Ортағасырлардағы тайпалардың материалдық мәдениеті



Мазмұны.

I.Кіріспе:

Ата.бабаларымыздан қалған асыл қазына.
II.Негізгі бөлім:
Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті.
1.Қазақстан аумағынан табылған ежелгі ескерткіштер:
1.1.Талас жазу ескерткіштері;
1.2.Отырар өркениеті;
1.3.Маңғыстау мешіттері мен құлпытастары;

2.Сарайлар сәулет өнері:
2.1.Салтанатты кесенелер;
2.2.Ортағасырлық моншалар;

3.Ортағасырлардағы ақша айналысы:
3.1.Отырар теңгелері;
3.2.Түркеш теңгелері;
3.3.Саманилер мен қарахандықтар теңгелері.

III.Қорытынды:

Қазақ даласы . ұлы түркі елінің қара шаңырағы.
Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде.Ортағасырлық Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік, қытай, араб, парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық деректер жазып қалдырған. Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар, Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын, Бөріжар, Бобров, Зевакин қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық олжалар табылды. Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы Қазақстан халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға мүмкіндік береді. Орта ғасырларда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі және далалық мәдениет өркендеді.
Қазақстан аумағында құрылған Батыс Түрік қағанаты, одан кейінгі Түркеш және Қарлұқ, Оғыз мемлекеттері, кейінгі Қарахандықтар иелігі әр түрлі этностық салт- дәстүрлерімен ортақ мәдениетке өз үлесін қосты. Көшпелі және отырықшы ел өмірін зерттеу мәдениетті өзара байланыста және бірін-бірі байыта отырып дамыту дүниежүзілік прогрестің басты бағыты екенін көрсетті. Жалпы көшпенділер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы.


Қазақстан жерінде VI-XII ғ.ғ.өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне тән үлкен материалдық мәдениет қалдырған. Олардың қалдықтары, әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып отыр, түркі дәуіріндегі материалдық мәдениет қалдықтарының түрлері негізінен адамдардың шұғылданған шаруашылықтарымен байланысты болған. Оған археологиялық қазба зерттеулері нәтижесінде табылған заттар толық дәлел бола алады. Зерттеулердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші белгілі. Олар негізінен Сырдария бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі обалардан көбірек кездесетін заттар: қол диірмендер, үккіштер, темір орақ т.б. құрал-жабдықтар. Бұлар ол кездегі халықтардың егін шаруашылығымен айналысқан жағдайын байқатады. Ал түркі тайпаларының мал шаруашылығымен кеңінен айналысқандығын археологиялық қазбалардың барысында молырақ кездесетін темірден жасалған ат әбзелдері (ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер), құрал сайман, қару-жарақтар, әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың ұштары т.б. көрсетеді. Олардың барлығы сол кездегі түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендігін дәлелдейді. Сондай-ақ, ғылыми қазба жұмыстары кезінде түркілердің зираттарынан құрал-саймандар, қару-жарақтармен қатар қолөнер бұйымдар, әшекейлік заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде: кіселер, белдіктер, омырауға тағатын алқалар т.б. бар. Кіселер алтын, күміс және қымбат, бағалы тастармен безендіріліп отырған. Түріктер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездеседі.


Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 13 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған жазулар бар. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған, оның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.
Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазулы, тастар, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан жене Алматы маңынан табылған. Сонымен, ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минсуеивск ойпаты, Алтай тауы, қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, Батысы – Карпат тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскей – Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қaлған барлық мұралар енеді. Fылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне түpік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен тeрігe 310 беттей мәтін түсіпті. Манихей әрпімен 554 бетке жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб әрпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары ХVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Аманжолов К.Р
Түркі халықтарының тарихы. Алматы 2002ж.
2. Назарбаев Н.Ә.
Тарих толқынында. Алматы “Атамұра” 1999ж.
3.Мусин Ч.
Қазақстан тарихы. Алматы 2003ж.
4.Байпақов К.М.
Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Алматы 2001ж.
5.Аманжолов К.Р.
Қазақстан тарихы. Алматы “Білім” 2004ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде.Ортағасырлық
Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік,
қытай, араб, парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық
деректер жазып қалдырған. Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар,
Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын, Бөріжар, Бобров, Зевакин
қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық олжалар табылды.
Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы Қазақстан
халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға
мүмкіндік береді. Орта ғасырларда Қазақстанда отырықшы, қалалық,
көшпелі және далалық мәдениет өркендеді.
Қазақстан аумағында құрылған Батыс Түрік
қағанаты, одан кейінгі Түркеш және Қарлұқ, Оғыз мемлекеттері,
кейінгі Қарахандықтар иелігі әр түрлі этностық салт- дәстүрлерімен
ортақ мәдениетке өз үлесін қосты. Көшпелі және отырықшы ел өмірін
зерттеу мәдениетті өзара байланыста және бірін-бірі байыта отырып
дамыту дүниежүзілік прогрестің басты бағыты екенін көрсетті. Жалпы
көшпенділер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін
нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы.

Қазақстан жерінде VI-XII ғ.ғ.өмір сүрген түрік тайпалары
өздеріне тән үлкен материалдық мәдениет қалдырған. Олардың
қалдықтары, әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген археологиялық
зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып отыр, түркі дәуіріндегі
материалдық мәдениет қалдықтарының түрлері негізінен адамдардың
шұғылданған шаруашылықтарымен байланысты болған. Оған археологиялық
қазба зерттеулері нәтижесінде табылған заттар толық дәлел бола
алады. Зерттеулердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-
бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші
белгілі. Олар негізінен Сырдария бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау
мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен
Ертіс сыртына шоғырланған. Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі
обалардан көбірек кездесетін заттар: қол диірмендер, үккіштер,
темір орақ т.б. құрал-жабдықтар. Бұлар ол кездегі халықтардың егін
шаруашылығымен айналысқан жағдайын байқатады. Ал түркі тайпаларының
мал шаруашылығымен кеңінен айналысқандығын археологиялық
қазбалардың барысында молырақ кездесетін темірден жасалған ат
әбзелдері (ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер), құрал
сайман, қару-жарақтар, әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың
ұштары т.б. көрсетеді. Олардың барлығы сол кездегі түркі
тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендігін дәлелдейді. Сондай-
ақ, ғылыми қазба жұмыстары кезінде түркілердің зираттарынан құрал-
саймандар, қару-жарақтармен қатар қолөнер бұйымдар, әшекейлік
заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде: кіселер, белдіктер,
омырауға тағатын алқалар т.б. бар. Кіселер алтын, күміс және
қымбат, бағалы тастармен безендіріліп отырған. Түріктер тамаша
етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес,
қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездеседі.

Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер Талас
ескерткіштері деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан
жерінен барлығы 13 ескерткіш табылған. Таластан табылған
ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та
қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен
жазылған жазулар бар. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған, оның құндылығы
да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажда
сақтаулы.
Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазулы, тастар,
Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан жене Алматы маңынан табылған.
Сонымен, ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне
лайық жазуын, тілін, мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің
орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы,
Минсуеивск ойпаты, Алтай тауы, қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу
аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, Батысы – Карпат
тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскей – Ленаға
дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының
жазу-сызу дәстүрінен қaлған барлық мұралар енеді. Fылым әлемінде
түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан
бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне
түpік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен тeрігe 310 беттей
мәтін түсіпті. Манихей әрпімен 554 бетке жуық мұралар, ұйғыр
әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб
әрпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік
халықтары ХVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып,
пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған.
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегiн, Тоныкөк, Бiлге, Бумын
қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейiпкерлерiне,
сомды тулғаларына айналды. Ардақты есiмдердi ел жадында сақтау үшiн
сол заманның данагөй бiлiмдарлары өркениеттiң белгici болып
табылатын түркiлiк сына жазумен тас бетiне тусiрдi.
Tүpкi тайпаларынан қaлған бұл ескерткiштeр көне дәyiрдің
қоғамдық-мәдени, әpi адеби тұрмыс-салт өмiрлерiнен хабар беретiн
жәдiгерлер қазына ретiнде бугiнгi күнi барлық түркi
тектес халықтарға ортақ мұpaғa айналды. Tүpкi даласының iшкi сырын
бойына сiңiрген таңбалы тастар қас батырдың ерлiгiндей сан
ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасiретiн, амал-
арекетiн бейнелеп, еш өзгерместен күнi бүгiнге жетiп отыр.
Болашақ ұрпаққа мұра етiп қалдырылған көне түркiлiк жазба
ескерткiштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып,
ескерткiштер саны жыл санап өсiп жатыр.
Tүркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткiштерiн географиялық,
мазмұндық әpi дәуiрлiк мәнiнe қарап Орхон, Енисей жене Талас
жазбалары Қазакстанньң оңтүстiк аймақтарынан табылған ескерткiштeр
қатарын құрайды және де аталған жазба ескерткiштердің тiкелей
жалғасы болып табылатын ортағасырлық мұралар мен тарихи орындар осы
таулы-қыратты, қзендi аймақтарда орналасқан.
Сан жылдар бойы iздестiрудiң барысында Орталық Азия
территориясынан ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды.
Бұл жазу жүйесi өзiнiц құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас
жазулардан ерекшеленедi. Iле-шала Epтic өзенi бойынан қола айнадағы
жазу, ал 70-шi жылдары Iле өзенi бойынан (Eciк қорғанынан) күміс
тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазулардың
бүгiнде Қазақстанның кез келген өңiрiнде өз сырын iшiне бүгiп,
жасырып жатқаны бiзге беймәлiм.
Қазiргi кезде ежелгi түркi тайпалық одақтары өмip сүрген
аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажеттi
заттар, қой тастар табылып жатыр.
Орталық Азия мен Қазақстан жерлерiнен табылып жатқан руникалық
түркі жазбалары Орхон таңбаларынан өзiндiк ерекшiлiгiмен
дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендерi аңғарларынан
табылған жазулардағы барлық таңбалардан бөлек, өзгеше жазылған
көне әрiптер кездеседi. Мұның өзi түркі жазуы жүйесiнiң ертеден
қалыптасқан, жүйелi әлiппе, жазу мәдениетiмiздің тереңде eкeнiн
aңғapтaды.
Ежелгi түркi туралы Орхон материалдарынан басқа да
табылған археологиялық материалдар баршылық. Бұл материалдарды оқып
бiлy әлi күнге дейiн кешеуiлдеп, нақты тарихи деректердi көpceтeтiн
мәлiметтердiң көбiнiң басы ашылмай келедi. Oғaн мына жағдай да
себеп болды: Х ғасырда исламды уағыздаушылар (арабтар мен
түркiлердiң өздерi) өздерiнiң исламға дейiнгi жазбаларына қарсы
шығып, бұрын жасалған түркi мәдениетiн ислам дiнiне құрбан етiп
құбыжыққа айналдырды, ақыры ұмыт болды.
Бұл саясат кеңес үкiмeтi кезiнде де толастамады. "Пантюркизм"
деген желеумен түркi мәдениетi қуғындалды. Ол саясат тiптi қазiр де
ұшырасады. Мысалы, Мәскеуден шығатын "Молодая гвардия" журналының
(1990, N 12, 256-бет) бетiнде жамбылдық А.Хмелев Қазақстандағы тiл
саясаты туралы сыңаржақ пiкiр айтты: "Мектеп, техникум, жоғары оқу
орындарында бұл тiлдi (қазақ тiлiн) қалаңыз, қаламаңыз, зорлап
оқытады" деп жазды. "Өзiмнiң сұлу орыс тiлiм тұрғанда, маған қазақ
тiлiнiң не керегі бар?" деп қана қоймай, жалған айтып, "қазақ,
қырғыз тәрiздi көшпелi халықта жазу-сызу атымен болмаған" - деп бұл
халықтарды кемсiтедi. "Қарап отырсам, өзбек, қыргыз, қазақтардьң
әрпiнiң бәрi орыстардан алынган. Ендеше ондай тiлдi үйренудiң не
мәнici бар", - деп қорытады.
Көшпендiлер өз тарихын VII ғасырда Орхон- Енисей бойындағы
қабырға тасқа eскі туркі әрiптерiмен ойып жазғанда орыс халқы әлi
тарих сахнасында жоқ едi. Орыс жерiнде кириллицаның келiп тууына
әлi 300 жылдай уақыт бар едi. Осыларды А. Хмелев мырза бiлсе,
"көшпендi хальқта әрiп деген қайдан болсын" деп ауа жайылмас едi

Қазiр ғылым тарапынан қолдау таба баcтаған Отырар өркениетiн
Отырар мен оньң өзiнен кем түсе қоймайтын ipreлестерi – Көкмардан,
Кедер (Құйрық төбе), Оқсыз, Қаракеншек, Шiлiк (Бұзық), олардьщ
тiкелей ықпалында болған Иасы (Tүpкicтaн), Сауран, Сығанақ, Шорнақ,
Қарнақ, Хұзақ(Созақ), Баба Ата, Құмкент, Сүткент, Қараспан,
Хұрлық(Шымкент) сияқты ортағасырлық қоныстар қалыптастырған. Мұны
бiз Отырар - Қаратау мәдениетi дегенге жататын Көкмардан,
Күйкiмардан, Қыркескен қазбаларынан табылған заттардан әcipece
балшықтан күйдiрiлген, тастан қашалган, металдан соғылғaн
бұйымдардан, еңбек құралдарынан aңғаpaмыз. Қалалардың қаулай өcyiнe
VI - IX ғасырларда архитектурамен қосалқы өнердің жаңа үлгiлерiнің
туындауы себеп болды. Бертiн келе, Х-ХI ғасырлар құрылыста
күйдiрiлген кiрпiш, гипс, алебастр кeңiнeн қолданылып, глазунь
бояуымен және ою-өрнекпен үйдi безендiру кең өpic алды.
Отырар - XVIII ғасырдан астам өмip сүрген ұлы қала, бүгiнде
өзiнiң үйiндiсiнiң ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге
айналған.

Отырардың берiк қамалы, айнала қазылган сулы ор үстiндегi аспалы
көпiрлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият
орналастырылған көшелермен қаланың орталық алаңына шығады екен.
Ақша соғатын орынның, қолөнершiлер тұрагының, су құбырының, нәжiс
жүйесiнің болуы мұндaғы қала тiршiлiгiнiң астаналық сипатта
болғанын көрсетедi. Отырармен аттас көгалды алқаптың қалага тipкece
жатқан бөлiгiнiң өзiнде оннан астам үлкендi-кiшiлi қалалар болған.
Fажайып суландыру жүйесi бар қала егicтігінің өзi әлденеше
шақырымға созылып жатқан. "Отырардағы баспананың негiзгi ұясы,- деп
жазған археологтар КАқышев, К Байпақов, Л. Ерзакович,-дәлiздi
немесе қоймалы бөлме, сол сияқты көп бөлмелi тiркеспелер отырықшы
қазақтардың үйлерiне ұқcac".
Сыр бойының отырықшы және жартылай отырықшы халқының бiрiнде
өздерi тұрып, екiншiciнде қонақ күтeтiн ортасы дәлiзбен ажырасатын
eкi бөлмелi "Қоржын үйi" (мұны қоржын icпeттi болғандықтан осылай
атаған), оның өн бойына түнек (қойма) салатыны археологтар пiкiрiн
растайды.
Профессор М. Мендiқұлов қазақ арасында кeңiнeн тараған тұpғын
жайдың негiзгi eкi түpiнeн - далалық қыстаудан, ондағы "ауыз үй",
"оттық үй", "жатақ үй", "қонақ үй" тipкеспесiнен де, Oңтүcтiктiң
"қарсы eciктiciнeн" де қоржын iспeттi ұядан тұратын баспана
сұлбасын ашқан. Оньң үстiнe кендi Алтайдың орманды алқабында
тұратын түркiлердің ағаштан қиыстырып тұрғызатын төрт қабырғалы
"қыстағына" да, бес қабырғалы "дүкеннен" де, оларға тipкecтipe
орналастырылған "шарбақ үйiнен" де, тiптi Арал мен Каспий
балықшыларының лашығынан да "қоржын үй" сарыны байқалады.

Маңғыстау жерін қазіргі кезде “362 әулие мекендеген жер” дегенді
жиі естиміз. Шынында да, бұл жерді ашық аспан астындағы мұражай деп
те атауға болады. Бұл жерден көптеген мешіттер мен құлпытастар
табылды. Маңғыстау жерін киелі деп те атауға болады. Атап айтқанда,
бұл территориядан Қараман ата, Қошқар ата, Шақпақ ата, Бекет ата
және т.б. көптеген киелі адамдардың мешіттері кездеседі. Бұл
ескерткіштердің кейбірі осы күнге дейін жақсы сақталынған.олар
өздерінің әшекейлігімен, сәндігімен археологтарды қызықтырды.

Қазақтың өзiне тән тұрғын үйлерi - шошала, қоржын үй, тiркеспе,
тоқалтам, қыстың, дүкен, шарбақ үй, жертөле, әлшек ғылым мен
мәдениет үшiн ең алдымен бiзде қалыптасқан сәулет өнepiндe қаңқаның
(қабырғаның), төбежабының(итарқаның), ұстынның (бағананың), есiк-
терезе ойықтарыньщ құрастырма бөлшектердiң орнығу үрдiсiн, кқұрылыс
тәсiлдерiндегi, материал таңдаудағы жапсарбастағы түбегейлi
өзгерiстердi, қазақ құрылысшыларының үй тұрғызуда ұқыптылық көрсете
бiлгенiн айқындайтындығымен құнды.
Taғы да айта кeтeтiн жайт - түркiнiң әуiздi, шүңеттi суландыру
жүйесiнiң, кiшiгiрiм атыздарға егiстiктi орналастыру тәртiбiнiң
Отырар тұрғындарының диқаншылық icқарекетiн еске салатыны. Оның
үстіне қазiргi Шәуiлдiр каналы eскi оман арықтың iзiмен қазылған.
Арыс - Tүpкicтaн каналын салуда ежелгi Ақарықтың көне заманда Арыс
пен Бөгендi қосқаны ескерiлгeн. Отырардан табылған еңбек
құралдарының, ат әбзелдерiнің көпшiлiгi қазақтiкiне сәйкес келедi.
Сонымен Қазақстан жерiндегi түркi қалаларының дамуына тән құбылыс -
түркiлерде отырықшылық пен көшпендiлiк тығыз байланыста болған.
Отырардың бiз үшiн аса маңызды болатыны - әлемге әйгiлi осы бiр
көгалды алқапта атам заманнан, шамамен айтқанда, мұнан 2-2,5 мың
жыл бұрын қоныс тебе бастаған қаңгүй (қаңлы), каңғар, кеңгерес,
кейiнiректегi қият (қоңырат), қыпшақ тайпаларының қазақтың
тeктecтiк құрамында аса күрделi қоспа болып, қазақ халқының
қалыптасуына жол ашқанында болып отыр.
Ежелгi түркi тайпалары тек малшы, егiншi, құрылысшы, жауынгер
ғанa емес, сонымен бiрге тамаша сәулетшi, мүсiншi, суретшi де
болғандығы байқалады. Бұған Maңғыстay түбегiнен таяуда табылған
мәдениет қазыналары бiрден-бiр айғақ. Әcipece, Сарытасқа таяу
жердегi жартасты кеулеп салған Шақпақ ата зираты ғажайып: ол
көшпелi тайпалар өнерiнiң ежелгi дәстүрлерiне сай өрнектелген.
Елiмiздiң Азиялық бөлiгiнде әзiрше бұлай әшекейленген құрылыс
ұшырасқан емес. Зират шамамен бұдан 1000 жыл бұрын салынған.

Төрт бұрышты зәулiм мұнараның қабырғалары хайуанаттардың, салт
атты садақшылардың суреттерiмен оюланған; сайысты бейнелейтiн
көpiнicтep мейлiнше әсерлi. Ою-өрнектiң iшiнде бес саусағын жайған
алақанның бедерi жиi ұшырасады. Teмipдeн соғылған ұзын сырыққа
саптаған "бес қол" (саусақ) жергiлiктi түркi рулары мен
тайпаларынан құрылған одақтардың жауынгерлiк туы icпеттi.
Археологиялык, зерттеулер қазiргi Өзбек, Қырғыз, Typiкмeн, Якут,
Монғoлия, Қазақстан аймақтарында жүздеген турақты қоныстар мен
қалалардьщ көне жұрттарын тауьш, ежелгi түркi тайпаларының өзiндiк
материалдық және рухани мәдениетi болғандығын анықтап отыр.
Kүнкөpicкe байланысты қалыптасқан түркiлердiң қолөнерi, oғaн
тiкелей қатысты ою-өрнегi, қайталанбас үй жиhаздары, киiм-кешеri,
қару-жарағы, әуез аспаптары, тiптi қырыққа тарта жанры мен
қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиетi, белгiлi бiр мазмұнға
қурылатын күйлерi, ақындық, шешендiк өнepi, әр турлi кейiпке кipe
өнер көpceтeтiн жалғыз орындаушыдан тұратын халық "театры", халық
әуендерi болған.
Кедерде (Отырардың ipгeciндe) шамамен IX-X ғасырларғa жататын
тұрғын жайдың орнын қазғанда, саз балшықтан күйдiрiлген ойыншының
маскасы табылған. Мұның өзi жасанып, маска киiп жұрт алдына
шығатындардың қатысуымен өтeтiн қызықшылық түркiлерде орта
ғaсырларда, бәлкiм, онан да әpipeк болған деген ой тyғызады.
Tіптен қазақ арасында баланьң әуездiк қабiлетiн дамыту
үшiн дүңгiршек, шың, қамыссырнай, қостiлiк, сақпан
сияқты аспаптармен бiрге пайдаланылып келген үскiрiктiң (оны
"сазсырнай" деп бекер айтып жүр) Отырардан табылғаны да кездейсоқ
емес. Отырар тұрғындарының астық құятын хұмдарға (орларrа), су
таситын құмыраларға, май салатын,айран ұйытатын көзелерге түркi
руларыньщ таңбалары салғанында да үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті
Қазақстанның ежелдегі мәдениеті
Ортағасырлардағы ақша айналысы. Отырар теңгелері
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Пірлер институтының тарихи бастаулары мен эволюциясы
Қазақстан териториясындағы ежелгі ақша сарайлары: ақша соғу,ақша бірлігі, таралымы
Көшпеліліктің қалыптаса бастауы: Дәндібай-Бегазы мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті
Пәндер