Жарақаттанушыға алғашқы көмек көрсету


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Жоспары:
1. Жарақаттану, соғып алу, буын шығу, сыну кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы мазмұны
2. Қан тоқтату және ораманы дұрыс байлаудың ережелерімен танысу.
Жарақаттанушыға алғашқы көмек көрсету келесі деңгей бойынша жүргізіледі:
• бұзу факторларының жағдайларын тоқтату және бағалау;
• жарақаттанушыны қауіпті аймақтан оған әрі қарай көмек көрсетілетін жерге жеткізу;
• жарақаттанушының ауыр халінің, жарақаттану себебін анықтау;
• жарақаттанушының жағдайын және жарақаттану себебін қабылдады қолдану арқылы алғашқы көмек көрсету;
• жедел жәрдем шақыру, жарақаттанушыны ауруханаға жеткізу.
Жара - механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, т. б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан жараны - кесілген жара ; ине, біз, пышақ кірген жараны - тесілген жара, сынғанда не бір нәрсе қатты қысып қалғанда болатын жараны - мылжаланған жара, хирургиялық операциядан кейінгі жараны - кездейсоқ жара деп атайды. Ит қапқанда пайда болатын жараның шеті жырым - жырым болады. Жара асқынып неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесі де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орны, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, аадамның басына, кеудесіне не ішкі органдарына түскен жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да, оны ең плдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсия, күбіртке, гангрена, т. б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның жарасы көпке дейін жазылмайды.
Алғашқы көмек. Адам өміріне немесе денсаулығына қаіп төнген жағдайда оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тогы соғу, т. б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары : апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару; апаттың зиянды әсерін тоқтату; қан тоқтату, жараны байлау, жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.
Қанды тоқтату
Жарадан немесе дененің табиғи тесіктерден қан сыртқа кеткен кездегі қан кетуді сыртқы қан кету деп атайды. Дененің ішінде қанның жиналуын ішкі қан кету деп айтады. Сыртқы қан кетулердің арасында көбіне жарадан кету жиі кездеседі, атап айтқанда:
капиллярлық - сыртқы жарақаттану кезінде қан жарадан тамшылап ағады;
күре тамырлық - терең жарақаттану, мысалы кесілген, тесілген кезінде мол қою қызыл түсті қан ағады;
артериялық - терең кесілген, тесілген жарақаттану кезінде; артериялық қою қызыл түсті қан жоғары қысыммен зақымданған артериядан сорғалап ағады;
аралас - жарақаттану кезінде күре тамырдан және артериядан қан кетуі, мұндай қан кету жиі терең жарақаттану кезінде байқалады.
Соғып алу - анатомиялық бүтіндігі айтарлықтай көрінерлік бұзылысқа жұмсақ тіндер мен механикалық зақымдануы.
Сынық - сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Пайда болуына байланысты туа біткен және жүре пайда болған Сынық болып бөлінеді. Туа біткен Сынықтар нәресте сүйегінің құрсақ ішінде патологиялық процестер немесе анасының жарақат алуы себептерінен болады. Жүре пайда болатын Сынықтар себебіне қарай патологиялық және жарақаттық Сынық болып ажыратылады. Жарақаттық Сынық - сау сүйектің оқыстан күшті механизмі зақым алуы (соққыдан, құлап қалудан, тағы басқа), ал патологиялық Сынық көбінесе жеңіл жарақаттың асқынуы не сүйек тінінің өзінен-өзі ауырып, өзгеріске түсуі салдарынан (остеомиелит, ісік, тағы басқа) болады.
Ет пен терінің зақымдануына қарай ашық және жабық Сынық болып ажыратылады. Ашық Сынық кезінде сүйектің майдаланып сынуы, тері мен бұлшық еттің үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы; сонымен қатар жұмсақ тіндердің қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді. Мұндай Сынықты емдеу ұзаққа созылады. Терісі бүлінбеген жабық Сынық тез жазылады.
Сынықтың белгілері
қатты ауыру; аяқ-қол қозғалтпауы; зақымданған аяқ-қолдың қозғалысы мен пішінінің өзгеруі; қоршаған жұмсақ тіндердің қанталауы және ісінуі.
Егер адамның қабырғасы сынса, терең тыныс алғанда не жөтелгенде ауырады. Сынықтың бітуі - өте күрделі биологиялық процесс. Сүйектің тез бітуіне жарықшақтардың бір-бірімен дұрыс бірігуі мен сүйекті бір қалыпты ұстап тұрудың маңызы зор. Сонымен қатар Сынықтың бітуі қандай сүйектің сынғандығына да байланысты. Мысалы, саусақ сүйектері 2, 5 аптада, ал ортан жіліктің басы 6 айдан астам уақытта бітеді. Сүйек жарықшақтарының арасы алшақ болып, бір-біріне дұрыс орналаспағанда немесе олардың арасында жұмсақ тіндер жаншылып қалса, бір қалыпта ұсталып тұрмаса Сынықтың бітуі баяулайды немесе мүлдем бітпей қалуы, жалған буынның пайда болуы мүмкін. Сынық дұрыс бітпесе, қол-аяқтың қисаюына не қысқаруына әкеліп соқтырады. Ашық Сынық кезінде жараға инфекция түсіп, іріңді инфекцияның дамуы мүмкін.
Емі
Сынық кезінде кез келген қатты материалдан дереу Сыныққа таңғыш салып, орап байлау керек. Таңғыш болмаса, онда сынған аяқты сау аяққа тақап байлап, ал зақымданған қолды орамал арқылы мойынға асып қою қажет. Сынық ашық болса, жараның айналасын йодпен сүртіп, стерильденген таңғыш байлаған жөн. Ауруханада сынған сүйек жарықшақтарын бір-біріне түйістіріп (репозиция) дұрыс қалыпқа келтіріп, гипстеп таңады, антибиотиктер беріледі. Кейде хирургиялық операция жасалынады. Қажет болған жағдайда қан құйылады, емдік дене шынықтыру арқылы сынған органның қызметін қалыптастырады. Витаминді тағамдар мен минералды тұздарға бай жеміс-жидектер беріледі.
Бассүйек - ми сауыты мен бет бөлімдеріне бөлінеді. Ми сауыты бөлімі бірімен-бірі берік (қозғалмай) байланысқан маңдай (1), тебе (9), самай (8), шуйде (7) және т. б. сүйектерден құралған . Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері - еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар . Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының өсерінен бұлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай, бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті болып, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады. Адам бассүйегінің ми сауыты бөлімінің көлемі жануарлармен салыстырғанда үлкен. Бет бөліміне - үстіңгі және астыңғы жақсүйектері, бет, мұрын, таңдай және т. б. сүйектері жатады. Астыңғы жақсүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны аркылы байланысқан Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақсүйек және т. б. ) ауа болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді.
Сурет 6. 6 - Бас суйектің сынуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz