Ауылдың экологиялық жағдайы


Т. Қазіргі жағдайдағы ауылдық елді мекендердің экологиялық проблемалары және олардың халықтың денсаулығына әсері

1. Ауылдық елді мекендердің урбанизациясы

2. Ауылдың экологиялық жағдайын анықтайтын факторлар

3 Ауылдың қоршаған орта нысандарының ластану көздері

4 Ауыл экологиясына байланысты ауылдық тұрғындар денсаулығының ерекшеліктері

5. Ауылдық жерлердегі қоршаған орта жағдайларын оңтайландыру (оптимизация) жөніндегі шаралар

1 - Сұрақ Қазіргі кезде урбанизация мәселесі ауылдық жерлерді де қамтиды. Соңғы онжылдарда шаруашылықтардың іріленуіне байланысты ауылшаруашылық өндірісі бір ортаға шоғырландырылды, бұл бір елді мекендердің ұлғаюына, басқалардың бос қалуына әкеп соқты. Ауылшаруашылық өндірісінің қайта жарақтандырылуы - кең түрде механикаландырылуы, ірі малшаруашылық кешендердің салынуы, ауылшаруашылық өнімдерді алғашқы өңдеу және ауылшаруашылық техникаларын жөндеу қуаттарының іске қосылуы (қуатты элеваторлар, машина-трактор станциялары, сүт зауыттары, дән, көкөніс, жеміс комбинаттары) міне, осылар бой көтерді. Жеке ауылдық елді мекендерде тұрғындардың шоғырлануы, ауылды жақсы жабдықтау, жоспарлау, құрылыс мәселелерін шешу, сумен қамтамасыз ету, қатты және сұйық қалдықтарды жинау секілді шаралар қоршаған ортаны залалсыздандыру және пайдалану мәселелерін шешу қажеттігін туғызды, басқаша айтқанда ауылда өмір сүру үлгісі іс жүзінде қалалық өмірге жақындады.

Осылайша, адамның ауыл табиғатына белсенді араласуы ауылдық жердегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне себепкер болды.

2 - Сұрақ Қазіргі жағдайда ауылды елді мекендерді көркейтіп, көгалдандыруға жоғары талаптар қойылады. Олардың ең бастылары - аумақты қалыпты жұмыс істейтін аймақтарға бөлу және санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң түрде сақтау.

Аумақты дұрыс таңдау және оны аймақтарға бөлу халық тұратын өңірлерді дұрыс орналастыра білудің, оны сәулеттендірудің және де іріленген ауылдық елді мекендерді экономикалық мақсатқа сай қолайлы жабдықтаудың бірден-бір алғышарты.

Ауылдық елді мекендерді жобалау мен оның құрылысын салудың қалалар мен жұмысшы поселкелерін салудан айырмашылығы мынада - оның өзіне тән ерекшеліктері болады. Атап айтқанда ауылдық елді мекендер құрылысын қолға алғанда оның материалдық және техникалық мүмкіндіктері, ауылды жердегі өмірдің әлеуметтік-экономикалық факторлары ескерілуі қажет.

Ауылдық жердегі экологиялық жағдай сол ауылдық елді мекендердің жобалануы мен құрылысын салу мәселелерін дұрыс шешуге тікелейц байланысты болады. Мәселен, дәлірек айтсақ, ауылдың өндірістік аймағы селитебтік аймақтың ық жағынан және міндетті түрде санитарлық-қорғау аймағын сақтай отырып, жердің бедері бойынша төмен орналасуы керек.

Ауылдық құрылыстың бірқатар өзіндік ерекшеліктері болады, олар ауылды тазартудың жағдайына, дұрыс жабдықтауға және гигиеналық жағдайларға әсер етуі мүмкін.

Ең алдымен құрылыстың көбінесе 1-2 қабаттық болғаны жөн, оның өзі негізінен ел мекендеген аймақты сумен қамтамасыз ету мен канализациялау ерекшеліктеріне тәуелді. Әдетте ауылда орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету мен орталықтандырылған канализация торабы болмауы жиі кездеседі. Барлық құрылыс көбінесе жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану арқылы жүргізіледі, сонымен бірге жеке көмекші шаруашылық жүргізу үшін жеке үй жанындағы жер бөлігі алдын ала қарастырылуы керек.

Ауылдық елді мекендер құрылысының бас жоспарында, жоспарлануы мен қайта жасалынуында ауылдың микроклиматын жақсарту мен экологиялық жағдайын жақсарту мәселелері алдын ала қарастырылуы керек. Бұл, ең алдымен ауылды көгалдандыруға қатысты болады. Ауылдық елді мекендердің 40 % аумағын бүкіл ел пайдаланатын және қоршауға алынған жасыл желектер қоршап жатуы және арнаулы мақсаттағы орындар болуы керек.

Қазіргі кезде тұтынуға қажетті өнім өндіруге байланысты адамның ауылшаруашылық қызметінің ауқымының өсуіне орай табиғатта бірқатар өзгерістер болып жатыр. Соның нәтижесінде табиғи (алғашқы) биогеоценоздар жыртылған жерлер, суарылатын алаптар, жасанды жайылымдар арқылы ығыстырылуда және трансформацияланған экологиялық жүйелер-агробиоценоздар пайда болуда, ол деген адамның өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы қызметі нәтижесінде қалыптасқан жасанды бірлестіктер. Адам мүмкіндігінше мол өнім алуға тырысып, экологиялық жүйенің барлық компоненттеріне былайша әсер етуде:

  • топыраққа химияландыру, механикаландыру, мелиорациялау секілді агротехникалық шаралар кешенін қолдану жолымен;
  • ауылшаруашылық өндірісін химияландыру және индустрияландыру есебінен атмосфералық ауаға;
  • ауылшаруашылығының шайынды сулары мөлшерін күрт ұлғайту арқылы су қоймаларына.

Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге уөшіруге байланысты мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері ауылдық жерлерде қоршаған ортаны аса мол ластай бастады. Мал шаруашылығы кешендерінің саны мен қуаттылығының артуы нәтижесінде оның көлемі коммуналдық қалдықтар аумағынан әжептәуір арта түсті, мысалы, Германияда - 5 рет, АҚШ - 10 рет. Бір сиыр тастайтын жапаның мөлшері 16 адамдыкіне, ал бір шошқаның шығарғаны - 2 адамдыкіне тең.

Халық тығыз орналасқан аумағы шағын Данияда, мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтары 35-40 миллион адам қалдықтарының эквивалентіне, ал Голландияда мал шаруашылығы өндірістерінен су қоймаларының ластануы 2, 5 млн. тұрғыны бар қалалардың ластануына тең келеді. 100 мың бас ірі қара малдың қоршаған ортаны ластауы 1 млн. тұрғыны бар қаланың ластанғанымен пара-пар екендігі есептелініп шығарылған.

Қазіргі уақытта мал және құс шаруашлықтарының кешендері мен фермалары ауылдық жерде атмосфералық ауа, топырақ, су көздерінің ең ірі ластау көздері десек, оны қуаттылығы мен ауқымы бойынша ірі өнеркәсіптік нысандармен әбден салыстыруға болады.

Атмосфералық ауаны, топырақты, су көздерін мал шаруашылығы қалдықтарынан қорғау нақты технологиялық шешімдер жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Ол үшін мал шаруашылығы кешендерін үйлерден біршама қашық жерлерге салу, лас заттарды өңдеу мен жоюдың дұрыс жолын таңдап алу қажет. Сұйық және қатты қалдықтарды жинау мен шығару механизацияның көмегі арқылы көң жиналатын орындарға тасымалданады. Мәселен, ірі қара малының қиында аса мөлшерде органикалық және бактериялық лас заттар болады. Олар мыналар:

Рн 7, 2

Қалқыған заттар 19000-6 мг/л

Мөлдірлігі 1:60, 2, 0-2, 5 см

ОБҚ (оттегінің биологиялық қажеттілігі) 3000-8000 мг/л

ОХҚ (оттегінің химиялық қажеттілігі) 6000-25000 мг/л

Аммиак азоты 300-1400 мг/л

Нитраттар азоты -

Микробтық сан 1, 0-10 -7 1 литрде

Коли-титр 10 -5 -10 -7 1 мл-ге

Электрококтар титрі 10 3 -10 5 1 мл-ге

Гельминттер жұмыртқасы 10, 0-20, 0 1 л-де

Мал шаруашылығы өндірістерінің жуынды ағындарында туберкулез, бруцеллез, сүзекті-паратифозды инфекциялар, салмонеллез, гельминтоздар, энтеровирустар қоздырғыштары байқалады. Бұл малшаруашылық кешендерінің көң араласқан шайынды суларында эпидемиологиялық қауіп төндіретін заттардың болатындығын көрсетеді. Малшаруашылық кешендері ішінің ауасы негізінен аммиакпен (26 мг/м 3 дейін) және күкіртті сутегімен (14 мг/м 3 дейін) ластанады.

Мал және шошқа фермаларындағы көң шайындыларының елді мекендерден шығатын осы тектес лас заттарға қарағанда біршама зиянды әрі қауіпті екендігін төмендегі салыстырмалардан да байқауға болады:

Рн 8, 1

Қалқыған заттар 21 168 мг/л

Хлоридтер 56 мг/л

ОБҚ (оттегінің биологиялық қажеттілігі) 67, 7 мг/л

ОХҚ (оттегінің қажеттілігі) 320, 1 мг/л

Аммиак азоты 37, 1 мг/л

Микробтық сан 1, 6 х 10 6

Коли-титр 10 -5 мл-ге

Малшаруашылық кешендеріндегі органикалық заттар мен минералдық тұздардың шоғырланулары шаруашылық-тұрмыстық жуынды ағындыларындағы және кейбір өнеркәсіп салаларының жуынды ағындыларындағы шоғырланудан бірнеше есе артады, сондықтан қоршаған ортаны ластайтын қауіптірек ластаушылар болады (кесте) .

8 кесте. Әртүрлі нысандардың жуынды ағындыларының құрамы

Жуынды ағындылар: Жуынды ағындылар
Құрғақ зат,мг/л:

Құрғақ зат,

мг/л

Аммиак азоты, мг/л: Аммиак азоты, мг/л
Фосформг/л:

Фосфор

мг/л

Калиймг/л:

Калий

мг/л

Жуынды ағындылар:

Ірі қара мал

Шошқа

Тамақ өнеркәсібі

Шаруашылық-тұрмыстық жуындылар

Құрғақ зат,мг/л:

19000-6

1

1500

37, 1-56, 6

Аммиак азоты, мг/л:

300-14000

400-500

80-100

50-60

Фосформг/л:

905000

2500

10, 0

6, 0

Калиймг/л:

3000 дейін

2400

240, 0

20, 0

Құс саңғырығының құрамы малшаруашылығының қалдықтары құрамынан өзгеше. Мәселен, жұмыртқалайтын тауық жыл сайын 60 кг құрғақ саңғырық шығарады, күрке тауық - 90 кг, қаз - 240 кг. Саңғырықтың құрғақ массасында әдетте 0, 8-1, 2 % азот, 5-7 % протеин болады. Құс зәрінде зәр қышқылы, креатин, креатинин болады.

Құрғақ қалдық 34, 5 - 48, 3 %

Күл 15 - 40 %

Кальций 8, 5 %

Фосфор 2, 3 %

Калий 2 %

Шикі май (эфир экстракты) 2, 8 - 4, 5 %

Шикі клетчатка 14 - 25 %

Зәр қышқылы 6 % дейін

3 -- Сұрақ Топырақ және су көздерінің ластануы тудыратын жағдайлар мыналар:

  • өнеркәсіптік алаңшалардың үстіңгі бетінен атмосфералық жауын-шашынмен жуылған заттар;
  • көң сақтайтын орындардан немесе сыйымдылықтардан топырақтағы суларға және ашық су көздеріне жуынды ағынды сулардың жырып өтіп кетуі;
  • жуынды су жинағыштардан немесе жер суару өрістерін жырып өтіп шығуы;
  • ауылдық елді мекемелердің аумақтарын дұрыс жоспарламау.

Су қоймасына түскен жуынды судың әсері суда еріген оттегі мөлшерінің күрт азаюы, шіріген иістердің пайда болуы, қарақошқыл түсі, органикалық заттар ОБҚ және қышқылдануының көбеюі арқылы білінеді. Осының салдарынан суда нитраттар, аммиак және органикалық қосылыстар шоғыры күрт жоғарылайды. Топырақта ішек тобына жататын патогендік бактериялар мен сальмонеллездер бір айға дейін тіршілігін сақтайды. Олар топыраққа 50 см және одан да тереңге кіруі мүмкін.

Атмосфералық ауаны газдармен ластаудың негізгі көзі - көң мен құс саңғырығы болып саналады. Газдар жерге түсу, тасымалдану, сақтау, өңдеу және жою үрдістерінде шығады.

Жерге жаңа түскен тезекте анаэробтық үрдістер дами бастайды:

  • жасушадан тыс ферменттер көміртектік кешенді қарапайым қанттарға, протеиндерге және аминоқышқылдарға, майға және майлы қышқылдарға дейін гидролиздейді, соның нәтижесінде қышқылданып дамиды;
  • қышқылдануы ашудың регрессиясы: органикалық қышқылдар ерітілетін ащоттық қосылыстар аммиакка, көмірқышқыл газына, азотқа, метанға, сутегіге ыдырайды, Рн арта түседі жәнк күкіртту сутегі, индол скатол, меркаптан пайда болады;
  • сілтілік ашу: органикалық қышқылдар көмірқышқыл газы мен метанға ыдырайды.
  • Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы қалдықтарының анаэробтық үрдістерінің нәтижесінде 27 газтәрізді қосылыстар шығады, олардың негізгілері күкіртті сутегі, аммиак, көмірқышқыл газы, индол, скатол, меркаптандар. Олар фекалийлерден иістер шығуының себебі болады. Олар жануарларға да, адамдарға да зиянды әсер етеді. Олардың жиіркеніш тудыратын қасиетінен басқа да әсері болады: бас ауыру, жүрек айну және үстүрт тыныс алу, қышқылдану үрдістерінің әлсіреуіне, тыныс органының функциясы бұзылуына, орталық жүйке мен сезім органдарының бұзылуына ықпал жасайды.

Шошқа шаруашылығы кешендерінің ауданында атмосфералық ауа 1500 м қашықтыққа дейін 0, 44 мг/м 3 , 2500 м - 0, 22 - 0, 44 мг/м 3 , 300 м - 0, 33 мг/м 3 , 3500 м - 0, 22 мг/м 3 аммиакпен ластанады. 3000 м қашықтықта 47, 5 % сынамалар аммиак бойынша ШРЕК асады және 4500 - 5000 м қашықтықта ғана аммиак мөлшері ШРЕК деңгейінде болады. Кешендерден 2500 м қашықтықта өзіне тән арнаулы иіс сезіледі. Шошқа шаруашылығы кешендері ауданындағы атмосфералық ауаны биологиялық зерттеу көрсеткендей, одан 100, 200 м қашықтықта 1 м 3 ауада микробтар саны 1501825 құрады, 800 м - 900 дейін, ал 2000 м 25 тен 1300 дейін микробтар болды, ол бақылау (контроль) сынаманың мағынасына жақындайды.

Ірі қара мал (10 000 бас) шаруашылығы кешенінен атмосфералық ауа ластануы мынадай үлгіде көрінеді. Кешеннен 700 м қашықтықта аммиактың шоғырлануы 0, 50 мг/м 3 , 1800 ден 2300 м дейін - 0, 44 мг/м 3 анықталады, сонда осы қашықтықта аммиак шоғырлануы 37 % болған жағдайында ШРЕК артты. Кешеннен 3000 м қашықтықта аммиак шоғыры ШРЕК-тен төмен болды. Күкіртті сутегі мен меркаптандар атмосфералық ауада анықталмайды. Органолептикалық арнайы иіс комплекстен 700 - 1200 м қашықтықта үнемі және күшті сезіледі, 1800 м - үнемі және әлсіз, 2500 - 3000 м үнемі емес әсіз болып сезіледі.

Осы үлгімен, гигиеналық көзқарас тұрғысынан, 1800 ден 2000 м қашықтықта тұрғындардың тұруына болмайды және ірі қара мал кешені (10 мың бас) атмосфералық ауаны 3000 м қашықтықта ластайды.

Құс шаруашылығы кешендерінің ауданында атмосфералық ауа аммиакпен ластанады, оның концентрациялары өнеркәсіп алаңшасында 0, 22 - 1, 22 мг/м 3 аралығында, 500 м қашықтықта - 0, 38 ден 0, 47 мг/м 3 , 1000 м - 0, 37 - 0, 39 мг/м 3 , 1500 м - 0, 15 - 0, 50 мг/м 3 , 2000 м - 0, 20 - 0, 27 мг/м 3 , 2500 м - 0, 11 - 0, 16 мг/м 3 анықталды. 2500 м және одан алыс қашықтықта аммиак шоғыры ШРЕК-тен аспайды.

Құс шаруашылығы кешендерінен органолептикалық анықталатын арнайы иіс 2500 м дейін таралады: 1000 м дейін - үнемі және күшті, 1500 - 2000 м - үнемі және әлсіз, 2500 - 3000 м - үнемі емес және әлсіз. Сонда 2500 м құс шаруашылығы кешенінен ұнамсыз иістердің таралатын шекарасы деп санауға болады. Осы комплекстер ауданындағы атмосфералық аада бактериалдық шашылуы өнеркәсіп алаңшасында 1 м 3 ауада 13 400 микробтар, 100 м қашықтықта - 905-тен 2925 дейін; 500 м - 1500 - 8700; 1000 м - 1925 - 4100; 2000 м - 150 - 1125; 2500 м - 175 - 1200 микробтар құрайды. 3000 м қашықтықта микробтық шашылу 1 м 3 ауада 150 - 950 микробтар құрайды және іс-жүзіндегі бақылаудағымен бірдей (225-900) .

Ауылдық елді мекендердің сумен қамтамасыз етілуі қалаға қарағанда біршама өзгеше. Мәселен, республика бойынша ауылдардың 18 - 20 % немесе 36 % ауылдық тұрғындар орталық арқылы сумен қамтамасыз етілген, ал кепілдік сапасы бар ауыз сумен 60 % шамасында республика тұрғындары қамтылған. Егер қалаларда бір адамға шаққанда тәуліктік су жұмсау 300-350 л жетсе, ол ауылда тәулігіне 50-60 % ғана құрайды.

Ауылдық жер жағдайларында тұрғындар денсаулығын сақтауда судың мағынасы зор.

Бұл - ең әуелі эпидемиологиялық қауіпсіздік. Өршіп шығатын көп аурулардың қоздырғыштарын таратушы су болады: дизентерия, ішек аурулары, сүзек-паратиф инфекциялары, сальмонеллез, инфекциялық гепатит, энтеровирустар, аденовирустар таралуына су себепкер болады.

Сонымен бірге қалаларда да, ауылдық жерлерде де ауыз судың химиялық құрамы тұрғындар арасында инфекциялық емес аурудың таралуына көп жағдайда әсер етеді: кариес, флюороз, бүйрек-тас ауруы, өттас ауруы, созылмалы гастриттер, дерматиттер, остеохондроздар, қан аурулары (метгемоглобинемия), атеросклероз, жүйке жүйелері аурулары.

Өнеркәсіп өндіріс пен ауылшаруашылық өндірістің барлық саласында химияландыру топырақ ластануын тез күшейтті. Әсіресе кең ауқымда ол ауылшаруашылығында гербицидтерді, дефолианттарды, инсектицидтерді, минерал тыңайтқыштарды қолданумен байланысты дамыды. Арамшөптерді топырақтан тиімді тазартып, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден сақтай отырып, олар сонымен бірге топырақты ластады, ол топырақтық фауна мен микрофлораның тіршіліктеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір пестицидтер топырақта бірнеше жыл сақталады, қарқынды жиналады, атмосфералық жауын-шашын мен су қоймаларына, кейіннен өсімдіктерге, ауылшаруашылық өнімдеріне, жануарлар организміне, содан кейін транслокациялық жолмен адам организміне, кейде көбірек улы қосылыстарға қан айналуы үрдісінде айналады.

Ауылшаруашылығында қолданылатын дефолианттар қарқынды түрде атмосфералық ауаны ластайды, тұрғындардың жедел және созылмалы аурулармен ауыруына әкеледі.

Олар топыраққа шөгіп, жиналады, ауылды елді мекендердің су көздеріне түседі.

Одан қиынырақ мәселе нитраттар мен нитриттер. Олар топырақта қарқынды жиналып, өсімдіктерден тағамдық өнімдерге ауысады, олар арқылы адам организміне түседі. Оларды ауыл шаруашылығында шамадан тыс қолдану адамның жедел және созылмалы улануына соқтырады. Жедел улану өткір ішек ауруларының түрінде күрт интоксикациялы симптомдармен орта жүйке жүйесінің, бауыр, бүйрек зақымдануларымен бірге жүреді. Нитриттермен және нитраттармен созылмалы улану қан ауруына (метгемоглобинемия), бауыр мен бүйрек зақымдануына соқтырады.

4 - Сұрақ Ресми статистикалық деректер бойыша ауылдық тұрғындар денсаулығын сипаттайтын көп көрсеткіштер қалалық тұрғындар көрсеткіштерінен біршама жақсырақ.

Мәселен, ауылдық жерде туушылық қаладағыдан жоғары; өлім-жітім қалалық тұрғындар арасында шамалы жоғары; орташа болашақ өмір ұзақтығы ауыл тұрғындарында қалалық тұрғындардан жоғары.

Қалалық тұрғындардың жалпы аурушаңдылығы ауылдық тұрғындар аурушаңдылығынан біршама асады (мың тұрғынға шаққанда қалада 3800-4500 аурушаңдылықтың кездесу жағдайы, ауылда 1500-1800 кездесу жағдайы болады) . Шынында да осылай ма? Осы көрсеткіштер деңгейі не нәрсеге тәуелді?

Осы сұрақтар көп себептерге тәуелді және солардың ішінде мыналарға:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылдық елді мекендердің урбанизацнясы
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері
Қаланың ерекшелігі
Босалқы жерлердің мониторингі
Ауылды зерттеудің алғышарттық тұғырнамалары
Инвестициялық инфрақұрылымдық бағдарламалардың тиімділігін бағалау
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің мониторингі
Қазіргі замаңғы экологиялық проблема
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мониторингі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz