Ауызекі тілдің басты ерекшелігі


Жоспар:
- Ауызекі тілдің басты ерекшелігі
- Тілдегі экспрессивті эмоцияналдық қасиеттер
- Ауызекі тіліндегі қолданылатын тіркестер
Пайдаланған әдебиеттер
Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшеліктері.
Ауызекі тіл, ауызекі сөйлеу - адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі - сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар. Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері - варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектілер т. б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі - әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін) .
Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (линвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары, дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т. б. ) . Экспрессия және ықшамдылық үшін ауызекі тіл сөздерді өзгеше жұмсайды, ерекше синтаксистік бірліктер (сөз тіркестер мен сөйлемдер) құрайды. Ауызекі тілдің тек өзіне тән сөздік қоры болады, ол екпінге, сөйлемдегі мағынаға көбірек сүйенеді. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің барлығында (сахнадан немесе радио мен теледидардан көркем шығармадан үзіндінің оқылуы, публицистикалық материалдың ауызша берілуі) кездеседі.
Тіл мәдениеті екі үлкен саланы - ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін қамтитындығы танытатын жұмыстар жүргізу.
Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін мұғалімнің және оқушылардың өзара сөйлесуіне көңіл бөлгізіп талдату. Ауызша сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру.
Оқушылардың айналасындағы адамдардың, үй-ішінің ауызекі сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін келтіру.
Ауызша сөйлеу мәдениеті орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен де байланысты екендігін түсіндіру мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік сөздерді әуезді, мәнерлі, құлаққа дағымды етіп айтқызу. Әсіресе, дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру.
Пластинка немесе үнтаспадан әртістер оқыған үзінділерді тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату.
Сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле ережесін сай жазылуымен байланысты екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу.
Жазба жұмыстарында терминдердің, аң-құс, жан-жануар, өсімдік атауларының, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты құрал-жабдық, ұғым атауларының, мамандық, кәсіп атауларының бірде бөлек, бірде бірге жазылуына көңіл бөлгізу.
Іскерлік ортада әріптестердің атын әкесінін атымен қосып атау немесе олардың аттарының алдында "мырза", "ханым", "бикеш" сөздерін қолдану қалыптасқан. Іскерлер арасында адамдарға бұлай қарым-қатынас жасауды дұрыс деп есептесек, ал күнделікті жолдастарыңмен, жақын туыстарыңмен, сыйлас адамдармен тілдесуде аталған тіркестерді қолдану ресмилікке әкеліп соқтырады, жылы қарым-қатынасты алшақтатады.
Қазіргі кезде адамның атақ-дәрежесін атымен қоса айту күнделікті өмірде қолданыла бермейді. Атақ-дәрежесін айтып тілдесу тек арнайы кездесулерде, ресми жиындарда ғана колданылады.
Ұлттық тіл - ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым - қатынас құралы. Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі қазақ халқының ұлт болуымен тікелей байланысты.
Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым - қатынаста болады. Сол арқылы тіршілік жасайды, білім, тәжірибе жинайды, жетіледі, өседі. Ал қарым - қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады. Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады. Ауызекі сөйлеу стилі - қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.
Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:
1) дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу) ;
2) полемикалық (дауласу) сөз;
3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция) .
Дидарластық сөз стилі екі немесе брнеше, сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады. Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болу үшін алдын ала дайындалып келеді. Дидарластық әңгіме диалог түрінде де жүреді.
Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүделлері қарсы кісілердің арасында болады.
Даулы сөзде қарсы жақтың сөзіне полемикалық қатысты білдіретін тұлғалар пайдаланылады, риторикалық сұраулы сөйлемдер жұмсалады, өз пікірін дәлелді ететін аргументтер келтіріледі. Қарсы жақтың мысын басатын мысқыл сөздер де қолданылады. Даулы мәселені шешуге әркімнің дайындалып барғаны жөн.
Көркем әдебиет - сөзбен салынған сурет; оқиғаға кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөзі, мінезі, келбеті қатысып баяндалады; оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады.
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мынадай:
1. Эмоционалдық, бейнелі, эксрессивті сөздер мол қатысады.
2. Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлілік беру үшін айрықша құрылады.
3. Шығарма тартымды болу үшін синоним сөзднр, тұрақты тіркестер барынша көп жұмсалады.
4. Осылардың бәрі грамматикалық амал-тәсілдерді ерекше қиюластырып қолдану арқылы беріледі.
Іс қағаздар дегеніміз-жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы.
Іс қағаздарының мынадай түрлері бар:
1. Әр түрлі мазмұндағы арыздар.
2. Өмірбаян .
3. Анықтама, түсінікхат, ақпар, есеп, хабарлау т. б.
4. Іс жөнінде мәлімет (хат) алысу, келісім жасасу, шешім шығару, хабарлау т. б.
5. Мекемеде өткен мәжілістердің жүрісін, шешімін баяндайтын құжат - хаттама.
6. Бұйрық. Қызметкер жөніндегі мінездеме, мінездеме, ұсыныс т. б.
Іс жөніндегі қатынас қағаздар бірнеше бөліктен құралады:
1. Қатынас қағазының жіберілген мерзімі (күні, айы, жылы) .
2. Қатынас қағаз жіберілген мекеменің (фирманың), мекеме басшысының аты-жөні.
3. Қатынас қағазының мазмұны.
4. Қатынас қағазды жіберуші жөнінде мәлімет және оның қолы.
Қатынас қағаздың композициясына кіретін әр бөлік «реквизит» деп аталады. Әр реквизиттің жазылуына, пунктуациясына қойылатын талаптар бар. Ол талаптар мемлекеттік нұсқауларда айтылған.
Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері:
1. Мәтін өте жинақы құрылады.
2. Сөйлемдер негізінен номинативті, екі негізді болып келеді.
3. Сөйлемдегі сөздер базистік тәртіпке сай орналасады.
4. Экспрессивті сөздер қатыспайды.
5. Мәтін баяндау ретінде келеді.
Іс қағаздарының басында, соңында қағаздың жіберілу мерзімі міндетті түрде цифрмен көрсетіледі. Іс қағазының мазмұнына байланысты мазмұнының ішінде келетін сандар цифрмен де, әріпті жазумен де көрсетіледі. Бірден онға дейінгі сандарды әріпті жазумен таңбалаған дұрыс.
Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайданылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады. Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттға да ие болады. Ол көбінесе газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.
Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады:
а) экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;
ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;
б) толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер;
в) тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.
Ғылыми стиль адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді. Бұл адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz