Физиканы оқытуда физикалық құбылыстардың виртуальды нобайларын қолдану



Кiрiспе

І.Тарау. Оқушылардын физиканы оқыту үдерісінде ойлауын дамытудың маңызы.
1.1 Оқыту процесінде оқушылардың физикалық ойлауын дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2Оқушылардың ой.өрісін дамытуға ықпал жасайтын ойын элементтерін физика сабағында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ІІ.Тарау. Физика сабағында оқушылардың ойлауын қалыптастырудың тәсілдері.
2.1 Физика сабағында тақырыптарды түсіндіруге ойлады қалыптастырудың тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.2 Фика сабағында тақырыптарды түсіндірудің тиімділігін арттыруды жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Физика сабағында тақырыптарды түсіндіруде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуды қалыптастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Эмпирикалық физикалық бiлiмдер тәжiрибенiң нәтижесiнен ( ғылыми фактыдан), ұғымдардан, заңдардан құралады. Мысалы; физикалық экспиримент пен өлшеулер жүргiзу арқылы Бойль- Мариотт (PV= const) тiзбектiң учаскiсi үшiн Ом (I = U/R) заңдары анықталған; И. Ньютон гравитациялық құбылысты сандық жағынан сипаттау үшiн ‘’ күш’’ деген, ал өзара әсерлескен денелердiң инерттiк қасиеттерiн түсiндiру мақсатында “масса “ деп аталатын ұғымдарды енгiзген. Әдетте физикалық құбылыстардың әртүрлi көптеген белгi - сырлары болады, бұл олардың кейбiр қасиеттерiн бөлiп алып зерттеуге қиындық туғызады.Сол үшiн физикада ерекше идеализация әдiсi ( идеал газ, материалдық нүкте, математикалық маятник, т.т.) қолданылады.
Физика – табиғат туралы ғылым.Оның басты мақсаты-заттар мен денелердiң, құбылыстар мен процестердiң негiзгi қасиеттерiн бiлiп-тану, табиғат құбылыстарының заңдылықарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық процесс оқушылардың физикалық ойлауын дамытуды қажет етедi. Бұл үшiн оқыту процесiнде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және жүйелiлiк (систематизация), абстракция және жинақтылап қорытындылау сияқты логикалық ойлау операцияларын пайдаланамыз. Демек, физиканы осындай логикалық талапқа сай оқытып, физика ғылымы негiздерiнiң логикалық жүйесiн ашу арқылы оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине, алдымен мұғалiмнiң физикалық бiлiмдер жүйесi мен оның құрылымының ерекшелiк сипаттарын бiлуiн қажет етедi.
Оқушылардың физикалық ойлауын дамытуда, ең алдымен оларды диалектикалық ойлауға, яғни физикалық құбылыстар сырының қалай ашылғандығына (мысалы, Архимед күшi, электромагниттiк толқын, радио байланыс, т.т) үйретiп, әлi шешiлмеген мәселелердiң зерттелiп толық бiлiмге айналатындығын (атомның және ядроның құрылысы, ғарыш кемелерiн ұшыру, телевизиялық хабар беру, т.т) түсiндiрiп, физикалық заңдылықтардың өзароа байланысын (газ заңдары, ураның тiзбектi реакциясы,т.т.) ашып көрсетуiмiз қажет.
1 Б.С. Арызханов Физика, Алматы «Рауан» 1994ж
2 Физикалық тәжірибелер. А.Аққошқарұлы, Алматы, мектеп, 2000ж.

3 Физика және астрономия оқулығына дидактикалық материалдар 7-11 сыныптар үшін, Алматы, Атамұра, 2003-2005жж.

4 Орта мектептегі физика практикумы, Алматы, Мектеп, 1983

5 Физика және астрономия оқулығы, 7-9 сыныптар, Алматы, Атамұра, 2003-2005жж
6 А. Абдуллаев Жалпы физика курсы

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ – ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Физиканы оқытуда физикалық құбылыстардың виртуальды
нобайларын қолдану

Ғылыми жетекшісі:
п.-.ғ.к. аға оқытушы Сарыбаева Ә.Х.
_________________
Тапсырманы орындаған:
Байдарбекова Д.А.
_________________
ЖФЗ-811 тобының студенті


Түркістан – 2010
М а з м ұ н ы

Кiрiспе

І-Тарау. Оқушылардын физиканы оқыту үдерісінде ойлауын дамытудың
маңызы.
1.1 Оқыту процесінде оқушылардың физикалық ойлауын дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2Оқушылардың ой-өрісін дамытуға ықпал жасайтын ойын элементтерін физика
сабағында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ-Тарау. Физика сабағында оқушылардың ойлауын қалыптастырудың
тәсілдері.
2.1 Физика сабағында тақырыптарды түсіндіруге ойлады қалыптастырудың
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2.2 Фика сабағында
тақырыптарды түсіндірудің тиімділігін арттыруды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Физика сабағында тақырыптарды түсіндіруде оқушылардың логикалық ойлауын
дамытуды қалыптастыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...

Кіріспе

Физика – табиғат туралы ғылым.Оның басты мақсаты-заттар мен денелердiң,
құбылыстар мен процестердiң негiзгi қасиеттерiн бiлiп-тану, табиғат
құбылыстарының заңдылықарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық процесс
оқушылардың физикалық ойлауын дамытуды қажет етедi. Бұл үшiн оқыту
процесiнде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және
жүйелiлiк (систематизация), абстракция және жинақтылап қорытындылау сияқты
логикалық ойлау операцияларын пайдаланамыз. Демек, физиканы осындай
логикалық талапқа сай оқытып, физика ғылымы негiздерiнiң логикалық жүйесiн
ашу арқылы оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине, алдымен
мұғалiмнiң физикалық бiлiмдер жүйесi мен оның құрылымының ерекшелiк
сипаттарын бiлуiн қажет етедi.
Оқушылардың физикалық ойлауын дамытуда, ең алдымен оларды
диалектикалық ойлауға, яғни физикалық құбылыстар сырының қалай
ашылғандығына (мысалы, Архимед күшi, электромагниттiк толқын, радио
байланыс, т.т) үйретiп, әлi шешiлмеген мәселелердiң зерттелiп толық
бiлiмге айналатындығын (атомның және ядроның құрылысы, ғарыш кемелерiн
ұшыру, телевизиялық хабар беру, т.т) түсiндiрiп, физикалық заңдылықтардың
өзароа байланысын (газ заңдары, ураның тiзбектi реакциясы,т.т.) ашып
көрсетуiмiз қажет.

1.1Оқыту процесінде оқушылардың физикалық ойлауан дамыту жолдары.
Ойлау процесі қалыптастарылаттын білімдер жүйесінің ерекшелiктерiне
байланысты жүргiзiлуi тиiс. Ендеше, жалпы философиялық мағынада
бiлiм деп әлемдi танып- бiлудiң практикада тексерiлген нетижесiн,
қоғамның рухани қазынасың жемiсiн айтамыз. Ал физикалық бiлiм –
бiздi қоршаған табиғатты зерттеп - тану процесiнiң қорытындысы.
Физикалық бiлiмдердiң логикалық жүйесi эмпирикалық және теориялық
дәрежеде құралады.
Эмпирикалық физикалық бiлiмдер тәжiрибенiң нәтижесiнен ( ғылыми
фактыдан), ұғымдардан, заңдардан құралады. Мысалы; физикалық экспиримент
пен өлшеулер жүргiзу арқылы Бойль- Мариотт (PV= const) тiзбектiң
учаскiсi үшiн Ом (I = UR) заңдары анықталған; И. Ньютон
гравитациялық құбылысты сандық жағынан сипаттау үшiн ‘’ күш’’ деген, ал
өзара әсерлескен денелердiң инерттiк қасиеттерiн түсiндiру мақсатында
“масса “ деп аталатын ұғымдарды енгiзген. Әдетте физикалық құбылыстардың
әртүрлi көптеген белгi - сырлары болады, бұл олардың кейбiр қасиеттерiн
бөлiп алып зерттеуге қиындық туғызады.Сол үшiн физикада ерекше
идеализация әдiсi ( идеал газ, материалдық нүкте, математикалық
маятник, т.т.) қолданылады. Теориялық деңгейдегi физикалық бiлiмдер
жүйесi теориялар мен негiзгi идеялардан, принциптер мен гипотезалардан
(жорамалардан) түзiледi. Физикалық теория математикалық теңдеу түрiнде
өрнектелген, қарастырылып отырған физикалық құбылыстардың мәнi мен
қасиеттерiн сипатайтын теориялық заңдардан тұрады. Мысалы; М.Фарадей мен
Дж.Максвелдiң электромагниттiк өрiс теориясы тiкелей тәжiрибе
нәтижелерiнен алынған жоқ, оның идеял образы теориялық тұрғыда жасалынған.
Физикалық теорияның құрылымы үш бөлiктен ( негiзi, ядросы, қорытындысы)
тұрады. Оның негiзiне идеализацияланған объект, физикалық шамалар
кiредi. Мәселен, электрондық газы кванттық электрондинамика үшiн
гармониялық осцилятор жүйесi алынған.
А. Энштейн айтқандай тәжiрибелердiң нәтижелерi (фактылардың)
негiзiнде теория құруға және оның күрделi теңдеулерiн
жасауға болмайды, бұл әрине, скелет-сүйектерiнен тiрi организмдi
құрастырып жасауға болмайтыны сияқты iс. Физикалық теорияның ядросы
математикалық теңдеулермен өрнектелген заңдардың жүйесiнен, постулаттардан,
принциптерден құрылады. Мысалы; классикалық механиканың ядросы – Ньютон,
электродинамика ядросы- Максвелл релятивистiк емес және релятивистiк
кванттық механика ядролары – Шредингер және Дирак, жалпы салыстырмалық
теория үшiн – Эйнштейн теңдеулерi.Энергияның сақталу және айналу заңдары,
салыстырмалық және симметрия принциптерi,статистикалық және кванттық
концепциялар фундаментальды теориялардың құрамды бөлiктерiне мысал бола
алады.
Фундаментальды концепциялар мен теориялардың негiзiнде физикалық
нысандар (объектiлер) мен құбылыстардың жиынтығын қамту, олардың моделiн
жасау және қолданылу шекараларын анықтау- теориялық физикалық ойлаудың
ерекшелiк белгiлерi.
Мұғалiмнiң негiзгi мақсаты – физикалық ойлауды қалыптастыру арқылы
оқушыны өздiгiнен оқытуға үйретудiң ол үшiн оқушылар бiлiм негiздерiн
мұғалiмнiң басшылығымен iздестiре отырып, өздерi жаңадан ашылулары керек.
Оқу процесi осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабiлетi
кеңейiп сабаққа қатысы артады.
Физикадан ойдағыдай сабақ беру үшiн тек ғана тәжiрибелердi
демонстрациялау, практикалық және лабораториялық жұмысты орындау қажет
емес, сонымен бiрге сабақтарда жаңа матеиалдарды, яғни түрлi көрнекi
құралдарды қолдану қажет. Көрнекi құралдар оқушылардың қажеттi
құбылыстардың, машиналармен приборлардың бейнесiн, ойлау белсендiлiгiн
тудырады. Оқып үйренгендерге зейiн қойып ықылас аударуға материалды жақсы
меңгеруге ат салысып, оқу процесiн жандандырады. Физиканы оқып үйрену
кезiнде көбiнесе құбылыстың мәнiн емес осы құбылыстардан туатын әрекеттердi
бақылауға тура келедi. Кейбiр приборлар күрделi болып, ал олардың iшкi
бөлiктерi нашар көрiнедi, не мүлде көрiнбейдi көптеген құбылыстарды және
олардың техникалық қолдануларын өз қалпында көрсетуге тiптi де болмайды.
1.Модульдер- приборды немесе қондырғыны өз қалпында көрсетуге болмайтын
жағдайларды түп нұсқасының ең жақын ұқсастығы ретiнде көлемдiк моделi
пайдаланған жөн.
Машиналардың құрлысымен жұмыс принципiн техникалық қондығылар мен
приборларды оқып үйренгенде, сондай-ақ оқып үренiлген физикалық
құбылыстарға негiзделген техникалық процестерде жұжыс iстейтiн модельдер
қолданылады.
1.2.Кинематикалық схемалар – көрнекi құралдардың ерекше тобына әдетте
карттонан немесе фанеранадан дайындалатын кинематикалық схемалар және
модельдер жатады. Кинематикалық схеманың ерекшелiгi онда қозғағыш
элементтердiң болуы, осы элементтердiң көмегiмен механизмнiң бөлiктерiнiң
қозғалысы имитацияланады мысалы; су насостарындағы клапондар мен
насостардың қозғалысы.
1.3. Иллюстративтiк модельдер – макеттер бүл қозғалмалы бөлiктерсiз
материалдар, мысалы; кристалдық тор модельi.
1.4.Коллекциялар- әртүрлi материалдардың коллекциялары.
Демонстрациялық мақсаты үшiн коллекцияларды соңынан кабиниенке iлiп қоятын,
панельдерге жасайды.
2.1.Таблицалар, плакаттар – оқушыларды қүрделi приборладың
құрылысымен, машиналармен техникалық құрылыстардың жұмысымен және сыртқы
пiшiнiмен таныстыру үшiн қолданылады. Мектептегi оқыту практикасында
қабырғаға iлiнетiн және таратып беретiн графикалық көрнекi құралдар
қолданылады. Физика кабинетiн физикалық тұрақтылардың қабырғаға iлiп
қойылатын кестелерi болғаны жөн және сәйкес мәселелердi оқып үйренгенде
оларды iлiп қойған дұрыс. Физика кабинетiнде ғалым физиктердiң портреттер
сериясы да болуы да тиiс.
2.2.Мантождар- оқушылардың түрлi техникалық қондығылармен, траспорт
байланыс түрлерiмен ғылым мен техниканың жетiстiктерiмен таныстыруда
пайдаланады.
2.3.Диаграммалар – салыстыру және сызықтық диаграммалар көп
қолданылады. Салыстыру диаграммалар көмегiмен отынның әр түрiнiң жылу
бергiштiгiн, заттардың меншiктi жылу сыйымдылығын, механизмдер мен
машиналадың ПӘК-iн кескiндейдi. Сызықтық диаграммаларды шамалар арасындағы
функциялық тәуелдiлiктiң графиктiк анализi үшiн қолданылады.
Графиктер – бұл физикалык кұбылыстарды және заңдарды оқып үйрену
құрамы және оқушының физикалык өрiстетiн құрал. Суреттермен чертеждер
педагогикалық процестiң түрлi жақтарына игi әсерiн тигiзедi, жаңа
материалды түсiндiрудi оқушылардан сабақ сұрауда немесе есептiң шартын
жазуда уақыт үнемдейдi мұғалiмнiң конспектiсi және оқушының жазғанын оқуға
ыңғайлы етiп неғүрлым көрнекi көрсетедi және тәртiптейдi, материалды
қайталауды еске түсiрудi оңайлатады.

1.2.Оқушылардаң ой-өрісін дамытуға ықпал жасайтан ойын элементтерін физика
сабағында қолдану.
Соңғы кездерi физикалық приборлардың жеткiлiксiздiгi физикалық
тәжiрбиелердi компьютер арқылы үлгiлеу әдiсiн жедел дамытты. Қазiр физика
ғылымының барлық бөлiмдерiне арналған ‘’ Виртуалды физикалық зертхана’’
сериясымен шығып жатқан компьютер арқылы орындалатын физикалық
тәжiрбиелердi орындауда оқушылардың белсендiлiгi өте жоғары болатын
тәжiибеден көрiп жүрмiз.Сондықтан физиканы үлкен рөл атқаратын құрал дербес
копьютер болып табылады. Компьютер арқылы физикалық тәжiрибелердiң барлық
түрлерiн жүргiзуге болады.
Соңғы кезде диафильмдер мен диапозивтивтерден оқу киноларынан
видеофильмдер дайындау әдiсi кең етек алуда.
Ал оны сабақта пайдалану үшiн телевизор мен видеомагнитафондар қажет.
Ал видеофильмдердi дайындау үшiн видеокамерамен видеотаспалар қажет.
Молекулалық физика, атомдық және ядролық физика тарауларын оқыту да
видеофильмдер ең тиiмдi көрнекiлiк болып табылады. Оқу видеофильмдерi
физика пәнiн оқытуда мынандай жағдайларда қолданылады;
- қуатты микраскоптардың көмегiмен микро процестердi демонсрациялауды
бақылауға ( Броундық қозғалыс);
- мектепке қоюға болмайтын iргелi тәжiрбиелердi демонстрациялауға( Штерн
Кавиндиш тәжербиелердi және тағы басқа);
- Мультипликация көмегiмен құбылыстармен процестердi үлгiлеуге
(электрондар мен иондардың қозғалысын, электромагитiк толқындардың
таралуы және т,б.);
- Тез өтетiн прцестердi көрсету (қатты денедегi деформациялық барлық
түрлерi);
- өте жай өтетiн процестердi көрсету үшiн (қатты денелердегi диффузия және
т.б.);
- оқып үйренуге арналған құбылыстармен эаңдылықтардың техникадан қолдануын
көрсету( интерференция поляризация және т.б. қолданылу);
- ғылым мен техниканың ең маңызды жетiстiктерiне арналған деректi
киноларды көрсету ( жердiң жасанды серiктерi ұшыру кабинасына тұңғыш
адам отырып ұшқан космос кораблi т.б.);
Үнтаспа арқылы физикалық диктант жүргiзуге ғалымдардың өмiр баянымен
таныстыруға, физикалық қызықты тарихи әңгiмелер тыңдауға т.б. қолдануға
болады.
Мектепте, әсiресе бастауыш сыныптарда оқу үстiнде техникалық
құралдарды пайдалану оқушыларды бiлiмге ынталандырудың таптырмайтын көзi
десек, артық болмас едi.
Сабақ үрдiсiнде көрген диафильм, диапозитив, оқу фильмдерi мен
видеофильмдер, сонымен қатар жаңа үлгiдегi жабдықталған сынып-аудитория
оқушыларға өтiлетiн тақырыптың мақсатына жетудегi ең маңызды көрнекiлiк
болып табылады. Жас жеткiншектердiң тиянақты бiлiм алуына толық мүмкiндiк
жасай отырып, белсендiлiгiн арттырады. Оқушыларға физика пәнiн оқытуда
компьютерлiк техника мен видеотехника бiрiгiп оқытудың ең тиiмдi әдiстерiн
ұйымдастыруға көмектеседi.
Оқытудың техникалық құралдарын жаппай практикага ендiру оқытуды дамытуда
жаңа мүмкiндiктер ашты. Экрандық бейнелердi - қозғалмайтын (диафильмдер)
және қимыл-қозғалысты (кинофильмдер) бейнелер мен суреттердi кең қолдану
нақты нәрсенiң абстракт нәрсемен байланысын талай есе күшейттi. Ол сезiмдiк
танымның базасын кеңейттi және оқушылардың түсiнiгiндегi шындық болмыс
құбылыстарының диалектикалық сипатын нақтылай түстi. Аудивизуалдық
құралдарды (магнитофон, фильмоскоп, кинопроектор, кодоскоп, грампластинка
және т.б.), образбен, картинамен сәйкестендiрiлген дыбыстарды қолдану
шындық болмысты сезiмдiк қабылдаудың комплекстiлiгiн күшейтуге алып келедi.
Көрнекiлiктiң қазiргi заманғы оқытудағы, мектеп оқушыларының оқу-танымдық
әрекетiн күшейтудегi негiзгi маңызы осында. Комплекстiлiк проблемалық оқыту
процесiн оптимизациялауға және оның кемшiлiктерiнiң бiрiн уақыт
жетiспеушiлiгiн азайтуға объективтi алғы шарттар жасайды. Оқытудың
техникалық құралдарын қолдану – осы заманғы мектеп пен педагогикаға тән
ерекшелiк. Ғалымдардың зерттеулерi техникалық құралдар мұғалiмге
оқушылардың бiлiмдерiндегi формализмдi ойдағыдай жеңуге ғана емес, сонымен
қатар мына төмендегiдей мiндеттердi шешуге де :
- оқушыларға оқылып үйренiлiп отырған объект немесе құбылыс жайлы
неғұрлым толық және дәл информация беруге;
- оқытудың көрнекiлiгiн арттыруға және әдеттегi баяндауда қиындықпен
меңгерiлетiн материалды оқушылардың шамасы келетiндей етуге (мысалы,
жартылай өткiзгiштердiң электрлiк қасиеттерi, вулканның атылуы, айдың
тұтылуы, теңiз түбiндегi өмiр, тарихи оқиғалар және т.б.);
- оқу материалын баяндау қатарынан арттыруға; оқушылардың бiлмекке
құмарлығын толығырақ қанағаттандыруға және олардың танып бiлу ынтасын
тезiрек қалыптастыруға; мұғалiмнiң уақытын өнiмдiлiгi аз жұмыстан
босатып, творчестволық жұмыс үшiн сақтауға көмектесетiнiн көрсетедi.
Н.М.Шахмаев техникалық құралдарды қолданып өтiлетiн сабақтың сапа
жөнiнен жаңа типi, онда мұғалiм өзiнiң оқу материалдарын түсiндiру
методикасын телевизия хабарында, кинофильмде, дыбыс жазбада, радиохабарда
және т.б. қабылданған методикамен сәйкестендiруге мәжбүр болады деген
қорытындыға келдi. Оның үстiне оқытудың техникалық құралдарын қолдану
сабақтың ырғағы мен қарқынын, ал кейде оның құрылымда өзгертедi. Дәстүрлiк
дидактикада мұның бәрi болмаған едi; мұның бәрi интенсивтендiруге,
оптимизациялауға , активтендiруге жәрдемдесiп проблемалық оқытуды
ұйымдастыруға жағдай тудырады.
Оқытудың техникалық құралдарын физика сабақтарында жаңа материал
түрiнде шебер пайдалану мұғалiмнiң, оқушылардың оқу- танымдық әрекетiн
басқаруына кең мүмкiндiк ашады. Оқу фильмдерiн, телевизия хабарын
диапозитивтердi және тағы басқа қарау кезiнде мұғалiм, оқушылар хабар
барысында жауап алуға тиiстi проблемалық сұрақтар қою үшiн жұмыс кiдiрiсiн
жасайды немесе қарама- қайшы құбылыстарды, фактiлердi оқиғаларды
демонстрациялау (көрсету) арқылы проблемалық ситуация жасап оқшыларға
проблеманы өздiгiнен тұжырымдау оны шешудiң жолын табу ұсынылады. Қарап
өткен хабарлардың қысқа сценарилерiн құрастыру жоғарғы сыныптарда әңгiмелеп
беру- осының бәрi бiлiмдi меңгеру поцесiндегi оқушылардың ойлау қызметiн
күшейтуге алып келедi.
Осылайша жаңа материалдың көмегiмен сезiмдiк қабылдаудың
комплектiлiгiн күшейту, әдеттегi көрнектiлiктiң төртiншi функциясын жүйелi
пайдаланып отыру және оқу процесiндегi рационалды көрнектiлiктiң орнын
кеңейту –осының бәрi проблемалық ұйымдастыру мен бiлiмдi неғурлым
бiлеттерiн дамытуға жәрдемдеседi.
Проблемалық оқыту қолдан жасау жолмен меңгеру приципiн де қамтитын
болғандықтан лаборотиялық- практикалық жұмыс.
Физика методикасының даму барысында оқыту методтары мен педагогикалық
еңбек техналогиясы жақсарады, сонымен бiрге оқу процесiнiң техникалық жағы
да кеңейе түседi. Құмдағы қарапайым суретен телевизиялық оқыту
бағдарламалына дейiн және оқытушылық машиналарға дейiн бұл оқытудың
техникалық құралдарының эволюциясының жолы. Физиканы оқытудағы келесi
процесс оқу процесiнде техникалық құралдарды кеңiнен қоданумен тығыз
байланысты. Ал ол өз кезегiнде оқыту киноларын және телевидиенi, эпидиа
және үнтаспасын қамтиды. Оқытудың теғхникалық әдiстерi мұғалiм қолында
жасөспiрiмдерге эффективтi бiлiм берлiсi және оларға тәрбиедегi ықпал
құралы болуы қажет.
Бiрақ оқытудың техникалық әдiсiн барлық жағынан күштi деп санау дұрыс
емес.Олардың қолданылуы оқу пәнiнiң спецификасымен және солардың көмегiмен
материалдық басты ерекшелiктерiн тура жеткiзу мүмкiншiлiгiмен анықталады.
Осылайша физиканы тек қана телебағдарламалар арқылы математиканы
диапозитивтар арқылы, ал әдебиеттi киноэкранизациялар арқылы оқып үйренуге
болмайды. Оқшыларданыңқарастырылып отырған құбылыстарды қабылдап алу
физиканы үйренудiң негiзi болуы керек. Физика пәнiнiң мұғалiмi мектепте
қолданылатын барлық оқытудың техникалық құралдардың дидактикалық
мүмкiншiлiктерiн бiлуi қажет және оларды пайдалану тәсiлдерiн өте жақсы
меңгеру керек.
Техникалық құралдарды кеңiнен қолдану оқытудың барлық этаптарында
келесiдей мүмкiндiк бередi;
• Оқытудың эффективтiлiгiн оқушылардың бiлiмiн бақылаудың реттеу жолымен
көтеруге, сыныптық- сабақтық жүйелер арқылы бiлiмдi меңгерудi
инивдуалдандыруға;
• Мұғалiм творчестволық iскерлiкке көбiрек уақыт бөлу үшiн оны бiрсарынды
техникалық жұмыстан босатуға мүмкiндiк бередi
Сонымен қатар ол келесiiлердi жасауға жол ашады.
а) белгiлi бiр жағдайларда оқушыларға қарастырылып жатқан құбылыстар туралы
толық және нақты мәлiметтер беруге; кинофрагметтiн көмегiмен мысалы, дененi
салмақсыздық жағдайында көрсетуге адамның ашық космосқа шығуын және т.б.
құбылыстарды көрсетуге мүмкiндiк бередi.
б) күрделi құбылыстар механизмi туралы көрiнiс жасау арқылы оқушылардың
түсiнуiн жеңiдету; Освылайша мультипликация құралдары арқылы әртүрлi
өткiзгiштердегi электр тогы туралы атом ядроларында болатын құбылыстар
туралы жай бөлшектердiң әрекетесуi және т.б. модельдiк көрiнiс бередi.
в) оқушыларды тез немесе жай өтетiн процестердiң мiнездемелерiмен сонымен
қатар көзге көрiнбейтiн құбылыстамен таныстыру;
г) оқышуларды сыныпта көрсетуге қиын және көрсетуге болмайтын фундаменталды
физикалық тәжiрбиелермен таныстыру атап айтқанда Штереннiң Резерфордтың
Малликеннiң және Иоффенiң Стюарттың және тағы басқалардың тәжiрбиелерiмен
таныстыру;
д) полетехникалық оқытудың есептерiн өте жақсы шешу өйткенi диапозитивтер
кино және бейнефильмдер, машиналар мен механизмдердiң құрылыстары туралы
және физикалық принциптер мен олардың жұмысы туралы көрiнiс бередi, ал
мультипликацияларр принципиалды схемалардан осы немесе басқа бiр
механикалық құрылғының өзiнiң конструктивтi шешiмiне өтуiн көрсетедi;
Сонымен қатар олардың кейбiрi мектептiң экскурсияға шығу мүмкiншiлiктерiн
кеңейтедi.
е) оқушыларға тәрбие беру әсерiн күшейту осы мақсатпен ғылыми ашылулар мен
жаңалықтар тарихи туралы кино мен бейнефильмдер қолданылады. Оқытудың
барлық техникалық әдiстерiн аудиовизуалды (оқытуда көрiнiспен дыбысты
қолдануға мүмкiндiк беретiндер ) және бағдарланған оқыту ( Оқыту
машиналарымен бағдарламаланған оқулықтар көмегiмен оқушылардың өзiндiк
жұмыстарын ұйымдастыру үшiн сонымен бiрге оқушылардың бiлiмiнен iскерлiгiн
бақылау үшiн қолданылады) деп бөлiнедi.Оқытудың техникалық әдiсiнен
құрылғылар.
Статистикалық экрандық құралдар оқу таблицалары диапозитивтер
диафильмдер эпипроекциялар қарастырылып отырған құбылыстардың тәжiрбиелер
немесе зертханалық жұмыстар арқылы көрнiсi қаншалықты маңызды болғанымен
бұл әлi оқушыладың қарастырылып отырған құбылысы толық түсiнуi үшiн
жеткiлiксiз.Оқшылардың назарын құбылыстың күрделi тұстары мен маңызды
этаптарыны аудару қажет ал мұны тәжiрбиеге қосо сызбалар таблицалар
диапозитивтер диафильмдер эпи- және графопроекциялар қолдану арқылы жасауға
болады. Ең қарапайым жағдайдың өзiнде мұғалiм тақтадағы сызбамен шектеледi.
Кейде физикаға арналған оқу таблицалары қолданылады, олар өз кезегiнде
мұғалiмнiң тақтадағы суретiн ауыстырмайды қайта машиналардың приборлардың
iшкi көрнiсiн көрсетедi, диафильмдермен толықтырады дамытады. Физиканың
және техниканың тарихының белгiлi бiр бөлiгiмен таныстыратын таблицалар өте
пайдалы. Приборларға қойылатын талаптар оқу таблицаларына да қойылуы
тиiстi. Таблицада ереже бойынша оқушылардың назарын ауытқытпау үшiн тек
қана бiр объектi көрсетiлуi қажет, таблицадағы бояаулар басты деғтальдарды
айқындап тұрулары керек. Таблицалар оқу матералын түсiндiрген және
қайталаған кезде оқушылардан сабақ сұраған кезде қолданылғандықтан
таблицадағы түсiнiктеме беретiн жазулар қысқа болуы керек және олардың
үлкен штрифпен жазылулары мiндеттi емес. Таблицаның ең басты жаман жақтары
үлкендiгi ұзақ уақыт сақталмауы сақтауға қолайсыздығы; жақсы жақтары
көрсетуге оңай оны қараңғыланбаған сыныпта көруге болады.
Физиканы оқытуда мөлдiр емес нәрселердi проекциялау және суреттердi
эпидиаскоптың көмегiмен экранға проекциялау сияқты көрнекiлiк құралдары кең
түрiнде қолданылады. Оқулықтарда журналдарда немесе ғылыми көпшiлiк
кiтаптарда сабаққа керектi суреттер болса ал репродукцияда оның үлкейтiлген
кескiнiн алу мүмкiн болмаған жағдайларда эпиппроекция пайданылады. Сондай-
ақ эпипроекцияның ұсақ детальдарды және приборларды проекциялау үшiнде
пайдаланады. Мәселен балқымалы сақтанғыштардың құрылысын түсiндiргенде
соңынан экранға проекциялайды бұл кезде приборлардың паспорттық деректерiн
көру мүмкiндiгi туады. Эпископиялық прокцияны оқушылардың физика
дәптерлерiндегi жазуларымен нобайларында жiберiп алған қателерiн талдау
кезiнде пайдаланған ыңғайлы. Ол үшiн оқушының дәптерiн эпископтың
үстелшесiне қойып экранға проекциялайды. Кейбiр мұғалiмдер бақылау
жұмыстарын талдау кезiнде осы әдiстi пайдаланады. Бұл бүкiл сыныпқа есеп
шығарудағы кемшiлiктер мен артықшылықтарды көрнекi түрде көрсетуге
мүмкiндiк бередi. Эпидиаскоптың көмегiмен үлкен өлшемдi схемаларды дайындау
оңай. Бұл мақсат үшiн схема салуға арналған бiр парақ таза қағазды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физиканы оқытуда физикалық құбылыстардың виртуальді нобайларын қолдану
Физика сабақтарында виртуалды эксперименттерді қолдану тәжірибесі
Физика пәнінен оқушылардың эксперименттік зерттеу дағдыларын қалыптастыру
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Физикалық оқу эксперименттің түрлері
Қашықтықтан оқытуда қолданатын формалар мен әдістер
Оқытуда компьютерлік модельдеу түсінігі
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Компьютерде өткізілетін сабақ
Жаңартылған білім беру бағдарламасының молекулалық физика бойынша жаңа әдістемесі
Пәндер