Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.Оқушыларға табиғат көріністерін бейнелеу арқылы эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1 Оқушыларға табиғат көріністері арқылы эстетикалық тәрбие берудегі бейнелеу өнерінің алатынорны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Қазақстан суретшілерінің шығармаларын таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық мәдениетін дамыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... .

ІІ.Бейнелеу өнерін оқытуда оқушыларды табиғат көрінісін бейнелеуге үйретудің тиімді әдістемесі
2.1 Оқушыларды бейнелеу өнерін оқытуда табиғат көріністерін бейнелеуге үйретудің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Орта сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазіргі кезде эстетикалық тәрбие беру жеке адамның жан-жақты даму мәселесіне тығыз байланысты қарастырылады.
Қазақстан бейнелеу өнерінің көп ұлтты еліміздің мәдениетінің бір бөлігі ретінде тәрбиелік және білімділік маңызы арта түсуде. Қазақ бейнелеу өнері шығармаларын бейнелеу өнері сабақтарында қолдану көркемдік білім берудің маңызды бөлігі болып табылады.
Бейнелеу өнерін оқыту саласында көркемдік білім негіздерін оқушыларға меңгерту мәселесі әдістемелік тұрғыдан қарағанда әлі толық шешіліп болған жоқ. Бұл әсіресе бейнелеу өнерінің заңдылықтары мен бейнелеу ережелерін оқушыларға меңгертуге тікелей қатысты.
МАК мүшелерінің назарына ұсынылып отырған менің осы дипломдық жұмысымды орындау барысында «Табиғат көрінісін бейнелеуге үйретудің тиімді әдістемесі» – тақырыбы бойынша көптеген отандық, ресейлік және шетелдік педагогтардың әдістемелік еңбектерімен жақын танысып, өз білімім деңгейінде олардың еңбектерін жан-жақты талдап, зерттеп қорытынды жасап отырдым. Осы мәселе бойынша олардың қым-қиғаш, біріне бірі мүлде қарама-қарсы пікірлерімен таныса келе, қандай да бір пәннің оқыту әдістемесі дегеніміз қатып қалған қағида (догма) емес, керісінше ол мұғалімнен бұл мәселе бойынша барынша шығармашыл болуын талап ететінін түйдім. Белгілі суретші-педагогтардың әдістемелік еңбектерімен таныса отырып, және өзімнің пайымдауларым негізінде тақырыпқа сай әдістеме жасауға тырыстым.
Қазақстанның егемендік алуы мен қазақ елінің білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі, жас ұрпақты қазақ халқының мәдени мұраларының озық үлгілері негізінде тәрбиеленуді қазіргі мектептегі маңызды бағыт ретінде анықтады. Еліміздің жас ұрпаѓын халқымыздың рухани құндылықтарымен таныстыру, қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік қажеттілігінен туындауда. Халқымыздың рухани құндылықтарының бірі – қазақ бейнелеу өнері мен халықтық сәндік қолданбалы өнері болып табылады.
1. Әмірғазин Қ. «Қазақ қол өнері». Алматы. ТОО «Дайк-Пресс» 1996.
2. Ү.Әжиев. Алматы «Өнер». 1984.
3. Ә.Қастеев. Алматы «Жалын». 1978.
4. С.Мұқтарұлы. Шоқан және өнер. Алматы 1985.
5. Мекішев Б. Әлемнің жеті кереметі. Алматы 1982.
6. Ағапов П., Қыдырбаев М. Сокровища древнего Казахстана. Алматы 1973.
7. И.Долгополов. Мастера и шедевры. Москва «Изобритательное искусство» 1987.
8. В.А.Леняшин. Портретная живопись. Ленинград «Художник» 1986.
9. Школа изобритательной искусства. Москва «Изобритательное искусство» 1988.
10. Киплик Д.И. Техника живописи. Москва «Искусство» 1950.
11. Иогонсон Б.В. О живописи. Москва «Искусство» 1960.
12. Анисимов Б. Г. Основы рисования. Учебное пособие для студентов. М., Стройиздат. 1977.
13. Беде Г. В. Основы изобразительной грамоты. Рисунок, живопись, композиция. М., Просвещение. 1981.
14. Ералин К. Е. Формирование пространственных представлений у учащихся. М., МГПИ им. Ленина. 1985.
15. Ералин К. Е. Моделирование педагогической деятельности учителя изоискусства. М., Прометей. 1991.
16. Кузин В. С. Основы обучения изобразительному искусству в общеобразавательной школе. Пособие для учителей. М., Просвещение. 1977.
17. Ералин Қ. Кеңістік көріністерін бейнелеу. Түркістан, Тұран, 2006.
18. Ұзақбаева С. А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. А., Білім. 1990.
19. Кан Х. И. Тақырыптық сурет салу жайлы. Қазақстан мектебі. 1972 ж. №11, 66-69 бет
20. Балкенов Ж. Бейнелеу өнерінің эстетикалық тәрбие берудегі маңызы. Қазақстан мектебі. 1977 ж. №9, 78-81 бет.
21. Бейсенбеков Ж. Қазақстан бейнелеу өнерінің білімдік-тәрбиелік мүмкіндіктері. Оқу құралы. Шымкент, «Нұрлы бейне». 2006 ж.
22. Болатбаев Қ. Көкжиек және кеңістік. А., «Алматы баспа үйі», 2008ж.
23. Аманжолов С. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы. Оқу құралы. Астана ЕҰУ, 2006ж.
24. Горяева Н. А. Первые шаги в мире искусства. Книга для учителя. М., Просвещение. 1991.
25. Загрибельная – Раупова Н. Учебно-методическое пособие по изобразительному искусству. Алматы. Өнер. 1997.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Сартбаев Данияр Мұратбайұлы

Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері

5В010700- Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алу үшін дайындалған дипломдық жұмыс

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2016жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Бейнелеу өнері

кафедрасының меңгерушісі

п.ғ.к., доцент

___________ Е.Б.Ауелбеков

_______________20___ ж.

Дипломдық жұмыс

Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері

5В010700- Бейнелеу өнері және сызу

Студент ________________________ Сартбаев Д.М.

Ғылыми жетекші,

п.ғ.д., профессор ____________________ Е.Қ.Ералин

Түркістан 2016ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. Оқушыларға табиғат көріністерін бейнелеу арқылы эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1 Оқушыларға табиғат көріністері арқылы эстетикалық тәрбие берудегі бейнелеу өнерінің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Қазақстан суретшілерінің шығармаларын таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық мәдениетін дамыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... .

ІІ. Бейнелеу өнерін оқытуда оқушыларды табиғат көрінісін бейнелеуге үйретудің тиімді әдістемесі
2.1 Оқушыларды бейнелеу өнерін оқытуда табиғат көріністерін бейнелеуге үйретудің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Орта сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде эстетикалық тәрбие беру жеке адамның жан-жақты даму мәселесіне тығыз байланысты қарастырылады.
Қазақстан бейнелеу өнерінің көп ұлтты еліміздің мәдениетінің бір бөлігі ретінде тәрбиелік және білімділік маңызы арта түсуде. Қазақ бейнелеу өнері шығармаларын бейнелеу өнері сабақтарында қолдану көркемдік білім берудің маңызды бөлігі болып табылады.
Бейнелеу өнерін оқыту саласында көркемдік білім негіздерін оқушыларға меңгерту мәселесі әдістемелік тұрғыдан қарағанда әлі толық шешіліп болған жоқ. Бұл әсіресе бейнелеу өнерінің заңдылықтары мен бейнелеу ережелерін оқушыларға меңгертуге тікелей қатысты.
МАК мүшелерінің назарына ұсынылып отырған менің осы дипломдық жұмысымды орындау барысында Табиғат көрінісін бейнелеуге үйретудің тиімді әдістемесі – тақырыбы бойынша көптеген отандық, ресейлік және шетелдік педагогтардың әдістемелік еңбектерімен жақын танысып, өз білімім деңгейінде олардың еңбектерін жан-жақты талдап, зерттеп қорытынды жасап отырдым. Осы мәселе бойынша олардың қым-қиғаш, біріне бірі мүлде қарама-қарсы пікірлерімен таныса келе, қандай да бір пәннің оқыту әдістемесі дегеніміз қатып қалған қағида (догма) емес, керісінше ол мұғалімнен бұл мәселе бойынша барынша шығармашыл болуын талап ететінін түйдім. Белгілі суретші-педагогтардың әдістемелік еңбектерімен таныса отырып, және өзімнің пайымдауларым негізінде тақырыпқа сай әдістеме жасауға тырыстым.
Қазақстанның егемендік алуы мен қазақ елінің білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі, жас ұрпақты қазақ халқының мәдени мұраларының озық үлгілері негізінде тәрбиеленуді қазіргі мектептегі маңызды бағыт ретінде анықтады. Еліміздің жас ұрпаѓын халқымыздың рухани құндылықтарымен таныстыру, қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік қажеттілігінен туындауда. Халқымыздың рухани құндылықтарының бірі – қазақ бейнелеу өнері мен халықтық сәндік қолданбалы өнері болып табылады.
Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеттері:
Азаматтық пен ұлтжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекет рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және Отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда қазақ халқының бейнелеу өнерін жинақтап зерттеудің, оның айналасындағы тәлім-тєрбиесі мен мол тәжірибесі негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Сондай мүмкіндіктердің бірі – қазақ бейнелеу өнерін жас ұрпақтың көркемдік білім беруі мен эстетикалық тәрбие беру ісінде қолдану.
Қазақ бейнелеу өнері барлық түрлері мен жанрлары дамыған, озық туындылары өз елімізде ғана емес, шет елдерде де кеңінен танымал. Қазақ бейнелеу өнерінің озық туындылары әлемнің барлық елдерінде халықаралық көрмелерге қойылып, халыққа таныстырылған.
Қазақ бейнелеу өнерінің шеберлері Халық суретшілері Ә.Қастеевтің, Қ.Телжановтың, М.Кенбаевтің, Х.Наурызбаевтың, С.Мәмбеевтің, Н.Нұрмұхамбетовтың, А.Ғалымбаеваның, Г.Исмаилованың, Е.Сидоркиннің, Е.Шаяхметовтың картиналары алыс шетелдердегі көрмелерге қойылып, Санкт-Петербург, Мәскеу, Омбы, Қазан, Ташкент, Алматы, Астана қалаларының мұражайларында сақталуда. Мүсіншілер Х.Наурызбаевтың, Т.Досмағанбетовтың, Е.Мергеновтің, Р.Ахметовтың, Е.Сергебаевтың, Б.Төленовтің жасаған мүсіндері Қазақстанның қалаларына көрік беріп, халықтыњ рухани құндылығына айналып, әлемдік талғамын тәрбиелеуге қызмет етуде.
Қазақ бейнелеу өнері қоғамдық сананың бір формасы, ол халық өмірінің бір бөлігі ретінде халықтық дүниетанымын, қоршаған ортаға деген қатынасын, қоғаммен қарым-қатынасын білдіреді. Бейнелеу өнері тәрбие мүмкіндігі ретінде адам сезіміне эмоциялық әсер етіп, жағымды ықпал көрсетеді. Ол адамның адамгершілік озық саналарының, эстетикалық сезімнің дамуына және тәрбие алуына жәрдемін тигізеді.
Қазақ бейнелеу өнерінің көркемдік білім мен тәрбие берудегі мүмкіндіктері мол, бірақ ол әлі толық зерттеліп болған жоқ, сондықтан бұл мәселе кешенді зерттеуді қажет етеді. Бұл ұсынылып отырған еңбек қазақ бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің мақсат-міндеттерін, мазмұны мен формаларын, әдіс-тәсілдерін ашып көрсетуге арналған алғашқы ізденістерінің нәтижесі.

І. Оқушыларға табиғат көріністерін бейнелеу арқылы эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1 Оқушыларға табиғат көріністері арқылы эстетикалық тәрбие берудегі бейнелеу өнерінің алатын орны.

Қазіргі таңда бастауыш мектепте оқыту барысындағы мәселелердің бірі-оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан оқушылардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.
Мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Мұғалім эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.
Оқушы өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.
Оқушылардың көркем білімге талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып, бойын сергітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда бастауыш мектепте оқытылатын бейнелеу өнері пәні зор роль атқарады. Ол дүниені түсініп, көрген-білгендерін, алған ұғымын көркем образ арқылы бейнелеуге үйретеді. Төменгі сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің табысты болуы мұғалімдердің көркем талғам мен білімді игерту әдіс-тәсілдеріне байланысты. Қазіргі кезеңде бастауыш мектепте мұғалімдер эстетикалық тәрбиені халқымыздың озық, дәстүрлерін ескере отырып жүргізгендері жөн.
Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабағының алатын орны зор екендігі белгілі. Себебі бастауыш мектеп кезеңінде баланың эстетикалық мәдениетінің негіздері қолданылады.
Балаларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады. Ол үшін біздің зерттеу жұмысымызда төмендегідей міндеттенр қарастырылады:
• бейнелеу өнер пәні арқылы оқушыларды әдемілікке әсемдікке деген сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу;
• бейнелеу өнері пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын анықтау;
• бастауыш мектеп кезеңінде эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру деңгейін анықтау;
• оқушылардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен ұщтасуына көмектесу;
• бейнелеу өнері пәні бойынша бастауыш мектеп оқытушылары эстетикалық тәрбиелеу жолдарын анықтау;
Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беруде оқушылармен бірлесе отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну, байқай білу қабіліетін дамыту үшін көптеген ұжымдық жұмыстар жүргізілсе, сабақ барысында ойындар мен көрнекіліктер (Түстерді ажырат, Кім алғыр, Үйлестіре біл, т.б.ойындар)тиімді қолданылса, оқушылардың табиғат сұлулығын, көркем өнер шығармаларын эстетикалық мәнде қабылдаулары күшейіп, сабақ сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Сапалы сабақтарды жүргізу нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық танымы, білімі, талғамы артып қана қоймай, олардың әрбір жұмысы шығармашылықпен ұштасып отырады.
Эстетикалық тәрбие біздің байқауымызда дүние жүзілік және ұлттық мәдениет салалары негізінде көркемділікке, әсемділікке, сезімталдыққа баулу жүйелерін қамтиды. Әрине бұл өте ауқымды процесс. Ол жан-жақты зерттеуді, оны жүйелі түрде меңгеруді талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізде бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін қарастырып отырмыз.
Эстетикалық тәрбие мәселелері көптеген ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қамтылған. Оның жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы, эстекикалық тәрбие беру мәселелері В.В.Алексеева, А.В.Бакушинский, Г.В.Лабунская, Н.П.Сакулина, Б.П.Юсов, еңбектерінде қарастырылған халқымыздың ұлттық мәдени мұралары, қол өнері, сәндік өнертүрлерінің маңызы туралы Республика ғалымдары Б.Қазыханов, А.Қасымова, Ә.Тәжімұратов ғылыми еңбектерінде нақты көрсетілген.
Эстетикалық имандылық, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрлерін пайдалану Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж.Наурызбаев, С.Қасиманов еңбектерінде көрсетілген.
Кейінгі кездері бейнелеу өнері пәні құралдары арқылы эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеу С.Аманжолов, Ш.Әлібеков, Б.Әлмуханбетов, Б.Байжігітов, Ж.Балкенов М.Жанаев еңбектерінде орын алып жүр. Көптеген еңбектерде эстетикалық тәрбиенің мәні мен мазмұны қамтылып, оның тәрбиелеу жолдары әдіс-тәсілдері нақты көрсетілмейді. Сондықтан біз эстетикалық тәрбие беру мәселелерін жан-жақты қарастыруымыз қажет.
Сонымен бастауыш мектепте оқыту барысында кезек күттірмейтін мәселенің бірі; көркем эстетикалық тәрбие, яғни оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру; екіншіден, әр баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, қиял – сезімін шарықтату болып табылады.
Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызды бөлігі көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі мәселелер туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі айқын ойлап, терең сезіне білуі тиіс.
Оқушы эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін тәрбиені өте ерте, баланың жас кезінен бастау керек. Өйткені, балалық сезім – саналы өмірдің негізі. Бұдан саналы өмір негіздерін қалауда қандай да берік сенімді тірек қажет болатыны түсінікті.
Қалай болмасын әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілмеуімізге ықпал етеді, жеке бастау және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Бастауыш мектеп балаларының талғампаз болуы жазушы, ақын, суретші, композиторлардың еңбектерін, ондағы сұлулықтарды түсінуі олардың рухани азығын молықтырады, адам баласы жасаған мәдени мұралармен таныстырып, соны терең түсінуге тәрбиелейді.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – бұл-әсемдік, сұлулық, пәктік қасиеттер музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы оқушылардың көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу.
Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік – қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі. Көркем өнер туындыларын түсініп сезіну, оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер тілін меңгеру барлығы оқушылар эстетикалық талғамын дамытады.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру бейнелеу өнері сабақтары түрлерінде іске асырылады.
Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі – табиғат. Ол эстетикалық сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік заңдылықтары әртүрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді.
Табиғатқа топ серуен жасаған кезде балалардың оның сұлулығын эстетикалық тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпеліс, сүйсіну сезімі туады, ойы мен қиялы дамиды. Жаратылыстың сұлу заттары бала жанында сұлулық сезімдерін оятады.
Үлбіреген түрлі түсті гүл, көк –жасыл орман – тоғай, сылдыраған су, шексіз – түпсіз көк теңіз, түрлі шөптермен, толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан асқар тау, сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың сұлу көріністері, жанды билеп әкететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу суреттер әсері баланың жанында бір сұлулық толқынын оятып тұрғызбай қоймайды.
Егер оқушылар табиғатты қорғауға атсалысатын болса, табиғаттың эстетикалық ықпалы да айтарлықтай арта түседі.
Міне, сондықтан да балардың табиғатты қорғау әрекеттеріне (күнделік жүргізуде, табиғат бұрышында, мектептің оқу –тәжірбие алаңында, табиғатта, үйде, жануарларды қорғауда, мектеп ауласын көгалдандыруда) эстетикалық бағыт беру керек.
Табиғатқа, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты тәрбиелеу үшін дүнижүзілік және ұлттық көркем туындылар (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің т.б.) мысалдарын, үлгілерін көрнекі қолдану қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларын табиғатқа серуендеуге шығарғанда, оларға әр қилы тапсырмалар орындатуға болады: заттың өзіне қарап суреттер салып, ұнаған жерлерді суретке түсіру.
Табиғат – біздің өміріміздің сәні. Ол бізді мол шаттыққа кеңелтеді. Кең байтақ далаға, айнадай жарқыраған су айдынына, ұлы тауларға қарап, сүйсіне ләззат аламыз. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сондықтан да оқушылардың эстетикалық танымын қалыптастыруда қоршаған ортаның әсері мол.
Оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін сабақ барысында табиғат көріністерінің сұлулығы жырланған шығармалардан (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің) көбірек пайдаланған тиімді. Мысалы, С.Сейфуллиннің Көкшетау поэмасы, Абайдың табиғатты суреттеуі, Ілияс Жансүгіровтың Жетісуды суреттеуі т.б.
Негізінде эстетикалық тәрбие экологиялық тәрбиемен тығыз байланысты, өйткені экологиялық тәрбиенің де басты бағыты жас ұрпаққа табиғатпен қатынаста жоғары мәдениеттілікті, қоршаған ортаға деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Төменгі сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиеге баулу туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады, оқушыларды суретке, қиып жапсыруға баулу, түстердің, сызықтардың тамаша келісті үйлесімділігін таңдай білу қабілетін дамытуға жәрдемдеседі.
Өмірді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан –жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Өнер біздің қоғамда адамдардың, әсіресе оқушыларды рухани, эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құрал болып табылады. Оқушыларды көркемөнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді.
Қазақ халқы ерте заманнан – ақ сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талдай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде шеберліктің небір сан –саласын, асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған.
Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе, бастауыш мектепте бейнелеу өнері жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулап тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер қояды. Сурет салуды сүю -өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол мектеп оқушысының ақылын, ойын, парасатын, өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
Халық шеберлері ою - өрнек салу тәсілін белгілі – бір ізбен қалыптастыруда өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою-өрнектердің композицисына, әшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты бейімдеп түрлендіріп отырады. Демек ою -өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде орындалады. Осы халық қолөнерінен туған бұйымдарды көрмелер мен мұражайларға сақтап қана қоймай, оны күнделікті сабақ барысында кеңінен қолдануы қажет.
Бейнелеу өнері –ерте заманда пайда болып, барлық дәуірде өмір сүрген. Ол бірнеше түрге бөлінеді: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік қолданбалы өнер.
Сурет салуды үйрету әдістемесінде натюрморт кез–келген ыдыс–аяқтан немесе басқа да затттардан құралады.
Бір жағынан натюрморт қозғалмайды. Сол себептен натюрмортты асықпай отырып қолдың икемділігін жаттықтыруға, түсініп, сызуға және де сурет техникасын жете меңгеруге таптырмайтын құрылым болып табылады. Ал, жануарларды салу, енді сурет салып, үйреніп келе жатқан оқушыға қиынға соғады. Өйткені олар натюрморт сияқты өлі зат емес, үнемі қозғалыста болады.
Бейнелеу өнері сабағында тапсырманы түсіндірген кезде бейнеленіп отырған объектінің эстетикалық мазмұнының нақты ашылуының маңызы зор. Оның үстіне құбылыстағы, заттағы нақты әсемдікті педагог асқан сезіммен, әсерлі түрде әңгімелеп беруі тиіс. Егер мұғалім сурет салу үшін қойылым, ретінде ашық түстерге боялған заттарды қойып, оларға әдеттегі, біркелкі дауыспен талдау жасаса және қойылымның ашық жарқындығын, әсемдігін, бірегейлікпен білдіретін сөздерді таба алмаса, онда балалардың сезіміне қозғау салмайды, олар бейнеленіп отырған затқа және өз жұмысына аса ынта қоймайды.
Қорыта келгенде бейнелеу өнері сабағында оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде халық дәстүрлерін, ұлттық өнердің түрлерін көбірек пайдалану қажет. Себебі бастауыш мектеп жасындағы балаларды халқымыздың өнері, ұлтық ойындар және халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі қызықтырады. Бейнелну өнері пәні сабығында эстетикалық талғамды қалыптастырып, негізі мынадай іс - әрекеттерге тоқталу қажет. Жаңа сабақты түсіндіру барысында көрнекіліктерді түрлендіре отырып, сұрақ – жауап, әңімелесу әдістерін қолдану. Сабақты ұлттық әдет – ғұрыптар мысалдарымен түрлендіріп жүргізу.

1.2 Қазақстан суретшілерінің шығармаларын таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық мәдениетін дамыту ерекшеліктері
Бейнелеу өнері бойынша мұғалім әңгіме сабақтарда бейнелеу өнері шеберлерінің өнерімен, шығармашылығымен және олардың таңдаулы шығармаларымен таныстырады, туындыларының көркемдік ерекшелігін түсіне білуге үйретеді. Бұл оқушылардың білім дәрежесін көтеріп, бейнелеу өнері ұғымдарын арттыра түспек. Мұндайда бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының бір-бірімен айырмашылығын, өзара байланысын ұғындырудың өзіндік маңызы бар. Осыған орай, үшінші сыныптағы бейнелеу өнеріне арналған әңгіме сабақтардың біреуімен таныстырайық.
Бұл сабақта бейнелеу өнері көркем өнердің қай саласына жататынын, туындының қандай жанр бойынша орындалғанын сөз етеміз. Сабақта қолданатын әдісіміз: бейнелеу өнері туралы әңгімелеу. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы нақты мысалдар келтіре отырып, бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдарын түсіндіру. Оқушылардың бойына бейнелеу және оны түсіну дағдыларын қалыптастыру – сабақтың негізгі мақсаты болып табылады. Проекциялық фонарь, экран көрсеткіш, шығармалардың түрлі-түсті репродукциялары сабақта кең түрде қолданылады.
Көркем өнер – мақсатына, орындау техникасына байланысты музыка, бейнелеу өнері, театр, кино, қолданбалы өнер болып бірнеше салаға бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өмір шындығын өз мүмкіндіктерінше әсерлі етіп жеткізуді мақсат етіп көздейді. Мысалы, музыка өмір шындығын дыбыс, көркем әдебиеттік, бейнелеу-сызық, нүкте, бояулармен, кескіндеу арқылы әсер қалдырады. Театр мен кино бірнеше өнер түрлерінің (мәдениет, музыка, бейнелеу өнерінің) жиынтығынан жасалады. Ал қолданбалы өнер тұрмыс заттарын безендіреді. Көркем өнердің бір түрі – сәулетшілік өнері. Онда үйдің архитектуралық құрылысы мен әсемдігі көрсетіледі.
Өнердің әрбір саласы бірнеше түрлерге, түрлері жанрларға бөлінеді. Сондай-ақ бейнелеу өнеріне: кескіндеме, графика, мүсін және сәндік қолданбалы өнер жатады. Олар: тарихи, тұрмыстық, батальдық (соғыс), пейзаж және натюрморт жанрларына бөлінеді. әрбір жанрдың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірақ бейнелеу өнерінің барлық түрлері мен жанрлары өмір шындығын шынайы бейнелеуді мақсат етеді. Осындай бағытпен толық түсінік берген соң жеке шығармаларға тоқталып оларды талдап түсіндіреміз. Бұл кезеңде сурет көрінісінің идеялық мазмұны және көркемдік ерекшелігімен қатар ол қайсы жанрға жазылған туынды екендігіне, бейнелеу өнерінің қайсы түріне жататындығына оқушылардың назары аударылады.
Сабақта қазақ суретшілерімен қатар басқа ұлттардың да өнер шеберлерінің шығармаларымен аралас қолдану артық етпейді.
Қазақ суретшісі Ж.Шарденовтің Алтын күз атты шығармасын табиғат көріністерін бейнелейтіндіктен пейзаж деп атаймыз. Суретші туған жердің әсем көріністеріне деген өз ойын, сүйіспеншілігін көрерменге сурет көріністері арқылы жеткізген. Шығарма оқушының патриоттық сезімін оятады. Отанымыздың табиғат байлығын көрсетеді. Пейзаждық шығарма жыл мезгілі, уақыт кезеңдері, ауа райының жағдайы т.б. табиғат құбылыстары бейнеленеді.
Бұл шығарма майлы бояумен жазылған. Нұсқа бейнесі өмірдегі көрінісіндей етіп, майлы бояулармен жазылса, мұндай сурет көріністерін кескіндеме шығармалары деп атаймыз.
Сурет көрінісінде қазақ жерінің табиғаты бейнеленген. Күзгі күн. Тынық өзен жағасына өскен ақ қайыңдар, ағаш жапырақтары сарғыш түске айналған. Күзгі табиғаттың тыныштық қалпын суретші өмірдегі көрінісіндей етіп бейнелейді. ¤мірде табиғаттың мұндай сұлу көріністері сан мыңдап кездеседі. Суретші бұл шығармада қазақ жерінің ерекшелігін көрсете отырып, табиғаттың жаңа бір образын жасаған. Шығарманы талдау барысында осындай түсініктер берген соң, сұрақ жауап әдісімен оқушыларды әңгімеге тартамыз.
– Балалар, суреттің аты қалай аталған?
– Алтын күз.
– Бұл жұмыс бейнелеу өнерінің қандай шығармасына жатады?
– Кескіндемеге жатады.
– Себебі неде?
– Себебі түрлі түсті бояулармен жазылған.
– Бұл шығарма қандай жанр бойынша жазылған?
– Пейзаж жанры бойынша.
– Пейзаж деп қандай көріністі атаймыз?
– Бұл сурет көрінісінде табиғаттың қандай көріністері бейнеленген?
– Өзен, орман, т.б.
– Бұл жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілі.
– Оны қалай білдіңдер?
– Ағаш жапырақтарының түсінен білдік.
– Ағаш жапырақтары ќандай түске айналған?
– Сары-қоңыр түске.
– Оның себебі не?
– Ағаштың, өсімдіктердің жапырақтары күзде қурайды, сары түске айналады.
– Суретте қай жердің табиғаты бейнеленген?
– Қазақ жерінің табиғаты бейнеленген.
Мұндай әңгіме оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Табиғат туралы түйіндеген ойы естерінде ұзақ сақталады.
Келесі шығарма – Ә.Қастеевтің Қазақ қызы атты сурет көрінісі. Суреттің алдыңғы көрінісінде қазақ қызы бейнеленген. Соңғы жағына туған жер табиғаты көрсетілген. Қазақ елінің шығысы – таулы өлке, сондықтан тау пейзажы жазылған. Суретші қырғыз балаларының өміріндегі өзгерісті сурет көрінісінде шебер көрсетеді. Ол қолына кітап ұстаған қыздың портретінен анық байқалады. Қыз қолындағы кітап жаңа өмірдің символы. Ол алға қарай жүріп келеді. Бет әлпетінен байсалдылық, шешімділік, қуаныш аңғарылады. Бұл ойды суретші ашық түсті бояулармен білдірген. Суретші картина көрінісінде қазақ қызының жиынтық портретін жасаған. Портрет жанрында адамдардың бет-әлпетін бейнелеумен қатар, психологиясы, іс-әрекеті, мамандығы, т.б. ерекшеліктерін көрсетеді.
- Балалар, суретші өзінің портреттік шығар-маларында еңбегімен ел құрметіне бөленген адамдарды бейнелейді. Мұндай адамдар – жаны сұлу адамдар. Суретші портретте бет көрініс сұлулығы ғана емес, адамдардың жан сұлулығын да білдіреді. Мысалы, ондай портреттерге: Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев және Ыбырай Жақаевтың, Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтердің портреттері жатады. Сонымен шығармада кім бейнеленген?
– Қазақ қызы бейнеленген.
– Ол қайда бара жатыр?
– Мектепке бара жатыр.
– Оны қалай білуге болады?
– Қолындаѓы кітабынан білеміз.
– Бұл шығарма қай жанр бойынша жазылған?
– Портрет жанры бойынша.
Қазақтың тұңғыш суретшісі Ә.Қастеев Соңғы хабар атты еңбегінде өзі өмір сүрген кезењіндегі қазақ халқының жаңарған тұрмысын көрсеткен. Шығарманың алдыңғы шебінде жайлаудағы малшылардың түскі мезгілі бейнеленген. Сурет көрінісінің композициялық ортасында радио қабылдағыш. Жиналған ауыл адамдары соңғы хабар тыңдап, қымыз ішіп, кейбіреулері өзара әңгімелесіп отыр. Киіз үйлер маңында балалар ойнап жүр, аттары ерттеулі, байлаулы тұр. Ал соңғы жағында кең дала, жайылымдағы мал тартымды бейнеленген.
Бұл тұрмыстық жанрға жататын шығарма. Шығармадағы әрбір бейне белгілі ойға құрылған. Бояу түстері де сол ойға сәйкес таңдап алынған. Сурет көрінісі түрлі түсті бояуларға өте бай. Ашық түсті бояулар ерекше көңіл аударады. Бояу түстері кейіпкерлердің көңіл күйін ашып көрсеткендей. Суретші бұл шығармаларда еңбек адамдарының еңбектегі жеңісінің хабарын естіп, қуаныш үстінде отырған қалпын көрсеткен.
Тұрмыстық жанр бойынша жазылған шығармалар өте көп, олар еңбек адамдарының тұрмысын, өмірін әр қырынан көрсетеді.
А.Ғалымбаеваның Дастархан атты шығармасына тоқталайық. Қазақ халқының тұңғыш әйел суретшісі А.Ғалымбаеваның киіз үйдің ішінде жайылған дастархандағы тағамдар мен ыдыстардың арасында нан ерекше көзге түседі. Өйткені бұл түстер салтанатты білдіреді. Бейнеленген заттардың түр-түсі, материалы, фактурасы анық байқалады. Суретші заттардың бұл қасиеттерін өмірдегі нұсқасындай етіп бейнелегендіктен, тіпті, ұстай алуға болатындай сезінеміз. Суретшінің бұл жұмысы натюрморт жанрына қосылады.
Натюрморт – жансыз заттар бейнеленген суреттер. Натюрморт ақ, қара бояулармен де, түрлі түсті бояулармен де беріледі. Әдетте, натюрморт белгілі ойды білдіруге айналады. Мысалы, ыдыстар, мамандықты білдіруге байланысты заттар, еңбек құралдары, т.б. бейнеленуі мүмкін.
Қ.Барановтың Алма бағында атты шығармасы тұрмыстық жанрға арналған. Сурет көрінісінде алма бағындағы жеміс жинап жүрген әйелдердің демалыс сәті бейнеленген. Алма ағашының көлеңкесінде екі әйел отыр. Бірі баласын жоғары көтерген де, екіншісінің баласы қасында ойнап жүр. Олардың қасындағы үшінші әйел алма ағашына сүйеніп, оларға қарап қалған. Сурет көрінісі ананың балаға деген махаббатын, ана еңбегін лирикалық түрде баяндайды. Біз ана еңбегін қадір тұтамыз. Біздің елімізде өз еңбегімен ел байлығын арттырып жүрген құрметті аналар көптеп саналады. Сурет көрінісінде осындай аналардың образдарын көреміз. Бұрын талдаған сурет көріністері түрлі түсті бояулармен орындалса, бұл жұмыс тек қана ақ, қара сурет көрінісі – шығарма немесе көркем шығарма түстермен салынған. Мұндай бір түспен салынған сурет көріністері графикалық шығармаларға жатады.
Графикалық жұмыстар кейде түрлі түсті болып орындалады. Бірақ кескіндемелік шығармаларда заттың көлемі бояулармен берілсе, графикалық шығармаларда штрихтар, сызықтар және нүктелер арқылы беріледі. Графикалық жұмыстар ќарындашпен, тушьпен орындалады.
Оқушыларға әңгіме өткізу барысында кескіндеме және графикалық шығармаларының бір-бірінен айырмашылығын түсіндірген жөн. Сонан соң көркемдік ерекшелігі айтылады.
Графикалық шығарма бір түсті бояулармен, штрихтармен, сызықтармен салынады, кескіндеме түрлі түсті бояулармен жазылады.
Мүсінші В.Мухинаның Жұмысшы және колхозшы әйел атты монументальдық мүсін туындысы. Бұл көлемді мүсін жұмысшы мен колхозшы әйелдің бейнесінен құралған. Екеуі де асығыс жүріп келе жатқан іспетті. Ол қимылдарынан, көзқарастарынан, киімдерінің сипатынан анық байқалып тұр. Колхозшы әйел орақ ұстаған қолын жоғары көтеріп, сол қолын кейін созған. Жұмысшы балға ұстаған оң қолын жоғары көтеріп жүріп келеді. Орақ пен балға ұстағандарына қарап жұмысшы мен шаруа екендіктерін аңғару қиын емес. Бұл туындыда еңбек адамдары символдық түрде берілген. Мүсін тот баспайтын мыс, мрамор, тас, бетон, гипс сияқты материалдан жасалынған.
Мүсіндер станоктық және монументальдық болып екі түрге бөлінеді:
Станоктық мүсін көрмелерге қою үшін жасалынады да көлемі шағын болады. Монументальдық мүсіндер үйлердің сыртқы көрінісін және көше мен алаңдарды безендіру үшін жасалынады.
Қоғам қайраткерлері мен адамдардың үлкен көлемді мүсіні ескерткіш деп аталады. Алматы қаласында да бірнеше ескерткіштер бар. Мысалы, Абайдың ескерткішінің көлемі үлкен етіп жасалынған. Ол алыстан көз тартады.
Сонымен бізге бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика, мүсін деген түрлерімен және тұрмыстық жанр, портрет, пейзаж, натюрморт жанрлармен таныстық. Оларды түсінікті етіп әңгімелеу үшін, өмірден мысалдар келтіріп, оқушылардың өздері көріп жүрген өнер шығармаларымен (оқулықтардағы, әдеби кітаптардағы т.б.) салыстырып отырдық.
Мұндай әңгіме-сабақ оқушылардың көркем өнер білімдерін меңгерумен қатар көркемдік білім алуына игі ықпалын тигізеді.
Ұлы Отан соғысының ерлікке толы шежіресін, кеңес халқының ондағы қаһармандығын бейнелеу өнері арқылы оқушыларға таныстырудың білімділік және тәрбиелік маңызы зор. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары қазақ бейнелеу өнерінде патриоттық сарыны өте күшті, көркемдік мазмұны терең шығармалар туды.
Ұлы Отан соғысы тақырыбына суретші-график А.Рахманов Менің ұрпақтарымның анасы атты монотифиясы салды. Бұл шығармасы арқылы суретші Ұлы Отан соғысының ауыр күндеріндегі ана бейнесін көрсетуге ұмтылады. Графика шығармаларымен қатар, қазақ бейнелеу өнерінің басқа салалары бойынша Қ.Телжанов, Н.Гаврилова, Н.Нұрмұханбетов, В.Крылов, У.Әжиев сынды шеберлерінің шығармалары жарық көрді.
Бейнелеу өнерінде Кеңес Одағының Батырлары Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Т.Бигелдиновтардың көркем образы жасалды. Сондай-ақ, Алматы қаласында қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігіне арнап Даңқ мемориалы ашылды. Мұның бәрі оқушыларға көркемдік білім және көркемдік тәрбие беретін маңызды құрал болып табылады.
Бейнелеу өнерінің бағдарламасында: Бейнелеу өнерін оқытудың міндеттерінің бірі – көркем мәдениет пен оның қоғам өміріндегі рөлі туралы түсінігін дамыту болып табылады, – деп көрсетілген (Жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сыныптарына арналған бағдармалар. Бейнелеу өнері. Алматы, Мектеп, 1984 ж., 3-4-беттер).
Қазақстан суретшілерінің шығармаларын оқу процесінде қолданудың ұтымдылығы біріншіден, оқушыларға патриоттық тәрбие беру болса, екіншіден, бейнелеу өнерінің көркемдік білім негіздерін меңгерту болып табылады. Төменде біз осы сабақтың үлгісін ұсынамыз:
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Білімділік мақсаты: шығармаларда көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында, кеңістік пен кеңістікті бейнелеу туралы түсініктер беру. Суретшілер туралы кәсіптік бағдар беру.
Көрнекілігі: өнер шығармаларының репродукция-лары, эпидоскоп, слайда, диопроектор, экран көрсеткіш.
Сабақта қолданылатын әдістемелер: суретшілер туралы әңгімелесу, шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін талдау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: әдебиет пен өнердің өмір шындығын бейнелеу мүмкіндіктерін көрсету.
Сабақ ұйымдастыру, шығармалар мен суретшілер туралы әңгімелеу, оқушыларды әңгімеге қатыстыру, сабақты қорытындылау кезеңдерінен тұрады.
Қажетті әдебиеттер ретінде Изобразительное искусство Казахской ССР. М., 1974 ж; Графика Казахской ССР. Альбом Жалын. Алма-Ата, 1978 ж; Қ.Телжанов. Алматы, Өнер, 1982 ж., кітаптары қолданылады.
Сабақ кіріспе сөзден басталады: Ұлы Отан соғысы жеңісіне алпыс жыл толғалы отыр. Бұл жеңіс бізге оңайға түскен жоқ. Кеңес халқының бірлігі, фашизмді жеңіп шықты. Біздің әкелеріміз бен ағаларымыз, аналарымыз бен апаларымыз Қазан төңкерісі әперген бостандық пен теңдікті қорғап қалды. Бұл ерлік көптеген өнер шеберлерінің шығармашылығына арқау болды. Мысалы: қазақ әдебиетінде Ә.Нұршайықов Ақиқат пен аңыз атты роман-дилогиясын жазды. Ә.Шәріповтің Қапастағы жұлдыздар, Ормандағы от, Арбасу және Әке қабірі басында атты шығармалары жарық көрді. Жазушылар Ғабит Мүсірепов пен Сәуірбек Бақбергенов Кеңес Одағы батырларының көркем образын жасады. Сондай-ақ Тахауи Ахтанов, Амантай Байтанаев, Қасым Қайсенов, Өтебай Қанахин, Сейтжан Омаров Отан соғысына арнап, өз шығармаларын жазды.
Қазақ әдебиетімен қатар Қазақстан бейнелеу өнерінде де Ұлы Отан соғысындағы халық ерлігінің бейнесі жасалды. Міне, сондай шығармалардың бірі – суретші график Татьяна Говорованың Ленинградтық өрендерім атты сериясындағы Жамбыл – қазақ халқының жыршысы деген линогравюрасы. Суретші қоршауда қалған Ленинградтықтарға арнап жазған Жамбыл жырын көрсетуге ұмтылған. Шығарманың алдыңғы көрінісінде домбыра ұстаған жыр алыбы бейнеленген. Оның фоны ауыл, дала көріністері соғыс уақытындағы ел өмірінен хабар береді. Шығарма ақ пен қара түстерді үйлесімді қолданып литография техникасымен орындаған. Суретші Т.Говорова 1921 жылы 21 қаңтарда Симферополь қаласында туған. 1950 жылы Ленинградтың көркем педагогикалық училищесін бітірген. Республикалық, бүкілодақтық, шет елдердегі көрмелерге қатысқан.
Өз шығармаларында Ұлы Отан соғысы көріністерін арқау еткен суретшілердің бірі – А.Рахманов. Суретшінің Ұрпағымның анасы сериясына кіретін Соғыс атты еңбегінде ана образы шынайы бейнеленген. Сурет көрінісінің алдыңғы көріністерінде жауынгерді майданға шығарып салу сәті бейнеленген. Бұл көріністің фонында майданѓа бара жатқан жауынгерлер көрінеді. Суреттен соғыстың суық хабары айқын сезіледі. Суретші 1942 жылы 27 қаңтарда Жамбыл қаласында туған. Алматының көркем сурет училищесін бітіріп, Москваның полиграфия институтында оқыған. 1967 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысқан.
Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Николай Степанович Гаев Ұлы Отан соғысы тақырыбына көптеген шығармаларын арнаған. Оның Адамдар сақ болыңдар сериясына кіретін Бухенвальдский набат атты еңбегінде фашистердің айуандық әрекеті әшкереленіп көрсетіледі.
Ұлы Отан соғысы тақырыбы график-суретшілермен қатар кескіндеме шеберлерінің еңбектерінде кең көлемде бейнеленген. Бұлардың ішінде, әсіресе Нағымбек Нұрмұханбетов соғыс-теңіз қолбасшыларының портреттерін бейнелеуге көп көңіл бөлді. Соның бірі – флот адмиралы В.Касартоновтың портреті (1965 ж.).
Сурет көрінісі көлденеңінен созылыпты. Бөлме іші екені байқалады. Алдыңғы көріністе дөңгелек жер шары картасының алдында отырған әскери адам бейнеленген. Кейіпкердің арғы жағында терезе көрінеді. Сурет көрінісіндегі бояулар ашық түстердің бірлігіне құралған.
Қазақ өнеріне еңбек сіңірген қайраткер өнертану ғылымының кандидаты Нағымбек Нұрмұханбетов творчествосы қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын алады. Ол 1924 жылы Семей облысындағы Сайтанды ауылында дүниеге келеді. 1940 жылы Алматыдағы көркем сурет училищесіне түседі. 1942 жылы Кеңес армиясының қатарына шақырылады. Соғыс артиллериясы училищесін бітірген соң, ол Қара Теңіз бен Балтық теңізінің флоттарында әскери қызметтерде болады. 1947 жылы Н.Нұрмұханбетов, Т.Е.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтына түседі. 1960 жылы Қазақстан көркем сурет академиясының жанындағы шығармашылық аспирантураны бітіреді.
Н.Нұрмұханбетов әскери-теңіз флотына арналған шығармаларын жазуға көп шығармашылық күш жұмсады. Суретші Ұлы Отан соғысы кезінде флотқа қызмет етіп талай теңіз шайқастарына қатысқан. Оның шығармалары, кеңес теңізшілерінің ерлігі мен патриоттық есімдерін жырға қосады. Н.Нұрмұханбетовтың портреттерінде адамның жан сезімі терең көрсетілген, жеке образдар жасалынған. Оның жазған адмирал С.Г.Гошков, Н.Д.Сергеев, И.С.Искаковтардың портреттері осыған мысал болады. Суретші бұл шығармаларында адамның қоғам өміріндегі орны мен рөлін көрсетуге ұмтылған.
Суретшінің әскери-теңіз флоты тақырыбына жазған шығармаларының ішінде шоқтығы биік туынды – вице-адмирал Г.Н.Холостяковтың портреті. Суреттегі алдыңғы көріністе вице-адмиралдың жұмыс столында отырғаны көрінеді. Үстінде парадтық мундирі, екі иығындағы погондары мен омырауындағы ордендері жарқырап көз тартады. Ашық қызыл түсті стол бетіндегі жазықтық портреттің салтанаттық қалпын айқындай түскен. Картинаның соңғы көріністерінде терезе мен терезе алдындағы гүлдер бейнеленген. Кейіпкер бейнеленген кеңістікті бөлме қабырғалары мен терезе қоршап тұр. Стол бетіндегі қағаз, жазу және сызу құралдары, кітаптар, күнтізбелі сағат, кейіпкердің іс-әрекетінен хабар береді.
Суретші кейіпкердің кейде көрінісін шамадан тыс үлкейтіп көрсетуі арқылы, қайталанбас ерлігі мен адамгершілік сезімдерін көрсетуге ұмтылады. Мұны Н.Нұрмұханбетовтың Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдиновтың портретінен көруге болады. Суретші адам мінезін іс-әрекетін, портрет фонында бейнеленген қосымша көріністермен аша түседі. Мұндай көріністі И.С.Исаковтың портретінен байқауға болады.
Қазақстан бейнелеу өнерінің көрнекті суретшілерінің бірі – Қ.Телжанов. Суретшінің Жеңіс атты кескіндеме сурет көрінісі қазақ ауылына жеткен жеңіс хабарын көрсетуге арналған. Фашистік зұлымдықты бірлік пен әділеттің жеңгендігін көркем түрде суреттейді. Сурет көрінісінде шауып келе жатқан аттылы балалар бейнеленген. Бұлар жеңістің хабарын жеткізуге асығуда. Шығармадағы бояулар жасыл түстерден құралған. Суретші бұл түстермен көктемдегі дала көрінісін шынайы бейнелеуді мақсат еткен.
Қ.Телжанов 1927 жылы Омбы қаласында туды. Ол жастайынан әкесінен жетім қалды. Қоршаудағы Ленинградта анасы қайтыс болды. Онан соң Киров облысында мектеп-интернатта тәрбиеленді. Мұнан кейін ол Алматыға келіп көркем сурет училищесін бітірді. 1947 жылы Ленинградтың И.Е.Репин атындағы кескіндеме мүсін және архитектура институтына оқуға түсіп, М.И.Авилов шеберханасында сурет салу өнерімен шұғылданады. Ол қазір Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің директоры, Алматы театр және көркем сурет институтының профессоры қызметін атқарады.
Қазақтың көрнекті суретшілерінің бірі – Уке Әжиевтің Өмір жолы (1975ж.) атты кескіндеме шығармасы Ленинградтағы блокаданы көрсетуге арналған. Шығармада Ұлы Отан соғысы кезіндегі халықтың басындағы ауыр күндерін бейнелейді. Суретші соғыс жылдарында Ленинградта болып, блокаданың ауыр жағдайын көрген. У.Әжиевтің акварель бояулармен жазған суреттері республика, одақ және шет ел көрмелерінде қойылған.
Сабақ барысында осы үлгідегі талдау әдістерін пайдалана отырып, суретші В.Крыловтың Шахтерлерді майданға шығарып салу, А.Нақысбековтың салған Рахымжан Қошқарбаевтың портреті оқушыларға таныстырылды.
Мұғалімге көрсетілген бейнелеу өнерінің репродукциялары табылмаған жағдайда басқа шығармалармен немесе мазмұны мен көркемдік деңгейі сәйкес келетін мынандай шығармалармен таныстыруға болады:
В.Тимофеев Рейхстагқа ту тіккен Р.Қошқарбаевтың портреті, В.Чуйков Жамбылдың батасы, Н.А.Наседкин Волоколамск тас жолы, У.Єжиев Ленинград, 1941 ж. декабрь, А.Молдабеков Әлияның портреті, Қ.Т.Телжанов Тыныштық, Ғ.Ә.Әбуов Бәрі де майдан үшін, Н.Л.Наседкин Қазақстандықтар панфиловшыларда қонақта, В.М.Дмитриев Бауырластар.
Бұл сабақтың соңында мынадай қорытынды жасалды. Ұлы Отан соғысында біздің аға-аталарымыз қорғап қалған отанды жастарымыз көздің қарашығындай сақтайды, жеңіс әрбір уақытта бірлік пен күрестің нәтижесінде келетін іс. Сондықтан да әлем жастары соғысқа қарсы күресте топтаса түседі. Соның бір жарқын көрінісі Москва қаласында өткізілетін жастар мен студенттердің Бүкілдүниежүзілік ХІІ фестивалі болып табылады. Қорыта айтқанда, бейнелеу өнері туралы әңгіме-сабақта оқушыларға көркемдік білім берумен қатар, тарихи мәліметтерді өнер шығармаларын талдау барысында меңгертуге болатындығын суретші- педагогтардың тәжірибесі көрсетуде.
Бейнелеу өнері оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің, сонымен қатар өнертану мәдениетін дамытудың ұтымды мүмкіндіктерінің бірі. Бейнелеу өнері шығармаларында оқушылардың өнертану мәдениетін, өнертану тілін дамыту үшін қазақ бейнелеу өнері шығармаларымен таныстырудың көптеген тиімді әдістері бар. Бейнелеу өнері де басқа ғылымдар мен өнердің салалары сияқты терминдер мен ұғымдардың жүйесінен тұрады. Оқушылардың бейнелеу өнері заңдылықтары мен бейнелеу ережелерін саналы түрде меңгеруіне тікелей байланысты.
Бейнелеу өнеріндегі өлшемдер мен түстердің кеңістік пен көрушіге байланысты өзгеруі жарық пен көлеңке, өлшемдер қатынастарының құбылыстары белгілі түсініктерді білдіреді. Тілдік түсініктердің формасы бейнелеу өнерінде терминдер болып табылады. Белгілі түсініктерді оқытып үйрету барысында терминдердің құрылысына мән беріледі. Оқыту барысында оқушыларға терминнің мәніне, тарихи шығу негізіне баса көңіл бөлу қажет. Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың өнертану түсініктерін қалыптастыру үшін ұтымды дидактикалық әдістерін қолдану көп жетістіктерге қол жеткізеді.
Оқушылардың кеңістік туралы ойы мен сөз мәдениетін дамыту, бейнелеу өнерінен алған білімдерін өз ойымен жүйелеуге үйретумен тікелей байланысты. Оқу әдістемелік әдебиеттерден аударма жасалған терминдер ғылыми түсінікті білдіретін, айқын, оқу процесінде қолдануға лайықты болу керек. Мұғалім мен оқушының сөз мәдениетінің дамуы оқу әдістемесінің, әдістемелік әдебиеттердегі терминдердің сапасына қатысты.
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың образдық ойы мен сөз мәдениетінің тығыз байланыстылығын дамыту, мектеп оқушыларының жалпы сөз мәдениетін жетілдіру, білімді берік және саналы меңгеру қабілетін арттырады. Өнертану тілінің басқа ғылымдардың тілінен бірқатар айырмашылықтары бар. Бейнелеу өнерінің тілі, ғылыми терминдерден, символдардан және табиғи тілдің (ана тілінен) элементтерінен құралады.
Оқушылардың өнертану тілін меңгеру, өнертану түсініктері мен тілін меңгерудегі олқылықтар, оқу материалын меңгеру барысында терминдер мазмұнына терең мән бермеуінде. Өнер түсініктерін оқытудың нақты әдістемелік жолдарының анықталмауында болуы мүмкін.
Өнертану түсініктерін қалыптастыру мәселесі – белгілі терминнің ерекшеліктерін ашу, логикалық, генетикалық, тарихи-генетикалық аспектілерін айқын-даумен тығыз байланысты шешіледі. Бейнелеу өнері терминдерінің қазақ тіліндегі жүйесін айқындау, бейнелеу өнерін оқыту курсындағы түсініктерді сыныптар бойынша бөлуге мүмкіндік туғызады.
Түсінік тілдің көмегімен сөзге айналады. Өнерге қатысты түсінік тілдің мүмкіндігі арқылы өнертану термині формасында көрініс табады. Сондықтан өнертану терминдерінің жүйесін меңгеру, өнертану білімдерінің барлық жиынтығын меңгеруге негіз болып табылады. Оқушылардың өнертану білімдерін меңгеру үшін ой операциясының арқасында терминнің логикалық-генетикалық құрылысын ашып көрсету қажет.
Өнертану түсініктерін меңгеру үш кезеңнен тұрады:
1. Қабылдау, елестету, түсіну, айту, ойлау, еске сақтау;
2. Жинақтау, жүйелеу;
3. Іс жүзінде қолдану. Бұл процесс оқушы мен мұғалімнің белгілі іс-әрекеті кезінде жүзеге асады.
Өнертану түсініктерін қалыптастыруда ғылыми жүйелілік, бірізділік, беріктілік сияқты педагогикалық принциптерді ұғымды пайдалану орынды. Сондыќтан өнертану түсінігінің мәні мен сәйкестігінің бұзылуы, түсінік мазмұнының сөзден алшақтығы білім негіздерін меңгерудің сапасын төмендетеді. Терминдерді сапалы түрде қолдану оқушылардың білім деңгейін көтеруге үлкен жәрдемін тигізеді. Терминдерді меңгерудің күрделілігі терминдік сөздің ана тілінде немесе басқа тілден алынғандығына байланысты. Қандай жағдай болмасын терминнің шығуына, жасалу негіздеріне, мәніне сабақ барысында талдау жасап отыру қажет. Оқушылардың өнертану түсініктерінің қалыптасу деңгейін мынандай өлшемдерге қарап білуге болады:
• Түсініктің белгілерін айқындау, олардың өзара байланысын түсінуі;
• Әр түрлі ситуацияға байланысты түсінікті қалай қолдануы;
• Әр түрлі тапсырмаларды орындау деңгейі;
• Басқа пәндер бойынша терминдерді қалай қолданады;
Өнертану түсініктерін қалыптастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды табиғатты ойша және елестете отырып бейнелеуге үйрету
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйретудің тиімді әдістері. («Күз» өлшемі 80х100 кескіндеме, кенеп майлы бояу)
Дипломдық жұмыстың живопистен пейзаж жанрында орындалуы
Орта мектепте көркем еңбекке оқытуда оқушыларды түстану ептіліктеріне үйретудің өзіндік ерекшеліктері
МЕКТЕПТЕ КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТҮСТАНУ ЕПТІЛІКТЕРІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар жасау
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (көшпенділер)
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Бейнелеу өнерін оқыту
Пәндер