Шағын және орта-бизнес экономиканың негізгі қозғаушы күші


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Шағын және орта-бизнес экономиканың негізгі қозғаушы күші. Дамыған мемлекеттердің экономикалық даму қарқыны шағын және орта-бизнес субъектілерінің тарапынан байқалады. Сондықтан шағын және орта-бизнестің ролі қай уақытта болса да, өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Көптеген ғалымдардың еңбектерінде шағын орта-бизнес туралы, кәсіпкерлік туралы және даму ерекшеліктері туралы пікірлер көптеп кездеседі. Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік-бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта айтқанда жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым дегенге келді. Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырылды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресустарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеуілері. Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады. Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді капиталмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып, тәуекелге барады. Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті ірі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, ол сол кезде-ақ монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті. Көріп отырғанымыздай, XVIII ғасырдың ортасында Бауде біздің уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді көтерген. 1776 жылы Адам Смит өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеңе айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерілді, ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты.

Шағын кәсіпкерлікке үкімет тарапынан қолдау болмады деп ешкім де айта қоймас. 1994жылғы 10 маусымдағы қабылданған Қазақстан Республикасында кісәпкерлікті қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылға мемлекеттік бағдарламасы осы саланы дамыту жөніндегі алғашқы ресми құжат еді. Бағдарламаның басты мақсаты - экономиканың қуатты жеке секторын, жеке кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын кәсіпкерліктің, жетік инфрақұрылымын қалыптастыруға қолайлы құқықтық, әлеуметтілік - экономикалық, қаржы және ұйымдық жағдайлар жасау делінді. Бағдарламада кәсіпкерліктің тұрақты заң базасын жасау, жеке сектордың мемлекеттік кредит ресурстарын, пайдаланылмай жатқан өндірістік ғимараттарды, жабдықтарды алуын қамтамасыз ететін тетіктер жасау, кәсіпкерлікті дамытуға шетел инвестицияларын тартуға қолайлы жағдайлар туғызу сияқты міндеттерді шешу көзделді. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметтің басым бағыттары да анықталды.

Бұдан кейін келесі 1995 жылғы 20маусымда «Шағын бизнес орталықтарының республикалық желісін құру мен дамыту» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты - шағын бизнестің кең дамыған құрылымын құру арқылы шағын өндіріс кәсіпорындарына қолайлы жағдай жасау делінді. Осы мақсатқа жету үшін шағын бизнес инфрақұрылымының институты ретінде шағын бизнес орталықтарын құру және қалыптастыру, шағын бизнесті ақпараттық қызмет көрсету ісімен қамтамасыз ету, шағын өндіріс кәсіпорындарын өндіріс үйлерімен, жер учаскелерімен, жабдықпен, шикізат және материалдармен қамтамасыз ету, олардың арасында кооперацияны даиытуға жәрдемдесу, оларға консультация, заң және байланыс қызметін көрсету, кәсіпкер кадрлар даярлау, шетел инвестицияларын тарту, іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесу сияқты міндеттерді шешу белгіленді.

Келесі үшінші құжат ҚР-ы Президетінің 1998 жылғы желтоқсанның отыз біріндегі Жарылығымен бекітілген 1999-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы болды. Бағдарламаның басты мақсаттары-шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, Экономиканың әртүрлі салаларында оның үлесін орттыру, жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, нақты басекелестікті орта жоюу, қоғамның орта тобының негізі ретінде меншік иелерінің қалың қауымын қалыптастыру деп белгіленеді.

Осы мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттерд шешу көздейді;

  • Нарық инфрақұрылымының тиімді институттарын қалыптастыру және дамыту
  • Жеке сектордың неше ресурстарына қол жеткізу тетіктерін пысықтау
  • Шағын бизнеске арналған кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру
  • Шағын кәсіпкерлікті қорғау және дамыту саласындағы нормативтік және құқықтық актілерді жетілдіру
  • Өндірістік, қаржылық, инновациялық және басқа саласындағы шағын бизнесті қолдау және дамыту
  • Шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелеріндегі үкіметтік емес ұйымдардың ролін күшейту

Осы бағдарламада бұрынғы екі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 1992 жылдан бастап Қазақстанда жеке кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының негізін қалауға мүмкіндік берді деп атап көрсетілді. 2001 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, бірінші кезекте, оны одан әрі тұрақты дамытуға, экономикалық нақты секторында шағын бизнестің үлесін арттыруға, жаңа жұмыс орындары санын өсіруге, қоғамның орта табының негізі ретінде меншік иелері бұқарасының ролін күшейтуге бағытталуы тиіс делінген. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарының бірі шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңнаманың және нормативтік құқықтық келісімдердің орындалуына тиімді бақылау жасау, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын көрсету, дауларды шешу практикасын жетілдіру жолымен қамтамасыз етілуі мүмкін қолайлық тудырудың құқықтық режимін орнату екені атап көрсетілген.

Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несие және инвестициялық қолдаудың тетіктері:

  • Мақсатты мемлекеттік қарыздарды конкурстық негізге тарту есебінен екінші деңгейдегі банкілердің басым секторларға несие беруі
  • Шағын бизнес субъектілеріне, әсіресе, өндірістік қызметпен шұғылданушыларға екінші деңгейдегі банкілер беріп отырған несие аймақтарда коммуналдық меншік объектілерінен кепілдік қорларын қалыптастыру негізінде жергілікті атқарушы органдардың кепілдік беру жүйесін енгізу және дамыту
  • Көрсетілген мақсаттарға тиісті жылдық республикалық бюджетінде қаражат көзделген жағдайда, жобаларды екінші деңгейдегі банкілермен бірлесе отырып, бюджеттен ортақ қаржыландыру
  • Ауыл шаруашылық несиелік одақтар жүйесін құру болып айқындалды
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңі
Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау
Ұсақ бизнес
Қазақстандағы кәсіпкерлік жайында
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Кәсіпкерліктің мәні формалары мен бағыттары
Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Шағын және орта бизнес дамуының теориялық негіздемесі
ҚР-ғы кәсіпкерлік қызметі
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі мен даму тенденциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz