Энеолит дәуіріндегі әлеуметтік және шаруашылық ұйым



Кіріспе

1 Энеолит дәуіріндегі әлеуметтік және шаруашылық ұйым
2 Энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениеті
3 Энеолит дәуіріндегі қоныстар мен тұрғын үйлер
4 Мал шаруашылығы мен егіншілік

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Энеолит (лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды.
Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Энеолит дәуіріне Орталық Азиядағы Анау мен Намазғы-Төбе мәдениеті, Украинадағы Триполь мәдениеті, Оңт. Кавказдағы Шенгавий мәдениеті, Қазақстанда Жезқазған көне құдықтары жатады. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды.
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас «индустриясының» біртіндеп құлдырауына себеп болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті «Ботай мәдениеті» деп атайды.
Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған.
Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды. Бұл тек зерттелген аумақтардан шыққандары ғана, әлі ашылмағандары қаншама?! Ботайлықтар, негізінен, жылқы өсірген алғашқы бақташы тайпалар. Ботайлықтардың ерекше атауға тұратын ғұрыптарының ішінен адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білгендігін, итті кие тұтып үйдің табалдырығының астына көмгендігін атауға болады.
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3—2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б.
Бұл тұрақтардан ірі шақпақтас құралдар, оның ішінде тері өңдеуге көп пайдаланылған бүйірлі қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғылар табылды. Қыш ыдыстары саз балшыктан қолдан жасалған. Ыдыстардың көбінің түбі дөңгелек конус тәріздес, тұрқы жұмырткаға ұксас келеді. Ыдыстардың ернеуіне жаға тәріздес қалың жиекпен қатар тарақ жүзді өрнек салынған. Шебер тұрағынан кішкене металл біз табылды. Мұндай жекелеген металл заттар хвалын мәдениетіне жататын зираттардан да табылған.
1. Түркі халықтарының тарихы. Түркістан, 2004, І том, 97–112-б.
2. Никольский В.К. «Очерки первобытной культуры». М – Пг. 1924, 77-92
беттер.
3. Фрейденберг О.М. «Поэтика сюжета и жанра» (период античной
литературы). Москва, 1936, 54-бет.
4. Фрэзер Дж. «Золотая ветвь. Исследования магии и религии». Москва,
1986.
5. Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории (Проблемы
палеопсихологии). Москва, 1974.
6. Културология. Учебное пособие ... Ростов н/Д. 2000, 128-бет.
7. А.К. Нарымбаева. «Аркаим». Алматы, 2007 ж, көлемі 30,0 б.т.
8. С.Қондыбай. Гиперборея: Түс көрген заман шежіресі. Алматы, 2003;
Казахская мифология. Алматы, 2005.
9. Артықбаев Ж.О. Материалы международной Конференции. – Алматы,
1999. – С.37-38.
10. Тайлор Э.Б. Первобытная культура. – М. 1989. – С. 36-37.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1 Энеолит дәуіріндегі әлеуметтік және шаруашылық ұйым
2 Энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениеті
3 Энеолит дәуіріндегі қоныстар мен тұрғын үйлер
4 Мал шаруашылығы мен егіншілік

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Энеолит (лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды.
Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Энеолит дәуіріне Орталық Азиядағы Анау мен Намазғы-Төбе мәдениеті, Украинадағы Триполь мәдениеті, Оңт. Кавказдағы Шенгавий мәдениеті, Қазақстанда Жезқазған көне құдықтары жатады. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды.
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас индустриясының біртіндеп құлдырауына себеп болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті Ботай мәдениеті деп атайды.
Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған.
Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды. Бұл тек зерттелген аумақтардан шыққандары ғана, әлі ашылмағандары қаншама?! Ботайлықтар, негізінен, жылқы өсірген алғашқы бақташы тайпалар. Ботайлықтардың ерекше атауға тұратын ғұрыптарының ішінен адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білгендігін, итті кие тұтып үйдің табалдырығының астына көмгендігін атауға болады.
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3—2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б.
Бұл тұрақтардан ірі шақпақтас құралдар, оның ішінде тері өңдеуге көп пайдаланылған бүйірлі қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғылар табылды. Қыш ыдыстары саз балшыктан қолдан жасалған. Ыдыстардың көбінің түбі дөңгелек конус тәріздес, тұрқы жұмырткаға ұксас келеді. Ыдыстардың ернеуіне жаға тәріздес қалың жиекпен қатар тарақ жүзді өрнек салынған. Шебер тұрағынан кішкене металл біз табылды. Мұндай жекелеген металл заттар хвалын мәдениетіне жататын зираттардан да табылған.
Энеолит дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалар, оның ішінде бүгінгі күнге дейін жақсы зерттелген Ертіс пен Еділ арасындағы елді мекен тұрғындары мал өсірумен айналыскан, оның ішінде жылқы түлігі басым болған.

1 Әлеуметтік және шаруашылық ұйым

Энеолиттік дәуір мал шаруашылыгы басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Мұнда табиғи-экологиялық орта мүлде басқаша және оны игеру үшін адам ең оңай жолмен жүре отырып, бейімделудің басқа жолын тандап алды. Бұл жолда тас индустриясы кері кете қойған жоқ, керісінше бұрынғысынан да жогары деңгейге көтерілді. Адам тасты өндеудің (тесу, өздігінен қайралатын балталар, мінсіз аэродинамикалык түрдегі найзалардың ірі ұштары, оймалау және т. б.) мүмкіндіктерін ақырына дейін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар өндірістік-шаруашылық (соның ішінде керамикалық және сүйек) саймандарының түр-түрін де шамадан тыс кеңейтті. Рас, бұл уақытта қалақша-қыстырма индустрия өз мәнін жоғалтқан еді. Энеолит дәуірінде климат ылғал болды. Сол арқылы ірі сүткөректілер санының белсенді түрде табиғи өсуіне, көбеюіне мінсіз жағдай жасалды. Бұл кезде мұнда жылқы да осындай болды. Бұл түрдің экологиялық, тепе- тендікті бұзбай күрт көбеюі, аң аулайтын алқап көлемінің бөлінісіне шаққанда оның мөлшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді өмірге келтірді. Аңшылық ұжымдардың өздері көшіп жүретін аумақты қысқарту, ал кейде оны толық тоқтату есебінен өз алқаптарының көлемін кеміткені былай тұрсын, сонымен бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырлана да білді. Тарылған аң аулау алқаптарындағы тұтынылатын биомассаның орнын толықтыру өз төлінің табиғи өсу есебінен ғана емес, сонымен қатар аңшылардан босаған аумақтардан табындардың ағылып келуі есебінен де жүзеге асып отырды.
Энеолит дәуіріндегі тас пышақ

2 Ботай мәдениеті.
Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жаныңдағы коныс- тын атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық- Ертіс өзендері аралығының) далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б. з. б. Ill — II мынжылдыктармен белгіленеді. Демек, ол бір мыңжыл болған. Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін кұратан тайпалар катысты. Оның калыптасу барысына Шығыс Каспий маңы өңірі мен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасатаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В. Зайберт ашты". В.Н. Логвин, С. Қалиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті.
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған.
Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Сәулетшілерді бұзылған тұрғын-жайлардан қалған ойпаттар қызықтырған. Ғалымдар ежелгі тұрғын-жайлар құрылысын қайта тұрғызуға мүмкіндік алады. Алғашқыда дөңгелек және көпбұрышты қазан шұңқыр қазып алынды. Қазан шұңқырдың тереңдігі 60-80см, ауданы - 30-дан 70 шаршы метр. Кейін сазды сулап, домардақ күйінде қабырғаға салған, сыртынан жануарлар сүйегімен бекіткен. Ежелгі тұрғын-жайлардың қабырға ені 80-120 см, биіктігі - 60-100 см. Тұрғын-жайлар маңында арнайы ор қазылып, ол жерден еден, қабырғаға арналған сылауға қажетті саздар алынды. Қабырға периметрлері бойынша бөренеден шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалды. Бөрене  сазбен сыланып, жоғарыдан жануар терісі мен қыртыспен жабылды. Ғимараттың ішкі биіктігі 250-320 см құрады. Қайта тұрғызу сараптама жолы арқылы жүргізілді. 1983 жылдың жазында ежелгі тұрғын-жайдың үстіне ежелгі Ботай тұрғын-жайы салынады. Қайта тұрғызу өз-өзін анықтады. Жазда сараптамалық тұрғын-жайда суық әрі құрғақ болатын. Күз-қыс мерзімінде температурасы бір қалыптан түспеді. Тұрғын-жайды тұрақты түрде күтім жасағандықтан, адамдарға қапталған сыртының беріктігіне қарай тұруға қолайлық жасады (кем дегенде 15-20 жыл). Әрине, жыл сайын қабырға, қазан-ошақтың ішкі бөлігі сыланып отырған.
Қазба жұмыстарын жүргізгенде ботайлықтардың тұрғын-жайлары бір-бірімен тығыз жалғасып жатты. Тұрғын-жайдың ішкі жобасы туралы біраз нәрсе айтуға болады. Ортада еденде ошақ орнатылған. Қабырға маңайында ұсақ шаруашылық шұңқырлар болды. Қазан ошақтарының қабырғасында көптеген шаруашылық және діни қажеттіліктер тізіліп тұрған. Ботайлықтар қабырға айналасында шыға беріске қарсы сәкілерді орнатып, терілерді төсеген. Шұңқыр-консервілерде ұзақ уақыт бойы сақтаған. Ол былай жасалған: 1 метрге дейін шұңқыр қазып, оның ішіне жылқы етін тұтастай салып, терісімен және сазбен жапқан. Үстінен от жағып, оттегінің толғымен жанып болғанын күтеді. Дайын болған ет ауасыз да, сол шұңқырда бұзылмай сақталады.
Өзен жағасы маңындағы өндірістік құрылыстарда ежелгі адамдар тас, ағаш, аңдардың сүйегі мен терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар дайындаған. Тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ, найза ұштықтарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар жылқының сүйегінен ағашты өңдейтін қашауғыш, құс сүйегінен киім тігуге арналған инелер, жуалдыз, тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарының кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді.
Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада жүрген жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің барлық ғылымдары қызыға бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар ортақ пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы болған.
Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі Виктор Зайберт Англияның Кембридж университетіне Ботай қонысы бойынша лекция өткізуге шақырылған. Ғалымдар Ботайды 28 жыл бойы зерттеді. Оншақты мақала жазылып, кітаптар басылды.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Ертіс пен Жайық өзендері аралығын мекен еткен тайпалар мәдениетіне жатады.
Алайда, Ботай жері сақтаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энеолит дәуірі
Энеолит дәуірі, шаруашылығы мен тұрмысы
Тас ғасырының кезеңдері
Ежелгі тас ғасыры дәуірі адам мен оның шаруашылығы қалып - тасуының бастапқы уақыты
Қазақстанның неолит дәуірі мәдениеттері
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Қазақстандағы тас дәуірі
Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары
Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан
Тас дәуіріндегі Қазақстан
Пәндер