Қылмыс қайдан шығады?



1 Құқықтық тәрбие
2 «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»?
3 Бала бір күнде қылмыскер болмайды
Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын
қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - анамен мен оқушылар арасында өтілген «Заң және мен» дөңгелек үстел.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыс қайдан шығады?

Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын
қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - анамен мен оқушылар арасында өтілген Заң және мен дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстелге заң қызметкерлері шақырылады. Қанатты сөздер қолданылады.
Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа, Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды, Заң біткен жерде зұлымдық басталады.

Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:
1. Күнделікті көрініс.
2. Мен заңды қаншалықты білемін?
3. Ешқандай заңы жоқ арал.
4. Қызыл, сары, көк ауыл.
5. Қылмыскер бала қайдан шығады?
Мұғалім: Халқымызда Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-Әй, бері кел деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.

Көріністен кейін қойылған сұрақтар: - Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
- Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).
- Ата - ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата - ана жауабы тыңдалады.)
Бұлардан соң заң қызметкерлерінің пікірі тыңдалады. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келгендігін айтуы керек.
Мұғалім: 2 - бөлім. Мен заңды қаншалықты жақсы білемін? деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.

1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)
Мұғалім: Ендігі бөлім Заңсыз арал деп аталады.

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.

Мұғалім: Қызыл, сары, көк ауыл деп аталатын 4 - бөлімді айтып, әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды.
Мұғалім: Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық
Қ.Шабданұлы "Қылмыс" романын талдау
Қылмысты ашу мен тергеудің сот,тергеу және жедел-іздестіру тәжірибесін зерттеу
Қылмыс объектісінің түсінігі, құрылымы және түрлері
Зорлау қылмыстарын тергеу
Терроризмді тергеу әдістемесі
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Қылмыстың құрамы және құрылымы
Нашақорлықтың неше түрлі зардаптары
ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚАТЕРЛІ ІНДЕТ
Пәндер