Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі

1. 1 Мемлекеттің басқару нысаны

1. 2 Мемлекеттің құрылым нысаны

1. 3 Мемлекеттік саяси режим

2. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары

3. Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына он бес жылдың төңірегіне жақындады. Осы аталған он бес жыл ішінде ата-бабамыздың аңсаған арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі, экономикасы, саяси жүйесі бар өзге елдермен қабырғамыз да тереземіз де тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды елім, жерім дейтін әр пенде үшін ауыз толтырып, көңіл толғандырып айтатын жәйт. Енді ел бейнесі айқын анықталып өрлеу сатысына жеткен тұста, кеңесшіл идеологияның шеңберінен айырылып барлық нәрсені жан-жақты зерттеуге болатын күн туды. Бүгінгі таңда саяси жүйесі мығым қалыптасқан мемлекеттер қатарында болғандықтан, мемлекетіміздің ішкі құрылымын, басқару жүйесін нақты зерттеп, оның мәндік-мазмұндық жағын айрықша көрсете білу әрбір тұлғаның перзенттік борышы. Себебі, мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да, қоғам мен мемлекеттің, оны жаңа түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.

Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол мемлекет құрған ұйымдардың бірі болып табылады. Ол - қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі нәтижесі. Ал, қоғам өзегі - адам. Сондықтан да, мемлекет құрылымы мен тұрпатын тану өз өзіңді танумен тең.

«Адамды танимын десең қолына билік бер» деп халық даналығында айтылғандай, билікті жүзеге асыра білу де оңай емес. Себебі, бір жеңнен қол шығара білу әр адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан да, біз қоғамды құраушы негіз ретінде биліктің, саясаттың жүзеге асырылуында тек кемшіліктерді көре білмей, керісінше екі жақты салыстырып, сараптай алатын дәрежеде болуымыз керек.

Мемлекет нысаны - бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы. Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия - бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның - монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз - бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі - бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай - да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика - бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер -министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады. ; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай - ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.
Күрделі мемлекет - бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.
Империялар -бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік - құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.
Конфедерацияларды империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық - құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады.
Федерация - бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық - мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.
Достастық - бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі. Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері - бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.
Мемлекеттердің қауымдастығы - бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.
Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнің екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық және антиде¬мократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз саясаты мен кемел бас­тауының арқасында Тәуелсіз Қа­зақ­стан өзінің мерейтойын эконо­ми­касы қуатты, демократиясы да­мыған және әлемде өзіндік құрметке ие болған ел. Біздің мемлекеттік рә­міздер бүгінгі күні әлемнің көп­теген елдері мен халықаралық ұйымдарға кеңінен танылған, ал біздің отандастарымыз өз рес­публикасымен заңды түрде мақтана алады.

Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіз Қазақстанның бөлінбес және маңызды атрибуттары. Оларға деген мемлекеттік органдардың, еліміздің аза­мат­тарының көзқарасы біздің пат­риоттығымыз бен Отанға деген құрметіміздің көрсеткіші бо­лып табылады.

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары - Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков.

Геральдика (гербтану) тiлiнде - көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым.

Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi.

Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.

Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Қазақстан - Ұлы дала көшпенділері мемлекеттік құрылымдарының тарихи мұрагері болып саналатын және біртіндеп олардың баста геосаяси мұратын - Еуразиядағы ықпалдастыққа, бейбітшілік пен жасампаздықтың біртұтас кеңістігін қалыптастыруға ықпал етуді жүзеге асырып келе жатқан, өзіндік төлтума мәдениеті мен тарихы аса бай ел.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратег
Егемендік және Тәуелсіздік
Елбасының қазақ әдебиетіндегі бейнесі
Саяси көшбасшылық
Бауыржан момышұлының өмір жолы
КР мемлекеттік рәміздері туралы
Республика Конституциясы одақтық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz