Қылмыстың объектісінің түсінігі және маңызы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

§1. Қылмыстың объектісінің түсінігі және маңызы

Қоғамды қалыптастырушы және оны қызметтендіруші күш қоғамдық қатынастар болып табылады. Қазіргі уақытта ғана емес, адамдар-дың алғашқы қауымындағы, ру-тайпалық өмірде де қоғамдық қатынастар өмір сүрген. Ол кездердегі қауым, тайпа ішіндегі қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып арқылы қорғалған және реттелген.

Қоғамдық қатынастар азаматтың өмір сүруі үшін қажетті құндылық-тарды, дұрыс мүдделерді білдіретін болмыстың бірі болып табылады, сондықтан ол ерте замандардан бастау алып, үнемі дамый отырып бүгінге дейін жеткен. Мысалы кісі өлтіру, ұрлық жасау қылмыс. Бұл қылмыстардың қылмыстылығы шын мэнінде өзге құрам элементтерінде емес, негізінен қылмыстың объектісінде, өйткені қай заманда да болмасын кісі өлтіру, біреудің мүлкін ұрлау жаман әрекетерге бағаланған, өйткені бұл құндылықтар азаматтың өмір сүруі үшін қажетті қатынастарды білдіреді. Сондықтан қазіргі қолданылып жүрген құқықтың бойында әдет-ғұрып нормаларының қалдықтары сақталған және кісі өлтіру, ден-саулыққа зардап келтіру, әйел зорлау, ұрлық тәрізді қылмыстар өз та-рыхын өте ертеден алады.

Қоғамдық қатынастар азаматтың танымы өскен сайын күрделенетін және кейде өзгеретін құбылыс болып табылады. Сол себептен қоғамдық қатынастар дамыған сайын, ол қоғамның құқығы да дамиды. Мы­салы ертедегі Рим мемлекетінің XII кесте заңы көптеген қатныастарды бастапқы кезеңдерде қамтымаған. Ал жаза ретінде көбінесе өлім жаза-сы қолданылған. Қоғамдық қатынастар дамығын, күрделіленген сайын көптеген қауіпті әрекеттер қылмыс қатарына жатқызылды, полициялық аппарат пайда болды. Римнің республика кезінде қасақана кісі өлтіру қылмыс болып саналғанымен, абайсызда қаза келтіру жазаланбады. Ал Рим империяға айланған кезде абайсызда қаза келтіру де қылмыс рет-інде бағаланды. Сол сияқты ұрлық та азматтық талап арызынан қылмыс қатарына жатқызылды. Осы айтылғандарға сүйене отырып, қоғамдық қатынастардың даму деңгейі құқықтық реттеу шегін, құқық нормала­рының мазмұнын, құқықпен қамтылатын әлеуметтік қатынастардың шеңберін анықтайды деуге болады.

Л. Д. Гаухман "Қоғамдық қатынастар кез-келген әлеуметтік-эконо-микалық формацияда өмір сүріп отырған қоғамда өзінен-өзі пайда бол-ды. Олар заң арқылы жаратылмайды, бірақ заң, оның ішінде қылмыс-тық заң да мемлекеттік қоғам мен мемлкетте үстемдік құрып отырған топтың мүддесіне сәйкес, олардың қалыптасуына, дамуына және ныға-юына жағдай жасайды", - дейді. 1

Қоғамдық қатынастардың өндіргіш күштерді шығаратындығын, оған қатысушылардың болатындығын, яғни қоғаммен адамзаттың дамуын-дағы басты күш екндігін ескере отырып, қоғамдық қатынас құқықты қалыптастырады дегенмен, барлық жағдайда бұл тұжырым осылай көріне бермейді. Кейде өмір сүріп отырған қоғамдық қатынас жүйесіне әсер ету үшін мемлекет немесе саяси күштер жаңа бағыттағы қоғамдық өмірді таңдауы мүмкін. Мұндай кезде, әрине таңдауға алынған қағам-дық формацияға сай келетін қоғамдық қатынастар пайда бола бастайды және сол топқа жататын қатынастар дамиды. Бірақ мемлекет немесе мемлекет атынан жұмыс істейтін заң қоғамды қандай бағытта құрғысы келсе де, өмір сүруге ықтималдығы мол қоғамдық қатынастың түрін тоқтата алмайды. Бұл жағдай сол қоғамдағы халықтың әлеуметтік-эко-номикалық, саяси даму бағытындағы тілегінен шығады.

Қоғамдық қатынастардың жиынтығы қоғамды құайтындықтан және олар жалпы адамзаттың қажеттілігіне байланысты барлық кезде қоғам мүшесі ретінде бағаланатын адамның қолымен жасалатындықтан, ол құқықпен реттеуге алынады. Құқықтық реттеу-біртіншіден, қоғамдық қатынасқа түсушілерге барынша дұрыс шешімді көрсетуді және екін-шіден, бүкіл мемлекет аумағында нақты қатынас біркелкі шешілу мақ-сатын көздейді.

Қоғамдық қатынастардың сапасына, бағытына қарай олардың түрлері анықталып, нәтижесінде қоғамдық қатынастардың жүйесі пайда бола-ды. Мысалы, еңбек етуден, отбасынан, азаматтық қатынастардағы міндет-темелерден туындайтын қоғамдық қатынастар. Осындай салаларларда, бағыттарда пайда болған қоғамдық қатынастар қоғам үшін қажетті бо-луына байланысты тиісті құқық салалары пайда болып, олар өздерінің осы салалардағы реттеушілік міндеттерін атқарады.

Өзге құқық салалары арқылы реттелуге алынған қоғамдық қатынастарды қорғау барысындағы мемлекеттік қызметті қылмыстық құқық жүзеге асырады. Қылмыстық құқық әр түрлі деңгейде бола алатын қоғамдық қатынастардың барлығын емес, оның ішінде қоғам, адамзат өмірі үшін маңызды деп танылған, яғни қорғауға алмаса қоғамның сол саласын күйреуге әкеле алатын қоғамдық қатынастарды өз қорғауына алады.

Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастар нақты, жекеше ұғым ре-тінде қолданылады, ал жалпы мағынада алғанда мүдделер, құндылық-тар түрінде көрінеді.

Қылмыстық құқықпен қорғауға алынған қоғамдық қатынастар қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектілері деп бағаланады және нақты қылмыс түрлерінде қылмыс объектісі деген мағынада қолданылып, бұл кезде заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастың нақты түрі анықтала-ды. Қылмыстық құқықта қорғауға алынған қатынастар ақиқат болмы-сында бар, өмір сүретін қоғамдық қатынастар болып табылады, Сондықтан әрбір қылмыс жасалғанда қылмыс объектісі анық көрінеді және қылмыс объектісі заң шығарушының санасы арқылы анақталған ұғым ретінде анықталмайды. Заң шығарушы қылмыс объектісі ретінде ба-ғаланатын нақты қоғамдық қатынастың қоғамдағы ролін, қызметін терең тануға мүдделі. Өйткені қылмыстық құқықтық қорғауға алын-ған объектілер бірдей сапда болмауына байланысты олардың қоғам-дағы ролі соған сәйкес құндылығы да әр түрлі деңгейде. Демек, қоғамдық қатынастың маңызыдылығы қаншалықты дұрыс бағалан-са, соншалықты құқықтық норма негізді белгіленген және осы қаты-насты қорғауда тиімді өмір сүреді.

Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар немесе объек-тілер көпшілік жағдайда таза материалдық сипатта көрінеді. Соған сәйкес материалдық игіліктерге қарсы бағытталған әрекеттерде қылмыс объектісі анық байқалады және мұны қатынастардың материалдық си­патта болуы да көрсетеді. Мысалы іс-әрекеттің мүлікке деген құқықты иеленуге бағытталуы немесе өзге адамның өмірімен денсаулығына қар-сы әрекет жасауға болмайтындығын бұзуы, бірден қоғаммен адам-гершілік санада қалыптасқан қатынасқа қайшылықты көрсетеді. Мате-риалдық құрамдарда қылмыс объектісі зиянды салдардың заңда көрсе-тілуі арқылы анықталады. Сондықтан материалдық сипаттағы қатынас-тар қылмыс объектісінің белгілерін нақты көрсетуге жарамды.

Қоғамдық өмір және қатынастар барлық жағдайда материалдық си-патта болмай, олар кейде әлеуметтік ортада қалыптасқан адамгершілік сипаттағы қатынастар түрінде де көрінеді. Бұл мемлекет, ұйым, меке­ме, кәсіпорын, жеке адамдар мүддесіне сәйкес келетін, олардың өмір-тіршілігінің дұрыс сақталуы, дамуы барысында кездесетін қатынастар болып табылады. Қоғамдық қатынастардың осы сипаттағы түрін қылмыс объектісі ретінде қорғауға алғанда әлеуметтік ортада, қоғам даму-ында немесе кем дегенде сақталуында бұл қатынастардың ролі ескері-леді және маңызды деп бағаланғанда қорғауға алынып, материалдық емес, формальдық сипаттағы қызметі немесе қатынастың түрі ескері-леді.

Заңмен қорғалатын объектілерді нақты түрде алғанда материалдық деп, ал кеңірек алғанда қатынас түрінде тани отырып бағалауға болады. Яғни қылмыс объектілерін екі деңгейде түсінуге болады. Бірінші дең-гейде зардаптың туындауына сүйене отырып, қылмыс объектісін қаты-нас түрінде емес, сол құндылықтың қажеттілігін айтумен анықтауға болады. Мысалы ұрлық қылмысы жасалғанда объект ретінде меншік немесе жәбірленушінің меншіктен туындайтын құқықтары алынса, ал одан жоғары деңгейде алғанда меншіктен туындайтын қоғамдық қаты-нас бұзылады. Яғни жәбірленуші меншік құқығын білдіретін сол мүлікке қатысты басқару, иелену және пайдалану мүмкіндіктерінен айырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері
Қылмыс объектісінің түсінігі
Қылмыстық құқық объектісінің түрлері
Қылмыс объектісі
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыстық құқықтың барлық ұғымдары мен категориялары
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс объектілерінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz