып келеді. Борыш адамгершілік қажеттікке айналады. Сол себепті де, өзіндік тәртіп дегеніміз борыш пен арожданның жақындасуы негізінде жүзеге асырылатын, жоғары адамгершілік сипатқа ие мінезқұлық қалпы.
Алайда, кәсіби борыштың қоғамдық қажеттігін түсіну, сезіну — өзіндік тәртіптің бір жағы ғана. Оның екінші жағы болып алдыға қойылған міндеттерді орындау шегіндегі жүрістұрысты таңдау бостандығы, ерік бостандығы табылады. Орындаушылық қасиет ынтамен, өз дербес шешімі үшін жауапкершілікті мойнына алуға дайындықпен толықтырылғанда ғана қызмет үшін маңызды сипатты иеленеді. Ынтаның болмауы орындаушылықтың адамгершілік құндылығын жоғалтады, ал орындаушылықсыз ынта — тәуекел ретінде көрсетуге тырысатын кемшілік. Саналы тәуекел жалпы мүдделерден, борышқа деген адалдықтан туындайды.
Ерекше атап өтетін бір мәселе, құқыққорғау қызметінде адамгершілік қатынастарды қалыптастырудың тәжірибедегі міндеті қызметкерлер қызметінің моральдық талаптары мәселесін шешуді қажет етеді. Кәсіби борышты орындауды моральдық бағалау талабын анықтау қызметкер мен ұжымның жүрістұрысының себептерін зерттеуді талап етеді. Кәсіби борыштың адамгершілік өлшемі болып сөздер емес, мемлекет пен қоғамға, қызметкерлердің бірбіріне деген қатынасынан туындайтын істер табылады. Қызметкерлердің жоғары моральдықпатриоттық және кәсіби қасиеттері көп жағдайда олардың кәсіби және қоғамдық қызметке белсенді араласуы кезінде қалыптасатыны белгілі.
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби борышын орындаудың адамгершілік талабы түсінігіне оның тәжірибелік нәтижелерімен қатар жүрістұрыс себептері де кіреді. Жекелеген түрде қызметтің объективтік салдары (оның нәтижелері) да, субъективтік себептер (жүрістұрыс себебі) де кәсіби борышты орындаудың адамгершілік құндылығы туралы жауап бере алмайды. Оны жүзеге асыру үшін қызметкердің алдыға қойылған міндетін орындаудағы жауапкершілігінің деңгейін, тұлғаның мәселелерді шешу мүмкіндігін және өз әрекеттерінің салдарын есепке алу деңгейін анықтаудың маңызы зор.
Сонымен қатар, қызметкердің нақты әрекетін адамгершілік тұрғыдан бағалау оның бұрынғы қызметін есепке алуға негіз бола алады.
Кәсіби қызметтің моральдық талабы қызметкерлердің адамгершілік күшқайратын барынша дамытуға бағытталады және кәсіби борыштың субъективтік жағын тереңдетуге негізделеді.
Кәсіби этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызуға болады. Кәсіби абырой — бұл өз борышын жантәнімен орындаудаудың жоғары әлеуметтік құндылығын (қажеттігін және маңыздылығын) құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өздерінің түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі — бұл құқыққорғау органдары қызметкерлерінің істері мен әрекеттерінің қуатты қозғағыш күші.
Абырой категориясы қадірқасиет категориясымен тығыз байланыста. Бұл категориялар іс жүзінде өздерінің объективтік мазмұны бойынша сәйкес келеді, бірақ оларды нысандары бойынша ажыратуға болады. Абыройды бағалау — бұл қоғамдық көзқарасты бағалау, ал қадірқасиетті бағалау — бұл, ең алдымен, тұлғаның өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. Әрине, қадірқасиетті бағалау қоғамдық көзқарастан алшақ жүзеге аса алмайды, алайда, бұл жерде өзіндік бағалау ерекше рольді иеленеді. Ал бұл бағалау, өз кезегінде, тұлғаның қоғам алдындағы жетістіктерін сезінуіне негізделеді.
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің басым көпшілігі — абыройдың адамдары. Бұл қасиет олардың қызметтік борышты орындауында көрініс табады. Оның ерекшелігі бейбіт өмір кезінде де
қайраттылықты, ұстамдылықты, өз ісіне жантәнімен берілуді талап етумен сипатталады. Әрине, олар өз қызметінің маңыздылығы, борышты орындаумен байланысты тұрақты қауіп туралы ешкімге жария салып айтпайды. Олар өз міндеттерін жай ғана атқарады, халық осы үшін де оларға риза.
Құқыққорғау органдары қызметкерінің абыройын ол өзі қызмет етіп жүрген ұжымның, бөлімшенің абыройынан бөліп қарастыруға болмайды. Сол себепті де, ол өзінің қызметтес серіктерін ұятқа қалдырарлықтай әрекеттер жасамауға тырысады. Ұжымның абыройы — жеке қызметкердің де абыройы. Абыройды сүю құқыққорғау органдары қызметкеріне тән қасиет. Дұрыс түсінілген абырой жалпы іске кедергі жасамайды, керісінше, оны орындауға қосымша күштер береді. Ал абыройға табыну жағымсыз сезімдермен ұштасса, онда ол мансапқорлыққа айналады. Мұндай жағдайда адам өзінің пайдакүнемдік мақсаттарына жету үшін кезкелген құралдар мен жолдарды пайдалануға дайын болады.
Қызметкер абыройы мен ұжым абыройының ұштасуы мақтаныш сезімін, яғни, құқыққорғау органдары қызметкерінің осы жүйеде қызмет ететіндігін сезінудің моральдық қанағаттанған сезімін тудырады. Соңғы жылдары құқыққорғау органдарының беделі қоғамдық көзқарас алдында біршама төмендегенімен, құқыққорғау органдары жүйесін халық қажетті деп түсінеді және жалпы алғанда оған оң баға берілуде. Қызметкердің борышы — құқыққорғау органдарының беделін қоғамдық көзқарас алдында тұрақты түрде көтеріп отыру және бұл органдардың ең жақсы дәстүрлерін қайта жаңғырту. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің абыройы оның жақсы дәстүрлерге деген қатынасынан да көрініс табады. Дәстүрлерді ұмыту немесе оларды аяққа таптау қызметтік ортада қатаң сөгіс табатыны сөзсіз. Дәстүрлер — бұл тек тарих емес, сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қорғаушы жас буынды тәрбиелеудің қуатты құралы.
Сонымен қатар, дәстүрлерге сүйену олардың дамуын, алдыға қарай қозғалысын білдіретінін ескеріп өткен жөн. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің абыройы олардан болашаққа деген ұмтылысты, өзінің кәсіби міндеттерін орындау үшін жаңа әдістәсілдерді және қазіргі заман техникасын меңгеруді талап етеді. Ол үшін басқа елдердің құқыққорғау органдарының жетістіктері мен жұмыс тәжірибесімен танысудың маңызы зор. Бұл біздің құқыққорғау органдарының абыройы мен қадірқасиетін нығайтып, жоғарылата түседі, қызметкерлердің кәсіби борышын тиімді орындауға көмектеседі.
Абырой категориясының тағы да бір құрамдас бөлігі — өз сөзінде тұру. Сөзінде тұратын адам! Бұл — адамның маңызды қасиеті, тіпті, оны кейде абырой түсінігімен теңестіріп жатады. Сөз бердің бе — сөзіңде тұр, уәде бердің бе — орында. Әйтпесе, адамдар сені сыйлаудан қалады және өтірікші, бос сөздің адамы деген атқа қаласың. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің абыройын құртатын басты кемшілік — айтқан сөзінде тұрмау. Ақыр аяғында мұндай қызметкер беделінен айырылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, абырой категориясы құқыққорғау органдары қызметкерлерінің адамгершілік мәдениетінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі Абыройды қадірлеу, бағалау — бұл борыш әрі күнделікті міндет. Абыройдың мазмұны белгілі бір дәрежеде адамның жалпы мәдениетінің деңгейіне, оның рухани және физикалық дамуына, мемлекет туралы ойлай білу қабілетіне тәуелді. Ал бұған үздіксіз, тұрақты үйрену керек.
"Мораль" ұғымы оны, бір жағынан, инстинктивті, импульсивті мінезқұлық қалпына, екінші жағынан, белгілі бір нәтиже алуға бағытталған рационалдық есепке қарсы қоюшылық арқылы ашылады. Ең алғашқы моральдық уағыздар: "Өзіңе қаламаған нәрсені өзгеге жасама" (адамгершіліктің алтын заңы) немесе сүйіспеншілік қағидасы: "өз жақыныңды өзіңдіөзің сүйгендей сүй"— адамнан ізгілікті сақтауды талап етеді.
Қайырымдылық және оның антиподы зұлымдық өздерінің абстракциялық мағынасында адамгершілік пен имансыздықты білдіреді. Қайырымдылық ұғымы адамдардың ең жалпы мүдделерін, болашаққа деген үмітін, талаптілектерін білдіреді. Қайырымдылық өмірдің сақталуы мен дамуына қызмет етеді. Зұлымдық, керісінше, өмірге кедергі жасап, оны жоюға тырысады. Этикадағы барлық жақсы және жаман қасиеттер салыстырмалы мәнге ие. Мысалы, қорқыныштан туған көнбістік өз құнын жоғалтады. Э.Фроммның айтуынша, жекелеген жақсылықтар мен жамандықтар емес, ізгілік пен күнәқарлық мінезсипаты этикалық зерттеудің нағыз пәні болып табылады.
Жақсы адам пайдалы заттарды, өнер туындыларын және ой жүйелерін тудыра алғанымен, бұл игіліктің ең маңызыдысы оның өзі болып табылады. Егер физикалық өсу өзіне қажетті жағдайларда жүзеге асырыла беретін болса, ал адамгершілік деңгейдегі жаратылыс үдерісі автоматты түрде іске қосыла қоймайды. Э.Фромм жазғандай, "адам ахуалының қасіреті оның дамуының толық еместігінде. Адам әрқашан да толық туылуға үлгермей жатыпақ өмірден өтеді". Адамның мәні мен жазмышы осында.
Аристотельдің айтуынша, адам мақсатын назарға алу арқылы ізгілікті анықтауға болады. Жақсы адам — бұл ақылойдың көмегімен өз әрекетінде адам бойына тән мүмкіндіктерге жол ашатын адам. Спинозаның көзқарасы бойынша, ізгілік адамның өз күшін пайдалануын білдіреді, ал күнәкарлықөз күшін пайдалана алмаушылық, зұлымдықтың мәніәлсіздік. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды, "қайырымдылықтың" анықтамасы — бұл қалыпты әлеуметтік құндылықтарды білдіретін жалпы этикалық ұғым ғана емес, адамдар қылықтарында жүзеге асатын адамгершілік.
Жақсылық пен жамандықты одан әрі талдау "Адам қайырымды ма әлде зұлым ба?" деген түбірлі сұраққа жауап іздейді. Гуманистік этиканың көптеген өкілдері адам жаратылысынан қайырымдылық және зұлымдық оның табиғатынан тыс деген тұжырымды жауапты ұстанады (Э. Фромм. Человек для себя. Минск. 1992.). Ізгілікті адам концепциясының айшықты көрінісі ХХ ғасырдың ұлы гуманисі А. Швейцердің өмірді қастерлеу туралы ілімінде байқалады. Оның негізгі сәттеріне тоқталайық.
Адам өзінің ішкі ұмтылысында өмірге қолынан келгенше көмектесуге тырысқанда ғана, кезкелген тірі нәрсеге зиян келтірмеуді ұстанғанда ғана нағыз адамгершілігімен көрінеді. Ол үшін өмір қасиетті. Ол ағаштың жапырағын жұлмайды, бірдебір гүлді үзбейді, бірдебір жәндікті басып кетпейді. Жазғы түнде шаммен жұмыс істеп отырғанда, отқа ұмтылған көбелек қанатының күйгенін көрмес үшін терезені жауып, қапырықта отырғанды дұрыс көреді (А. Швейцер. Благоговение перед жизнью. М., 1992, 218бет).
