Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары



КІРІСПЕ
Жұмыстың негізгі мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
«Қазақстан-2050» Стратегиясында мемлекеттілікті одан әрі нығайту және Қазақстандық демократияны дамыту бағытында мемлекетті басқарудың жаңа типі, мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру, басқаруды орталықсыздандыру, орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы, ауыл әкімдерін сайлау сияқты басымды бағыттар аталып көрсетілген.
Біздің мемлекетте ресми билік пен экономистер, ғылыми ұйымдар тарапынан ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына деген түрлі көзқарастар бар, бірақ олар негізінен ғылыми немесе теоретикалық сипатта. Нақты тәжірибелік сипат алмаған. Жергілікті өзін-өзі басқару реформасы мен бюджет процесінің қазіргі кезеңінде орталықтан қаржыландыру принциптерінің өзгеру нәтижесінен бұл мәселелер ең маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Бюджет жүйесінің төртінші деңгейі – ауылдық аймақтың пайда болуы – аймақтық даму стратегиясын қайта жасау қажеттілігіне алып келеді. Жергілікті өзін - өзі басқару реформасында мемлекетк және қоғам мүдделерінің үндестігі мақсаттар мен алғашарттар құратын еңбекші халықтың (оның ішінде ауыл халқының) потенциалын көтермей мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мүмкін еместігін жете түсіну қолға алынуы тиіс.
Қазақстандағы ауылдық аймақтардың құлдырауы әртүрлі экономикалық, әлеуметтiк, тарихи және тағы басқа себептерден шыққан, олардың көбі тікелей сол жердегі тұрғылықты халықтың қызығушылығы мен араласуынсыз жүзеге асқандығынан туындаған.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 338.1:334.722.1.8 (574) Қолжазба құқығында

ТОЙМЕТОВ ДАСТАН ЕРЕЖЕПҰЛЫ

Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін
жетілдіру жолдары

6М051000 – МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ мамандығы бойынша

Экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесiн алу үшiн дайындалған
магистрлік диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Түркiстан, 2013

Диссертациялық жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк
университетiнде орындалды

Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының кандидаты,
Б.С.Изатуллаева

Ресми оппоненті: экономика ғылымдарының кандидаты,
В.З.Еркебалаева

Жетекшi ұйым: ҚР БҒМ Экономика институты

Қорғау 2008 жылы 1 желтоқсанда сағат 14.00-де Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрiк университетiндегі докторлық диссертациялар қорғау
құқығына ие Д 14.61.15 диссертациялық Кеңесiнде өтеді. Мекен-жайы: 161200,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркiстан қаласы, университет қалашығы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнің
кiтапханасында танысуға болады.

Автореферат 2013 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестiң
Ғалым хатшысы

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан-2050 Стратегиясында
мемлекеттілікті одан әрі нығайту және Қазақстандық демократияны дамыту
бағытында мемлекетті басқарудың жаңа типі, мемлекеттік жоспарлау мен болжау
жүйесін жетілдіру, басқаруды орталықсыздандыру, орталық пен өңірлер
арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату, жергілікті
өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы, ауыл әкімдерін сайлау сияқты
басымды бағыттар аталып көрсетілген.
Біздің мемлекетте ресми билік пен экономистер, ғылыми ұйымдар
тарапынан ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына деген түрлі
көзқарастар бар, бірақ олар негізінен ғылыми немесе теоретикалық сипатта.
Нақты тәжірибелік сипат алмаған. Жергілікті өзін-өзі басқару реформасы мен
бюджет процесінің қазіргі кезеңінде орталықтан қаржыландыру принциптерінің
өзгеру нәтижесінен бұл мәселелер ең маңызды мәселелердің біріне айналып
отыр. Бюджет жүйесінің төртінші деңгейі – ауылдық аймақтың пайда болуы –
аймақтық даму стратегиясын қайта жасау қажеттілігіне алып келеді.
Жергілікті өзін - өзі басқару реформасында мемлекетк және қоғам
мүдделерінің үндестігі мақсаттар мен алғашарттар құратын еңбекші халықтың
(оның ішінде ауыл халқының) потенциалын көтермей мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық дамуы мүмкін еместігін жете түсіну қолға алынуы тиіс.
Қазақстандағы ауылдық аймақтардың құлдырауы әртүрлі экономикалық,
әлеуметтiк, тарихи және тағы басқа себептерден шыққан, олардың көбі тікелей
сол жердегі тұрғылықты халықтың қызығушылығы мен араласуынсыз жүзеге
асқандығынан туындаған. Сонымен қатар, ауылдық бірлестіктер мемлекеттің
саяси және экономикалық орталықтарынан географиялық жағынан да, әлеуметтік
жағынан да аластатылған, ол өз кезегінде ауыл халқының мемлекеттік маңызы
бар істерге араласуға, өзінің әлеуметтік және экономикалық қызығушылықтарын
төмендетеді. Жергілікті өзін - өзі басқару ауылдық қауымның өзінің
құқықтық және шынайы қабілетін заң шегінде өзінің жауапкершілігіне және
барлығына ортақ игі шараларды өткізуге және сол істерді басқаруға және
бақылауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, өзінің тұрғылықты аумағындағы
өмір сүру тұрғысындағы мәселелерді шешуде өз еркінің болуын қамтамасыз
ететін заңдылықтың болуымен де сипатталады. Жергілікті өзін - өзі басқару
ең тар мағынада субсидиарлық қағидамен және өзінің Кіші Отанын дамыту
процесіне азаматтардың белсенді араласуымен байланысты.
Ауылдық аймақтарды басқаруда жергілікті өзін - өзі басқару институтын
енгізбей демократиялық қатынас орнату ақылға сыйымсыз. ҚР – ның
Конституциясында жергілікті өзін - өзі басқаруды енгізу керектігі жайында
айтылған, дегенмен де, Ата Заңды қабылдағаннан кейінгі жылдарда бұл бағытқа
ешқандай да қимылдар жасалған жоқ. Жергілікті өзін - өзі басқару
органдарынсыз жергілікті жерлердегі азаматтардың еркіндігі болуы мүмкін
емес.
Жергілікті өзін - өзі басқару болмаған жерде демократиялық бостандық
ұғымы өз мәнін жоғалтады. Азаматтардың қызығушылықтарын көрсететін
жергілікті өзін - өзі басқару органдары тек мемлекеттік билікке бағынып
қана қоймай оған қарсы тұра алуы да керек. Шындығында, мемлекеттік биліктің
барлық әкімшілік органдары жергілікті басқару органдарын билік органдары
емес, тек жиын өткізгенде ғана көрінетін қосымша әкімшілік ретінде көреді.
Нағыз жергілікті өзін - өзі басқаруды енгізбей, әкімшілік органдардың
барлық сатылары ауыл халқының бостандықтарын мен құқықтарын қорғаушы болып,
бірінші кезекте, өзінің жеке жер иеленуге құқығын, кәсіпкерлік
инфрақұрылымының түрлі ағымдарына, ауылшаруашылық өндіріс кооперативтеріне
құқығын білдіреді және соларды орындауға декларация қабылдауда маңызды орын
алады.
Ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері қазіргі таңда зерттеушілердің
назарын жергілікті экономика мен жергілікті дамуды басқаруға аудартып отыр.
Біздің елімізде 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар. Ауылдық жерлерде
халықтың саны 7 млн. 310 мың адамды немесе республика халқының жалпы санына
шаққанда пайыздық арақатынаста 47,1 % құрайды. Жергілікті ауылдың дамуын
басқаруда стратегияның болмауы қаламен салыстырғандағы ауылдың әлеуметтік-
экономикалық жағдайының алшақтауына, жергілікті ішкі проблемаларының
кеңеюіне алып келеді.
Қазіргі таңдағы ауылдық аймақтарды дамытуға бағытталған
бағдарламалардың көпшілігі ауылшаруашылығы өнімдерінің интенсивтілігіне
бағытталған және де олардың орындалуының ұзақмерзімді перспективасын есепке
алмайды. Мұндай жағдайдың маңызды себептерінің біріне дамудың
ұйымдастырушылық-басқарушылық факторларының мәнін жете бағаламау болып
табылады. Дамуды басқаруға арналған стратегиялар әлсіз жүзеге асырылады:
стратегиялық жоспарлау технологиясы игерілмеген, жергілікті мәселелерді
шешуде әлсіздік танытады. Міне, таңдалып алынған диссертация тақырыбының
өзектілігі осы факторлармен ерекшеленеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ауылдық аймақтардың жергілікті басқару
жүйесін жетілдірі мәселелері ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстандық ғылыми әдебиеттерде ауылдық аймақтардың жергілікті басқару
жүйесін жетілдіру мәселелеріне жіті назар аударылмаған. Мұндай сұрақтар
белгілі бір дәрежеде аймақтардың стратегиялық жоспарлау жұмыстарында
қарастырылады. Алайда, барлық қысым стратегиялау процесінің технологиялық
аспектілеріне жасалады.
Ресейлік ғалым В.Б. Зотов жергілікті басқару жүйелері жайлы
зерттеулерінде ғылыми пән жағынан да, тәжірибелік қызмет жағынан да
жергілікті басқару жайлы жүйелі көзқарастар қарастырған. Сонымен қатар,
аталған ғалымның еңбектерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың негіздері,
әдістемесі, принциптері, жергілікті басқарудың технологиялары мен
жергілікті қызметтің бөлек сфераларында қолданылуы қарастырылған.
Ресейлік зерттеушілер В.Н. Парахина мен Е.В. Галеевалардың жергілікті
басқару жайындағы еңбектерінде теоретикалық зерттеулердің нәтижелері
нақтыланады, жергілікті басқарудың түрлі аспектілері сарапталады,
жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты құқықтық-нормативтік және
теоретикалық жағдайларының түрлі мәселелеріне мысалдар келтіріледі.
Сонымен қатар, ауылдық аймақтардағы жергілікті басқару жүйесі жайлы
ғылыми еңбектер А.М. Бабич, Р.В. Бабун, К.А. Багриновский, Е.В. Галеев,
В.А. Рубцов, А.Г. Воронин, В.В. Иванов, А.И. Кузьминский, Р.Х. Адуков, А.С.
Миндрин, А.Н. Адукова сынды қазіргі таңдағы зерттеушілердің жазбаларында
қарастырылған.
Магистрлік зерттеудің мақсаты. Диссертациялық зерттеудің мақсаты
Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқарудың құрамына
кіретін ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесінің ағымдық жағдайына
зерттеу жүргізіп, ауылдық аймақтарда белең алып отырған келеңсіз
жағдайларды жоюдың, жергілікті жерлердегі биліктің өкілеттігін кеңейту
жолдарын ұсыну болып есептеледі. Сонымен қатар, зерттеудің тарихи,
логикалық, жүйелік-құрылымдық, салыстыру-құқықтық және басқа да зерттеу
әдістерінің негізінде мемлекетте жүріп жатқан әлеуметтік-саяси процестерді
сараптауды, Қазақстандағы ауылдық аймақтарды басқаруды дамыту факторлары
мен орнату заңдылықтарын, шарттарын ашумен қатар, экономикалық, әлеуметтік
жағынан ауылдағы жергілікті басқарудың эффективті формалары мен әдістерін
ұсыну болып табылады.
Магистрлік зерттеудің міндеттері. Дәл осы тұрғыдан алғанда зерттеуге
алынған тақырып өте қиын әрі қажетті болып табылады. Осы жағдаяттарды
ескере келе, зерттеу бойынша қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мына
міндеттерді алға тартамын:
• Ауылдық аймақтардағы жергілікті басқару ұйымдарының негізгі
теоретикалық және тәжірибелік көзқарастарын біріктіру;
• Қазақстанда ауылдық аймақтардағы жергілікті өзін-өзі басқару
түсінігі мен мағынасын қалыптастыру;
• Қазақстандағы ауылдық аймақтардағы жергілікті басқарудың
әлеуметтік-экономикалық негіздерін сараптау;
• Ауылдағы жергілікті өзін-өзі басқарудың айрықша субьектісі
ретінде ауылдық округтер мен жергілікті ауылдық басқару саласын
зерттеу;
• Ауылдық аймақтардағы және бөлек алынған ауылдық әкімшілік-
құрылым бірліктерінің ерекшеліктерін анықтау;
• Ауылдық аймақтардағы муниципалды территориялық ерекшеліктерін
ашып көрсету;
• Ауылдық жергілікті өзін-өзі басқарудағы тәжірибелік ұсыныстар
енгізу.
Магистрлік зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны болып Қазақстан
Республикасыныңдағы биліктің ең төменгі буыны болып саналатын ауылдық
округтер болып табылады.
Ауылдық аймақтардағы жергілікті басқарудың құрылымы мен дамуы, ауылдық
аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен динамикасы, мемлекеттік
билік пен ауылдық жергілікті өзін-өзі басқару институты арасындағы
механизмінің формасы зерттеу пәні болып табылады.
Магистрлік зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыс біздің мемлекеттегі
ауылдық аймақтардың жергілікті өзін-өзі басқаруды зерттеудегі алғашқы
зерттеу жұмыстарының бірі болып табылады. Автор қазіргі таңда ауылдық
аймақтарда жергілікті өзін-өзі басқаруды орнату мен оны дамыту сферасындағы
өзінің пікірлерін ұсынады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында тұрғындардың өзін-өзі
басқаруға құқылы жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Соған байланысты,
бұл жұмыста теоретикалық және тәжірибелік тұрғыдан ауылдық аймақтардың
жергілікті өзін-өзі басқару турасындағы сұрақтар мен мәселелерді шешу
жолдары қарастырылған.
Ауылдық аймақтардың жергілікті басқару саласына қатысты шешілмей
қалған мәселелерді де осы автор қарастырып өткен, соның ішінде:
• Ауылдық өзін-өзі басқарудың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары
теоретикалық тұрғыдан нақтыланған; жергілікті өмір сүру
мәселелерін өздері шеше алатын ауылдық басқару халық билігінің
ерекше формасы ретінде қарастырылған;
• Ауылдағы қарапайым халықтың қоғамдық жұмыстарға араласу формасы
нақтыланған;
• Қазақстан Республикасының Конституциясында ауылдық аймақтарды
заңдылықтың жүйелік бірлігі ретінде қамтамасыз ету.
Конституциялық және жергілікті құқықтық-нормативтік актілерге
өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады;
• Қоғамдық институттар жүйесінде ауылдағы өзін-өзі басқару ролін
жоғарылату жайлы жаңа ұсыныстар алға тартылған. Оның ерекшелігі
ауылдық аймақтағы жергілікті биліктің нақтылануындағы
эффективтілікпен сипатталады. Ауылдық аймақтағы жергілікті өзін-
өзі басқарудың жүзеге асуындағы негізгі тұжырымдамалар жасалған,
ауылдық әкімшілік құрылымдық бірлігін формалаудағы неғұрлым
оптималды жолдары ұсынылған, ауылдық жергілікті басқару
сферасында әлеуметтік-экономикалық, құқықтық мәселелерді
шешудегі нақты жолдар қарастырылған;
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі.
Диссертацияда жасалынған Қазақстандағы ауылдық аймақтардың жергілікті
басқару жүйесінің әлеуметтік-экономикалық сараптамасы ауылдық өзін-өзі
басқарудың әлеуметтік-экономикалық табиғатын ойластыруға, мемлекеттік билік
пен халық билігіндегі оның ролін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған
нәтижелер ауылдық аймақтағы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару
институттарының неғұрлым оптималды және эффективті формаларын үйлестіріп
жасауға жарамды болып табылады. Қорғауға ұсынылған жұмыс ауылдағы
жергілікті өзін-өзі басқару жайлы ғылыми жұмыстарды одан әрі кеңейтеді және
тереңірек зерттейді, халық билігінің осы бір институтын конституциялық және
құқықтық, әлеуметтік және экономикалық даму перспективасына жаңа жағдайлар
туғызады. Диссертацияның теориялық-тәжірибелік жағдайы нақты жағдаяттарға
тікелей қатысты, Қазақстан Республикасындағы ауылдық жергілікті өзін-өзі
басқарудың құрылуы мен дамуына және мемлекеттік және аймақтық заңдылықтарға
пайдалануға мүмкіндігі бар. Диссертацияның ұсыныс бөлімінде автор
ауылдағы әлеуметтік-экономикалық проблемаларын, сонымен қатар мемлекеттік
және жергілікті биліктің арасындағы өкілеттілік бөлінуіндегі мәселелерді
шешу жолдарын көрсетеді.
Зерттеу жұмысының ақпараттық базасын – осы тақырыпқа байланысы бар ҚР-
ның нормативтік және заң актілері, мемлекет басшысының Жарлықтары,
Үкіметтің әлеуметтік мәселелер жөніндегі Қаулылары мен шешімдері, басқа да
мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, отандық және шетелдік әдістемелік-
анықтамалық ақпарат көздері, мерзімдік баспалар және ресми веб-сайт
мәліметтері құрайды.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының
нәтижесінде жасалған ұсыныстарды Қазақстан Республикасында ауылдық
аймақтарды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы
көлемі 0,6 баспа табақ болатын 3 ғылыми еңбек жарияланды.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертацияның құрылымы
зерттеудің мақсатымен, міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға
негізделген. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады..

Жұмыстың негізгі мазмұны

Бірінші “Ауылдық аймақтардағы жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық-
әдістемелік негіздері” тарауында ауылдық аймақтар категориясындағы
жергілікті өзін-өзі басқару ұғымының ролі анықталып, ауылдық аймақтардағы
жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер және
міндеттері мен осы қызмет түрін реттеудің әдістемелік негіздері зерттелді.
Ауылдық аймақтарда жергілікті өзін-өзі басқару ауылдық округ, ауылдық
(селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл шегінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, уақытша және тұрақсыз халық құрамы мен экономика салаларына
байланысты (теміржол бойындағы, түрлі өнеркәсіп салалары бойынша ауылдар,
ауылшаруашылығы және малшаруашылығымен айналысатын) қоныстанған, сондай-ақ,
жергілікті билік құрамына біріктірілген жалғыз үйлер де әкімшілік,
өндірістік және аумақтық қатынастарға кіреді.
Қазақстан-2050 Стратегиясында мемлекеттілікті одан әрі нығайту және
Қазақстандық демократияны дамыту бағытында мемлекетті басқарудың жаңа типі,
мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру, басқаруды
орталықсыздандыру, орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен
өкілеттіктердің ара-жігін ажырату, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
тұжырымдамасы, ауыл әкімдерін сайлау сияқты басымды бағыттар аталып
көрсетілген.
Ауылдық аймақтардағы жергілікті басқарудың негізгі принциптері және
мақсаттары мен міндеттері жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға
бағытталған. Ауылдық округтер көптеген параметрлермен қалалық округтерден
ерекшеленеді, ол өз кезегінде, жергілікті басқару жүйесіне ықпал етеді.
Ауылдық жерлердегі жергілікті басқарудың негізгі міндеттері:
• Өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру, ауылдық тұрғындардың белсенді
бөлігін жергілікті басқару процесіне қызықтыру;
• Ауылшаруашылығына және ауылшаруашылығын өңдеу жұмыстарына қолдау
көрсету;
• Тұрғындардың әлеуметтік сферасының тұрақтылығы мен дамуын
қамтамасыз ету;
• Ауыл халқының білім алу, медициналық көмек, мәдени және басқа да
мекемелерді қолдану мүмкіндіктерін жақсартуды қамтамасыз ету.

Сурет 1. – Ауылдық аймақтардағы жергілікті басқарудың негізгі
міндеттері
Ауылдық аймақтардағы жергілікті өзін-өзі басқару мәнінің шетелдік
тәжірибесіне шолу жасайтын болсақ, бүкіл жаһандағы ауылдық аймақтардың
нақты саны есепке алына қоймайды, себебі, әртүрлі елдерде жеке орналасу
пункттері әрқилы анықталады, әрине, бұл жағдай ауылдық аймақтарға да
қатысты. Сондықтан да, қандай да бір мемлекеттегі ауылдық аймақтардың нақты
санын атап өту мүмкін емес.
Әлемде жергілікті өзін өзі басқарудың сан-алуан түрлері кездеседі.
Атап айтқанда, жергілікті өзін өзі басқарудың мынадай түрлері:
англосаксондық (классикалық) моделі, континенталдық, аралас және кеңестік
моделі кең тараған.
Қазіргі кезде әлемде жергілікті өзін өзі басқарудың англосаксондық
және континенталдық модельдері көп қолданылады. Мысалы, англосаксондық
модел Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия және
өзге де елдерде кең тараған. Оның басты белгілерін жергілікті әкімшіліктің
(жергілікті деңгейдегі мемлекеттік билік органы) жоқтығынан; жергілікті
жерде өзін өзі басқаруды бақылайтын арнайы уәкілетті мемлекеттік органның
болмауынан; тұрғындар тарапынан бақылау мен сайлаудың жүзеге асуынан және
жергілікті өзін өзі басқару автономиясы деңгейінің жоғарылығынан көруге
болады. Яғни, жергілікті өзін өзі басқарудың сайланбалы органы мемлекет
құзіретіне жатпайтын мәселелерді өзінше және жауапкершілігіне сай заң,
дәстүр, дағды сияқты жолдармен шеше береді.
Сонымен қатар, ауылдық аймақтардағы жергілікті басқару жүйесі жайлы
ғылыми еңбектер А.М. Бабич, Р.В. Бабун, К.А. Багриновский, Е.В. Галеев,
В.А. Рубцов, А.Г. Воронин, В.В. Иванов, А.И. Кузьминский, Р.Х. Адуков, А.С.
Миндрин, А.Н. Адукова сынды қазіргі таңдағы зерттеушілердің жазбаларында
қарастырылған.
Екінші “Қазақстан Республикасында ауылдық округтердің жергілікті өзін-
өзі басқару жүйесін талдау ” тарауында еліміздегі ауылдық округтердегі
жергілікті өзін-өзі басқару қызметі мен әлеуметтік-экономикалық дамуының
қазіргі жағдайына талдау жасалынып, өзекті проблемалары есепке алынды.
Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардағы жергілікті басқару
жүйесі ауылдық округтердегі әкімшілік жүйе негізінде қызмет атқарады.
Ауылдық округ әкімшілігінің қызметтері және негізгі міндеттері мен
құқықтары:
1) Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасымен
белгіленген қызметтерді жүзеге асырады.
2) Мемлекеттік органның негізгі міндеті селолық округ әкімінің
қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-
техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы ауылдық округ әкімшілігі өзінің негізгі
міндетіне сәйкес төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:
• мемлекеттік егемендікті, конституциялық қатарды қорғау мен
нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз
ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге
асырады;
• Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкімет
актілерінің, облыс және аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс,
аудан және округ әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің мүлтіксіз
орындалуын ұйымдастырады;
• селолық округті әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын іске
асырады;
• селолық округті әлеуметтік-экономикалық дамыту проблемаларына
талдау жасайды, тиісті ұсыныстар мен нұқсауларды әзірлейді;
• мемлекеттік органның жұмысына әділді талдау өткізеді, селолық
округ әкімінің қатысуымен шешуге жататын маңызды проблемаларды
анықтайды;
• заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, мемлекеттік және
еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті нығайту мәселелеріне жәрдем
етеді.

Кесте 1. ― 2012 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы ауылдық
әкімшіліктер

Аудан Елді мекендер
Ауылдық әкімшіліктер
барлығ
ы оның ішінде
2 және бір кенттер ауылдар
одан көп ДЕМ-нен
ДЕМ-нен құрылған
құрылған
Қазақстан 175 2 451 1 824 627 34 6 947
Республикасы
Ақмола 17 236 180 56 5 626
Ақтөбе 12 142 116 26 - 410
Алматы 16 251 202 49 1 759
Атырау 7 71 45 26 2 173
Батыс 12 155 129 26 4 446
Қазақстан
Жамбыл 10 153 114 39 - 379
Қарағанды 11 192 118 74 10 421
Қостанай 16 255 168 87 3 636
Қызылорда 7 143 62 81 2 263
Маңғыстау 5 44 10 34 - 58
Оңтүстік 14 186 165 21 - 879
Қазақстан
Павлодар 10 169 123 46 4 408
Солтүстік 13 202 182 20 - 703
Қазақстан
Шығыс 15 252 210 42 3 786
Қазақстан
Астана қаласы.3 - - - - -
Алматы қаласы 7 - - - - -
Ескерту: Статистикалық агенттіктің мәліметтері негізінде автор жасаған

Ауылдық округ әкімшіліктері өкілеттіктерінің сипаттамасы:
• Ауылдық округі әкімінің аппараты өз жұмысын жасау үшін өзінің құзыры
шегінде құқылы.
• тиісті аумақта орналасқан барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан
мекемелерден және ұйымдардан ауылдық округі әкімінің құзырына жататын
мәселелер бойынша қажетті ақпарат, құжаттар немесе материалдар,
ауызша және жазбаша түсініктемелер сұрауға және алуға;
• ауылдық окіругі әкімінің құзырына жатқызылған мәселелерде шешу кезінде
тиісті мамандарды шақырып қатыстыруға;
• ауылдық округі әкімі аппараты қызыметкерлердің өкілеттері Қазақстан
Республикасының, жалпы әскерей міндеттілік мәселелері жөніндегі
заңнамасымен, қарастыруы мүмкін;
• Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге
асырады.
2012 – жылғы 1–қаңтардағы мәліметке сүйенсек, республика көлемінде
7299 ауылдық округтер есептелген, оның 1754-і (24%) әлеуметтік-экономикалық
дамуы жоғары, 5331 (73%) ауылдық округ - әлеуметтік-экономикалық дамуы
орташа, және 146 ауылдық округ (2%) дамудың төменгі категориясын көрсетіп
отыр. 68 ауылдық округте халық қоныстанбаған.
Әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары ауылдық округтер 2009 – жылғы
мәліметпен салыстырғанда 692 бірлікке көбейген, ал, әлеуметтік-экономикалық
дамуы төменгі деңгейдегі ауылдық округтер 630 бірлікке азайған.

Сурет 2. ― Ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму классификациясы

Кесте 2. ― Ауылдық аймақтардағы даму потенциалы бойынша халық саны

Потенциалды Жылдар Ауытқу, +-, адамға
ауылдық аймақтар
2010 2011 2012 2011 2012
Жоғары 3 656102 3 711 3743 909 31055 272 197 936
Орта 3 701 278 3 685 7633 591 736-15 515 -94 027
Төмен 25 318 20 614 19 449 -4 704 -665
Барлығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджеттердің құрылымы
Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құралы
Салық - бюджетаралық қатынастарды реттеуші механизм ретінде
Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
Қ.Р - да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
Жергілікт өзін-өзі басқару жүйесіндегі қаржылық экономикалық механизмдерді зерттеу
Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері
Жергілікті бюджет түсімдері
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Пәндер