Қылмыс құрамы және қылмыстық заң


§ 2. Қылмыс құрамы және қылмыстық заң
Қылмыс құрамы - бұл нормативті ережеге сәйкес анықталатын және соған байланысты қолданылатын ұғым. Қылмыс құрамын анықтаудың заңды моделі, ол қылмыстық заң.
Қылмыстық заңның құрылымы қылмыс құрамына қатысты және оған қатысты болып есептелмейтін басқа да ұғымдарды қамтиды. Қылмыстық заң нормалары арқылы қылмыстық құрамдардың мағынасы ашылып ғана қоймай, сонымен қатар әр қылмысқа белгіленген жаза түрлері де қарастырылады. Демек нормалар санкциясы қылмыстық құрам ұғымынан тысқары жатыр.
Бұл жерде алдымен қылмыс құрамы, қылмыстық-құқықтық норма және қылмыс деген ұғымдардың ара қатынасын ашу қажеттілігі туындайды, себебі квалификация жүргізуде бұл ұғымдардың қолданылу деңгейін білу міндетті болып табылады.
Қылмыстық құрамның түсінігі және оның элементтері мен белгілері, сондай-ақ квалификация жүргізуде қолданылатын Жалпы және Ерекше бөлімнің нормалары туралы бұдан бұрынғы бөлімдерде айтылды.
Қылмысты квалификациялау негізінен Қылмыстық кодекстің Ерек-ше бөлімінің нормалары бойынша жүргізілетіндіктен ондағы әр бабтың диспозициясы сол құрамға сипаттама беру міндетін атқаруы тиіс. Құрам және оның белгілері Ерекше бөлімнің баптарында келтіріледі деп айтуға негіз бар тәрізді. Себебі ол баптар өзіне сәйкес келетін барлық қылмысты әрекеттерді қамти білу үшін, толық, анық, әрі сенімді болуы және тұрақты қолданылу сапасына ие болуы керек. Бұл заң баптарына, оның диспозицияларына қойылатын қағидалар. Бірақ қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің ешбір бабы қылмыстың құра-мына қатысты белгілерді толық тізіп сипаттамайды. Олардың көпшілігі объективтік жақтың белгілерін келтірумен шектелсе, ал кейбіреулері объективтік және субъективтік жаққа қатысты белгілерді ғана келтіреді. Мысалы 134 бап, баланы қасақана ауыстыру. Қылмыстық субъектісі де осы тәріздес кейбір баптарда аталса (мысалы 224 бап, Заңсыз сыйақы алу. Диспозициясы "Мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамы болып табылмайтын қызметтерінің немесе оған теңестірілген адамның, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерін атқармайтын қызметкерінің), ал кейбіреуінде айтылмайды. Ал қылмыстық объектісін дәл болмаса да, бағыттап көрсететін диспозициялар кездеседі. Мысалы 96 бап. Кісі өлтіру, яғни басқа ада-мға құқыққа қарсы қаза келтіру. Осындай жағдайларға қарай отырып, баптың диспозициялары қылмыстың құрамын бейнелейді немесе оның маңызын ашады деп айтуға болмайды. Демек қылмыс құрамы мен норма диспозицияларының айырмашылықтары ғана емес міндеттері де бөлек деп түсіну керек. Ерекше бөлім нормаларының диспозициялары нақты қылмыс құрамының ерекшелігін білдіретін белгілерді көрсетуді міндет тұтады. Ал оның басқа және ұқсас құрамдардан айырмашылығы, яғни құрам элементтерінің ерекшеліктеріне түсіндірме беру кезінде немесе оқулық әдебиеттерде ашылады. Сондықтан қылмыстық құрамдарды оқу, меңгеру, онымен практикада жұмыс істеу үшін, тек қылмыстық заңды оқып шығумен шектелуге болмайды. Заңды оқу арқылы халық қандай әрекеттер қылмысты болып табылатыны және қандай жаза түрлерімен оның көлемі туралы хабардар болып, үстірт, алғашқы қажетті түсінік алады. Ал қылмыстық заңмен үнемі жұмыс істеу үшін құқық қолданушы қызметкер толық білімді болуы керек және ондай білімді оқулықтардан, зерттеу әдебиеттерден алады. Бұл біріншіден, екіншіден Ерекше бөлімнің нормаларының диспозициялары қылмыс құрамы элементтерінің белгілерін толық келтіретін болса, онда қылмыстық кодекс қазіргі қолданып отырған көлемнен анағұрлым қалыңдап және құрамдардың ортақ белгілерін үнемі әр бапта қайталап отырар еді. Мысалы қылмыстың жалпы субъектісі, әдетте 16 жасқа толған, есі дұрыс адам. Бұл көптеген құрамдарға ортақ белгі. Мұны сол баптардың көпшілігінде көрсете беруге айтарлықтай қажеттілік болмас та еді. Біз осылай дей отырып, заңның дұрыстығы, анықтығы туралы екі жағдайды ескеруіміз керек. Норма диспозициясында құрам элементтерінің кейбір белгілерін тікелей көрсетпегенде, біз теория мен практиканың кейбір мүмкіншіліктерін шектейміз. Мысалы әйел зорлау қылмысының құра-мын диспозицияда толық келтірумен айналыса отырып, бұл қылмыстың субъектісін "14 жасқа толған, есі дұрыс ер адам" десек, онда біз практиканың мүмкіндігін шектеген болуымыз мүмкін. Себебі 14 жасқа толмаған ер жынысты адамды 14 жастан асқан әйел адам әйел зорлауға азғырса, онда азғырған әйел адам біреу арқылы қылмысты орындаған болып шығады. Демек әйел зорлау қылмысының субъектісі арнайы емес, жалпы болуы да мүмкін.
Норма диспозицияларын толық, анық бейнелей отырып практика қызметін бірізділікке келтіруге болады. Қылмыстық құқықта кейбір қылмыс құрамдарының элементтеріне қатысты белгілер даулы болып кездеседі. Мәселенің теория жүзінде даулылығы практика қызметін шатастырып қана қоймайды, ол сонымен бірге әркелкілікке, яғни екі тергеу мекемесінде екі түрлі квалификациялауға соқтыруы мүмкін. Бірдей уақиғаны бір тергеуші "қылмыс құрамы бар" деп, екіншісі "қылмыс құрамы жоқ" деп бағалауы мүмкін. Мысалы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-бап) қылмысының кінә нысаны қылмыстық құқықта даулы болып саналады. Бұл бапта кінәлінің зардапқа деген психикалық қатынасы тікелей айтылмағандықтан оқулықтар бірі жанама қасақаналық, екіншілері абайсыздық деп әркелкі түсіндіреді. Мұндай жағдайлар, яғни норма диспозициясының толық мағлұмат бере алмауы қылмысқа квалификация беру барысындағы сот-тергеу қызметін шатастырады.
Келтіріліп отырған мысалдар Ерекше бөлім баптарының диспозицияларына қарағанда қылмыстың құрамы деген кең және терең ұғым екендігін дәлелдейді.
Ерекше бөлімнің нормалары Жалпы бөлімнің нормаларымен өзара үндестікте, байланыста қолданылады және қылмыстық құрамдарды оқып, меңгеру барысында қажет болып табылады. Жалпы бөлімде Ерекше бөлімде қарастырылатын құрамдарға қатысты ортақ ережелер қарастырылады. Оларды үш топқа бөлуге болады.
Қылмыстық заңға қатысты
Қылмыс құрамына қатысты
Жазаға қатысты
Бірінші топтағы қылмыстық заңға қатысты нормалар қылмысты квалификациялауда қолданылатын заңдарды, заңның міндеттері, заңның кері күшімен уақытындағы күші тәрізді ережелерді құрайды. Екінші топтағы қылмысқа қатысты нормалар Жалпы бөлімнің екінші бөлімінде келтірілген. Мұнда қылмыстың жалпы түсінігі, оның санаттары, қылмыс жиынтығы, қайталануы, бірнеше рет жасалуы, жауаптылық белгіленетін жас, кінәға қатысты түсініктер қарастырылған. Сонымен бірге бұл топтағы нормаларға қасақаналықпен сипатталатын қылмыстарда кездесе алатын қылмысқа қатысу, қажетті қорғану, аса қажеттілік, бұйрықты немесе өкімді орындау тәрізді т. б. осы тәріздес жалпы ережелер жатады. Ал жазаға қатысты ере-желер ІІІ-VІІ бөлімдерде келтіріледі.
Заңды екі бөлімге бөліп оқу және жұмыс істеу, ол заңды оқып, үйренудің жеңіл болуы және заң қолдану жұмысын тиімді, оңтайлы жүргізу үшін пайда болған. Яғни барлық қылмыстарға қатысты, ортақ болып табылатын кінә, қылмыс субъектісі, есі дұрыстық, қылмыс ұғымы тәрізді ұғымдар және көпшілік қылмыстарда кездесе алатын қылмысқа даярлану немесе оқталу, қылмысқа қатысу, қажетті қорғану тәрізді ережелер Жалпы бөлімге шығарылған. Сондықтан Жалпы бөлім нормаларының Ерекше бөлім нормаларына қарағанда түсінік беру немесе белгілерді атау қызметі басым, толық көрінеді. Себебі Ерекше бөлім нормаларының диспозициялары мұндай Жалпы бөлімде қаралған ортақ ұғымдарды, белгілерді қайталамауы керек. Қылмыстық заңның Жалпы және Ерекше бөлім нормаларының өзара жақындығы, байланысы, бір-біріне атқаратын қызметі міне осында. Демек, Ерекше бөлім нормаларының диспозициялары өзінің басты міндеті болып табылатын, қылмыс құрамының басқа құрамдардан айырмашылығын білдіретін осы қылмыс түріне тән белгілерді, ұғымдарды келтірумен айналысады дейміз.
Ерекше бөлімдегі баптардың диспозицияларында келтірілетін кейбір ұғымдардың, терминдердің түсінігі Жалпы бөлімде қарастырылады. Мысалы 214 баптың 2 бөлімнің "а" пункті "бірнеше рет". Мұнда кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысын бір неше рет жасау деген ұғымды түсіну үшін Жалпы бөлімдегі 11 бабқа сүйену керек. Егер диспозицияда қолданылып отырған ұғым тек осы қылмыс түріне немесе осы тектес ұқсас қылмыстарға тән болса, онда заң нормасын талқылау, түсіндіру кезінде ашылады. Мысалы 112 бап-қорқыту, 181 бап- қорқытып алушылық, 248 бап- радиоактивті заттарды ұрлау немесе қорқытып алу, 255 бап-қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құралғыларын ұрлау не қорқытып алу. Осындай себептерге байланысты қылмыс құрамдарына арналған баптардың диспозициялары қылмыстық заңда жутаңдық көрсетуі мүмкін.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі әлеуметтік-қоғамдық өмірде кездесетін қылмыстардың түрін анықтауға және оларға жауаптылық белгілеуге арналған. Қылмыс құрамы ұғымының да басты міндеті осы тәріздес, яғни жауаптылық белгілеу, адамгершілік және құқықтық тұрғыдан әділетті, негізді болуы үшін іс-әрекеттің қылмыстылығын аныұайтын құрам элементтерінің белгілерін ашуға ұмтылады. Мұндай кезде "қылмыс" және "қылмыс құрамдары" ұғымдарының ара қатынасын анықтау туралы қажеттілік туындайды. Бұл екі ұғымдардың ұқсастығын былай түсіну керек. Біріншіден, кеңірек ұғым ретінде қолданылатын "қылмыс", тар немесе нақты мағынада қолданылатын "қылмыс құрамы" ұғымдары екеуі де қылмыстық жауаптылықтың негізін білдіре алады. Тек " қылмыс" ұғымы әлеуметтік-саяси мағынада, ал "қылмыс құрамы" деген термин құқықтық сипаттағы жауаптылықтың негізін білдіру мақсатында қолдануға оңтайлы.
Екіншіден, бұлар бірін-бірі тудырушы ұғымдар болып табылады. Егер қылмыс болмаса қылмыс құрамы деген ұғымда өмір сүрмес еді. Сонымен қатар «қылмыс» деген ұғым «қылмыс құра-мы» деген ұғымсыз да өмір сүре алар еді.
Қылмыстар қоғамдық ортада өмір сүргенмен, оның нақты түрлерінің түсінігін дұрыс қалыптастыру, сол әлеуметтік-қоғамдық ортада толық мүмкін емес. Мұндай ортада қылмыстар түрлері туралы толық және жан-жақты зерттелмеген түсінік өмір сүреді. Бірақ Л. И. Спиридонов айтқандай "қылмыстың әлеуметтік ұғымы, оның заң жүзіндегі ұғымына жағдай жасайды". Қылмыстың заңдағы түсінігі, оның әлеуметтік түсінігімен үндесіп, сабақтасып жатпаса немесе әлеуметтік түсінігіне қайшы келсе, онда мұндай заңды қоғам мойындамас еді. Дәлірек айтқанда қылмыс қоғамда өмір сүреді, ол қылмыстың сипатына, қауіптілігіне байланысты адамдарда үстірт түсінік қалыптасады, ал қылмыстық құқық сол қылмыс құбылысын және халықтың түсінікті зерттеуге алып, оның шын қылмысты әрекет екенін құрам элементтері арқылы дәлелдейді. В. Н. Кудрявцев "Шын мэнінде құрам белгілері іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін ғана емес, сонымен бірге адамның кінәсін де сипаттайды. Олар бір қылмысты басқа-ларынан ажыратады", - деп сенімді айтады.
"Қылмыс" және "қылмыс құрамдары" ұғымдарының өзара айырмашылықтары мынада. Сырттай қарағанда біріншіден, "қылмыс" әлеуметтік қоғамдық ортада қалыптасқан, сол ортада өмір сүретін ұғым, ал "қылмыс құрамы" қылмыстың құқықтық немесе ғылыми ұғым болып табылады. Қоғамда немесе халықтың арасында қылмыс құрамы деген сөз айтылмайды. Себебі "құрам" деген сөздің өзі, онда эле-менттердің, белгілердің немесе құрамдас бөліктердің бар екендігін білдіреді. Мұндай құрамдас бөліктерді білдіретін элементтерді анық-тауды халық міндет санамайды.
Т. М. Күлтелеев қазақ әдет-ғұрып құқығында "қылмыс" деген ұғым болмаған. Оның орнына "жаман қылық" деген ұғым қолданылған. Бұл жаман қылықтардың түрлері қазіргіше ұғыммен алғанда қылмыстарды білдірген. Қазақ әдет-ғұрып заңдарында қылмысты, яғни жа-ман қылықты бірнеше санатқа бөлу болған тәрізді. Себебі "өте жаман қылық" деген ұғым қолданылып, ол жеке адамға, хан, султан, би, ру басылардың жеке басына, оның ішінде ар-намысқа, сонымен қатар отбасы иесі болып табылатын адамға қарсы әрекеттерді білдірген. 2
Т. М. Күлтелеев қазақтардағы қазіргі "қылмыс" термині "қылық, жаман қылық" деген сөзден шыққан тәрізді дейді. 3
Біздіңше, қылмыс терминінің шығу себебі басқаша да болуы мүмкін. "Қылмыс" сөзінің төркіні "жаман қылық қылма" деген сөздегі "қылма" сөзіне байланысты болуы мүмкін. Яғни «жаман қылық қылма» сөзі «қылмас» әрекеттер немесе қылмас, жасамас деген мағынаға көшіп, бірақ қазақ тілінің айтылуы икемділігіне қарай "қылмыс" болып кетуі де мүмкін.
Екіншіден, қылмыс ұғымы көлемі бойынша құбылыстың немесе қылмыс түрінің жалпы атын ғана білдіретін түсінік болып табылады. Ал қылмыс құрамы сөзі көлемі бойынша жоғарыда айтқанымыз-дай қылмыстың бар екендігін дәлелдеу мақсатында оның белгілерін,
Кудрявцев В. Н. . Аталған еңбекте, 59 бет.
Күлтелеев Т. М Уголовное обычное право казахов - Алма-та, 1955 - 172 с. Сонда - 154 с.
оған тән ерекшеліктерді ашатын және объективтік және субъективтік белгілерін қамти алатын кең ұғым ретінде қолданылады. Әдебиеттер-де "қылмыстық құрамға қылмыстық-құқықтық норманың элементі ретінде заң шығарушылармен нақты осы қылмыс түрінің мағынасын, барысын, сипатын, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін білдіретін белгілер жатқызылады" деген түсіндірме кездеседі. 1
Үшіншіден, қылмыстық-құқықтық мағынада қылмыс ұғымы тек ата-улы түрде ғана қолданылады. Мысалы кісі өлтіру қылмысы. Қылмыс құрамы деген ұғым қылмыстық құқықта сипаттаушы мағынада қолда-ныла отырып, бір қылмыстың өзінде бірнеше қылмыстық құрамдарды келтіре алады. Мысалы Қылмыстық кодекстің 96 бабында кісі өлтіру қылмысы қарастырылады дегенмен, ол бапта кісі өлтіруді білдіретін бір ғана қылмыстық құрам қарастырылады деп айта алмаймыз.
1Трайнин А. Н. Общее учение о составе преступления. - М., 1957. С. 60.
2
В. Н. Кудрявцев аталған жұмыста, 80 бет.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптары бірнеше құрамдарды сипаттау және оларға жауаптылық белгілеу мүмкіншілігіне ие, яғни бір қылмыс бірнеше қылмыстық құрамдар түрінде кездесе алады. В. Н. Куд-рявцевтің "Белгілі бір қылмыс түрінде бірнеше балама белгілер келтір-ілгенде, ол балама белгілердің кем дегенде біреуі осы қылмыстың құра-мын білдіріп тұратын белгі болуы керек. Кейбір баптарда бірнеше белгілер келтірілгенде бірнеше қылмыс құрамдары емес, бір құрам келтіріліп тұрған тәрізді. Мысалы көруден, естуден айырылу және басқа да денсаулыққа ауыр зардаптар келтіруді білдіретін әртүрлі зардаптар бір құрамды құрайды. Ал кейбір баптарда бұл мәселе осындай оңай болып көрінбейді. Мысалы 256 бапта бір құрам бар ма әлде бірнешеу ме? Басқаша айтқанда "Балықты, теңіз аңдарын және өзге де су жануар-ларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу" деген формулировка бір құрам-ның балама белгілерін білдіре ме, әлде мұнда төрт құрам ба? Ал Қылмыстық кодекстің 263 бабында ше "жол қозғалысы" және "көлік құрал-дарын" пайдалану ережелерін бұзу (оның үстіне әртүрлі көлік құралда-рымен) . Егер осылардың бәрін әр түрлі құрамдар деп есептесек, онда ұрлық қылмысын қарастыратын қарастыратын 158 бапта бір емес, сегіз құрам бар болып шығады. Жай ұрлық, алдын ала келісіммен топ адам-дардың жасаған ұрлығы, ірі мөлшердегі ұрлық т. б. ) дей отырып, бұл мәселеде "құрам ретінде кеңірек жиынтықты атасақ, онда мысалы кісі өлтірудің бір ғана құрамы бар, ал 105-108 баптар балама көріністерін қарастырады деп атау керек", - дейді1.
Мұндай бағытпен келісуге болмайтын тәрізді. В. Н. Кудрявцев денса-улыққа қасақана ауыр зардап келтірудің түрлерімен балық, теңіз аңда-
рын заңсыз алудың, көлік құралдарын заңсыз пайдалану мен жол
жүру ережелерін бұзудың арасынан барлық белгілері бір құрамды білдіретін, ал қалғандарында бір диспозицияның әр белгісі әртүрлі құрам-ды білдіретін қандай айырмашылық көріп отырғаны белгісіз. Бұл қылмыстардың белгілері анығырақ айтқанда, түрлері бір баптың бір бөлімінің диспозициясында келтірілген. Бұл жерде қандай айырмашылық болуы мүмкін. Аталған қылмыстардың айырмашылығы, ол бірінде адамның денсаулығына келетін зардап түрлерінде болса, екіншісінде қылмыс за-тында, ал үшіншісінде әрекет түрінде ғана, онда не тұр.
Бұл мәселені шешуде баптың бір диспозициясында келтірілген белг-ілер мен бір баптың әр бөлімдерінде қарастырылған әрекеттерді бірдей көрмеген дұрыс тәрізді. Бұл заңның жүйеге бөліну қағидасынан туын-даған нәтиже. Заң Жалпы және Ерекше бөлімдерге, бөлімдер топтық объектілеріне қарай тарауларға, тараулар баптарға, қылмыс түрлеріне бөлінеді. Қылмыс түрлері осы қылмысты білдіретін бір неше құрамда-рға бөліне алады. Бір қылмысты білдіретін түрлі құрамдар бір баптың жекелеген бөлімдерінде ғана қарастырылады деген дұрыс. Баптың бір бөлігі қанша белгіні, қылмысты әрекеттерді тізсе де, олар бір қылмыс-тық құрамды білдіреді. Мұның себебі, заң қоғамдық өмірде кездескен қауіпті әрекеттерді келтіреді. Анығырақ айтқанда бір қылмысты, бір қылмыстық құрамды білдіретін әрекеттер, оның әртүрлі көріністері өмірде көптеп кездеседі. Заң олардың бір-бірінен айырмашылықтары болғанмен, объектісі, әрекеттері ұқсас болғанда баптың диспозициясында тізіп келтіре отырып, бір қылмыстық құрам ретінде ұсынады. Сондық-тан денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіруді қарастыратын 103 бап-тың 1 бөлімінде немесе көлік құралдарын пайдалану және жол жүру ережелерін бұзу үшін жауаптылық көздейтін 296 баптың 1 бөлімінде де бір құрам келтірілген. Заң құрылысында көңіл аудара отырып, бір бапта қарастырылған бір қылмыс бірнеше құрамдарға бөлінеді деуге болады. В. Н. Кудрявцевтің «ұрлық қылмысы сегіз қылмыстық қылмыстық құра-мға бөлінеді дегені бұл жерде дұрыс».
Қылмыстың жасалу ерекшеліктерінде және жауаптылық белгілеу мәселесінде баптың бір бөліміне сиғыза алмайтын және сол қылмысты білдіретін әрекеттердің себептері бірне-шеу болады.
Кінәні, жауаптылықты ауырлататын немесе аса ауырлататын әрекеттермен қылмыс жасалғанда, жазаны негізгі құрам бойынша белгілей алмаймыз, заң баптарын бөлімге немесе әрі қарай ауыр-лататын құрамдарға бөлмеу кінәліге жеткілікті жаза тағайындауға заң жүзінде мүмкіндік бермес еді. Мысалы жай ұрлықпен ірі мөлшерде жасалған ұрлықты бірдей бағалауға болмайды. Бұл екеуі де бір қылмыс, ұрлықты білдіреді, бірақ ұрлықтың жеке құрамда-рын білдіреді. Сол сияқты кісі өлтіру қылмысын білдіретін 96 баптың бөлімдері (және екінші бөлімнің он үш пункті) де жеке құрамдарды білдіреді. Олардың әрқайсысында кісі өлтірудің жеке жағдайлары қарастырылады.
Ауырлық дәрежелері бірдей немесе шамалас және бағыты бойынша ұқсас болып табылатын жекелеген әрекеттер де бір қылмыстың жекелеген құрамдарын білдіреді. Мысалы Қылмыстық ко-декстің 194 бабындағы несиені заңсыз алу және мақсатсыз жұмсау. Бұл баптың бірінші бөлімі мемлекеттік несиені заңсыз алғандығы үшін жауаптылықты қарастырса, екінші бөлімі сондай несиені мақ-сатсыз бағытта жұмсағандықты келтіреді. Мұнда да қылмыстың заты және объектісі, субъективтік жағы мен субъектісі ұқсас келтіріліп, олар жеке қылмыстық құрамдар ретінде қарастырылған. Сырттай қарағанда несиені заңсыз алу және мақсатсыз жұмсау әрекеттері жеке қылмыс түрлерін білдіретін тәрізді. Өйткені мемлекеттік несиені мақсатсыз жұмсау және заңсыз алу құрамдарының арасында тікелей байланыс жоқ. Бірінші бөлім несиені заңсыз алғаны үшін жауаптылықты белгілесе, екіншісі несиені заңды түрде алып, бірақ кейін алу кезінде берген уэдесі бойынша емес, басқа бағытта жұмсағаны үшін жауаптылық көздейді. Сондай-ақ 194 баптағы бұл екі құрамның бірі болмаса да, екіншісі осы баптың өмір сүруіне мүмкіндік бере алады. Ондай кезде тек баптың немесе қылмыстың атауы ғана қысқартылады. Несиені заңсыз алу және мақсатсыз жүмсау әрекеттерінің негізгі белгілері және бағыты осындай ұқсас болуына байланысты, бұл әрекеттер бір қылмыс ретінде аталып, оның негізгі түрлері жеке құрамдар ретінде келтірілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz