Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері

Неке және отбасы ер мен әйелдің еріктілігі, олардың арасындағы тең құқықтылық, отбасы ісіне бөгде біреудің араласуына жол бермей, мәселені өзара келісіммен шеше отырып, бала тәрбиесіне басымдық беру және отбасы мүшелерін салауатты тұрмыc салтына ынталандыру сияқты басты қағидаларға негізделеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы және осы Заңның отбасылық құқық нормалары қамтылыған өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Осы аталған заңмен некеге тұру мен оны тоқтатудың, отбасы мүшелерінің, заңда көзделген жағдайлардла олардың туыстарының арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.

Неке-отбасы құқықтарын қорғауды азаматтық сот ісін жүргізу ережелері бойынша - сот, Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік мекемелер немесе қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады.

Осы заңда қолданылатын ұғымдар:

1) неке -ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатында заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;

2) жалған неке- отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке;

3) отбасы-некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбаыс қатынастарын нығыайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;

4) неке жасы- адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;

5) балалық шақ-кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;

6) мүліктік шарттық режимі-ерлі зайыптылардың және осы некеден туған балалаларының нек шартымен белгіленген режимі;

7) суррогат ана шарты-балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;

8) патронат-уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбелеуге тілек білдірген адаманың (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;

9) алименттер -алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;

10) отбасылық жағдай-некеде тұрғандағы немесе айрылысқандағы жағдай, балаларының не басқа да отбасы мүшелерінің болу немесе болмауы;

11) материалдық жағдай-жалақының немесе зейнетақының, басқа да табыстардың болуы не болмауы, олардың мөлшері, мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалт удәрежесі; отбасының басқа мүшелерінің көмек алу на алмауы;

12) азаматтық хал актілері-адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын ресми мән-жайлар;

13) жақын туыстары-ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір не ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апа-сіңілілер, (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

14) қорғаншы (қамқоршы) - қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;

15) қорғаншылық пен қамқоршылық-кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз(әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерінқорғаудың құқықтық нысаны;

16) репродукциялық денсаулық-адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы;

17) суррогат ана-суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру оны көтеру және күту.

Жоғарыда аталған ұғымдардың бірі -азаматтық хал актілері. Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана танылады.

Қазiргi заман жастары үшiн неке, ең алдымен, қаржылай тәуелсiздiктi талап ететiн саналы қадам” деген кері түсiнiктерi басым.

Адамзат үшін өмірдің мәні отбасын құрып, ерлі-зайыптылық ғұмыр кешуі, ұрпақ жалғастыру екендігі белгілі.

Отбасы- шағын мемлекет. Оның әлеуметтік жағдайы, өзіндік саясаты болуы тиіс.

Заңда белгіленген тәртіппен ер мен әйелдің ерікті және толық келісімімен құрылған тең құқықты одақ болып саналатын отбасы осалдықты сүймейді.

Екі адам отбасын құра отырып бір-біріне қатысты бірдей міндеттемелер жүктелетіндігін естен шығармауы тиіс.

Дейтұрғанмен, әйел үйдің берекесі, ұрпақ жалғастырушы деп жанұяның барлық жауапкершілігі анаға жүктелетіндігі белгілі.

Ал, қазақи болмысымызда сай отағасының биік тұруы жанұяның беріктігіне, нығаюына зор ықпалы болатындығы өмірлік тәжірибемен дәлелденген.

Осы орайда, тең конституциялық құқығымызды сақтай отырып отағасы мен отанасы отбасының беріктігін сақтауда бірдей әрекеттер жасауы тиіс.

. . . АХАЖ органдары Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы, сондай-ақ, Конституциядан бастау алатын азаматтық іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу саласындағы бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қолдана отырып жеті түрлі акт жазуларын тіркеумен айналысады . . .

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, облыс көлемінде жылына 5000-ға жуық жұп некесін заңдастырады. 2000- жылдан сараптасақ, бұл көрсеткіштің 40-50 пайызға өсуі байқалады.

Сонымен қатар, дәл осындай өсу көрсеткішімен қазіргі таңда АХАЖ органдарында жылына 16000 -ға жуық туу тіркеліп отыр.

Әрбір Қазақстандық баланың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етуде халықаралық құқықтық стандарттарға сәйкес жасалған негізгі нормативтік құқықтық актілердің бірі 2002 жылдың 8 тамызында қабылданған «ҚР - ғы баланың құқықтары туралы» заң болып табылады. Аталмыш заң балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың бойында ұлттық сана - сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйене отырып, баланың ҚР-ның Конституциясында кепілдік негізгі - құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттеп отырады.

2003 жылдан бастап, перзенттiң дүниеге келуiне байланысты бiржолғы жәрдемақы төленiп келедi. Ел басшысының балаларға деген мұндай қамқорлығы, еліміздің болашағын ойлап, ертеңіне алаңдаушылығын білдіреді.

Халықаралық Конвенция бойынша дүниеге келген әрбір сәби жер бетінің-туған елінің азаматы болып танылады. Ал, оның азаматтығы оны құжаттандырудан басталады.

Одан әрі АХАЖ қызметкерлері қолданыстағы заңда белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, баланың тууын тіркеп, қажет болған жағдайда ата-аналарға баланың атын қойып, тегін таңдауда да бағыт-бағдар береді.

Алдын ала жоспарлау немесе бағдарламаға негізделмейтін халықтың табиғи қозғалысына тұрғындардың тұрмыстық және әлеуметтік материалдық жағдайы да әсер ететіндігін айта кеткен жөн.

Неке және отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

Бұл қазіргі таңда да өзекті мәселелердің бірі және маңыздысы болып қала беретіндігін Елбасы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауларында атап өткен болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері жайлы ақпарат
Отбасы құқығы пәні
ҚР отбасылық құқық ұғымы
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz