«Адамзатты үздіксіз толғандырар Арал»


I. Кіріспе
І.Арал теңізі бассейнінің бүгіні мен ертеңі.
II. Негізгі бөлім
1. Арал теңізінің зерттелу тарихынан
2. Арал теңізі жайлы алғашқы деректер
3. Арнайы зерттеулердің басталуы (ХУП.ХІХ ғғ)
4. XX ғасырдың басында зерттелуі
5. Совет дәуірінде зерттелуі
6. Бөген. Байлық пен шығын
7. Аралға қатысы проблемалар
А) әкономикалық аспект
Б) әлеуметтік аспект
В.Аралды сақтап қалу керек пе?
III. Қорытынды
І.Аралдың зардаптары.
2. Айдындар тағдыры адамдар қолында.
Бүгінгі таңдағы Арал теңізінің бассейнінде, әсіресе, оның қазақстандық бөлігінде аса бір ауыр экологиялық жағдай қалыптасқанын көзбен көре отырып, ол жөнінде жан-жүрегін сыздамай эңгіме қозғау мүмкін емес. Оның үстіне, табиғатты түгелдей қайта қалпына келтіреміз деген әу бастағы инициативаның екпіні де біраз бэсеісіп қалғаны рас, тек ендігі жерде бүл мэселеде кейбірде жаңсақ басып, жауапсыздық танытқан тұстарымызды барынша байыпты түзету міндеті ғана түр. Әйтседе, эр алуан үсыныстармен қатар теңізді сақтап қалу жэне Арал өңірінің табиғатын қайта қалпына келтіру жөнінде азды-көпті шаралар жүргізліп те жатыр. Бір өкініштісі, сол шаралардың түпкі нэтижесі аса бір ауыз толтырып айтарлықтай емес, эрі олар эдеттегіше тым баяу, тар ауқымда жүзеге асырылуда.
Жөн, бүл дүрыс бағыт делік, бірақ біріншіден, бүл су аздық етеді, екіншіден, тап осы мерзімге дейін Арал теңізі жер бетінен жоғалуы да ғажап емес... Міне, сондықтан неғұрлым ұтымды эрі шүғыл шаралар қажет. Олай болмаған күнде енді бір 10-15 жылдардан кейін, теңіздің қазіргі деңгейін қалпына келтірудің өзі қиынға түседі.
1. Қазақ ССР энциклопедиясы 1 -том.
2. Қазақстан тарихы - 4 томдық.
3. 2030 стратегиясы.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
5. Отв. редактор Гработов П.Г. «Антропогенное опустынивание почв
приаралья» Алматы., Қайнар., 1984
6. Бейсенбаева А.С. «Иследования природы Казахстана» Алматы.,
Жалын., 1979
7. Под ред. проф. Банникова А.Г. «Заповедники Советского Союза» Москва.,
1969
8. Бейсенова А. «Перврооткрыватели» - Алматы «Жалын» 1987
9. Рафиков А. «Судьба Арала» - Ташкент «Фан» 1990

10. Исманкулов М.И. «Остров Куланов» - Алматы «Қайнар» 1973
11. «XXI век», 5 июня 1998 жыл, 13-бет
12. «Азия — экономика и жизнь», шілде 1998 жыл, 27-бет
13. «Казахстанская правда» 6 сэуір 2004 жыл
14. «Түркістан» 20 қаңтар 2003 жыл
15. «Дүние» наурыз. 2006 жыл. 13-бет.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Көлемі: 25 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Тақырыбы: Адамзатты үздіксіз толғандырар Арал
Жоспар:
I. Кіріспе
І.Арал теңізі бассейнінің бүгіні мен ертеңі.

II. Негізгі бөлім
Арал теңізінің зерттелу тарихынан
Арал теңізі жайлы алғашқы деректер
Арнайы зерттеулердің басталуы (ХУП-ХІХ ғғ)
4. XX ғасырдың басында зерттелуі
Совет дәуірінде зерттелуі
Бөген. Байлық пен шығын
Аралға қатысы проблемалар
А) әкономикалық аспект
Б) әлеуметтік аспект В.Аралды сақтап қалу керек пе?

III. Қорытынды
І.Аралдың зардаптары.
2. Айдындар тағдыры адамдар қолында.

Бүгінгі таңдағы Арал теңізінің бассейнінде, эсіресе, оның қазақстандық бөлігінде аса бір ауыр экологиялық жағдай қалыптасқанын көзбен көре отырып, ол жөнінде жан-жүрегін сыздамай эңгіме қозғау мүмкін емес. Оның үстіне, табиғатты түгелдей қайта қалпына келтіреміз деген әу бастағы инициативаның екпіні де біраз бэсеісіп қалғаны рас, тек ендігі жерде бүл мэселеде кейбірде жаңсақ басып, жауапсыздық танытқан тұстарымызды барынша байыпты түзету міндеті ғана түр. Әйтседе, эр алуан үсыныстармен қатар теңізді сақтап қалу жэне Арал өңірінің табиғатын қайта қалпына келтіру жөнінде азды-көпті шаралар жүргізліп те жатыр. Бір өкініштісі, сол шаралардың түпкі нэтижесі аса бір ауыз толтырып айтарлықтай емес, эрі олар эдеттегіше тым баяу, тар ауқымда жүзеге асырылуда.
Жөн, бүл дүрыс бағыт делік, бірақ біріншіден, бүл су аздық етеді, екіншіден, тап осы мерзімге дейін Арал теңізі жер бетінен жоғалуы да ғажап емес... Міне, сондықтан неғұрлым ұтымды эрі шүғыл шаралар қажет. Олай болмаған күнде енді бір 10-15 жылдардан кейін, теңіздің қазіргі деңгейін қалпына келтірудің өзі қиынға түседі.
Соңғы ширек ғасырдың ішінде Арал теңізі мен оның бассейні қандай күйге үлпырады?
Арал бассейнінің қазақстандық бөлігі мен осынау үлкен аймаққа халық тығыз қоныстанғаны жэне бүл жерлер аса интенсивті түрде игерілгені белгілі. Арал теңізі өңірінде - көптеген қалалары, ірі елщді пунктері, маңызды өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық объектілері бар Қызылорда облысы, Шымкент пен Ақтобе облыстары территорияларының бір бөлігі орнасқан, оларда қуатты энергетикалық жүйелер жасалынған, таукен орындары жедел қарқынмен дамуда. Сонымен қатар, аталған территория еншісіне республика бойынша егілетін мақта етістігі түгел дерлік, ал күріштік алқаптардың 70 процентке жуығы тиген. Мүнда Қазақстандағы қаракөл қойының үштен бірі шоғырланған. Соңғы 25 жыл ішінде Қызылорда облысындағы Сирдарияның төменгі сағасындағы астықтың жалпы түсімі 11 есе ұлғайған. Осындай табысқа қол жеткізуге Арал бассейніндегі суармалы жерлердің алаңын 1986 жылы екі есе, яғни 6,8 миллион гектарға үлғайтылуы себеп болды, ондай жерлердің аумағы бассейннің қазақстандық бөлігінде ғана 1 миллион гектарға дейін жетті. Сонымен бірге суды түтынудың жылды мөлшері үш есе артты, дэлірек айтсак, 1961 жылғы 30 км3 су-1986 жылғы 90 текше километрге дейін үлғайды деген сөз.
Бассейннің аса ірі су жинакталатын жері- Арал теңізі таяу жылдарға дейін өзінің көлемі жағынан дүйык теңіздердің ішінде елімізде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алып келді. Бірак шын мэнінде Аралдың теңіз емес көл екенін жэне де оның ешбір элемдік теңізбен байланыспайтыны белгілі. Ол көп уакыттар бойы өзіне келіп кұятын куатты кос өзен -Амудария мен Сырдарияның аркасында айдыншалкары төмендеп көрмеген теңіз атанып келді. Тянь-Шань және Памир тауларынан бастау алатын осынау екі өзен суының еліміздің территориясындағы жалпы мөлшері 100 текше километр шамасында болатын. 1961 жылға дейін аталған өзендердің теңізге келіп култын суының орташа мөлшері - 58 текше метр еді.
1962 жылдан бастап Амудария мен Сырдария өзендері ағасы бэсеңсеп кейін мүлде токтатылуы себепті теңіз деңгейінің төмендеуін тездетті. Қазір оның деңгейі 12,7 метрге төмендеді, теңіздің казакстандык бөлігіндегі
айдыны жағалаудан 50-100 шакырымға кашыктап кетті. Бүрыңғы біршама аукымды жерді алып жаткан тайыз судың түбі көрініп, казірдің өзінде-ак 25 шаршы километр айдынның суы екі есе азайып, түздылығы 2,5 есе көбейді. Турасына көшсек, біртүтас теңіздің өзі- Аралдың солтүстік-шығысында жаткан Кіші өзен болып екіге бөлінді. Ол олма, теңіз өзінің эу бастағы балык шаруашылығы жэне транспорттык мэнімен мүлдем айрылды.
Тартылып бара жаткан теңіздің түбіріндегі тұз шөгіндісі мүлде ұлғайып барады. Осылайша сол тонна-тонна түз атмосфераға көтеріліп, төңіректі түгел закымдауда. Кейбір космостан түсірілген мәліметтерге сүйенсек, тап осындай тұз тозанының аэрозолдары Аралдың 300-400 км кашыктыкка дейін ұшып барады екен. Алдын ала есептеулер бойынша, теңіз түбінен атмосфераға жыл сайын 15-тен 75 млн тоннаға дейін тұз тозаңы көтеріледі де, Арал өңіріндегі эрбір гектар жерге 0,5-тен- 6 тонна түзды тозаң келіп түзеді. Мүның өзі атмосфералык ылғалды ауаның минералдылығын арттырып, топырак кыртысының түздылығын көбейтеді.
Сырдарияның ағасы едэуір бәсеңдеуін нэтижесінде жылына бір мезгіл болып түратын су таскыны да тайылды. Енді өзеннің атырауындағы аймактардың өзі суға деген зэруліктен зардап шегуде. Осының акыры теңіз өңіріндегі көптеген кішігірім көлдердің кұрғап калуына және тоғайлы, камыс- копалы жерлердің мулде сиреуіне әкеліп соктырғаны анык. Бүкіл Арал өңіріндегі жер асты жэне кейбір жерлерде терең кысымды су деңгейі төмендеп барады. Бүл, эрине, жалпы жер ылғалдылығының азаюымен, табиғи күм алаптары шекарасының үлғаюымен, топырак кабаттарының бүзылуымен, жер кыртысының аридтік калыптасуының күшеюімен катар жүрді. Арал айдынының орта түсуі мен өзендер суының азаюы бүл өңірдің ауа райына да кері ықпал етті. Бүрында теңіз эсерінен қыстың аязды күндер 15-20 күнге қысқарып, жаз айларында теңіз жақтан жанға жайлы бір самал есетінді. Қазір мүндай құбылыс аса сиреді. Оның есесіне Арал өңірі территориясының климаты құрғақ, шөлді аймаққа айналу процесі жүріп жатқаны айқын байқалады.
міне, осынау қү-былыстардың бэрі ауыл шаруашылығы дэнді дақылдарының өнімін азайтып, бір кездері шөлейтті-жайылымдық жерлерді бітік өсетін шөптердің өте сиреп кетуіне эсерін тигізді. Тек Қызылорда облысының өзінде ғана 1982-1986 жылдар аралығында 84 мың гектар күріш, жемшөп, көкөніс дарілдарының егістігі шаруашылық айналымының шығып келді. Мал азығы базасының күрт төмендеуіне мал басының кемуі мен оған жүмсалатын шығынның үлғаюына экеліп соқтырды. 1960-1986 жылдардың мәліметтері бойынша Қызылорда облысында кез келген ауыл шаруашылығы өнімін өңдіруге жүмсалатын шығын мөлшері бүрынғыдан бірнеше есе өскен.
Қазіргі Арал теңізінің экологиялық ландшафталық проблемалары осы жүйедегі бүгінгі таңда элі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып саналады.
Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға жатады. Ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың км , ең ұзын бөлігі 424 км, ал ең енді бөлігі 292 километр орташа тереңдігі 16,1 м. теңіздің шығыс бөлігі тайыз деп саналған. Тек жағадан 60 км үзағанда барып, оның тереңдігі 10 метрге жеткен. Судың түздылығы 10-11 проц. Теңіздің су балансының кірісінде өзен
суларының үлесі 52 км , атмосфералық жауын-шашын 5,3 км3, ал шығынның басым бөлігі булануға кетеді (57,7км3). Маусымдық су деңгейінің орташа ауытқуы 25 см деп есептелген, ал оның көп жылдығы (ғасырлық) 3 метрдей. 1960 жылы Арал теңізінің абсолют биіктігі 53,4 м болса, ол 1976 жылы 51,66 метрге дейін төмендеді. өзен суының 90 процентін суландыруға пайдаланғанда, теңіз деңгейі 12 метрге төмендегені байқалды. Бүдан теңіздің деңгейі оған қүятын Амудария мен Сырдария өзендерінен келетін су мөлшеріне байланысты екені көрінеді.
Елімізде шөлді аудандарды суландыру нэтижесінде күріш, мақта өсіру, олардың егіс көлемдерін үлғайту шаралары Арал теңізінің негізгі су қоры боп саналатын Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын пайдалануды қажет етті. Бүл екі өзен сол өлкедегі суармалы жерлердің 50 процентін сумен қамтамасыз етеді. Бүкіл еліміздегі мақтаның 90 проценті, күріштің үштен бірі осы алқапта өсіріледі. Сондықтан да соңғы 30 жыл ішінде екі өзеннің суы түгелдей ауыл шаруашылық мақсатына жүмсалды. Суғару жүйесінің дұрыс пайдаланылмағандығынан судың қүмға сіңіп, ысырап болуы да кездесті. Сонымен қатар бүл өзендердің бойында гидротехникалық құрылыстардың салынуы да Арал теңізіне жэне оған көршілес территорияларға кері эсерін аз тигізген жоқ. Осыған сэйкес Арал теңізі қазір өзінің шаруашылықтық маңызын жоғалтуда. Арал теңізі жайлы қазіргі уақытта газет-журнал беттерінде мэселелер көтеріліп, оны қалпына келтіру ісіне бүкіл ел болып үн қосудың үлкен бір сыры осында.
Арал теңізі қайталанбас географиялық объект болып табылады жэне айналасындағы территорияны қоса алғанда бір түтас күрделі экологиялық жүйені қүрайды. Бүл жүйедегі өзгерістерді болжау географиялық комплексті зерттеулерді қажет етеді.
Арал маңы мен қүрғаған теңіз табанының табиғи комплекстерінің қалыптасуы мен дамуына қазіргі кезде экзогенді процестер күшті эсер едуде. Олардың ішінен эолдық тасымалдауы, диффляция, галогеохимиялық процестерді ерекше атауға болады.
Арал теңізінің қүрғаған табанының өсімдік жамылғысының қалыптасуы бүрыңғы теңіздің морфологиялық құрылысына, литогендік негізіне, территорияның су-түз режиміне, регионның климат жайғдайларына байланысты. гидрофильді, мезофильді фитоценоздардың орнын ксерофитті, галофитті фитоценоздар басуда.
Арал теңізінің деңгейінің төмендеуі Арал маңының экосистемаларындағы өнімділіктің төмендеуі топырақ түзілуіне бэсендеуі сияқты қүрылымдық өзгерістерге экеп соқты.
Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне жэне Шығыс Арал манының шөлденуіне суармалы жерлердің көлемін үлғайту ғана емес, сонымен қатар Амудария мен Сирдарияның жоғары жэне орта ағыстарында суды тиімсіз пайдалану да кері эсерін тигізді. Бүрын жиі болып тұратын су тасқындары қазір жоқ, ұсақ көлдер кеуіп, өзең суының минералдануы (2,5 гл) күшейді. Аралға қүятын Жаңадария өзенінің құрғап қалған арнасының бойында - 25 километрге созылған тақырлы жазықта көлемі 300 мың га болатын қара сексеуілді орман болатын. Мүнда су Сырдария толысқан кезде келетін. Қазіргі кезде Жаңадарияның арнасына су келмегендіктен, бұл орман жойылып барады. Теңіз суының азаюына байланысты оның түздылығы артуда. Теңіздің құрғаған табанынан үшқан түз
теңізден 500 километрге дейінгі аймаққа түгел таралып, теңіз тұзды боранның орталығына айналуда. Тү_з ауыл шаруашылығына зиян келтірумен қатар, бұл өлкенің онсыз да кедей табиғи өсімдік жамылғысын қүртуда. Осындай шешімі қиын күрделі экологиялық дағдарыстың мэнін түсіну үшін Арал теңізі табиғатының бұрыңғы жайына, оны зерттеудің тарихына көз салу да артық емес.
XIX ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыдың барлығын жүзеге асыруға едэуір уақыт қажет. Оған дейін теңіз деңгейі бірте-бірте төмендеп, ал оның экологиялық жағдайы нашарлай түсетіні анық. Ендеше бүл түрғыдағы шаралар комплексін жүзеге асыруды ең эуелі теңіз деңгейін алдын ала келісілген шартты белгіге дейін көтеруді қамтамасыз ететін жү-мыстардан бастау қажет. Келешекте, 1990 жылға деп келісілген мүндай белгі - 38 метр... Иә, ең кемінде осы межені алу өзекті мэселе. Сондықтан да осы шараларды жүзеге асыруды тым кешеуілдете беру - теңіздің жер бетінен жоғалуын жақындата түсер еді.
Амудария мен Сырдария өзендері ағысының бэсендеуі, соңыра оның мүлде тоқталуы салдарынан қазір Аралға келіп қүйылатын 800 текше километр су кеміп кетті. Бүл - осынау өзендердің 14 жыл бойы теңізге құятын суының мөлшеріне тең... Аралға төнген экологиялық апаттың алдын алу үшін қазір жалпы ауқымы 32 мың шаршы километр алаңды алып жатқан теңізді ең кеткенде 1990 жылдан бастап жыл сайын 28-30 текше километр мөлшеріндегі сумен қамтамасыз етіп отыру қажет. Теңізге мұндай мөлшердегі суды жеткізу жолдары мынадай: а) аз өзендер суының бір бөлігін суландыру мақсатына деген желеумен нормадан тыс пайдалануға тиым салу; ә) коллекторлы сулар ауданында пайда болған көптеген жасанды су қоймаларындағы (үлкен жэне кішігірім) жиналған судың теңізге еркін қүйылуына жағдай жасау; б) бассейнде жүзеге асуға тиіс жүмыстар комплексінің мерзімі әбден аяқталып болғанша, өзендерде жаңадан салынып жатқан су қоймаларының қүрылысын тоқтата тұру, бәлкім, Қарақұм каналының үлесіне тиетін Сырдария өзені суының бір бөлігін де шектей түрған жөн болар.
Арал теңізі деңгейін қайта қалпына келтірудің орасан ауқымды шаралары толық жүзеге асқанға дейін ең болмағанда Арал теңізінің Қазақстан бөлігіндегі балық шаруашылығын қайта жандандыру, бұл территорияның солтүстік-шығыс өңіріндегі санитарлық-эпидемиологиялық, жергілікті халықтың еңбек пен түрмыс жағдайларын жақсарту мақсатымен таяу жылдарда бассейннің Кіші Арал деп аталатын бөлігін теңізбен жалғастыратын қүрылғы салу ісіне шүғыл кіріскен жөн, сөйтіп, Сырдария өзенінен тартылған шағын канал арқылы теңіздің Кіші Арал деп аиалатын бөлігін алғашқы кезеңде жылына 5-6 текше километр сумен қамтамасыз етуге болады.
Бүгінгі таңда Сырдария өзенінің бассейнінде, эсіресе, Қызылорда облысының жергілікті түрғындарының арасында эр алуан ауру түрлері етек алып барады, сол үшін де оларға медициналық қызмет көрсетудің практикалық шаралары бірінші кезекте жүзеге асырылуға тиіс. Осыған байланысты республиканың денсаулық сақтау органдары өздерінің медициналық қызмет көрсету нормаларын қайта қарап, бүл өңірге бөлінген ауруханалар жүйесін кеңейтіп, әйелдер консультациясын, перзентханаларды, емханаларды, сондай-ақ, санитарлық - эпидемиологиялық станцияларды үлғайтуды, елді мекендерді
дэрі-дэрмекпен, медициналық мекемелермен қамтамасыз етуді кең түрде қолға алғаны жөн.
Арал теңізі тартылуының елеулі себептерінің бірі - оның эбден тайызданып, түбі көрініп жатқан тұстарындағы түз шөгінділерінің аумағы үлғая түсуінен. Қазір тап осындай алаңдар - 2,5 миллион гектар жерді алып жатыр. Тұзды тозаңдардың қатты жел әсерінен аспанға көтеріліп, кеңістікке таралуын тоқтату үшін - тартылып қалған теңіз түбінің бос топырағын бекіту мақсатымен бүл жерлерде физикалық жэне химиялық эдістерді қолдана отырып, кең ауқымды фитомешфациялық шараларды жүзеге асырудың мезгілі жетті. Сол үщін ең эуелі Қазалы орман шаруашылығының материалдық - техникалық базасын нығайтып, Сырдария атырауы мен Арал қаласының маңайында көгалдандыру аймағын жасау қажет.
Қазақ ССР Ғылым академиясының жоғарыда аталған мэжілісінде теңіздің тартылуына байланысты Қызылорда облысының жергілікті түрғындарының еңбек жағдайларын жақсарту жэне өндіргіш күштерді дамыту мақсатында осы өңірдің материалдық - шикізат ресурстарын интенсивті игеру мен бірқатар жергілікті өнеркәсіп мекемелерін үлғайту жөніндегі шаралар комплексін жүзеге асыру мэселесі қаралған болатын.
Шындығында, бүл айтылғандарды жүзеге асыру орасан материалдық жэне финанстық ресурстарын талап ететіні табиғи нэрсе. эйтсе де, осының бэрі Арал бассейнінің табиғи экологиялық жағдайын түбірінен жақсартуға, ең бастысы -осы өңір түрғындарына игі қызмет етсе, онда жүмсалған шығынның өзін-өзі ақтағаны.
1988 жылы КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің Арал теңізі ауданындағы экологиялық жэне санитарлық жағдайды түбегейлі жақсарту, оның бассейніндегі су жэне жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырып, қорғауды күшейту жөніндегі шаралар туралы қабылдаған қаулысында: Арал өңірі аудандарында бұзылған экологиялық тепе-теңді қалпына келтіру, аймақтың табиғи ортасының жайы мен климат жағдайына елеулі ықпал жасайтын табиғи объекті ретінде Арал теңізін сақтап қалу (қысқарған айдынымен), санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатымен 1990 жылдан бастап Амудария мен Сырдария өзендерінің атырауына және Арал теңізіне жылына кемінде 8,7 текше километр мөлшерінде кепілді өзен суының қүйылуын белгілеу, сөйтіп. Оны 1995 жылы 11 текше километрге дейін, 2000 жылға таман 15-17 текше километрге дейін (коллектор-дренаж суын есептегенде) жеткізу қажет деп табылды. Бүл Арал теңізін сақтап қалу жолындағы алғашқы батыл шаралар. Осы шаралар Арал болашағына үлкен үмітпен қарауымызға негіз жасайды.
Арал теңізі жайлы алғашқы деректер. Ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мэлім болған. Ежелгі гректер мен римдіктер Арал теңізі жайлы білген, оны Каспийдің Скифтік шығанағы деп атаған. С.П.Толстов Каспий теңізінің скифтік шығанағы антик авторлардың түсінігінше, қазіргі Арал-теңізі орналасқан территорияны қамтып, шығысқа қарай созылып жатады. Антик дэуіріндегі эдебиеттерде Окс көлі, Окс батпағы деген түсініктер кездеседі. Бүлар да Арал теңізі болуы мүмкін,- дейді.
Ал Плиний : Окс пен Яксарт Согди жерінен скиф шөлін баса ағып барып скиф шығанағына құяды, - деп жазған.
Ерте дүниенің үлкен ғалымы Клавдий Птоломей де Арал теңізі жайлы
деректер қалдырған. Ол Сагди тауларынан ағып Каспий теңізіне құятын (Птоломей солай түсінген) Окс пен Яксарт өзендерінің аралығында жатқан Оксиан көлін атайды. Көл оның картасында да көрсетілген.
Византия елшісі Земарх Килиский түрік қағанына барған сапарында Көлдің құмды жағалауларымен 12 күн бойы өткенін жазған. Совет академигі В.Бартольд бүл көл Арал теңізі болар деп жорамалдайды.
Арал теңізі туралы IX жэне X ғасырлардағы араб ғалымдары - Ибн-Хордадбех, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри, Ибн-Хаукальдің келтірген мэліметтері аса қүнды. Бүл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлумат алуға болады. Ибн-Хордадбех Китаби-ал-масалик вал мамлик (Саяхаттар мен мемлекеттер кітабы) атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Күрдер көлі деп атайды. Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғүрлым нақты, оның мэліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах, теңіздің батыс жағалауындағы жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Оң жақ жағалауы батпақты, онда қалын орман өскен.
Ал аталмыш Сиякух - Үстірттің тік жарлы қүздары болуы мүмкін. өйткені оның батыс жағалауы биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі - 190 метрге жетеді.
Ибн-Хаукальдің Жанкент қаласы Хорезм көліне қүятын өзеннен бір фарсахтай қашықтықта орналасқан деген дерегі өте маңызды. Осыдан Л.С.Берг мынадай қорытынды жасайды: Бүл мэліметтер X ғасырда Арал теңізінің көлемі мен жағалау пішіні қазіргідей болғанын дэлелдейді, өйткені Жанкент қаласының үйінділері қазіргі кезде теңіз жағалауынан 50 шақырымдай қашықтықта жатыр.
Л.С.Бергтің айтуынша , XIII ғасырда өмір сүрген араб авторы Бекран Х-ХІІ ғасырларда Сырдария мен Амударияның сағалары қазіргі үқсас болғаны, ал теңіздің жағалау пішінінің қазіргі бедерімен сэйкес келетінін жазған.
Ибн-Рустеннің замандасы ал-Масуди Арал теңізінің атауын келтірместен, Балха немесе Жейхун өзені Термез маңынан өтіп, Хорезмге жеткенде тарамдалып барып, көлге қүятынын келтіреді. Көл сол маңда жалғыз болған... Бірақ Масуди бүл көл (Арал теңізі) үлкен салалар арқылы Каспий теңізімен жалғасқан деген қате пікір айтады.
Араб географы Истахри (961) Арал теңізін Хорезм көлі деп атаған жэне Сырдария жөнінде мэліметтер келтірген. Сырдария жөнінде дүрыс, кең түрде жаза келіп, Истахри былай дейді: Бүл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы түзды, көлге Жейхун, Илаш (Сырдария) жэне басқа өзендер құяды.
Истахридің Климат кітабында X ғасырдың 19 ландкартасы берілген. Оның 18, 19-карталарында Арал мен оған қүлтын өзендер көрсетілген. Бүл карталар бүл өлкенің бай топонимиясын ғана көрсетіп қоймайды, мүнда X ғасырда Амударияның тек бір арнасы ғана болып оның Арал теңізіне құйғанын дэлелдейді.
Тарихи деректерге сүйенсек, Арал теңізінің деңгейі өткен мың жылдықта элдеқайда жоғары болатын. Бүл жөнінде мэліметтер В.В. Бартольд пен Л.С. Берг еңбектерінде көп келтірілген. Оларда жоғарыдағы авторлардың Аралды ірі су айдыны ретінде сипаттағаны айтылады. X ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған Худуд алАлам (Шығыстан батысқа дейінгі элем облыстары) атты қолжазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген.
Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні жэне жағалауларының қүмды екені жазылған. XI ғасырда өмір сүрген Шығыстың үлы ойшылдарының бірі Әл-Бируни сол заманғы араб географтарының жинаған мэліметтерін қорытындылай отырып, Арал теңізі мен оның маңындағы территорияның неғұрлым толық сипаттамасын берген. Оның жасаған картасында Арал теңізі Хорезм деген атпен көрсетіледі.
XIV ғасырдан бастап Батыс Европада жаңа географиялық карталар пайда болады. Соның бірі - белгісіз автордың "Каталониялық картасы" (1375). Мү_нда Каспий жэне Арал теңіздері көрсетілген.
Орта ғасырларда Амудария бағытын біресе Сарықамысқа бірісе Арал теңізіне бүрып отырған. Мүның себебі элі де ашылмай отыр. Мү_ны Л.С. Берг тұрғын халықтың шаруашылық қызметімен, ал Г.В. Лопатин Монғол шапқыншылығымен байланыстырады, өйткені олар өздерінің жорықтары кезінде Хорезмнің суландыру жүйелерін бұзып кеткен. Адамдардың шаруашылық эрекетінің эсері Амудария үшін орта ғасырларда күшті болды.
Хиуа ханы Абылғазыдан (ХУІІғ.) жеткен мэлімет бойынша, Амудария өзені XVI ғ. Каспий теңізіне құйған. Бүл мэселемен геологтар, эсіресе неміс геологы Вальтер айналысып, өзен ешқашан Каспийге қүймағандығын дэлелдейді. Узбой (құрғақ арна) басқа жолмен пайда болған дейді. Бүл көзқарасты кезінде орыс геологы И.В. Мушкетов те қолдаған.
Аралдың жаңа трансгрессиясы XVII ғасырдың екінші жартысында өтті. Амудария бағытын Аралға қарай өзгерткеннен соң теңіздің деңгейі көтерілді. Трансгрессия кезеңдерінде Арал теңізінің акваториясы қазіргісінен біршама үлкен болған жэне жағалық сызықтары күшті тілімденген. А.В. Шнитников ХІ^-Х^ ғасырда Аралдың деңгейі жоғары болғанын айқын түрде баяндайды. Мүның негізінде автор оғыздар мемлекетінің астанасы Жанкент пен Қуандария бойындағы бірнеше қалалардың тарихына байланысты мэліметтерді алған. Тарихи-археологиялық зерттеулерге қарағанда (Левшин, 1832, Толстов, 1947, 1948), Жанкент XIX ғасырдың аяғына дейін ғана өмір сүрген. Бұдан кейін тұрғындары қоныс аударып, қала бұзылмаған күйінде қаңырап қалған. Шнитниковтың болжауына қарағанда, жанкент пен басқа да қалалардан (Құйыққала, Кескен Құйық қала) халықтың көшіп кетуіне теңіз деңгейінің көтеріліп, апатты су тасқындарының болуы себепші болған.
Келтірілген тарихи мэліметтерді геоморфологиялық материалдармен үштастырсақ, I жэне II мың жылдықтар аралығында (бүдан 700-800 мың жыл бүрын) Арал теңізінің деңгейі қазіргісінен 1,5 м жоғары болған деуге болады. Ендеше оның көлемі Л.С. Берг болжамынан үлкенірек болған.
Қарастырылған кезеңге Арал теңізі туралы алғашқы мәліметтердің жинақталуы, оның қарапайым түрде сипатталуы тэн. ол мэлімет қалдырушылар теңізді арнайы зерттеген адамдар емес жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүние жүзілік эдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бүл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылымы зерттеулер болған жоқ деуге болады. дегенмен, бүл кезеңдегі табиғат жағдайларының кейбір ерекшеліктерінің көрсетілуі қазіргі ғалымға осы өлкенің табиғатының өзгеру сипатын анықтауда көп көмек болары сөзсіз.
Арнай зерттеулердің басталуы (Х^П-ХІХғғ) Арал теңізі жайлы деректі мэліметтердің жиналуы негізінен, орыс ғылымының тарихымен тікелей байланысты. Теңіз бен оның төңірегі алғаш рет "Үлкен сызу кітабы" мен
Москва мемлекетінің картасынан (1627) толықорын алды. Онда Арал "Көктеңіз" деген атпен берілген. Хвалин теңізінен Көктеңізге дейін күн шығысқа қарай 250 шақырым, ал Көктеңізден Сыр өзенінің сағасына дейін де 250 шақырым. Көктеңізден ені 60 шақырым.., суы ашы делінген онда.
1696 жылы Россия үкіметі қазақ жерінің географиялық картасын жасау міндетін қойды. Бүл жұмыс тобылдық қызметкер С.У.Ремезовқа тапсырылды. Ремезов екі түрлі карта жасаған. "Бүкіл Сібір қалалары мен жерінің сызуы", "Барлық сусыз жэне өткелі аз тастақ даланың сызуы". Арал теңізі мүның екеуінен де орын алған.
XVIII ғасырдан бастап Қазақстан жеріне арнаулы орыс экспедициялары келе бастайды. Осы кезден бастап Арал жайлы деректерде нақтылық пайда болады. солардың бірі - 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге жіберілген арнаулы экспедиция. Экспедицияға қатысқандардың бірі-И.Муравин Арал маңындағы рельеф формаларына сипаттама берген. Иван Муравин түңғыш рет Арал теңізінің Шығыс жағалауларын өте дэлдікпенг арнайы съемка жасау нәтижесінде картаға түсірген.
Осы кезеңде өмір сүрген ғалым П.И.Рычков (1712-1777) Арал-Каспий ауданының гидрогеографиялық жағдайына толық сипаттама берген жэне осы теңізде тіршілік ететін балықтар түрін анықтаған. Бүл салада оның 1762 жылы жарық көрген "Орынбортопографиясы" атты кітабының маңызы зор. Ғалым сол кездегі мэліметтерді жинақтауда көп жү_мыс атқарған.
XVIII ғасырдың соңғы ширегінде Арал маңына келген орыс зерттеушілерінің
бірі - Мендияр Бекчурин (1740-1821) Орынбордан Бүқараға дейін өзі өткен
жолын сипаттап жазды жэне құмдардың формаларын классификациялауға
талаптанды. Ғылымға Арал маңындағы қүмдарды зерттей отырып, "қүмды
жалдар", "қүмды төбелер" атты ұғымдарды енгізді. Бекчуриннің саяхат кезінде
жазған есебі "Журнал" деп аталады. Мүнда Аралға қүятын Сырдария,
Амудария, Жаңадария жайлы, олардың жағалауындағы өсімдіктер, жануарлар
жөнінде құнды мэліметтер бар. Бекчурин осы маңнан жабайы жылқы -
тарпандарды, киіктерді көргенін айтады. Қазір тарпандар жойылып кеткен.
Бекчуриннің замандасы Т.С. Бурнашев "Саяхат" атты кітабын өзінің Орта Азияға саяхаттары негізінде жазды. Мұнда ең алдымен саяхаттың сипаттамасының жүйелілігі көзге түседі.
Т.С. Бурнашевтің А.С. Безносиковпен бірігіп жасаған картасы XVIII ғасырдағы жаңа карта үлгілері болып табылады. Бүл кезеңде Арал жэне оның бассейні туралы мэліметтер толықтырылды. Бүл зерттеулер ғылыми деңгейге жетпегенімен, ғылыми зерттеулерге кең жол ашты.
Аралдың ғылыми зерттеу тарихы XIX ғасырда басталды. Бүл кезеңде Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның территориялары Россия қарамағына қосыла бастаған еді. Осыған байланысты Арал теңізі мен Арал маңын зерттеу жұмыстарына ерекше мэн берілді. Бүл кезеңде натуралист Э.А. Эверсман бірсыпыра маңызды мэліметтер берді. Ол 1825-1826 жылдары Ф.Бергтің экспедициясына қатынасты. Өз зерттеуінде Э.А.Эварсман Арал-Каспий ойпатының геологиясы мен ботаникалық-зоологиялық ерекшеліктерін көрсетті. Ғалым Арал теңізінің жағалауын жете зерттеді. Ол жағалаулардың физикалық-географиялық сипаттамасын жасады. Теңіздің жағалаулары туралы, Сирдарияның төменгі ағысындағы өзендер мен көлдер жайындағы мэліметтерді салыстыра келіп, ғалым Арал теңізінің тартылып бара жатқаны туралы болжам
айтты. Кейіннен бүл теорияны Л.С.Берг жоққа шығарды.
Аралға 1848-1849 жылдары А.И.Бутаков экспедициясы келді. Бутаковты кейіннен "Арал теңізінің Магелланы" деп атап кетті. Экспедиция құрамында штурман К.Е.Поспелов, штабс-капитан А.И.Макшеев жэне айдауда жүрген атақты ақын, суретші Т.Г.Шевченко болды. Зерттеу жұмыстарының нэтижесінде Аралдың гидрогеографиялық сипаттамасы жасалды, картографиялық материалдар, физикалық география, геология, геоботаника мэліметтері жинақталды. Құмсуат мүйісіндегі морфологиялық байқаулар негізінде А.И.Бутаков теңіз деңгейінің ауытқуларының жағалық террасалардың қалыптасуына эсерін дэлелдеді. Арал экспедициясы аяқталғаннан соң, А.И.Бутаков пен К.Е.Поспелов гидрографиялық карта қрастырды, ол 1850 жылы басылып шықты, 1985-1859 жылдары Амудария атырауын зерттеді. өзінің соңғы жү-мысында Бутаков Арал теңізі жағалауларының геологиялық жэне морфологиялық ерекшеліктерін сипаттады. Бутаковтың мэліметтері кейіннен Л.С.Берг жэне басқа ғалымдардың зерттеулері арқылы дэлелденді. Осыған сэйкес Аралдың деңгейі ХУІІІғ. Ең жоғары болды, кейіннен төмендей келе, 1825 жылы ең төменгі деңгейге жетті, сонан соң қайта жоғарылай бастады деген пікір қалыптасты. Бутаков Арал теңізі түбінің сипатын, түрақты ағыстардың бағыттары мен жылдамдықтарын зерттеді. Ғалым сырдарияның төменгі ағысына жақын жолбарыс бар екенін, сексеуілдің қалың болып өсетінін айтады. Аралды зерттегені жэнеоның картасын құрастырғаны үшін Бутаков Орыс географиялық қоғамынынң Демидов сыйлығына ие болады.
Аралды зерттеу ісіне Бутаковтың серігі А.И.Машкеев теелеулі үлес қосты. Ол кейін теңізді зерттеу жұмыстарын өз бетінше жүргізді. сЫрдария сағасынан жаңа қорған саларлық жер іздестіріп, оның физикалық-географиялық жағдайларын қарастырды. Біз үшін макшеевтің Сырдарияның төменгі сағасын физикалық-географиялық аудандарға бөлген жүйесі өте бағалы.
50-жылдарда Россия Ғылым Академиясынынң жасақтауымен Аралға алғашқы ғылыми экспедиция келді. Мүнда зоолог Н.А.Северцов пен ботаник И.Г.Борщов жұмыс істеді. Олар 1857-1858 жылдары Аралдың солтүстік жіне шығыс жағалауында физикалық-географиялық байқаулар жүргізді жэне теңіз түбінің жедел жалаңаштануына көңіл аударды.
1874 жылы А.А.Тилло бастаған Орынбор отряды Арал мен Каспий теңіздерінің аралығын нивелирледі. Нэтижесінде Арал теңізінің деңгейі Каспий теңізінен 73 м жоғары екені туралы дэл мэлімет берілді.
1874 жылғы Амудария экспедициясына қатысушылар Арал бассейнінің
физйккалық географиясына қатыстықыз ықты зоогеографиялық,
геоботаникалық байқаулар жүргізді. Аралдың шығыс жағалауының пішіні теңіз деңгейінің төмен түсуіне байланысты өзгеріп бара жатқаны туралы фактілер келтірілді. Каспий жэне Арал теңіздерінің фауналарын салыстырып, зерттеу нэтижесінде Арал бір кездерде Каспийден бөлінгені анықталды.
1879 жылы А.Я.Гедройцтың осы аудандағы геологиялық зерттеулері өзендердің өзгеруіне адамның шаруашылық әрекетінің эсерін ашып көрсетті. Гедройцтың басты жетістігі Сарықамыс қазаң шүңқырын ашуы болды.
Сонымен бүл кезеңде Арал теңізі оған үласатын аудандар интенсивті түрде зерттелді. Геодезиялық съемканың нэтижесінде жаңа географиялық карталар жасалды. Теңіз бен Сырдария өзенінің гидрогеологиясы біршама жақсы зерттелді. Арал бассейні территориясын физикалық-географиялық жэне
геоботаникалық ауданға бөлудің алғашқы схемалары жасалды.
XX ғасырдың басында зерттелуі. XX ғасырдың басында Россияда капитализмнің күшті дамуына байланысты шикізат қорының аудандары қажет болды. Осыған байланысты Аралтеңізінің зерттеу қайта жандандырылды. Бұл кезеңдегі зерттеулер 1897 жылы басталды. Бүл жылы Ташкентте Орыс географиялық қоғамының Түркстан бөлімі қүрылды. Л.С. Бергтің алғашқы ғылыми зерттеулері осы қоғамның қызметімен тығыз байланысты болды. Жас ғалым Арал теңізін зерттеу жоспарын үсынды.
Л.С.Бергтің Арал экспедициясы (1900-1903) бассейнінің географиялық-гидрологиялық жағдайын зерттеді.
Теңіздің өзі, сонымен қатар оның айналасы зерттелді, метеорологиялық байқаулар жүргізілді. Осы мақсатта Л.С.Берг Сырдарияның төменгі ағысында метеостанциялар уйымдастырды. Бүған қоса Аралдың жағаларында геологиялық және геоморфологиялық байқаулар, ихтиологиялық зерттеулер жүргізілді. Осы жинаған мэліметтерінің негізінде ғалымның "Арал теңізі" (1908) атты ірі, аса құнды монографиясы жарық көрді. Бүл монография "шын мәнісінде тек географиялық монография ғана емес, сонымен қатар ол теңіздің өзін, эрі бүкіл Орта Азия барлық жағынан түгел қамтитын сан-салалы монографиялардың тоғысқан жинағы болып табылады. Еңбектің тоғыз тарауының эрқайсысын - автордың өзінің үшан теңіз эрі алуан түрлі деректері, сондай-ақ ертедегі, соның ішінде қолға түспейтін ежелгі мағлұматтар ып-ықшам болып тұжырымдалған нағыз дербес шығарма деп кэміл айтуға болады. Бүл еңбегінде Лев Семенович географиялық топшылаудың асқан шебері ғана емес, сонымен бірге ғылымның толып жатқан салаларының да ірі маманы, түпсіз терең білім иесі, көргенін қапы жібермейтін сезімтал, өзінің де, өзгелердің де байқап түйгендерін байсалды талдай алатын сегіз қырлы, бір сырлы талғампаз ғалым ретінде танытты" (Н.Н.Соколов). Л.С.Бергке дейін теңіздің гидрологиялық ерекшеліктері зерттелмеген-ді, тереңдігінің картасы жасалмаған-ды, теңіз жағаларының пішіні мен геологиясы, оның өсімдіктері мен жануарлары жөніндегі мағлуматтар да мардымсыз еді. міне, осылардың бэрін Л.С.Берг анықтады.
Ғалым табиғатта өте сирек кездесетін осы айдың су көзінің толық физикалық-географиялық сипаттамкасын берді. Ол өз монографиясында теңіздің көлемі, тереңдегі, ағындары мен деңгейі, суының температурасы, түсі мен мөлдірлігі, тұздылығы мен метеорологиялық жағдайлары туралы мол деректер келтірді. Л.С.Берг Арал теңізі суының тұзы аз екенін - теңіз бетінде оньің мөлшері 1,03 проценттен аспайтынын айқындады. Ол гидрологиялық бақылаулар негізінде судың температурасы мейлінше құбылмалы екенін дэлелдеп, небәрі жарты мерт аралықтағы температура айырмашылығы 12 градусқа дейін жететінін мэлімдеді.
Ғалым ғылымда тұңғыш рет Арал теңізінде сейш қүбылысы болатынын анықтады. Ол сейш атмосфералық қысым мен жел күшінің жедел өзгеруінен пайда болатын қүбылыс деп есептеді. Зерттеуші Аралда сейштің тым үзақ уақыт бойы (23 сағат 45 минутқа дейін) сақталып тү_ратынын атап көрсетті.
Л.С.Берг теңіз жағаларының бітімін зерттей келіп, Арал теңізінің жағалауын үш түрге : тегіс (батыс), қалақша тәрізді (солтүстігі) жэне қойнаулы (шығысы) жағаларға бөлді. Теңіздің қойнаулы жиектері тек Аралға ғана тэн.
Л.С.Берг атап көрсеткеніндей, Арал төңірегінде қырда жэне теңізде өсетін
өсімдіктердің түрлері үшырасады. Теңізде жануарлар дүниесі өте тапшы. Одан ғалым молюскілердің 7 түрін, балықтардың 18 түрін тапқан.
Арал теңізінің гидрологиясы мен деңгейінің ауытқуларын зерттей келе, ғалым 1740 жылдан бергі тарихи мэліметтерді салыстырды. Сонымен Арал деңгейінің көтерілу жэне төмен түсу кезеңдері алмасып отыратынын анықтады.
"Арал теңізі" монографиясы жеке бір аймақты физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттау жөнінде түңғыш тәжірибелердің бірі болды. Л.С.бергтің бүкіл ғылыми творчествосына тэн табиғатты түтастай алып, комплексті зерттеу эдісі осы монографияда айрықша байқалады. Онда автор Арал теңізін физикалық-географиялық түрғыдан сипаттауды табиғаттың тарихи дамуымен сабақтастырады. Осы заманғы табиғат қүбылыстарының негізінде жатқан тарихи өткен дәуірлерге көз жібере отырып, зерттеуші Арал теңізінің пайда болуы туралы бірқатар күрделі эрі екі үліты мэселелерді көтереді.
"Арал теңізі" монографиясы жарыққа шыққаннан бері 80 жылдай уақыт өтті. Осы мерзім ішінде Арал теңізінде талай рет жаңадан зерттеулер жүргізіліп, толып жатқан жаңа деректер алынды, Соның өзінде Л.С.Бергтің зерттеулері ғылыми маңызын элі күнге дейін сол күйінде сақтап келеді. Жаңа мағлұматтарды Бергтің деректерімен салыстыра зерттеу үшін монографияда келтірілген ғылыми тұжырымдар мен қорытындылардың, сондай-ақ ондағы үшан-теңіз нақты фактілердің бүгінгі таңда зор маңызы бар. Мүның өзі Арал теңізінің ауытқуы жайында қызғылықты материалдар алуға мүмкіндік береді.
Л.С.Берг монографиясындағы мэліметтерді қазіргі заманғы жаңа мэліметтермен салыстыра отырып, Арал теңізінің эволюциясы туралы қорытынды жасауға болады. Л.С.Берг 1906 жэне 1925 жылдары Арал теңізінде болып, қосымша гидрологиялық байқаулар мен балық шаруашылығы үшін зерттеу жүмыстарын жүргізді.
Совет дэуірінде зерттелуі. ¥лы Октябрь революциясы үылы...ға кең жол ашты. Совет жылдарында көптеген экспедициялар үйымдастырылды. Бүл кезеңдегі зерттеулерге жан-жақтылық тэн: гидрографиялық-гидрологиялық, гидробиологиялық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, географиялық-геоморфологиялық жэне тарихи археологиялық жүмыстар өзара байланыста жүргізілді. Арал теңізі мен оның жағалауларын зерттеу Совет үкіметінің алғашқы жылдарында өріс алды: 1920 жылы оған Д.П.Малинин жэне 1921 жылы Д.Котельников келді. Д.П.Малинин Аралдың тұңғыш жэне эзірге жалғыз қысқаша лоциясын (теңіз терңдігін) қүрастырды. 1934 жылы штурман Андрианов А.И.Бутаков жасаған картаны толықтыру мақсатымен гидрографиялық жұмыстар жүргізді. 1958-1960 жылдары теңізші-гидрографтар бүкіл Арал теңізінің съемкасын жасады.
Кезінде атағы елімізге кейіннен мэлім болған Бөген балық заводы мен тұрғындарының өнімі мен жай-күйі бүкіл аудан көлеміне ортақ десек, жаңылыспаймыз. Бөгендіктердің бір кездегі дүркіреген жетістігі данышпан В.И. Лениннің есіміне тікелей қатысты. Владимир Ильич Ленин 1921 жылы 7 октябрьде: "Аральское море. Бугуньский совет№ ловцов и рабочих. Северного побережья" деп телеграмма жолдады. Көсеміміз телеграммасында Поволжьеде миллиондаған адамдардың аштықтан қаза тапқанын, көп елді мекеннің элі де тарығу үстінде екенін айта келіп, балық өнімімен жэрдемдесуді өтінген.
Осы хабардан соң дүр көтерілген Бөгендік балықшылар 24 сағаттың ішінде 14 вагон балық аулап, өнімді түйеге артып, суыт жүріп отырып, Қамбаш
станциясынан поезға тиеген. Балықпен бірге еңбекшілердің жалынды сэлемі де қоса жолданады.
Бөген балық заводы бойынша 1960 жылы үй іргесіндегі теңізден 65 мың центнер сапалы балық ауланған. Ол 1986 жылы 8 мың центнерге дейін төмендеді. Оның да 5 центнері жаз айларында Талдықорған, Торғай, Ақтөбе облыстарынан ауланады. Ширек ғасыр ішінде табыс көрсеткішінің мұншама қүлдырауының себебі белгілі. Ол - теңіздің өлі ортаға айналуынан. Ауылды сырт орай басқан ақ шағыл үйлердің терезесін бүркеп арши-арши адамды эбден ығыр ғып бітті. Биылдың өзінде ауылда құмның кесірінен сегіз үй қүлады. Ал жылына Бөгенде екі-ақ пәтер пайдалануға беріледі. Бөген балық заводы басындағы 310 үй мен заводқа қарасты бөлімшедегі 120 шаңырақ ауыз суды түстік жердегі Аманөткелден, бірде су айдағышпен, бірде су таситын машинамен тасып ішіп отыр.
Соңғы төрт жылда аудан бойынша 12 мың адам өзге облыстарға қоныс аударса, соның 200 шаңырағы осы Бөген балық заводының еңбеккерлері. Ата қоныстан неге ауа көшті деген сауал туады. Жан жүдетер басты себептерін айттық та. Ал соның бірі, эрі бірегейі - бүл жүмыстың жоқтығы.
Айталық Бөгенде қазірде екі мыңдай адам түрады десек, соның 240 ғана заводта істейді. ал, қалғаны ше? Балық заводы - жылына 443 мың сомның өнімін шығарады. Ол өнімі, жоғарыда айтқандай мұхиттың балығы. Алғаны мен бергенін безбен басына салсақ бүл бір қыруар шығын. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін көре түра осы шығынға баруға түра келіп отыр. Облыстың балық шаруашылығынан шегіп отырған 200-210 миллион сом шығынының ізін осыдан іздеген жөн.
- лениннің өтінішімен теңізге шығып, 14 вагон балық аулаған экелеріміздің қажырлы қимылын көзімізбен көрдік дейді. Шарапат Қореков қарт. -Балықшылар күн сайын аулаған балығын түйеге артып, стансаға экетін жататын-ды. Бүл теңіздің байлығын да, барлығын да көзбен көрдік. Сол молшылықты жасауға азды-көпті үлесімізді қостық...
- Жэ, сонда айтайын дегенім, көрінген жерден тоспа мен бөгет салып, суды құртты. Сумен бірге балық та құрыды. Ата қонысынан ел көшіп, ірге шайқалып жатқаны мынау.бір өкініштісі: бүгінгі оқыған, тоқыған, балалардың алысты барлап,кең өлшеп, мол пішудің орнына кейде қолдағы бардың нарқы мен парқына кеш жететіні несі?..
арал теңізі бізге емес, біз оған қарыздармыз. өйткені ол осы бір ғасырдың ішінде ғана миллиондаған адамдарды үш мэрте аштықтан сақтады. Біріншісі 1921 жылы Поволжьені, ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Арал
Сопының хәлі - үздіксіз үрдіс
Арал теңізінің экологиясы жайында
Арал теңізі
Арал қасіреті
Арал экологиясы
Арал теңізінің зерттелуі. Арал теңізінің экологиялық мәселелері
Арал апаты. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал мәселесі
Арал қаласы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь