Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі. . . . 5
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының атқаратын қызметтері. . . 15
- Қазақстан Республикасының ең жоғарғы өкілді органы. 18
ІІ-тарау. Шет ел мемлекеттерінің билік органдар жүйесі . . . 20
2. 1. Америка Құрама Штаты . . . . . . 20
2. 2. Жапоняның билік органдар жүйесі . . . 27
3. 3. Германия Федеративтік Республикасы . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 33
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты» деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі - бұл аппарат болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.
Жалпы мемлекеттік аппарат
өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін -өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буынына жатады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке - жеке қарастырып өтелік.
Мемлекеттік аппарат - бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады /1, 48б. /.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 2-бабында: «Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген /2, 3б. /.
Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі /1, 48б. /.
Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекеттік аппарат» және «мемлекет механизмі» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат - бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі /3, 5б. /.
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі
Мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті - халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап) .
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тідді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.
Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата түрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.
Қазақстан Республикасының Парламенті-Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан - Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы - Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы - Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады(51-бап) .
Қазақстан Республикасының Үкіметі - атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады.
Сот билігін - сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап) .
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык кызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кенесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нак Президент билік тармақтарынын әркайсысының кызметіне белсене араласады.
Президент деген ұғым конституциялық құқылык мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін елемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция) .
Президент кызметі түнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халкының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінін қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады Соңьшан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.
Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Қазақстан Республикасынын Президентін биліктің төртінші тармағы ретівде қарауымыздың мәні мынадд. Шын мөнінде Президент барлык билік тармақтарынан окдіау тұр. Себебі конституциялық тұжырымдарға сәйкес ол - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық катынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ен жоғарғы лауазымды тұлға. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмаса да ол еліміздің билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін кызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституциянын 40-бабының 3-тармағына сәйкес Республика Президенті мешікетгік биліктің барлық тармағьшың келісіп жұмыс істеуін және екімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол-халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат кұкықтары мен бостандықтарынын нышаны әрі кепілі (40-баптың 2-тармағы) . Бұл жорамалымыздың дұрыстығына Президенттің атқарушы өкілеттілігі айғақ.
Президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабында көрсетілген міңдеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген.
Президент атқарушы билік саласында:
Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды; оны кызметінен босатады; Премьер-министрдің ұсынуьшен Республика Үкіметінін кұрьтлымын белгілейді; оның мүшелеріы кызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, кайта құрады; Үкімет мүшелерінін антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойьшша отьфыстарында төрағалық етеді; Үкіметке Зан жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облысташ, республикалык маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлык органдардың кызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудін бірьщғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін токтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Премьер-министрді кызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметгің орнынан түсуі туралы шешімді Үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да қабылдайды.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының атқаратын қызметтері
Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутатгарының Қазакстан халкына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады;
Парламент Сенаты үсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол кояды, занды халыққа жария етеді не занды немесе оның жекелеген баптарьш қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады;
Парламент Сенатыныц келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Үлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайдьі, оларды қызметтен босатады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырьш, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары әскери атақтар мен езге де атақтарды береді; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді; ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; Қауіпсіздік Кеңесін құрады.
Президенттің басты міндеті - ел ішінде және халыкаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. Әңгіме бұл жағдайда Президент елді халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген сөз. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп, Казақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялык, және өзге де өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырьш алу грамоталарын қабылдайды.
Президент өкілеттіктерінін келесі топтамасын оған Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң шығару өкілдіктерін құрады. Ол екі жолмен жүзеге асырылады:
1. Заң шыгару. Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы.
2. Заң күші бар Жарлықтар шығару. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 2-тармағымен белгіленген. Заң шығару құкуғының берілуі Қазақстан Республикасы Президентінің норма белгілеушілік кызметінін басты нысандары емес.
Сонымен қоса Президент Конституция мен зандар негізінде және оларды орындау үшін Республиканъщ бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.
Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаттығына мынадай катаң талаптар койылады: Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын, әлде бір діннің қызметкері емес, заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау құқығы: мемлекеттік органға және жергілікті өзін-өзі басқару органына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азамат қана сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды.
Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тен және төте сайлау кұқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды Бұл сияқты мөліметтерді Қазакстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялык заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Жарлығынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы Заңынан алуға болады. Демек, Президентті сайлау жалпы сайлау сияқты Республиканың Орталык сайлау комиссиясының басшылығымен жүргізіліп, өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есеіггелінеді. Егер кандидаттардың бірде бірі керсетілген дауыс санын ала алмаса, кдйтадан дауысқа салынады, оған кеп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбісінің дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі (Конституцияның 41-бабының 5-тармағы) .
Президентке ешкімнін, тиісуіне болмайды, яғни оны қандай да бір жауапкершілік түріне тартуға, ұстауға, қамауға, тінтуге және т. с. с. болмайды.
Республиканың Президенті өзінің міндеттерін аткару кезіндегі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутатгарының кемінде үштен бірінін бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санынын көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады. Бүл мәселе бойынша түіжілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәміздердің сакталғаны туралы Конституциялық Кеңестін қорытындысы болған жағдавда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде терттен үшінін көшпілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында кабылданады. Республика Президентіне мемлекетке опасыздык жасады деп тағылған айьштың қабылданбауы оның кай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған. Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына әкеліп соғады. Президент науқастығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға кабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сакталғаны туралы Конституциялық Кеңес корытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төртген үшінін көпшілігімен кабылданады.
- Қазақстан Республикасының ең жоғарғы өкілді органы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz