Кейнстің экономикалық ілімі

1. Кейнстің экономикалық ілімінің қалыптасу шарттары
2. Дж. Кейнстің «Жұмыспен камту, пайыз және ақшаның жалпы теориялары» . дамудың негіздері
Кейнс ілімінің калыптасұы 1929-1933 жж болған әлемдік дағдарыспен тығыз байланысты. Осы дағдарыстың нәтижесінде жалпы ұлттық өнім 314.7 млрд доллардан (1929) 221.1 млрд долларға (1933) дейін қысқарды. Инвестиция үлесі осы мерзім арасында 17.8 пайыздан 3.8 пайызға дейін қыскарса ал жұмыссыздық 3.2 пайыздан 24.9 пайызға дейін өсті. Сонымен катар баға индексі 100 пайыздан 75.4 пайызға дейін, акша массасы М1 - 100 бірліктен 73,5 бірлікке дейін кұлдырады. Дағдарыс әлемдегі АҚШ, Германия, Франция, Англия секілді алпауыт елдердің бәрін дерлік қамтыды. Елдердегі өндірістің жалпылама кұлдырауы орын алып, тұрғындардың барлық қатары зардап шекті.
Осылайша XX ғасырдың 30-шы жылдары Батыстың экономикалык теориясының дағдарыс кезеңін білдіреді. Дәл осы кезіңде Джон Мейнарс Кейнс өзінің әйгілі "капитализмді реттеу" теориясымен танымал болған еді. Алдында ол "Версальдық бейбіт келісімнің экономикалық салдары" (1919ж) еңбегін жариялау арқылы кеңінен танылса, енді оны шын мәнінде атақты әрі әйгілі қылған еңбек "Жұмыспен қамту пайыз және ақшаның жалпы теориялары" (1936ж) болды. Бұл еңбегінде Кейнс кемшіліктерді тұзету мақсатында экономикаға үкіметтің араласу кажеттігі туралы мәселе көтерді. Бірінші кезекке Кейнс "тиімді сұраныс", тұтынұ мен корлану мәселелерді қойды. Ол макроэкономикалық зерттеу тәсілінің, яғни макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық табыс, жинақ салымдары мен қорлардың арасындағы байланыс пен пропорцияларды зерттеұді ұсынды.
Дж.М.Кейнс ғылыми ортадан шыққан. Оның әкесі Джон Невилл Кейнс - Кембридж университетінің профессоры, ол А.Маршалмен бірге қызмет атқарып, экономика және саясат саласына көп үлес қосқан ғалым.
Дж. М. Кейнс те өзінің ете жоғары интелектуалдық кабілеті мен дарынының арқасында заманының жоғары мәртебесіне ие болды. Ол Ұлыбританияның ен жоғары коғамына кұрметпен қабылданып, өмірінің соңында экономикалық теория ғылымына сіңірген еңбегі үшін лорд ататын алды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кейнс зерттеулеріндегі бір ерекшелік - оның экономикалық процестернің негізінде адам табиғатының психологиялық сипаттамасы жатыр. Мысалы, әлемдік дағдарыстың себебі ол капиталистердің көңіл күйінің өзгерісімен, яғни оптимист жағдайдан пессимистікке көшуімен түсіндіруі осының дәлелі.
1929-1933 жылдардағы әлемдік экономиканың дағдарысы қатардағы экономикасы дамымаған карапайым елдермен қатар, өнеркәсібі дамыған елдерді де жойқын күшпен соқты.
Бұл кезеңде, яғни XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әртүрлі экономикалық бағытты жақтаушылар Сэйдің әрбір тауар өндіруші өзіне қажеттіні сатып алуы үшін өнімін сатады, нәтижесінде ұсыныс өздігінен сәйкесінше сұранысты тудырады, сондықтан артық өнім өндіру, жалпы дағдарыс болуы мұмкін емес секілді тұжырымдамаларының ықпалынан асып шыға алған жок. Сөйтіп неоклассиктер теорияларының күштері микроэкономиканы талдауға ғана бағытталды да, мұндай дәстүрлі емес кен ауқымды дағдарыстарды зерттеп, одан шығудың жолдарын көрсетуге дәрменсіздік танытты. Бұл дағдарыстан шығу жолын іздестіру бағыты -макроэкономикалык талдауды қажет етті.
Осындай бағытты әйгілі экономист, ағылшын ғалымы Дж.М.Кейнс ұстанды. Сонымен қатар 20-30 жылдары Н.Кондратьев айтқанындай, әлеуметттік экономика саласында экономистер арасында мемлекеттің еркін шаруашылық қызметке араласуы, трестерді, синдикаттар, протекционизм мен фритридерство айналасында кызу күрес байқалды.
Осымен байланысты туған жана ғылыми проблемалар осы күнге дейін өзінің маңызын жойған жоқ, өйткені олардың негізгі мазмұны - рыноктык шаруашылықты, экономиканы реттеу.
Содан бері осы проблеманы шешуде теория бұл кұндері екі бағытқа бөлінеді. Біріншісі Дж. М. Кейнстің іліміне және оның жақтаушыларына арқа сүйенді олардың экономикалық процестерге мемлекеттің араласуын ұсынған шаралары негізінен кейнсиандық деп аталды. Басқа бағыт кейнсиандыққа қарсы альтернативті концепциясын ұсынады.

2. Дж. Кейнстің Жұмыспен камту, пайыз және ақшаның жалпы теориялары - дамудың негіздері
Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) - қазіргі әйгілі ғалым-әкономист.
Ол одан да әйгілі ғалым, экономикалық ойдың Кембридж мектебінің негізін қалаушы А. Маршаллдан дәріс алды. Көптеген елді қамтыған 1921 -1923 жылдардағы ұзаққа созылған және ауыр экономикалық дағдарыстың нәтижелерін ерекше пайымдаулары Дж. Кейнстің 1936 жылы Лондонда шыққан Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы атты еңбегінде ерекше тұжырымдар жасауға әкелді. Мектеп кезінде байқалған математикалық кабілеті 1902-1906 жылдары Итон және Кембридж колледжінде оқығанда пайдаға асты.
Кембридж университетінде ол А. Маршаллдың айрықша лекцияларын тыңдады. 1902 жылы А. Маршалл Экономикс курсын политэкономияның орнына классикалық мектептерге енгізді. 1906-1908 жылдары Англиядағы министрліктегі қызметтері әуелі әскери бөлімде, одан кейін Үнді ісі басқармасында, статистика және сауда саласында өтеді. 1908 жылы А. Маршаллдың шақыруымен Король колледжінде экономика проблемаларынан лекция оқиды. 1909-1915 жылдары тұрақты түрде экономист, математик болып өтейді. Оның алғашқы мақаласы Индекстік тәсіл (1909 жылы) кызығушылық танытып А. Смит сыйлығын алады. Сөйтіп Дж. М. Кейнсті қоғам тез таныды. 1912 жылдан өмірінің аяғына дейін Экономикалық журналдың редакторы болды. 1913-1914 жылдар Король комиссиясының Үндіден қаржы және ақша айналысы женіндегі мүшесі болды. Осы кезде ол Корольдің экономикалық қоғамының секретары, соңында 1913 жылы шыққан Үндідегі ақша айналысы мен қаржы еңбегі оны әлемдік деңгейге көтерді.
Өз елінде белгілі болған ғалым-экономист Дж. М. Кейнс Британ казынасында қызмет өтеуге келіседі, 1915-1919 жылы халықаралық қаржы проблемасымен айналысады, (Ұлыбритания) қаржы келісімдерінде эксперт болып 1919 жылы Парижден бейбітшілік конференциясында және Антанта Жоғарғы экономикалық кеңесінде Британия қаржы министрінің өкілі болды. Сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы мәлімет
Джон Мейнард Кейнстің экономикалық теориядағы жалпы орны
Экономикалық ілімдер тарихы
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы
Дж.М. Кейнстің экономикалық негізгі зерттеу мәселелері
Экономика ілімдерінің тарихы
Батыс Европа және АҚШ - тағы саяси - құқықтық iлiмдер
Экономикалық теория мен қоғамдық өндіріс
Экономикалық ілім -- ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі
Экономикалық айналым моделі
Пәндер