«Нашақорлыққа қарсы күрес - еліңе қосқан үлес»


«Нашақорлыққа қарсы күрес - еліңе қосқан үлес»
Есірткіні жаппай пайдалану, оның кеңінен өріс алған тасымалы мен жүйелі саудасы бүгінде бүкіләлемдік әлеуметтік-қылмыстық зұлматқа айналып отыр. Бұл қылмысты жасап отырғандар да, оны қорғаштап жүргендер де, есірткіні өндірушілер де өзара тығыз байланысты, айла-тәсілге епті қылмыстық ұйым болып табылады. Демек, есірткіге қарсы күресте құқық қорғау органдарымен бірге басқа да ұйымдар бірлесіп, жұмыла күш біріктірмесе болмайды. Әйтпесе, оны тоқтату да қиын, жеңу де мүмкін емес.
Қазақстанның батыс өңірі есірткі тасымалының арналары үшін Ресей мен Еуропаға ашылған қақпа іспеттес. Өкініштісі сол, еліміздің батыс қақпасы арқылы тек жүк пен шикізат қана өтпейді. Оны көптен бері өсірткі тасушылар өздерінің тасымал жолына айналдырып алған. Осы арналарға бақылау қою, есірткі тасымалының жолын кесу, қылымыстық топтардың зұлым ниетін жүзеге асырмау - аса маңызды міндет. Есірткі бизнесі мен нашақорлық проблемасы қай заманда да өз маңыздылығын жоғалтпаған. Соңғы жылдары елімізді есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынатын адамдар саны да көбеюде. Қылмыстың заты болып - құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктер саналады. Бұлар апиын, индиялық, оңтүстік манчжурия, Оңтүстік Шу, оңтүстік архон сорасы, кокаин бұтасы, Қазақстан Республикасында өсетін, бірақ өсіру үшін тыйым салынған немесе ол үшін арнаулы рұқсатты қажет ететін өсімдіктер: ұйықтатын көкнәр түріндегі өсімдіктер: ұйықтататын көкнәр түріндегі өсімдік, сора тұқымдас өсімдік.
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі - есірткі, психотроптық күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыстардың тікелей обьектісі - халықтың денсаулығы болып табылады. Біздің елде есірткі саудасына қарсы күрес заңы қатайғанымен, есірткі құмарлыққа қарсы заңның бірінші бабы күшін жойды. Яғни нашақорлар қылмыскер емес, ауру. Сондықтан оларға алдымен дәрігерлердің көмегі керек.
Есірткі саудасына қарсы күрес мәселесі әлемнің барлық елін алаңдатып отыр. Елімізде есірткіқұмарлық саны жылдан-жылға көбейіп барады. Медициналық, құқықтық статистика мәліметтеріндегі деректер осылай дейді. Бірақ қолымыздағы ресми мәліметтердің өзін нақты, дәл ақпарат деп айта алмаймыз. Шынайы жағдайда еліміздегі жас есірткіқұмарлардың саны ресми мәліметтерде көрсетілгеннен бірнеше есе көп болуы мүмкін. Жастардың санасына есірткінің адам өмірін жалмайтын жұлынқұрт екенін түсіндермесек болмайды.
Нашақорлық сынды қоғамдық дерттің алдын алған дұрыс. Сонымен қатар, нашақор адамдарға қылмыскер ретінде қарамай, оларды ауру адам ретінде қарастырып, емдік шаралары жүзеге асырылып отырса, сол мақсатта емдеу-сауықтыру мекемелері көптеп ашылса, біраз мәселе шешілген болар еді.
Нашақорлыққа қарсы күрес тұралап тұр ма?
Әрине, жоқ. Бірақ соған қарамай осы бір қоғамды, оның ішінде, Қазақстанды жайлаған дерттің соншалықты етек алуында не сыр бар? Оның ем-домы табыла ма? Табылса қандай және оны нендей күрес жолдарымен жеңе аламыз? Осы сауалдарға орай, мемлекет басшысымен болған тікелей желі кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа, нашақорлыққа, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға, заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері жөнінде 2000-ға жуық сұрақтар түсіп, оның жауабын күткен ел-жұрттың көп екендігін көрсетті. Оның тіпті, кейбір отбасыларының да шырқын бұзып, тынышын кетіргендігін де сол сауалдардан да аңғаруға болады. Мысалы, сондай сұрақтардың бірінде, аты-жөнін атамаған бір адам: «Жақын адамдары нашақорлықпен ауыратын отбасыларға мемлекет тарапынан қандай пәрменді көмек көрсетілуде?» дейді. Міне, осының өзінен-ақ, осы бір сауалдың аржағында тұтас бір отбасы ғана емес, жеке адамдардың да тағдырлары тұрғандығын аңғаруға болады емес пе? Президентке қойылған жоғарыдағы сұрақтың төңірегінде ой қозғап, оған тікелей желі барысындағы көтерілген мәселелерге байланысты Елбасымыздың берген тапсырмаларын орындау үшін жақында Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов Жамбыл облысына барып қайтқан еді.
Онда да ел-жұрт арасына індеттей тараған нашақорлық дертіне байланысты әңгіме кеңінен айтылды.
Жоғарыдағы сауалға байланысты министр С. Баймағамбетов мырза, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелерімен елімізде тек полиция ғана емес, сондай-ақ, республиканың барлық мемлекеттік органдары айналысып жатқандығын тілге тиек ете келе, елімізде 2000-жылдан бері оған қарсы күрестің мемлекеттік стратегиясы іске асырылып жатқандығын алға тартады да: «Елімізде мемлекеттік наркологиялық ұйымдардың же-лісі бар, оларда 5-мыңнан астам кереует-орын бар. Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық медико-әлеуметтік проблемалар ғылыми-практикалық орталығы (Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 200, тел. 7182 60 50 53), Ішкі істер министрлігінің жанындағы Әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы (Ақмола облысының Раздольное ауылы, тел. 8 316 32 33 7 56) жұмыс істейді. Сізге жоғарыда көрсетілген мекенжайлар бойынша жүгінуге болады. Жеке, сондай-ақ, құпия түрде емдейтін және көп арналы оңалту орталықтары бар. Сонымен қатар, тәулік сайын жұмыс істейтін 8 800 080 35 15 сенім телефоны бар» дейді. Бұл айналамызды қауға тиген өрттей қаптап келе жатқан дертке қарсы күрес жолындағы игілікті іс пе? Сөз жоқ, солай. Бірақ, сол жоғарыдағы көрсетілген мекенжайларға барып, есірткі дертінен арылғымыз келеді деушілер көп пе? Әй, қайдам! Олай дейтініміз, аталған дерт жолына түскендердің сана-сезімдері оған әлі де болса жете қоймаған сыңайлы. Әсіресе, бүгінгі таңдағы елімізде жасөспірімдер мен жастардың есірткі мен нашақорлықтың әсерінен теріс жолдарға көп түсіп кетулерінің сыры да сонда болса керек. Егер, министрдің сөзіне қарағанда, Елбасымыздың жарлығымен 2005 жылғы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясына байланысты, министрлікте үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруда ұлан-ғайыр жұмыс атқарылып жатқан көрінеді. Соған қарамай, неге нашақорлық пен есірткі бизнесінің шегі де шеті де көрінбей тұр? Осыған қарап, кейбіреулер «аталған дерттерге қарсы күрес тұралап тұр» деген де пікір айтатын секілді, Ал, тиісті органдардың сол саладағы ашқан және жасап жатқан іс-әрекеттері тіпті кереғар көрсеткіштерді көрсетеді. Соған қарағанда, біз алдымен қылмыспен емес, оны болдырмайтын жолдарды іздестіріп, қылмысқа баратын жандардың сана-сезіміменен күресуіміз керек. Яғни, үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды орындау барысында, жергілікті жерлерде үгіт-насихат жұмыстары күшейтіліп, жасөспірімдер мен жастардың бос уақыттарын өткізетін тиісті шаралармен қатар, оларды еңбекпен қамтамасыз ету, барынша қолға алынуы керек. Сонда ғана, олардың еңбек пен әртүрлі игілікті де, оң іс-шараларға деген сана-сезімдері қалыптасып, айналасына таза көңіл-көзімен қарайтын болатыны анық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz