Құрылымдық типтер.жазбалар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 TURBO PASCAL тілінің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Тіл алфавиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Бағдарлама құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2. Жазбалармен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1 Жазба ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Вариантты жазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 Біріктірілген жазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
КІРІСПЕ


Қазіргі кезде 3500 – ден астам әр түрлі программалау тілдері бар және олардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың бірнеше классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге, яғни функционалдық мәніне және қолданылатын программалау технологиясына байланысты бөлінеді. Программалау тілдері функционалдың мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:
1. программалауға үйретуші;
2. жалпы мәнді;
3. проблемалық – бағытталған;
4. параллель программалаушы.
Тақырыпта айтылғандай жұмыс жасау барысында Turbo Pascal программалау тілі қолданылады. Турбо Паскальдағы құрылымдық типтердің бірі жазбалар және олардың түрлері туралы айтылған. Оның ішінде біріккен жазбалар, вариантты жазбалар және олардың атқаратын қызметі. Типтер бөліміндегі RECORDS ... END қызметші сөздері жайлы қамтылған.
Бұл тақырыпты программада пайдаланылатын мәліметтер мен шамалардың мәндерін Турбо Паскаль мәліметтер типтерінің түрлеріне салып есептер шығару және типтер туралы толығырақ түсініп, осы курстық жұмыс тақырыбын толық ашып көрсету мақсатында таңдалынған.
Курстық жұмыстың өзектілігі – With oператорын пайдалана отырып, есептеулер жүргізу. Программа құру барысында With біріктіру операторының артықшылығын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың мақсаты – жазба және оларға қолданылатын функциялар мен процедуралардың алгоритмдік программалық мәнін ашу. Жазбамен қазіргі заманғы жүйеге сай жұмыс жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері – жазба ұғымын ашып өте отырып, негізгі вариантты жазбалар мен біріктірілген жазбаларға тоқталу. Оларға қолданылатын функциялар мен процедуралардың түрлеріне мысалдар келтіре отырып, есептер шығару.
Курстық жұмыстың зерттеу объектiсi:
- Ақтөбе гуманитарлық колледжiнiң компьютер саласы.
- Turbo Pascal программалау ортасы.
Курстық жұмыстың зерттеудiң ғылыми болжамы – Turbo Pascal программалау тiлiнiң мүмкiншiлiктерiн есептеп шығару барысында қолдана бiлу.
Курстық жұмыстың зерттеу әдiстерi:
- дерек көздерін жинау;
- жиналған материалдарды жинақтау;
- материалдарды талдау, топтау;
- тақырып бойынша әдебиеттердi зерттеу;
- практикада қолдануды көрсету;
- талдап қорытынды жасау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде ТурбоПаскаль ортасында жазба ұғымына анықтама бере отырып, тіл алфавиті және бағдарлама құрылымын қысқаша таныстырып өту қарастырылған.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде курстық жұмыстың негізгі тақырыбы жазба және олармен жұмыс жасау. Бұл бөлімде жазбаға толық мәлімет беріледі. Оларға қолданылатын функциялар мен процедуралар таныстырылып, жазбаға мысал келтіріледі.
Қорытынды бөлімде жалпы курстық жұмыс бойынша жасалған жұмыстар мен алған тәжірибе жөнінде қорытынды жасалған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Алексеев Е. Р. Турбо Паскаль 7.0 Идеалный учебный курс. Численные методы. Москва. 2006
2. Биллиг В.А. VBA в Office 2000. Офисное программирование. Москва: Русская Редакция. 1999
3. Бондарев В.М., Рублинейкий В.И., Качко Е. Основы программирование. Харьков: Фолио. 1997
4. Бөрібаев Б. Нақысбеков Б. Мадиярова Т. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы. 2002
5. Бурин Е.А. Программирование на языке TURBO-PASCAL. Алматы. 2000
6. Грызлов В.И. Грызлова Т.П. TURBO PASCAL. Москва: ДМК. 1999
7. Гофман И.Э. Хомоненко А.Д. Delphi 5. БХВ: С-Петербург. 2000.
8. Даулеткулов А.Б. Олимпиады по информатике. Алматы: ИНТ. 2004
9. Добровский С. Pascal для всех: Учебный курс. Питер. 2002
10. Йодан Э. Структурное программирование и конструирование программ. - Москва: Мир. 1979.
11. Кандзюба С.П. Турбо Паскаль 5.0 Москва: Диа Софт. 1997.
12. Нықысбеков Б.Қ., Балапанов Е.Қ., Халықова Қ.З., Дәулетқұлов А.Б., Паскаль тілінің негіздері, Алматы: Рауан. 1998.
13. Макарова Н.В. Информатика: Учебник – Москва: Финансы и статистика, 1999
14. Мұқашева Турбо Паскаль тілінде программалау Ақтөбе. 2001 .
15. Реселман Б. Использование Visual Basic 5: Пер. с англ. Москва: Вильямс. 1999
16. Попов Турбо Паскаль для школьников. Финансы и Статистика. 2000.
17. Тойкенов Ғ. Паскаль тілінде программалау. Дәнекер. 2001
18. Форонов В.В. Турбо Паскаль 7.0. Москва: Нолидж. 2000

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде 3500 – ден астам әр түрлі программалау тілдері бар және
олардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай
қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың
бірнеше классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге, яғни
функционалдық мәніне және қолданылатын программалау технологиясына
байланысты бөлінеді. Программалау тілдері функционалдың мәніне байланысты 4
үлкен классқа бөлінеді:
1. программалауға үйретуші;
2. жалпы мәнді;
3. проблемалық – бағытталған;
4. параллель программалаушы.
Тақырыпта айтылғандай жұмыс жасау барысында Turbo Pascal программалау
тілі қолданылады. Турбо Паскальдағы құрылымдық типтердің бірі жазбалар және
олардың түрлері туралы айтылған. Оның ішінде біріккен жазбалар, вариантты
жазбалар және олардың атқаратын қызметі. Типтер бөліміндегі RECORDS ... END
қызметші сөздері жайлы қамтылған.
Бұл тақырыпты программада пайдаланылатын мәліметтер мен шамалардың
мәндерін Турбо Паскаль мәліметтер типтерінің түрлеріне салып есептер шығару
және типтер туралы толығырақ түсініп, осы курстық жұмыс тақырыбын толық
ашып көрсету мақсатында таңдалынған.
Курстық жұмыстың өзектілігі – With oператорын пайдалана отырып,
есептеулер жүргізу. Программа құру барысында With біріктіру операторының
артықшылығын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың мақсаты – жазба және оларға қолданылатын функциялар
мен процедуралардың алгоритмдік программалық мәнін ашу. Жазбамен қазіргі
заманғы жүйеге сай жұмыс жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері – жазба ұғымын ашып өте отырып, негізгі
вариантты жазбалар мен біріктірілген жазбаларға тоқталу. Оларға
қолданылатын функциялар мен процедуралардың түрлеріне мысалдар келтіре
отырып, есептер шығару.
Курстық жұмыстың зерттеу объектiсi:
- Ақтөбе гуманитарлық колледжiнiң компьютер саласы.
- Turbo Pascal программалау ортасы.
Курстық жұмыстың зерттеудiң ғылыми болжамы – Turbo Pascal
программалау тiлiнiң мүмкiншiлiктерiн есептеп шығару барысында қолдана
бiлу.
Курстық жұмыстың зерттеу әдiстерi:
- дерек көздерін жинау;
- жиналған материалдарды жинақтау;
- материалдарды талдау, топтау;
- тақырып бойынша әдебиеттердi зерттеу;
- практикада қолдануды көрсету;
- талдап қорытынды жасау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде ТурбоПаскаль ортасында жазба
ұғымына анықтама бере отырып, тіл алфавиті және бағдарлама құрылымын
қысқаша таныстырып өту қарастырылған.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде курстық жұмыстың негізгі тақырыбы
жазба және олармен жұмыс жасау. Бұл бөлімде жазбаға толық мәлімет беріледі.
Оларға қолданылатын функциялар мен процедуралар таныстырылып, жазбаға мысал
келтіріледі.
Қорытынды бөлімде жалпы курстық жұмыс бойынша жасалған жұмыстар мен
алған тәжірибе жөнінде қорытынды жасалған.

1. TURBO PASCAL тілінің негізгі элементтері

1.1 Тіл алфавиті

Компьютер белгілі бір есептерді шешу үшін адам тарапынан сол есепті
қандай жолмен және қалай шығару керектігі туралы тапсырма алуы қажет. Бұл
тапсырмалар бір жағынан компьютерге түсінікті болып жазылуы керек болса,
екінші жағынан тапсырма беруші кісіге де ыңғайлы болғаны жөн. Осындай
компьютерлік тілде жазылған тапсырмалар мен командалар жинағы бағдарлама
деп аталады. Ал бағдарламалық текстерді жазу үшін пайдаланылатын
символдардың жиынтығы компьютерлік тіл алфавитін құрайды.
Кез-келген бағдарламалық тіл символдардан, сөздерден, сөз тізбектері
және сөйлемдерден (операторлардан) тұрады. Сөздер символдардан құралады, ал
операторлар сөз тіркестерінен тұрады. Қазіргі кезде бағдарлама жазу үшін
көптеген бағдарламалау тілдері қолданылады. Солардың бірі - Turbo Pascal
тілі құрылымының қарапайымдылығы мен игеруге жеңілдігінің арқасында
бағдарламалаушылардың арасында кеңінен қолданылады. Turbo Pascal тілінің
алфавиті келесі символдардан тұрады:
1. Латын алфавитінің 26 әріптерінен; олармен қызметші сөздер және
идентификаторлар жазылады. Қызметші сөздер деп Turbo Pascal - дың өзіне
ғана тән, өзгертуге болмайтын, әрқайсысының өзінің атқаратын белгілі
қызметі бар сөздерді айтады. Бағдарламада айнымалылар мен тұрақтылардың
аттарын анықтайтын, әрі бағдарламалаушының өзі белгілейтін қызметші сөздер
кездеседі. Ондай сөздерді идентификаторлар деп атайды. Идентификаторды бір
әріппен белгілеуге болады (мысалы: X, Ү, Z), бірақ кейбір бағдарламаларда
латын алфавиті әріптері (26 әріп) айнымалылардың аттарын белгілеуге
жетпейді немесе олар бағдарламалық текстің оқылуын ауырлатып жібереді.
Мұндай жағдайларда идентификаторларды бірнеше әріптер, сандар және
сызықшалар арқылы белгілеу ыңғайлы болып табылады(мысалы: Summa, X1, Ү12,
Z23, Min1, Audan_1, Audan_2, Audan_3, т.с.с.)
Сонымен идентификаторлар деп бағдарламада кездесетін барлық
тұрақтыларды, айнымалыларды, функциялар мен процедураларды белгілеу үшін
қолданылатын әріптер мен сандардан және сызықшалардан тұратын қызметші
сөздерді айтады. Идентификаторларға бұлардан басқа символдарды пайдалануға
болмайды. Идентификаторлар міндетті түрде әріптен басталуы керек және
оларға тілдегі басқа қызметші сөздердің атын қоюға болмайды, олардың
ұзындығы әртүрлі болады, бірақ алғашқы 63 символ ғана басты болып табылады.
Идентификаторлар мен қызметші сөздерді бас әріппен де, кішкентай әріптермен
де жаза беруге болады. Мысалы: Begin, begin, BEGIN - сөздері бір ұғымды
білдіреді. READ, WRITE, ARRAY, TYPE, WHILE, REPEAT - қызметші сөздер, X,
Y, Z, MASSIV, SUMMA, AUDAN1, AUDAN2 -идентификаторлар.
Read(X,Y,Z);
Summa:=X+Y+Z;
Write(' үш санның қосындысы =', Summa);
2. Сандарды белгілейтін араб цифрларынан: 0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7,
8, 9. Сандар бүтін және нақты болып екі түрде беріледі. Нақты сандардың
бүтін бөлігі мен бөлшегін нүкте арқылы бөліп жазады: — 9.7, 6.25, .41,
-8.178. Ал өте үлкен немесе өте кіші шамалар экспоненциал сандар түрінде
жазылады:
1.74Е+3(1.74*103)
5.74Е-4(5.74*10-4)
3. Ұлттық алфавит әріптерінен; ұлттық әріптер түсініктеме мен
комментарийлар жазу үшін немесе символдық айнымалыларда қолданылады.
Ұлттық алфавит әріптері пернетақтаның жоғарғы жағындағы цифрлар орнына
орналасқан, олар арнаулы драйверлер қосылғанда ғана жұмыс істейді және
бағдарлама жазылғанда, егер текст оператордың ішінде болса, онда -
апострофқа, түсініктеме болса - фигуралық немесе жүлдызшалы жай жақшаларға
алынып жазылады.
Мысалы:
Writelh ('үшбұрыштың ауданы=')
{Операторлар бөлімі} (*Циклденесі*)

1.2 БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ

Turbo Pascal тіліндегі бағдарламалар бірнеше бір-бірімен байланысқан
бөлімдерден тұрады. Бөлімдер қатарлардан тұрады. Бір қатарға бірнеше
оператор жазуға болады. Бағдарламалаушы қатарларларды өзіне ыңғайлы етіп
тереді. Мысалы, біреулері қатарларды экранның сол жағынан бастап бірден
тере бастайды, ал екіншілері - экранның сол жағынан бірнеше позиция
қалдырып тереді. Егер бағдарламалық текст онша үлкен болмаса, онда бір
қатарға бір оператордан және бағдарлама бөлімдерінің арасына бос қатар
тастап терген жөн, сонда бағдарламаның қателері де тез жөнделеді және
бағдарламаны басқалар тез түсініп оқиды. Бағдарламалық текст келесі
бөлімдерден тұруы мүмкін:
1. Бағдарлама тақырыбы (Program );
2. Пайдаланушылар модульдерін көрсету бөлімі (Uses );
3. Таңбалар(белгілер)бөлімі(Label );
4. Тұрақтылар бөлімі(Const);
5. Типтер бөлімі(Type);
6. Айнымалылар бөлімі(Var);
7. Процедуралар мен функциялар бөлімi (Prosedure, Function);
8. Операторлар бөлімі(Begin, End);
9. Түсініктемелер.
Бағдарламаға операторлар бөлімінен басқа бөлімдер қажеттілігіне қарай
енгізіледі. Мысалы бағдарламада ешқандай айнымалылар мен тұрақтылар
болмаса, онда тек қана операторлар бөлімін жазса жеткілікті. Мысалы:

BEGIN

Writeln (' Өрнектің мәні=');
Writeln(15-COS(15));

END.

Бағдарлама тақырыбы PROGRAM қызметші сөзінен, идентификаторлармен
белгіленетін бағдарлама атынан тұрады. Бағдарлама тақырыбынан кейін үтірлі
нүкте қойылады ( ; ).
Бағдарлама тақырыбын көрсетпесе де болады, бірақ бір мезгілде бірнеше
бағдарлама жазған кезде, басқа бағдарламалардан ажырату үшін бағдарламаға
ат қойып, Бағдарлама тақырыбын көрсетіп кеткен дұрыс болады. Мысалы:
PROGRAM Graph _1;
...
PROGRAM Graph _2;
...
Егер бағдарламада басқа модульдердің (СRТ, GRAPH т.б.) функциялары
қолданылса, онда бағдарлама тақырыбынан кейін сол модульді көрсету керек.
Мысалы:
PROGRAM Graph_3;
USES Crt, Graph, Printer;
Таңбалар бөлімі LABEL қызметші сөзінен басталады, одан кейін
бағдарламада қолданылатын таңбалардың тізімі үтір арқылы жазылады, тізімнің
соңында нүктелі үтір қойылады. Таңба белгісі ретінде бүтін сандар немесе
идентификаторлар пайдаланылады. Таңба бағдарламада оператордың алдында
жазылып, одан қос нүкте арқылы бөлінеді. Мысалы:

LABEL 12,5,10,15,20, 30,40,50;

LABEL setl, set2, set3, set4, set5;
...
1:Y:=10+5*X;Goto50;
setl: Y:=20*X; Goto 50;
...
50: END.
Тұрақтылар бөлімінде тұрақтыларға сандық не символдық мәндер беріліп
сипатталады. Бұл бөлім CONST қызметші сөзінен басталып, әрбір идентификатор
тұрақты сандық немесе символдық мән қабылдайды да, олар бағдарламаның
орындалу барысында мәндерін өзгертпейді. Егер бағдарламада бірнеше тұрақты
шама болса, олар бір - бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады.
Мысалы:
CONST A='GOD'; PI=3.14; D=250;
Типтер бөлімі TYPE қызметші сөзінен басталып, әрі қарай
идентификаторлардың типі анықталады. Мысалы:
TYPE Mas = Array[ 1..5]Of Real;
mas - 5 нафы саннан тұратын массив
а=1..12;
а - 1-ден 12-ге дейінгі бүтін сандар жиыны
b=(‘a’ ... ‘ z’ );
b -латын алфавитінің әріптерінен тұратын жиын
Бағдарламада кездесетін барлық айнымалылар бөлімінде сипатталуы шарт.
Айнымалылар бөлімі VAR қызметші сөзіне басталып, онан кейін бағдарламада
кездесетін айнымалылар мен олардың типтері қос нүкте арқылы жазылады. Егер
бағдарламада типтері бірдей бірнеше айнымалы қолданылса, онда оларды VAR
бөлімінде үтір арқылы бір тізімге біріктіріп жазып сипаттайды. Мысалы:
VAR a, b, c: Longint; a, b, c - бүтінсандар
с: Сһаг; с - символдық шама
m, n: Array[1..7] Of Integer; m, n - элементтері бүтін
сан болатын массивке компьютердің жадынан 7 орын бөлінеді.
Процедуралар (PROSEDURE) мен функциялар (FUNCTION) бөліміне көмекші
бағдарлама жазылады. Көмекші бағдарлама деп өзінің аты бойынша шақырып
алуға болатын бағдарламаның дербес бөлігін айтады. Барлық процедуралар мен
функциялар негізгі бағдарламаның операторлар бөлімі алдында көрсетілуі
тиіс. Мысалы:
PROCEDURE SUM(M:Integer; VAR S:Integer);
Begin S:=0; For K:=l To M Do S:=S+K; End;
FUNCTION SUM(M: Integer): Integer;
Begin S:=0;
For K:=1 To M Do S:=S+K;
SUM:=S; End;
оларды бірнеше қатарға жазса да болады.
Бағдарламаның негізгі бөлігі болып табылатын операторлар бөліміне
бағдарламаны орындау үшін қолданылатын сөйлемдер (операторлар) жазылады.
Олар BEGIN (басы) және ЕND (соңы) қызметші сөздері аралығында жазылады,
кейде оларды арифметикалық жай жақшалармен салыстырып, операторлық жақшалар
деп те айтады. Арифметикалық өрнекте жақша қанша рет ашылса, сонша рет
жабылады. Сол сияқты бағдарламалық тексте қанша рет ВЕСІN ашық (операторлық
жақша) сөзі кездессе, сонша рет END (жaбық операторлық жақша) қызметші сөзі
болуы керек. Бұлардың арасында операторлар бір-бірінен нүктелі үтір арқылы
ажыратылып жазылады. END қызметші сөзінің алдындағы оператордан кейін
нүктелі үтір қоймаса да болады.
Операторлар бағдарламалық тексте қандай ретпен жазылса, бағдарлама
орындалғанда да сондай ретпен орындалады. Операторлар туралы басқа да
мәліметтерді келесі тараулардан білуге болады. Операторларды атқаратын
қызметтеріне қарай мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Меншіктеу операторы;
2. Енгізу - шығару операторлары;
3. Басқару операторлары;
4. Процедура мен функцияны анықтау операторлары.
Бағдарламаның мақсаты, идентификаторлардың мәні, кейбір қиын
бөліктерінің жазылуы мен қызметі басқаларға түсінікті болуы үшін
түсініктемелер қолданылады. Оларды бағдарламаның кез-келген жеріне
фигуралық {__} немесе жұлдызшалы жай жақшаларға (*__*) алып жазуға болады.
Бұл жақшаларды шектеулер деп те атайды. Шектеулердің ішіне жазылған
түсініктемелерді компилятор оқымайды, сондықтан олар бағдарламаның
орындалуына ешқандай әсерін тигізбейді. Шектеулермен кейде бағдарламаның
уақытша керек емес бөліктерін қоршап қойса да болады (кейін керек болған
жағдайда пернетақтадан қайта термеу үшін).
Түсініктемелерді жазу үшін пернетақтадан символдары(латын, орыс, қазақ
алфавиттерінің әріптері, цифрлар мен арнаулы символдар) пайдаланылады.
Бағдарламада түсініктемелердің жазылуына шек қойылмайды.

2. жазбалармен жұмыс

2.1 ЖАЗБА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Құрылымдық типтің біріне жататын жазбалар да массив сияқты басқа
типтерден құралады.
Турбо Паскальда мұндай әртүрлі типке жататын мәліметтерді біріктіретін
құрылымдық тип жазба деп аталады.
Жазба – бұл бұрыннан белгілі қарапайым, жай типтердің және басқада
типтердің көмегімен жасалатын құрылымдық тип.
Жазбаның құрылымын программаны құратын қолданушы өзі анықтайды.
Жазбада әртүрлі типке жататын мәліметтерді біріктіруге және сақтауға
болады.
Жазбамен жұмыс жасау төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
- Жазбаның құрылымын анықтау, бұл жазбаға енетін
мәліметтерді және олардың типтерін алдын ала белгілеп алуды білдіреді.
Жазбаға енетін мәліметтерді типтерін көрсете отырып және олардың
әрқайсысына бөлек атау (идентификатор) беріп жазуды жазбаның өрістерін
анықтау деп те айтады, мысалы, газет туралы мәліметті жазба түрінде
беру үшін, ол жазбаның құрылымын немесе сол жазба болатын өрістерді
анықтап алу керек.
Айталық, мұнда газеттің аты - string типті, шығабастаған жылы integer
типті, таралымы – integer типті, тілі - string типті және т.б. өзгерістер
болуы мүмкін;
- Жазбаны программада сипаттау үшін оның өзінің аты және
барлық өрістерінің атауы болуы керек және олар дұрыс идентификатор
болып табылады. Жазбаны типтер бөлімінде сипаттау келесі түрде
жазылады:
type
жазбаның аты = record
1-ші өрістің аты : типі;
2- ші өрістің аты : типі;
3- ші өрістің аты : типі;
... ... ...
n-ші өрістің аты : типі;
end;
Мысалы газет туралы мәлімет беретін жазбаның аты gazet, ал өрістің
сәйкесінше газеттің аты – ati, шыға бастаған жылы – gil, таралымы –
taralim, тілі – tili деп аталған болса онда ол:
type
gazet = record
ati: string;
gil: integer;
taralim: integer;
tili: string;
end;
түрінде жазылады.
Жазба программаның type типтерді сипаттау бөлімінде анықталатын болса,
онда мәндері жазба элементтері болатын айнымалы программаның var бөлімінде
сипатталады, мысалы:
type
gazet = record
ati: string;
gil: integer;
taralim: integer;
tili: string;
end;
var
g1, g2: gazet;
Сондай-ақ, жазбаны программаның var бөлімінде сипатталуға болады;
- Жазбаның санын анықтау. Жоғарыда аталған өрістер бір жазба үшін
ғана анықталады, ал енді осындай жазба түрінде анықталған
объектілердің саны берілуі керек.
Мысалы, топтағы барлық студент саны, газеттердің жалпы саны. Олар
көбінесе элементтері жазба типіне жататын массивтер түрінде беріледі.
Айталық, Ақтөбе қаласынан шығатын газеттердің жалпы саны 5 болатын болса,
онда оны akt gaz массиві түрінде былай жазылады:
var
Akt gaz : array [1..5] of Gazet;
- Жазбамен жұмыс істеу, бұл жазбаны енгізу немесе толтырудан,
өңдеуден немесе сұраныс жасаудан және нәтижені шығарудан тұрады.
Жазбаның тура өзімен немесе тұтас жазбамен жұмыс жасалмайды, жұмыс
оның өрістермен немесе элементтерімен жасалады. Жазбаның элементтерін
пайдалану үшін құрама ат қолданылады.
Бұл құрама аттың программада жазылуы: жазба типті, айнымалының аты,
өрістің аты.
Мысалы:
Akt gaz[3] . ati: = ‘Ақтөбе’, Akt gaz[3] . taralim: =5000 т.б.
Жазба типі саны белгіленген әр түрлі типті өрістерден немесе
компоненттерден тұрады. Жазба типін хабарлау әрбір өрістің типін көрсетеді
және өрістің атын білдіретін индентификаторды көрсетеді.
Жазба айнымалысының нақты өрісі жазба айнымалысына сілтеуден кейін
нүкте арқылы бөлініп көрсетілетін өріс белгіленуі арқылы белгіленеді.
Өрісті белгілеудің бірнеше мысалын келтірейік:
Today.Year
Results[1].count
Results[1].When.Month
Жазба белгіленген және нұсқалы бөліктерден тұрады. Жазба типінің
бекітілген бөлігі идентификаторы мен типі көрсетілетін бекітілген өрістер
тізбегінің тұрады. Әр өріс тек қана бір әдіспен іздеп табылатын
ақпараттардан тұрады.
Жазба типінің мысалын келтірейік:
Type
dateRec=Record
Year:integer;
Month:1..12;
Day: 1..31;
End;
Жазбаның нұсқалы бөлігінде жад бірден көп өрістер тізімі үшін
бөлінгендіктен, ақпаратқа қатынау бірден көп әдістермен түгел асырыла
алады. Өрістердің әрбір тізімі нұсқа болып табылады. Нұсқалар жадыда бір-
біріне қабаттастырылып қондырылғандықтан, кез келген уақытта барлық
нұсқадағы барлық өріске қатынау мүмкін болады.
Әр нұсқа кем дегенде бір тұрақтымен біркелкілендіріледі. Барлық
тұрақтылар бір-бірінен өзгеше болуы керек және нышан өрісі типімен сәйкес
болатын реттік типте болуы керек.
Нұсқалы және бекітілген өрістерге қатынау бірдей. Нұсқалы бөлікте
міндетті емес идентификаторды көрсетуге болады. Ол - өріс нышанының
идентификаторы. Өріс нышанының идентификаторы бар болған кезде, ол жазбаның
қосымша бекітілген өрісінің идентификаторы – нышан өрісі болады.
Дәл осы уақытта қандай нұсқа екпінді екенін көрсету үшін программа
нышан өрісінің мәнін пайдалана алады. Нышан өрісі көрсетілмесе программа
нұсқаны басқа критерий бойынша таңдайды.
Жазбаларға қолданылатын операторда жазба өрістеріне қысқаша қатынау
үшін With операторын пайдалану ыңғайлы.
With операторында жазба типіндегі бір немесе бірнеше нақты
айнымалыларға тек қана өріс идентификаторларын пайдаланып қатынауға болады.

With операторының синтаксисі келесідегідей:

With жазба типіндегі айнымалыға сілтеме Do оператор

With операторының мысалын келтірейік:
With Data do
If Month =12 then
Begin
Month :=1;
Year:=Year+1;
End
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрыдымдық типтер.жиындар
Бір өлшемді массивтер
SQL кестелеріндегі мәліметтердің модификациясы
Паскаль программалау тілінің мүмкіншіліктері
Turbo Pascal бағдарламалау тілі
Паскаль тіліндегі програманың құрлымы
Паскаль программалау тіліне жалпы түсінік
Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі
Паскаль тіліндегі жиын типті мәліметтер түсінігі
Паскаль-программалау тілі туралы ақпарат
Пәндер