Отбасын жоспарлау



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Отбасын жоспарлау
2.2 Отбасын жоспарлаудың әдістері.
2.3 Отбасын жоспарлау және контрацепция әдістері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Отбасын жоспарлау — біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Отбасын ұзақ жылдар бойы жоспарлау — бала тууды шектеу деген түсінікті береді. Бірақ, отбасын жоспарлау — баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Яғни, отбасылық жұп ұрпағын өсіру мен тәрбиелеу дайындығын есепке ала отырып, баланы өмірге әкелу мәселесіне саналы түрде қарауы. 19-35 жас аралығы — бала туу үшін оңтайлы жас. Егер жүктілік бұдан ерте немесе кеш болса, онда туудың күрделі болатыны дәлелденген. Жүктілік арасындағы үзіліс 2-2,5 жыл болғаны дұрыс, өйткені, әйелге келесі баласын өмірге әкелу үшін, өз денсаулығын және болашақ балаларының денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Контрацепцияның қазіргі заманғы жаңаша әдістері жыныстық қатынастың мейлінше үйлесімді болуын, қажетсіз уайымның және кездейсоқ жағдайдың алдын алады. Контрацепцияның қандай да бір әдісін қолдану туралы шешімді маманнан кеңес алған соң қабылдауға болады.
Жасанды түсін бала тууды жоспарлаудың қолайлы тәсілі емес, одан мүмкіндігінше бас тартқан жөн. Әсіресе, жасанды түсік жасату — әйел бедеулігінің бір себебі. Жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы кеселдер де еркек пен әйел бедеулігіне әкеліп соқтыратын жиі себепке жатады.
Жыныс мүшелерінің саулығын қадағалау өте маңызды, өйткені, бала сүю мүмкіндігіне шектеу қоятын көптеген аурулар бар. Бұндай ауруларды өз уақытында емдеген дұрыс. Сонымен қатар, мамандардан үнемі профилактикалық тексеруден өткен дұрыс.
Қазақстанда халық санының көбеюін қолдауға бағытталған демография саласында нақты мемлекеттік саясат жұмыс жасайды. Отбасын жоспарлау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар отбасыларға ата-аналық борышқа жауапкершілікпен қарап, баланың өмірге келуін асыға күтіп, әйел денсаулығын сақтау мен отбасылық қатынастардың нығая түсуіне мүмкіндік жасайды.
1. http://www.google.kz/
2. http://www.kostanay.gov.kz/kaz/struktura_vlasti/
3. http://alash.ucoz.org/news/otbasyn_zhosparlau/
4. http://y-peer.kz/kz/node/94
5. http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/794

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
Отбасын жоспарлау
Отбасын жоспарлаудың әдістері.
Отбасын жоспарлау және контрацепция әдістері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Отбасын жоспарлау — біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Отбасын ұзақ жылдар бойы жоспарлау — бала тууды шектеу деген түсінікті береді. Бірақ, отбасын жоспарлау — баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Яғни, отбасылық жұп ұрпағын өсіру мен тәрбиелеу дайындығын есепке ала отырып, баланы өмірге әкелу мәселесіне саналы түрде қарауы. 19-35 жас аралығы — бала туу үшін оңтайлы жас. Егер жүктілік бұдан ерте немесе кеш болса, онда туудың күрделі болатыны дәлелденген. Жүктілік арасындағы үзіліс 2-2,5 жыл болғаны дұрыс, өйткені, әйелге келесі баласын өмірге әкелу үшін, өз денсаулығын және болашақ балаларының денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Контрацепцияның қазіргі заманғы жаңаша әдістері жыныстық қатынастың мейлінше үйлесімді болуын, қажетсіз уайымның және кездейсоқ жағдайдың алдын алады. Контрацепцияның қандай да бір әдісін қолдану туралы шешімді маманнан кеңес алған соң қабылдауға болады.
Жасанды түсін бала тууды жоспарлаудың қолайлы тәсілі емес, одан мүмкіндігінше бас тартқан жөн. Әсіресе, жасанды түсік жасату — әйел бедеулігінің бір себебі. Жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы кеселдер де еркек пен әйел бедеулігіне әкеліп соқтыратын жиі себепке жатады.
Жыныс мүшелерінің саулығын қадағалау өте маңызды, өйткені, бала сүю мүмкіндігіне шектеу қоятын көптеген аурулар бар. Бұндай ауруларды өз уақытында емдеген дұрыс. Сонымен қатар, мамандардан үнемі профилактикалық тексеруден өткен дұрыс.
Қазақстанда халық санының көбеюін қолдауға бағытталған демография саласында нақты мемлекеттік саясат жұмыс жасайды. Отбасын жоспарлау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар отбасыларға ата-аналық борышқа жауапкершілікпен қарап, баланың өмірге келуін асыға күтіп, әйел денсаулығын сақтау мен отбасылық қатынастардың нығая түсуіне мүмкіндік жасайды.

2.1 Отбасын жоспарлау
Отбасын жоспарлау – бұл ерлі зайыптылардьң және жеке тұлғалардың қалаулы бала саны, туылу мepзiмi, олардьң жас аралықтарын тиімді жоспарлауға бағытталған саналы түрде қабылданған  ic-әрекеттері.
Отбасын жоспарлау жеке тұлғалар мен ерлі-зайыптылар қалауымен бала санына жету.
 Отбасын жоспарлау – жұптардың қабілетін ескере отырып болжап және қажет еткен бала санына жетуін қарастырады. Аталмыш жоспарлау қажетсіз жүктілікті болдырмауға; көптен аңсаған және дені сау балалардың тууына; әр жүктілік арасын реттеп отыруға; әйелдер денсаулығын сақтауға; ата -аналардың жасына қарай, баланың туу уақытын таңдауын бақылауға және отбасындағы балалар санын нақтылуаға; өмірлік жоспарын жүзеге асыруға; тұрмыс сапасын жақсартуға көмектеседі. Өзінің денсаулығын бағып, көптен күткен және дені сау бала тусын десе, әрбір адам мұны білуге тиіс.
Отбасын жоспарлау үйлесімді және қауіпсіз жыныстық өмір сүруге мүмкіншілік беретін сақтандыру әдісінің көмегіне жүгіне отырып жүзеге асырылады.
Сақтандырудың негізгі түрлері мен әдістері:
1. Бөгейтін – еркүйек (презерватив);
2. Гормоналдық – жиынтықтан тұратын ішетін сақтандыру құралдары;
3. Химиялық – спермицидтер (гелдер, қынаптық таблеткалар, балауыздар);
4. Жатыр ішінің сақтандыру құралдары – жатыр ішінің шиыршығы (спиралі);
5. Хирургиялық – жатыр түтігін байлап тастау, тамыр кесіп алу (қайта қалпына келмейтін әдіс);
6. Табиғи сақтандыру әдісі – күнтізбелік, лактациялық етеккірсіздендіру әдісі.
Балаларды туу үшін қолайлы жас 20 мен 30 жас аралығы.Туу аралығының ұзақтығы кем дегенде 2- 2,5 жас болуы керек, бұл әйелдің келесі туғанына дейін күш жинауына мүмкіншілік береді, өзінің және келекшектегі туатын балаларының денсаулығын сақтайды. Сақтандыру әдісін таңдау оңай шаруа емес, оны дәрігермен біріге кеңесе отырып шешкен дұрыс.Түсіктің қандай түрі болмасын – бұл үлкен қауіп, келешекте әйел бала туа алмауы мүмкін.
Жыл сайын Шахтинск қаласында 1200 әйел жүкті болады, соның ішінде 700-730 әйел босанады – 60 пайызы бақытты ана болады. Алған қалған 40 пайызы түсік жасатады, соның ішінде 30- 35 пайызы туғысы келетін әйелдер, бірақ оларда қандай да бір себептермен түсік тастайды – бұл үзілген үміт пен арман, өйткені 90 пайыз әйел ойланбай жүкті болады. Жүкті болып отбасына бақыт әкелу үшін, оны 3-4 ай бұрын жоспарлау керек. Сол үшін салуатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болу; өзінің денсаулық жағдайын нақтылау үшін, гинеколог дәрігерге көріну; жыныстық жолдар арқылы жұғатын ауруларға қарсы тексерілу;

Отбасын  жоспарлаудың  кажеті:
қалаулы  денісау баланы туу ушін;
әйелдердің денсаулығын сақтау үшін;
отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін;
өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін;
өмip сүру сапасын жақсарту  үшiн.
 
2.2 Отбасын жоспарлаудьң  әдістері.
Контрацепция түpлepi, көpcетілімдері  мен қарсы көрсетілімдері, асқынулары
Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл:
Ішілетін  құрама контрацептивтер.
Инъекцияльқ контрацептивтер.
Имплантанттар (норпланта).
Әйелдердің стерилизациясы.
Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы).
Презервативтер.
Жатырішілік заттар.
Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы).
Отбасын жоспарлаудьң табиғи  әдісі  (физиологиялық  әдіс).
Лактациялық аменорея әдісі  (ЛАӘ).
 Ішілетін құрама контрацептивтер (ІҚК) - тиiмдi, қайтымды контрацепция  әдісі.  Әйелдер препараттарды кез келген жасында қолдана алады.  ІҚК етеккір айналымын реттейді, етеккірдің ауырсынуын және созылуын азайтады. Емшек емізетін аналарға ұсынылмайды, өйткені емшек сүті азайып кетуі мүмкін. Жатырдан тыс жүкті болудың, аналық бездегі кистаның, аналық бездегі қатерлі ісіктің, сүт бездерінің қатерсіз iciктepінің  даму қауіп-қатерін азайтады.
Инъекциялық контрацептивтер –ұзақ мерзімді, қайтымды және қaуіпсіз құрал. Құпиялылықты толық  қамтамасыз етеді. Емізетін әйелдер босанғаннан кейін 6 аптадан соң қолдана алады. Инъекцияны әр 3 ай сайын жасап тұру керек.
Имплантанттар (норпланта) - әйелдердің иығының жоғарғы жағына енгізілетін 6 капсула жиынтығынан тұрады. Қайтымды әдіс кезінде жүкті болудан сақтану мepзімі ұзақ (5 жыл). Жүкті болу қабілеті капсуланы алған мезеттен қалпына келеді.
 Әйелдердің стерилизациясы - әйелдерге арналған отбасын
жоспарлаудың хирургиялық және қайтымсыз әдіci.
 Презервативтер - АИВЖИТС қоса алғанда, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан, жүктіліктен қорғайды. Жыныстық серіктерде қанағаттанбаушылық ceзімі болуы мүмкін.
Жатырішілік зат (ЖЗ) - босанғаннан кейін орнатылуын, алынуын арнайы дайындалған медициналық кызметкер жүргізеді, емшекпен емізуге әсер етпейді, жатыр қуысында 5-10 жыл тұра алады, сонан соң, ауыстырған жөн.
Қынаптық әдістер - диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы, спермицидтер, әйелдер бақылай алатын контрацепциялық әдіс, керек уақытында ғана қолданылады. Қауіпсіз әдіс. Кейбір жыныс жолымен жұғатын инфекцияларды жұқтыру қаупінен сақтайді.
 Отбасын жоспарлаудың табиғи әдістері - бұл контрацепция әдісі ceнімсіз келеді және оны етеккір айналымы тұрақты әйелдер қолдана алады. Денсаулыққа зиянсыз және қаражат қажет етпейді.
Лактациялық аменорея әдici (ЛАӘ)-тек қана емізетін аналар бала туылғаннан бастап 6 айға дейін қолдана алады.
Контрацепция үйлесімді әpi қayiпciз жыныстық қатынаспен өмip сүруге және өз денсаулығыңды күтуге мүмкіндік береді. Контрацепция денсаулыққа зиян келтіретін, физикалық және эмоционалдық жарақат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық тәрбиенің негізгі бөлімдері
Нәпсілік қатынас және денсаулық
Инфекциялық және жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар
Отбасылық дәрігерлік амбулатория туралы ереже
РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАР
РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Патронаттық отбасындағы тәрбиеленушілерді әлеуметтік және психологиялықпедагогикалық қолдау модельдері
Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы
Қазақстан Республикасында түсіктің алдын алу мәселелері
Отбасын жоспарлау мәселелері туралы кеңес берудің негізгі принциптері
Пәндер