Өмірді қастерлеу этикасы өзге адамдар алдындағы парыздан бас тартып, өздерін еркін сезінген адамдарды мақтау да, даттау да керек емес деп есептейді. Ол қандай формада, қандай жағдайда болмасын, біздің өзге адамдарға қатынасымызда адам болып қалуымызды талап етеді. Сен бақыттысың, сондықтан, көп нәрсені құрбандыққа шалуға тиіссің. Өзгелерге қарағанда саған денсаулық, қабілет, талант, табыс, байлық және т.б. көп мөлшерде берілгенмұның бәрін сен өзөзінен келді деп есептеуге тиіс емессің. Сен оның ақысын өтеуің керек. Сен өзге өмір үшін өз өміріңнің күшін беруге міндеттісің (А.Швейцер, 225бет).
Алайда, нақты өмір компромистерге (келісімдерге) толы, өз өмірімді сақтау үшін мен зиян келтіруі мүмкін өзге өмірлерден өзімді қорғауым керек. Мен өсімдіктерді, жануарларды жою арқылы өзіме азық табамын. Менің бақытым өзгелерге зиян келтіруден құралады. Шындығында, этикалық емес, тек өмір қажеттілігі мен этиканың қоспасы болып табылатын нәрселерді адамдар этикалық ретінде қабылдайды.
Гуманистік этика бұл компромисті мойындамайды және ақтамайды. Ол тек өмірді сақтауға және дамытуға қызмет ететін нәрселерді ғана ізгілік, қайырымдылық ретінде мойындайды. Мұнан өзге қылықтардың барлығы, мейлі ол қандай жағдайда жасалсын, зұлымдықты сипаттайды. Адам өмірге зиян келтіру қажеттігіне қаншалықты бағынатынын және бұл үшін өзіне қаншалықты кінә арқалайтынын әрқашанда өзі шешіп отыруы тиіс. Адам осылайша адамгершілік тұрғыда шынығады. Сонымен, гуманистік этикада қайырымдылық — бұл өмірді бекіту, адамның өз күшін дұрыс пайдалануы. Ал ізгілік — бұл өзінің өмір сүруі үшін жауапкершілік. Зұлымдық адамды күшінен айырады, жамандық, күнәқарлық — бұл өзөзіне деген қатынастағы жауапсыздық.
Этикалық ой тарихында зұлымдықтың әртүрлі концепцияларын кездестіруге болады: оны ақтаудан бастап, "аз зұлымдық" теориясымен сипатталатын апологиясына дейін. Олардың арасында зұлымдық туралы діни ілім белді орынды иеленген. Оның бизнес этикасына тікелей
қатысы бар. Егер нарықтың дамыған ошақтарын (Батыс және АТА) алар болсақ, онда христиандық пен буддизмнің (әртүрлі көріністегі) үстем ықпалын байқауға болады. Әлеуметтік зерттеулер мәліметіне сүйенсек, еуроамерикандықтар негізгі этикалық құндылықтар ретінде христиандықтың он өсиетін атайды.
Зұлымдықтың христиандық концепциясы бойынша зұлымдық Құдайдан емес, әлемнің Құдай жаратқан бейболмысынан шығады. Бүтіндей алғанда, әлем игілікті және әсем болып табылады,ал зұлымдық онда салыстырмалы түрде өмір сүреді: жетіспеушілік, жоқшылық, терістеушілік және бейболмыс түрлерінде. Әлемде жетілмеген заттарбалшық, ірің, тұрпайлықпен қатар, моральдық зұлымдықтар дакүнә мен күнәқарлар да өмір сүреді. Күнәлі әрекеттердің мазмұны алуан түрлі: өтірік, адасушылық, қулық, өзімшілдік, ыза, өлім, қырқыс, алдау, өсек, реніш, мақтаншықтық, тәкаппарлық, бірбеткейлік, сатқындық, қаталдық, маскүнемдік, ұрлық, жала және т.б. Олар жалпыадамзаттық адамгершілік нормалардың бұзылуын білдіреді, ал діни тұрғыда жаратылыстағы күнәқарлық туралы мифпен байланысты. "Қанауды, құлдықты, түрмені, қару мен бомбаны Құдай емес, адам ойлап тапты. Жоқшылық пен ауыр еңбекті Құдайдың еркі емес, адамның менмендігі мен ақымақтығы тудырды. Біз қаруымызды тастауға тиіс бүлікшілдерміз" (К. Льюис. Страдание.— "Этическая мысль", М., 1992, 411бет). Зұлымдықтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz