Кірме терминдер ана тіліне нұқсан келтірмеуі тиіс



Қазіргі уақытта мемлекеттер арасындағы экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени қарым-қатынастардың арқасында тіл білімінде терминдерді терең зерттеу қолға алынды. Әсіресе, мұнай мен газға байланысты лексиканы зерттеуге ерекше қызығушылық туып отыр.
Қазіргі тіл біліміндегі «халықаралық» терминдер туралы пікірлерді айта кетсек, қазақ тіліне орыс тілі арқылы Еуропа тілінен енген терминдерді «халықаралық» терминдер деп атап жүргені белгілі. Бұл мәселе тура¬лы ғалымдардың көзқарастары әралуан. Ол-ар¬дың бір тобы халықаралық терминдерді аударуға болмайды, бұл өркениеттен бас тарту деген пікір айтады. Бұл жөнінде ғалым Ш. Құрманбайұлының тұжырымдауынша «Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі – халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу немесе бір сөзбен айтқанда, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі» [1.11]. Ал, Б. Момынова: «Өзге бір тілдің бір жүйесін білмеген адам өз ана тіліндегі бөгде, кірме сөздерді түстеп, тани алмайды. Ол сөздерді шет тілден енген десе, тіктеп қарсылық білдіру де мүмкін. Ол кейбір өзге тілдік элементтердің басқа тілге әбден сіңісіп, кірігіп кеткендігінен болмақ» деген пікірі негізсіз емес сияқты [2.91].
Д. С. Лотте: «Кірме терминдерді дайын күйінде қабылдау, әрине, басқа тәсілдермен салыстырғанда жеңіл екені белгілі. Осы «жеңілдік» орыс тіліндегі ғылыми техникалық терминологияға негізсіз көптеген кірме тер¬мин¬дерді енгізуге әкеліп тіреді» [3.8] – деп атап көрсетеді. Қазақ тілі терминологиясы жө¬нінде де осыны айтуға болады. Термин қа¬былдаудың осындай оңай жолы кеңінен қол¬данылғандықтан, қазақ терминологиясының қазіргі жағдайы оған деген көзқарас пен прин¬циптерді қажет етеді. Бұл, әсіресе, салалық терминдер, оның ішінде нысан етіп отырған мұнай терминдерінен де анық сезіледі.
Қазақ тіліндегі мұнай терминдерінің қолданысында кейде жарыспалы түрде айтылып, жазылып жүретін жалпы қолданыстағы және кірме сөздердің синонимдері екі түрлі жағдайдан көрінеді.
Орыс тіліндегі терминдерді аударудан туындайтын синонимдік қатарлар. Мысалы: Месторождение – қайнар көз, кеніш орны, кен бұлағы. Изыскание – іздеу, табу.
Месторождения терминіне сәйкес бұлақ, қайнар көз, кен орны сияқты синонимдік қатардағы сөздер айтыла береді. Бұдан қазақ тілінің байырғы лексикасының пәрменділігі аңғарылады. Мұндай сөздерді балама ретінде батыл қолдану – терминдік атауларды байыту жолдарының бірі.
Кірме және қазақ тілі терминдерінің қабаттасып келуінен туындайтын синонимде: анализ – талдау, бензин – жанармай, метод – әдіс. Осы терминдердің соңғы сыңарларын мұнай өндірісінде қалыптастыруға назар аудару керек. Ол кезде сөздер фонетикалық өзгерістерге ұшырап, үндестік заңына бағына енетіндігі байқалады. Мысалы: зауыт, пойыз, резинке, тауар. Бұл 20-жылдардағы қалыптасқан тілдік құбылыс. Осы аталмыш принцип негізінде сіңісіп, жалпы халықтық сипат алған терминдер, жаңа сөздер зат пен құбылыс атауы ретінде тілімізде көрініс табады. Ол зат пен құбылыстан бұрын не кейін қалыптаспайды. Жаңа ұғым мен пайда болған атауды дәл түсіну үшін зат пен құбылыстың белгісін айқын анықтап алуымыз қажет.
Мәселен, скважина сөзі бертінге дейін өз¬геріссіз қолданылса, енді сөздіктер мен оқулықтарда ұңғы сөзімен ауысты. Мұнай саласында байырғы сөздер мағынасының тарылуы байқалмайды, керісінше өзге тілден енген сөздердің аясының тарылуын кездестіруге болады.
Көтергіш – лифт;
Көлік – транспорт.
Кезекшілік – вахта секілді жаңа сөздер орыс тілінен енген сөздерді немесе орыс тілі арқылы енген шет сөздерді ысырып шығарады.
Қайдар Ә. Қазақ терминологиясына жаңа көзқарас -Алматы; Рауан, 1993ж.-43б.
Момынова Б. Қазақ газетіндегі қоғамдық саяси лексика. Кан. Дис қолжазбасы.- Алматы: 1993ж.-131 б.
Қалиев жат сөздер жағадан ала бермесін. Ана тілі: 1994ж. -29 қырқүйек
Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі –Алматы: Ғылым, 1975ж.-217 б.
Күркебаев Ш. Өсімдік мүшелері мен олардың құрылым-құрылысына қатысты терминдер. Кан. Дис қолжазбасы.- Алматы: 1994ж.-167 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Кірме терминдер ана тіліне нұқсан келтірмеуі тиіс

Қазіргі уақытта мемлекеттер арасындағы экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени қарым-қатынастардың арқасында тіл білімінде терминдерді терең зерттеу қолға алынды. Әсіресе, мұнай мен газға байланысты лексиканы зерттеуге ерекше қызығушылық туып отыр.
Қазіргі тіл біліміндегі халықаралық терминдер туралы пікірлерді айта кетсек, қазақ тіліне орыс тілі арқылы Еуропа тілінен енген терминдерді халықаралық терминдер деп атап жүргені белгілі. Бұл мәселе туралы ғалымдардың көзқарастары әралуан. Олардың бір тобы халықаралық терминдерді аударуға болмайды, бұл өркениеттен бас тарту деген пікір айтады. Бұл жөнінде ғалым Ш. Құрманбайұлының тұжырымдауынша Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі – халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу немесе бір сөзбен айтқанда, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі [1.11]. Ал, Б. Момынова: Өзге бір тілдің бір жүйесін білмеген адам өз ана тіліндегі бөгде, кірме сөздерді түстеп, тани алмайды. Ол сөздерді шет тілден енген десе, тіктеп қарсылық білдіру де мүмкін. Ол кейбір өзге тілдік элементтердің басқа тілге әбден сіңісіп, кірігіп кеткендігінен болмақ деген пікірі негізсіз емес сияқты [2.91].
Д. С. Лотте: Кірме терминдерді дайын күйінде қабылдау, әрине, басқа тәсілдермен салыстырғанда жеңіл екені белгілі. Осы жеңілдік орыс тіліндегі ғылыми техникалық терминологияға негізсіз көптеген кірме терминдерді енгізуге әкеліп тіреді [3.8] – деп атап көрсетеді. Қазақ тілі терминологиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Термин қабылдаудың осындай оңай жолы кеңінен қолданылғандықтан, қазақ терминологиясының қазіргі жағдайы оған деген көзқарас пен принциптерді қажет етеді. Бұл, әсіресе, салалық терминдер, оның ішінде нысан етіп отырған мұнай терминдерінен де анық сезіледі.
Қазақ тіліндегі мұнай терминдерінің қолданысында кейде жарыспалы түрде айтылып, жазылып жүретін жалпы қолданыстағы және кірме сөздердің синонимдері екі түрлі жағдайдан көрінеді.
Орыс тіліндегі терминдерді аударудан туындайтын синонимдік қатарлар. Мысалы: Месторождение – қайнар көз, кеніш орны, кен бұлағы. Изыскание – іздеу, табу.
Месторождения терминіне сәйкес бұлақ, қайнар көз, кен орны сияқты синонимдік қатардағы сөздер айтыла береді. Бұдан қазақ тілінің байырғы лексикасының пәрменділігі аңғарылады. Мұндай сөздерді балама ретінде батыл қолдану – терминдік атауларды байыту жолдарының бірі.
Кірме және қазақ тілі терминдерінің қабаттасып келуінен туындайтын синонимде: анализ – талдау, бензин – жанармай, метод – әдіс. Осы терминдердің соңғы сыңарларын мұнай өндірісінде қалыптастыруға назар аудару керек. Ол кезде сөздер фонетикалық өзгерістерге ұшырап, үндестік заңына бағына енетіндігі байқалады. Мысалы: зауыт, пойыз, резинке, тауар. Бұл 20-жылдардағы қалыптасқан тілдік құбылыс. Осы аталмыш принцип негізінде сіңісіп, жалпы халықтық сипат алған терминдер, жаңа сөздер зат пен құбылыс атауы ретінде тілімізде көрініс табады. Ол зат пен құбылыстан бұрын не кейін қалыптаспайды. Жаңа ұғым мен пайда болған атауды дәл түсіну үшін зат пен құбылыстың белгісін айқын анықтап алуымыз қажет.
Мәселен, скважина сөзі бертінге дейін өзгеріссіз қолданылса, енді сөздіктер мен оқулықтарда ұңғы сөзімен ауысты. Мұнай саласында байырғы сөздер мағынасының тарылуы байқалмайды, керісінше өзге тілден енген сөздердің аясының тарылуын кездестіруге болады.
Көтергіш – лифт;
Көлік – транспорт.
Кезекшілік – вахта секілді жаңа сөздер орыс тілінен енген сөздерді немесе орыс тілі арқылы енген шет сөздерді ысырып шығарады.
Мұнай саласының лексикасында шет тілінен енген техникалық терминдер ерекше тоқталып кетуді қажет етеді. Шет тілінің сөздеріне мүмкіндігінше ана тілімізден және туыстас түркі тілдерінен балама тауып, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда оларды тіліміздің ішкі заңдылығына бағындыра қабылдасақ терминдеріміз дұрыс қалыптасқан болар еді. Ал халықаралық терминдердің бәрін өзгертпей қабылдау, ана тіліміздің мүмкіндігін шектеу деген сөз. Академик Ә. Қайдаров тілдердің арасында ортақ интернационализм болмаса немесе аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі деп байбалам салудың бәрі бекер. Жер жүзінде термин ұғымдарының бәрін шет тілі сөздері ақылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамытып отырған қытай, жапон, т.б. халықтарды біз білеміз [4.22] – дейді.
Кірме күрделі терминдерді құрылымына қарай екі топқа жіктеп қарастырамыз.
Мұнай кірме терминдері біршама белгілі сөз тіркестерінен жасалған. Тіркесті терминдерді компоненттерінің қай тілден енгеніне байланысты төмендегідей екі топқа бөліп қарастырдық.
Екі компонентті кірме терминдерден тұратын анықтауыштық қатынастағы тіркесті терминдер. Мысал: металл изолятор, дроссельдік эффект, ребортты шкиф, механикалық қаратаж, магнит каратаж.
Бір компонентті төл сөзден, екінші кірме сөзден тұратын тіркесті терминдер: бензин буы, газ қондырғылары цемент ерітіндісі, герметикалық құрылғы, бұрғылау мастері, нақтылы диаметр, бұрғы станогы, құбыр муфтасы, бұрғылау технологиясы т.б. Енді осы терминдердің тағы бір ерекшелігі көп жағдайда екінші компонентіне тәуелдік жалғауының үшінші жағына келетін терминдер: таль жүйесі, газ қысымы, жуу секторы, шарошка тістері, мотор майлары, бұрғылау рейсі, ротор ішпектері, газ торабын, т.б.
Біздің пікірімізше, кірме технология – әрбір кірген тілдің халықаралық лексикалық қоры. Оның құрамына ең кемінде үш бір-бірімен туыстық жақындығы жоқ тілдердегі жазылуы мен айтылуы лексикалық мағынасы бір сөздер жатады. Кірме терминдерінің сіңісіп кетуі жеңіл мәселе емес. Ол көбінесе өмір қажеттілігі, баламасының болмауы салдарынан біздің тілімізге енеді. Мұнай терминологиясында кірме терминдердің саны аз емес. Бұл техникалық кірме терминдер ғылым мен техниканың дамуына байланысты өндірісте қалыптасып, көпшілікке түсінікті сөздерге айналады.
Кірме терминдердің қолданылуы жайында М. Серғалиев: Қазіргі термин қолдану практикасында негізгі үш түрлі бағыттың – интернационалдық терминдерді аудармай алу; шет ел немесе орыс тіліндегі сөздердің мағынасын дұрыс бере алатын қазақ сөздерін пайдалану; қазақ тілінің нормасына сай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Термин ұғымы
Қазақ тіліндегі араб әдеби кірме сөздері
Терминологияның жеке дара бөлімдері мен олардың басқа салалармен байланысы
Тіл білімінің негізгі міндеттерінің бірі әдеби тілді қалыптастыру
Медициналық аударма түрлері
Медициналық мәтіндердің аударма ерекшеліртерін анықтау
Көркем шығармаларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер
Терминдік лексика
Патенттердің аннотациялық аудармасы
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан кейін тіліміздегі сөздердің қолданылу орны мен аудару мәселесі бүгінгі күндегі басты мәселе болып отыр
Пәндер