Типтелген файл


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Паскаль тілі қолданбалы программалар жазу үшін және жүйелі прораммалау тілі ретінде де кеңінен қолданылады. Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және тағы басқалары) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалық идеясын өмірге біртіндеп енгізу. Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаментальды түсініктер қатарына кіруі.
Паскаль тілінің шығу тарихына тоқталатын болсақ алгоритмдік тіл АЛГОЛ 1950-60 жылдары шыққан. Паскаль тілі осы АЛГОЛ-дың мұрагері болып табылады. Бұнда енгізу және шығару процедуралары бар және АЛГОЛ тіліне қарағанда мүмкіндігі өте көп.
BORLAND фирмасының TURBO PASCAL тіл стандартының кеңейтілген түрі болып табылады. Сонымен қатар программа құрылуының процесін жылдамдататын және жеңілдететін интегрерленген ортасы бар. TURBO PASCAL пайда болғанға дейін бұл программалық өнім (алты) версиядан өтті. TURBO PASCAL тілінің алфавиті. Паскаль тілінің алфавиті төмендегі символдар тобын қамтиды.
- латынның үлкен және кіші әріптері;
- араб цифрлары;
- арифмитикалық және логикалық амал белгілері: *, -, +, \, div, mod, т. б.
- арнайы символдар:<, >, (, ), [, ], т. б.
Орындайтын міндеттеріне байланысты сөздерді: қызметші сөздер, атаулар және тұрақтылар деп бөледі.
Қызметші сөздер. Мағынасы алдын ала анықталып қойылған, Паскаль тілінде пайдаланылатын сөздер тобын Паскаль тілінің қызметші сөздері деп атайды. Мысалы: program, var, end, т. б.
Атау (идентификатор) . Атау бір обьектіні белгілеуге арналады. Паскаль тілінде атауды стандартты атаулар және пайдаланушылары атаулары деп бөледі.
Стандартты атаулар. Стандартты обьектілерді белгілеуге арналған.
Пайдаланушылар атауы ретінде әріптен басталатын кез - келген әріптер мен цифрлар тізбегі, сөздер, тіпті сөйлемдер алынады. Мысалы, summa, a, r, a5, ab, b16f және т. с. с. Пайдаланушылар атауы үшін стандартты атауларды пайдалануға болмайды.
Белгі. Белгі ретінде кез - келген бүтін оң сан, символ, символдар тіркесі пайдаланылады. Белгі оператор алдында орналасады да, қос нүкте арқылы жүзеге асады. Белгі label қызметші сөзі арқылы хабарланады.
Label 5, 12, sum, ab;
Тұрақтылар. Программада тұрақтылар ашық немесе атауы арқылы берілуі мүмкін .
Егер, тұрақтылар атауы арқылы берілсе, онда оны программаның тұрақтылар бөлігінің міндетті түрде бейнелеу қажет.
Бейнелеу түрі: const тұрақты атауы = мәні;
Бір бөлімде бірнеше тұрақты жазуға болады, бірақ олар “ ; “ арқылы ажыратылуы қажет.
Айнымалылар. Программада пайдаланылатын кез - келген айнымалы, программаның айнымалылар бөлігінде сипатталуы қажет. Айнымалыларды бейнелеу var қызметші сөзінен басталады.
Жазылу түрі:
Var айнымалы атауы: типі;
Курстық жұмыстың өзектілігі - типтелеген файлды күрделі есептерде қолдана отырып, мысалдар арқылы мағынасын ашу. Абонент номерін анықтауда типтелген файлды қолданып, артықшылығын пайдалану.
Курстық жұмыстың мақсаты - типтелген файл және оған қолданылатын функциялар мен процедуралардың алгоритмдік - программалық мәнін ашу. Файлдармен қазіргі заманға сай жұмыс жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері - файл түрлерiнiн мәнiн ашу, сонын iшiнде файлдын типтерiн көрсету. Жұмысымның негiзгi такырыбы типтік файлдарды сипаттау. Оның ішіндегі процедуралар мен функциялардың түрлерін ашып, оларға мысалдар келтiре отырып, күрделi есептер шығару.
Курстық жұмыстың зерттеу объектiсi - Turbo Pascal программалау ортасы. Ақтөбе гуманитарлық колледжiнiң компьютер саласы.
Курстық жұмыстың зерттеудiң ғылыми болжамы - Turbo Pascal программалау тiлiнiң мүмкiншiлiктерiн есептеп шығару барысында қолдана бiлу.
Курстық жұмыстың зерттеу әдiстерi:
- оқулықтарды қарап шығу;
- материалдарды жинактау;
- такырып бойынша адебиеттердi зерттеу;
- практикада колдануды корсету;
- талдап корытынды жасау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде TURBO PASCAL ортасындағы файл ұғымына анықтама бере отырып, текстік және типтелмеген файлдарды қысқаша таныстырып өту қарастырылған.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде курстық жұмыстың негізгі тақырыбы - типтелеген файлдар, олармен жұмыс жасау жөнінде айтылады. Бұл бөлімде типтелеген файлға толық мәлімет беріле отырып, оларға қолданылатын функциялар мен процедуралар таныстырылады және типтелген файлға мысал келтіріледі. Сонымен қатар, бұл бөлімде типтелеген типті файл айнымалылары пайдаланылатын енгізіп - шығару операторлары сипатталады.
1. TURBO PASCAL ОРТАСЫНДАҒЫ ФАЙЛДАР.
1. 1. ФАЙЛ - ПРОГРАММИСТЕРДІҢ СҮЙІКТІ СӨЗІ
Файл Паскаль тілінде бірыңғай типті элементтердің тізбектелуін ұсынады. Сонымен қатар, дискіде сақталатын, жиі аталатын сыртқы құрылым.
Сыртқы файлдармен өзара қарым-қатынастағы программалардың бастапқы 3 түрін қарастырамыз: оқылу, жазылу, файлдардың оқылу және жазылуы.
Файлдың оқылуы дегеніміз- олар оперативті жадыда орналасқан сыртқы файлдарға деректерді енгізуді түсіндіреді. Деректер сыртқы файлда тұратын программаларға енеді.
Файлдың оқылуында программаға қажетті келесі жағдайлар орындалады: оқылатын файлды ашу (RESET операторы), файлдағы программаға тиісті енгізетін (READ операторы), оқылған файлды жабу (CLOSE операторы) .
Жиі қолданылатын файлдардағы мәліметтер дәл осы түрде де сыртқы файлда оқылады. Оқылатын файлдың жалпы үлгісі:
RESET(1 аты) ;
….
READ(1 аты, параметрі) ;
….
CLOSE(1 аты) ;
Программалардағы көп нүктелер келесі операторлардың бар екендігін белгілейді.
Кейбір ЭВМ жағдайында қолданатын бірнеше аргументтер RESET операторында да болуы мүмкін.
Мысалы: RESET (имя 1, ’имя 2’, ‘имя3’, ‘имя4) осындай бірнеше аргументтерді қарастырсақ:
имя1-айнымалы файл, кәдімгі программаларда қолданылатын файл. Ол әсіресе физикалық файлдармен байланыс орнатады;
имя2 - физикалық файл аты, дискіде сақталады;
имя3 - физикалық файлдың кеңеймесі. Кез-келген 3 символды көрсетуі мүмкін. Мысалы: PAS, бір сөзбен қолданылатын DAT. Мұнда қысқартылған сөзде аргумент көрсетілмеуі мүмкін DAT;
имя4 - айнымалы, автоматты түрде берілген мәнді қабылдайды, дискідегі файлдармен тең жүйеде байланысады. Аргумент мүмкін көрсетілмейді, егерде көрсетілмесе, онда барлық айнымалы типті жариялау керек. ЭВМ-де байтпен есептелетін типтердің айырмашылығы әртүрлі болады. Мысалы: блок 512 байттан тұруы мүмкін, ал бір символ жадыдан бір байтты алады.
Файлда оқылатын мәліметтер, READ операторына енетін барлық қарапайым операторларды белгілері бойынша иеленеді. Егер READ операторына енетін түрін атап айтсақ, не болмаса мәліметтерді клавиатурадан енгізсек, ал READ (имя1, параметрі) -дегі мәліметттер дискіде сақталып, сыртқы файлға енеді.
Файлда есептелген әрбір айнымалының мәнін бір элемент қабылдайды. Осы белгіден кейін айнымалылар қажетті мәліметтерді автоматты түрде құрады.
Паскаль тілінде соңғы файлға кіретін белгілер, анықталған файл элементтерінің санына шектелмейді. Стандартты кірістірме функция:
EOF(имя1) ;
ол ақиқат мәндерді қабылдай отырып, файл соңына жету үшін пайдаланылады.
EOF функциясына циклдік операторды логикалық теңсіздіктер мен жиіліктерді пайдалануына болады, мысалы:
while not EOF (имя1) do
begin
….
end.
Әзірше файл соңына жету үшін программадағы циклдік бөлім қайталанады. BEGIN_END операторды жабатын жақшалары.
Жол бөлігінде файл элементтері сақталады. Файлдың соңғы жолында анықталған циклдік оператор:
While not eoln(имя1) do
ал келесі айналымда жаңа жолдық файл - READLN(имя1) операторы қолданылады.
Файлдың жазылуы дегеніміз - жиі аталатын файлдардағы мәліметтер осы түрде де сыртқы файлда да жазылады. Жазылатын файлдың жалпы үлгісі:
Rewrite(имя1) ;
…
Write(имя1 параметрі) ;
…
CLOSE(имя1) ;
Кейбір кішкене ЭВМ версиясында кездесетін бірнеше аргументтер REWRITE операторында да болуы мүмкін, мысалы, REWRITE (имя1, ’ имя2’, ’имя3’, имя4) . Осы берілген аргументтерді атап өтсек:
имя1 - айнымалы файл, арнайы программада көрсетілетін файл. Ол әсіресе физикалық түрде құрылған файлдармен байланыс орнатады;
имя3- физикалық файл кеңейтпесі. Кез-келген 3 символмен бағыттауға болады, кейде DAT сөзімен де ұсынылады;
имя2-дискіде сақталған физикалық атпен құрылған файл;
имя4- барлық айнымалы типте құрылған файл өлшемін білдіреді;
Файлда жазылған мәліметтерді белгілері бойынша шығаратын қарапайым WRITE операторы. Осы WRITE шығару операторы дискіде сақталған файлдарға қажетті мәліметтерді жаза отырып, оларды ретімен экранға шығарады.
Мысал ретінде мына бір программаны қарастырайық:
мәліметтер жазылған файл. Осы программадағы айнымалы А және В келесі мәндерді шығарады:
А=510, В=16, 2.
Файл аты D2. PAS жолдық түрде жазылады.
Program A21(input, output) ;
var
F2:text;
L2:integer;
B:real;
A:integer;
begin
L2:=1;
A:=510;
B:=16. 2
Rewrite (F2, ’A=’, A:3, ’ ‘: 5, ’B=’, B:4:1) ;
Close(F2) ;
end.
мұндағы F2-файлдық айнымалы REWRITE мәліметтер жазылған файлды ашады. WRITE операторы форматына сәйкес жолдық символдарды шығарады. CLOSE операторы жазылған файлдарды жабады.
Файлдың жазылуы және оқылуы. Файлдың атқаратын әртүрлі қызметтері болуы шарт: кейде мәліметтерді бір файлдан оқуға және жазуға қажет етеді, кейде бір файлдан өшіреді. Файлдың оқылуы және жазылуы программаға қажетті операторларды бағыттайды немесе оларды жабады.
Файлды оқу және жазу кезінде, келесі файлдарды қолданарда бір бірдей файлды бір уақытта ашуға болмайды. Жұмысқа қажетті пайда болатын файлдың оқылуы және жазылуы кезінде алдымен ашу, ондағы мәдіметтерді өңдеп оны жабу қажет. Содан кейін файлды ашып, ондағы келесі мәліметтер өңделген соң оны жабады.
1. 2. ФАЙЛДЫҚ ТИП
Файлдық тип - компоненттері файлдық тип немесе компоненті файлдық тип болатын структуралық типтен басқа кез-келген тип болатын сызықты тізбектен тұрады. Компоненттер саны файлдық типті хабарлауда бекітілмейді. Файлдың әрбір элементі 0-ден бастап номерленеді. Паскальда файлдардың 3 түрі бар: типтелген, типтелмеген және текстік. Паскалдағы кез-келген файлдық айнымалы ол файлдық типтегі кез-келген айнымалы. Файлдық тип типті сипаттаудың келесі көрсетілген операторларының көмегімен сипатталады:
TYPЕ TF=FILE OF тип
Файлдық айнымалыны қолданудың алдында ол ASSIGN процедурасының көмегі арқылы сыртқы файлмен байланыстырылуы керек. Әдетте сыртқы файл сыртқы есте сақтау құрылғысындағы (СЕСҚ) аты аталған деректер жиыны, сондай-ақ ол пернелік немесе дисплей сыртқы құрылғыда болуы мүмкін. Сыртқы файлдарда файлдарға жазылған ақпарат сақталады немесе олар файлдан оқылатын ақпарат көзі ретінде қызмет атқарады. Сыртқы файлмен байланыс орнатылғаннан кейін файлдық айнымалыны енгізу немесе шығару операциясына дайындау үшін ол "ашылған" болуы керек. Бар файлды RESET процедурасының көмегімен ашуға болады, ал жаңа файлды REWRITE процедурасының көмегімен құрып, ашуға болады. Файлдарға қатынау әдетте жүйелік түрде ұйымдастырылады, яғни элемент стандартты READ процедурасымен оқылған кезде немесе стандартты WRITE процедурасының көмегімен жазылған кезде, файлдың ағымдағы позициясы реті бойынша келесі элементке көшеді. Анықталған READ және WRITE процедураларынан басқа да, END-OF-FILE жағдайы туған кезде (басқаша айтқанда файлдан тыс жерден оқуға әрекет етілген кезде) TRUE мәнін қабылдайтын EOF логикалық функциясы да жиі қолданылады. EOF функциясының форматы:
Eof (NAME)
мұндағы NAME ретінде EOF жағдайына тексерілетін файлдың аты көрсетіледі. Программа файлмен жұмысын аяқтағаннан кейін ол CLOSE процедурасының көмегімен жабылуы керек. Файл жабылғаннан кейін онымен байланысқан сыртқы файл толығымен жаңартылады. Кейіннен файлдық айнымалы басқа сыртқы файлмен байланыстырыла алады. Енгізу-шығарудың стандартты функциялары мен процедураларына қатынаған кезде қателерді тексеру өздігінен автоматты түрде орындалады. Қате табылған жағдайда, экранға қате туралы хабар беріледі және программа өзінің орындалуын тоқтатады. Қателерді автоматты түрде тексеруді компилятордың директивасының көмегімен қосуға {$I+} немесе алып тастауға {$I} болады. Тексеруді алып тастаған кезде енгізу-шығарудың қателері программаның тоқталуына әкелмейді. Бұл жағдайда енгізу-шығару операцияларының орындалу нәтижесін тексеру үшін бүтін сан қайтаратын IORESULT стандартты функциясы қолданылады. Егер бұл функцияның нәтижесі 0-ге тең болса, онда алдынғы енгізу-шығару операциясы ойдағыдай аяқталған. Кері жағдайда бұл сан қатенің кодын көрсетеді. (олардың кейбіреуі төменгі кестеде келтірілген)
- ТЕКСТІК ФАЙЛДАР
Текстік файл - символдық қатардан тұратын файл. Барлық келтірілген программаларда текстік файлдардың қолданылуы күтпеген жағдай болуы мүмкін. Жеке түрде екі стандартты Input және Output аталатын файл қолданылып келеді.
Қолданылатын Read және Readln процедуралары Input файлының символдық қатарынан мәндерін оқиды, ал Write және Writeln процедуралары Output файлына литерлік қатарды жазады. Әлбетте, Input және Output үшін құрылғы ретінде қолданушы терминалы пайдаланылады деп пайымдалады.
Бұл бөлімде стандартты TEXT типіндегі файлдық айнымалысын пайдаланатын енгізу/шығару операциялары сипатталады. Бір айта кететін жай, Паскальда TEXT типі FILE OF CHAR типінен өзгеше. TEXT стандарттық файлдық типі жолдарға реттелген символдардан тұратын файлды анықтайды. Текстік файлдар төменде сипатталған енгізу/шығарудың арнайы процедураларын қолданады. Текстік файл ашылған кезде ол ерекше түрде интерпретацияланады, ол қатар соңы символымен аяқталатын қатарларға топталған символдар тізбегінен тұрады деп есептеледі. Текстік файлдар үшін типі CHAR типінен өзгеше мәндері оқуға және жазуға мүмкіндік беретін оқу және READ және WRITE жазу операцияларының арнайы түрі бар. Мұндай мәндер автоматты түрде символдық түрге және керісінше көшіріледі.
Мына кестеде процедуралар мен функциялар көрсетілген.
1 кесте: Процедуралар мен функциялар:
Шығару: Біз Паскальдың көбірек тараған функциясы - қосалқы программасын пайдаландық. Оның негізгі қызметі ақпаратты экранға жазу. Оның форматы қарапайым және қолдануы бейімделгіш:
Writeln (элемент, элемент, . . . ) ;
Әрбір элемент бұл сіздің экранға шығарғыңыз келген және бүтін немесе нақты сан (3. 42 - 1732. 3), символ (‘A’ - ‘Z’, ‘A’ - Я’), қатар (‘сәлем адамзат’), бульдік мән (TRUE) сияқты мәндер бола алады. Бұдан басқа ол атаулы тұрақты (тұрақты аты), айнымалы, көрсеткіш функциясының шақырылуы, егер ол бүтін типі мән, нақты сан, символ, қатар немесе бульдік тип қайтарса бола алады. Барлық элементтер қатарға көрсетілетін реті бойынша басылады. Шығарудан кейін күймеше келесі қатардың басына орнатылады. Егер күймешенің осы қатардағы соңғы элементтен кейін қалуы қажет болса, онда:
Write (элемент, элемент, . . . ) ;
пайдаланылады.
Элементтерді шығарғанда олардың арасында автоматты түрде бос орын қойылмайды. Қажеттілік болса, оларды ескере кеткен жөн:
Writeln (элемент, элемент, . . . ) ;
Шығару келесі операторлармен сипатталады:
A:=1; B:=2; C:=3;
Name:=’Murat’;
Writeln (A, B, C) ; 123
Writeln (A, ’ ‘, B, ’ ‘, C) ; 1 2 3
Writeln (‘Ol - ‘Name) ; Ol - Murat
Writeln (‘Ol, ‘, Name, ’ . ‘) ; Ol, Murat
Енгізу: Стандартты Паскальда деректерді пернеліктен оқуға пайдаланылатын ақпаратты енгізудің екі негізгі READ және READLN функциялары бар. Олардың форматы:
Read (элемент, элемент, . . . ) ;
Readln (элемент, элемент, . . . ) ;
мұндағы әрбір элемент бүтін, нақты, символдық типті айнымалы және қатар. Сандар бір - бірінен бос орынмен немесе Enter - ді басумен бөлінуі керек.
Төменде көрсетілетін программада F1 текстік файлынан 1 - ші курс студенттерінің тізімі енгізіледі және ол алфавиті реті бойынша сұрыпталып, терминалдың экранына шығарылады.
Текстік файлдардағы функциялар. Символдық және сандық мәндерді енгізгенде, көбінесе EOLN (End - Of - Line жол соңы) стандартты функциясын пайдалану қолайлы болады. Бұл функция мәні жолдың соңы болды немесе мәндер беріліп болды дегенді білдіретін пернесі басылғанда ғана ақиқат (True) болады да, қалған жағдайлардың барлығында жалған (False) болады. Бұл функция көбінесе циклдік операторларда қолданылады.
Ескерту: While Not EOLN Do операторының алдында міндетті түрде Readln операторы тұруы қажет.
Текстік файлда жол (қатар) соңын анықтау үшін бульдік функция EOLN қолданылады. Егер маркер жол соңында тұрса, онда EOLN функциясы True мәнін, ал кері жағдайда False мәнін қабылдайды.
Мән STRING типті болса, READ емес READLN көмегімен оқылады. Алайда, READ және EOLN функциясын қолданып жолды символ бойынша оқуға болады:
WHILE NOT EOLN(RENTALS) DO
BEGIN
READ (RENTALS, ONE_CHAR) ; (* символға енгізу*) IF
WRITE (ONE CHAR) (* оны баспаға шығару*) END;
EOLN және EOF файл көрсетілімінсіз аргумент ретінде қолданылуы мүмкін. Үнсіз келісіммен EOLN және EOF функцияларына INPUT файлы қарастырылған. Сондықтан да келтірілген IF операторы эквивалентті болады:
IF EOLN THEN . . .
IF EOLN (INPUT) THEN . . .
Файл ашылысымен RESET, REWRITE процедуралары ары қарай файлмен жұмыс істеуде қолданылуы мүмкін.
Текстік файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар:
- Append - файлға қосымша элемент қосуға ашады.
- Flush - текстік файлға буфер шығарады.
- Readln - Read сияқты жұмыс жасайды, бірақ қосымша текстік файлдағы мәліметтерді жаңа жолдан оқиды.
- SeekEof - текстік файлға Eof жағдайын қайтарады. (файл соңы) .
- SeekEoln - текстік файлға Eoln жағдайын қайтарады. (жолдың соңы) .
- SetTextBuf - текстік файлға енгізу/шығару буферін қояды.
- Writeln - Write сияқты жұмыс жасайды, өзгешелігі нәтижені жаңа жолға шығарып жазады.
2. ТИПТЕЛГЕН ФАЙЛДАР ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
2. 1. ТИПТЕЛГЕН ФАЙЛДАР
Барлық типтелген файлдардың элементтері бірдей типті болуы керек, ал типтелген файл әр түрлі болуы мүмкін. Мүмкін емес хабарламаның мысалы:
Type TF1=file of file;
TFR=record
A:Integer;
F:File of Real;
End;
TF2:file of TFR;
Типтелген файлдардан оқу тек Read процедурасымен, ал жазу-Write процедурасымен орындалады .
Типтелген файл үшін Read және Write процедурасы келесі форматпен көрсетіледі:
Read (файл аты және тізімі)
Write (файл аты және тізімі)
Тікелей қосу жұмысына келесі процедуралар және функциялар белгіленген.
FilePos- файлда көрсетілген позицияның ағымдағы номерін қайтарады (позиция нолден бастап номерленеді) .
FileSize- файлдың ағымдағы өлшемін қайтарады (санау кезінде файл элементтерінің саны бірден бастап номерленеді) .
Seek-файлдағы ағымдық позицияны көрсеткіш берілген номердегі элементпен алмастырады.
Truncate- файл өлшемі ағымдағы позицияға дейін қысқарады. Файлда ағымдағы позициядан кейін орналасқан барлық элементтер өшіріледі, ал ағымдық позиция файлдың соңы болып қалады. (Eof(f) =True) .
Типтелген файлдың элементтеріне тікелей қосу жұмысында файлды електен өткізу программасын қарастырайық.
Ескерте кететін жай типтелген файлдың «шаблоны», («терезе») болады, біз физикалық файлға енетін символдар «енгіземіз», содан кейін физикалық файл BYTE типінің файлы ретінде ашылады, нәтижесінде символдар жазылған ASCII кодының баспасы шығады.
Program CharToByte;
FB:file of Byte;
Ch: Char;
B:Byte;
Begin
ClrScr;
Assign (FC, ’Test. Dat’) ;
Rewrite (FC) ;
For Ch:='0' to '9' do
Write (FC, Ch) ;
For Ch:='A' to 'J' do
Write (FC, Ch) ;
Close (FC) ;
Assign (FB, ’Test. Dat’) ;
Reset (FB) ;
While not Eof (FB) do
Begin
Read (FB, B) ;
Write (B:8) ;
End;
Close (FB) ;
End.
Нәтижесі: .
48 49 50 51 52 53 54 55 56 57
65 66 67 68 69 70 71 72 73 74
Бұл бөлімде типтелген типті файл айнымалылары пайдаланылатын енгізу/шығару операторлары сипатталады.
Типтелген файлды ашқан кезде сыртқы файл төмендегіше интерпретацияланады, ол бірдей структуралы (әдетте жазудың көмегімен сипатталатын) компоненттер тізбегін білдіреді деп есептеледі. Арифметикалық типті деректер қабылдаған мәндері тәуелсіз бекітілген байттар санын алып жатады.
Типтелген файлдар үшін форматтары келесі түрде болатын оқудың READ және жазудың WRITE процедуралары бар:
READ (F1, X) ;
WRITE (F1, X) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz