Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы


Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы бірқатар кешенді нормаларды біріктіреді. Халықтың денсаулығы дегеніміз - қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір сүруі мен оның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық адамгершілік дегеніміз - қоғамдағы адамдың өмір сүруіне қажетті рухани және адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы жене аталған мінез-қүлық ережелерінің орындалуы.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жәнелту не сату
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жүйкеге әсер ететін есірткі заттарды заңсыз тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Аталған қылмыстың тікелей объектісі - халықтың денсаулығы. Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар қылмыс құралы болып табылады.
Психикаға есер ету арқылы ықпал ететін, одан әрі адам ағзасын құртып жіберуге әкелетін синтетикалық заттарды немесе табиғи текті заттарды есірткі заттарға жатқызамыз. Дәрігерлік мақсаттарға пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың тізбесіҚазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 9 наурыздағы №186 қаулысында Бақылауға алынатын есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлар туралы көрсетілген. Ол 72 аталымды біріктіреді . Атап айтсак, аллипродин, гашиш, анаша, героин, кокаин, пепап, т. б. Жүйкеге әсер ететін заттарға жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының 1998 жылы 9 наурыздағы №186 қаулысына сәйкес адамның орталық нерв жүйесінің дағдарысына әкеліп соқтыратын табиғи және синтетикалық заттар жатады. Жүйкеге әсер ететін заттарға: катинон, меклоквалон, парагексил, этриптамин және т. б. Барлығы 38 түрлі аталым. Есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды пайдалану үшін сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастау, борышын өтеу мақсатында алу, сыйға алу, табылған затты иелену арқылы құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді жинап алуды таниды. Есірткі заттары немесе жүйкеге әсер ететін заттарды рұқсатсыз көлік құралдарын пайдалана отырып, қасақана іс-әрекет арқылы бір орыннан екінші орынға тасымалдау заңнамаға қайшы болып табылады.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сақтау кінәлінің иелігінде осы заттардың ұзақтығына қарамастан (денесінде, тұрғын-жайда және т. с. с) болуына байланысты кез келген заңсыз әрекеттер жасауды білдіреді. Кінәліден аса ірі мөлшерде есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттардың табылуы қылмыстық жауапкершіліктің басталуына әкеліп соқтырады. Мөлшердің көптігі сараптаманың қорытындысына сәйкес тағайындалады. 259-баптың 2-тармағында есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында заңсыз сатып алу немесе сақтау, дайындау, ұқсату, тасымалдау және сатуға, сонымен қатар аталған баптың 1-тармағына сәйкес есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында көп мөлшерде сатып алу мен сақтауға қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Дайындау - бұл нәтижесінде пайдалануға ыңғайлы есірткі немесе жүйкеге әсер ететін басқа да заттардан алынатын кез келген іс-әрекет. Есірткі заттарының немесе жүйкеге әсер ететін заттардың сыртқы пішінін бір түрден екінші түрге өзгерту (ұсақтау, таблеткалар жасау) дайындау ретінде танылмайды.
Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды оның құрамын арттыру мақсатында қайта дайындау немесе рафинаттау (артық қосылыстардан тазарту) - қайта өңдеу болып танылады.
Жөнелту - есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды пошта, жүк арқылы жәнелту және т. б. тәсілдер заңсыз жіберу болып есептеледі. Мұнда аталған заттардың тасымалдау жіберушінің қатысуынсыз жүзеге асады.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өз еркімен тасыған, медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған, сондай-ақ есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға белсенді көмек көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
[өңдеу] Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
Бұл қылмыстың объектісі - халықтың денсаулығы, Қылмыс құралы - есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттар. Қылмыс кінәлінің есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру арқылы көрінетін белсенді әрекетінен тұрады. Басқа бір тұлғаны қызықтыру арқылы есірткі заттарды пайдалануға итермелеуге бағытталған әр түрлі (азғыру, алдау, көндіру, т. б. ) іс-әрекеттер көндіру болып табылады.
Аталған заттарды таблеткалар ішу, шегу немесе үнтақ иіскеу жолымен адам ағзасының ішіне енуі қабылдау деп лталады. Басқа тұлғаның есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды пайдалануға, қоздыруға бағытталған іс-әрекеттің жасалуы қылмыстың аяқталғандығын білдіреді. Бұл ретте кінәлінің аталған заттарды пайдалануға бағытталған әрекеті қызығушылық тудырғандығы немесе оны аталған тұлға пайдаланғандығы маңызды болып табылмайды.
[өңдеу] Қайтыс болгандардың мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау
Қарастырылып отырған кылмыстың негізгі объектісі - Қоғамдық құндылық. Діни, нәсілдік, ұлттық, теңдік, азаматтардың денсаулығы, меншік құқығы көп жағдайда аталған қылмыстың факультативті объектісі ретінде танылуы мүмкін. Қайтыс болғандардың мәйіттері, жерлеу орындары, құлпытас құрылыстары, зираттар немесе оларды жерлеуге, еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлері аталған қылмыстың пәні болып есептеледі. Жеке жене бауырластық зираттар (топырағы жабылатын жерлеу орындары) жерлеу орындары деп аталады. Ескерткіштер, қоршаулар, гүл қойылатын орындар, мүсіндер, сәулет құрылыстары құлпытас құрылыстары деп аталады және олар жерлеу орнының үстіне орнатылуы мүмкін. Зират үйлеріқайтыс болғандарды жерлеуге немесе еске алуға және осыған байланысты рәсімдерді өткізуге арналады, бұл - шіркеу және басқа да діни орындары болуы мүмкін. Қайтыс болғандардың мәйіттерін қорлау, жою, оларды бүлдіру, олар жерленген жерлерді қорлау аталған қылмыстың объективтік жағын құрайды. Қорлау - қайтыс болғандардың мәйітіне немесе уақытша жерленбеген адам тәніне қатысты кез келген заңсыз әрекетті білдіреді: зираттан қазып алу, олардың киімдерін шешу, органдары мен тіндерін алу, бөлшектеу, өлген адамның заттарын алу. Жою - жерлеу орындарын, моладағы құрылысты және бейіттерді оларды алғашқы қалпына келтіруге жатпайтындай толықтай жарамсыз ету. Бұзу - қалпына келтіруге келетін ішінара бүлдіруді білдіреді. Қор қылу - бұл ар-намысқа тиетін жазулар жазу, бояу жағу, көпшілік алдында арсыз әрекеттер жасау.
[өңдеу] Жануарларға қатігездікпен қарау
Қарастырылатын қылмыстың тікелей объектісі қоғамдық адамгершілік. Факультативті объект ретінде меншік болуы мүмкін. Қылмыс заты жануарлар болып табылады: жасушалық құрылымы және зат алмасуы бар тірі организмдер. Өсімдіктермен бірге олар органикалық әлемді құрайды.
Жануарлар - ауыл шаруашылығы және өзге үй жануарларына, сондай-ақ қамауда (хайуанаттар паркінде, цирктерде, питомниктерде) ұсталатын жабайы жануарларға және табиғи өмір сүру ортасындағы жабайы жануарларға бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz