Ата-ананы құрметтеу: исламдық парыздар, хадистер және тәлім


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ата-ананы құрметтеу туралы

Ей, перзентiм, ата-ананы құрметтеуiң қажет екенiн ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап бiлгейсiң. өйткенi әрбiр перзенттiң тегi ата-ана ғой. Не үшiн ата-анама құрмет жасаймын деп, ойыңа алма. Олар сен үшiн өзiн өлiмге де қиятыны белгiлi . . .

Егер әрбiр перзент ақылды және дана болса, ол ата-ананың мейiр-махаббатын құрметтеуден бас тартпайды . . . Ата-ананың мiндетi - тәрбиелеу және жақсылық үйрету.

Ей, перзентiм, ата-анаңды ешқашан ренжiтушi болма . . . Олардың көңiл күйiне қаяу салып, қапаландырмағын.

Сен ата-ананың қарызын ақтау iсiне дiн деңгейiнен қарамасаң да, адамгершiлiк, ақыл-ой, парасат биiгiнен қарағын.

Сенi жан-дiлiмен жақсы көрiп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңiлiн қалдыратын құрттай iс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессiң, өйткенi кiмде-кiм ата-ананың жақсылығын бiлмесе, басқа бiреудiң жақсылығын да бағаламайды.

Егер сен, өз перзентiм құрмет қылсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не iстесең, саған перзентiң де соны жасайды. Перзент жемiске, ата-ана жемiс ағашына ұқсайды. Жемiс ағашын жақсы күтсең, жемiсi де дәмдi, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген iзет, құрметiңдi аямасаң, саған деген олардың iзгi тiлегi қабыл болғаны.

Мирасқорлық, арсыз ниетпен ата-ананың өлiмiн тiлемегейсiң.

Солардың мал-мүлкi арқылы сен де мал-мүлiкке ие боласың. Тапқан табысыңды бөлшектеп бөлiп, күнделiктi тiршiлiк деп, өзiңдi өзiң қинама. Бiреудiң дүниесiн пайдаланам деп, әуреленбе . . . Сенен жағдайы жақсырақ адамды күндеме!

Малсыздықтан жарлы болсаң да, ақылға бай болу үшiн жаса. өйткенi малмен бай болғаннан гөрi, ақылға бай болу жақсырақ. Наданның жарлы болуы демде. Аңдасаң, ақыл деген - бiр қымбат нәрсе. Оны ұры алып кете алмайды, ол отқа жанып, суға ақпайды.

Егер ақылың болса, өнер үйрен, өйткенi өнерсiз ақыл - киiмсiз дене, яғни кескiнсiз адам сияқты деуге болады. «Бiлiм - ақылдың ажар - көркi» деп, босқа айтылмаған.

Үлкен тас

Аллаһ Тағала ата-ананы жоғары орынға қойды. Әрбір адамға ата-анасын құрметтеуді, оларға жақсылық етуді, сыйлауды парыз етті. Аллаһ Тағала Исра сүресінің 23 аятында: “Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді және ата-анаға жақсылық істеуді әмір етті . . . ”, - деген.
Расулуллаһ с. ғ. с. ата-анаға жақсылық істеу жайында бір қызық оқиғаны айтты:

“Ертеде ата-анасын өте жақсы көретін, оларға тек жақсылық істейтін, түсі игі қойшы болыпты. Күндердің күнінде ол екі адаммен бірге сапарға шығады. Үшеуі жолда келе жатқан уақытта кенеттен қатты жаңбыр жауып, күшті жел соғады. Олар жаңбыр мен желден тығылып, сол маңайдағы үңгірді паналайды. Кенеттен таудың үстінен бір үлкен тас түсіп, үңгірдің аузын жауып қояды. Сонда олар сасқалақтап: “Осы жерде опат боламыз”, - деген ойға келеді. Сонда олардың бірі: “Бізді бұл жағдайдан тек ізгі амалдарымызды еске алып, дұға етуіміз құтқара алады”, - дейді. Сөйтіп олар істеген ең жақсы амалдарын айтып, Аллаһ Тағалаға құтқаруын тілеп, жалбарына бастайды. Сонда қойшы: “Я, Аллаһ Тағала! Менің қарт ата-атанам болатын. Әр күні кешке мен сауылған сүтті балаларыма бермей, алдымен соларға беретінмін. Бірде кешігіп келсем ата-анам ұйықтап қалыпты. Оларды оятып, мазалағым келмеді. Қарындары аш балаларым жанымда жылап жатты. Сонда да болса алып келген сүтті ата-анамнан бұрын бала-шағама беруді қаламай, сүт құйылған ыдысты ұстаған күйде таң аттырдым. Таңертең ата-анам оянғаннан соң, сүтті алдымен соларға бердім. Я, Аллаһ Тағала! Осыны Сенің разылығың үшін істеген болсам, бізді мынау жағдайдан құтқара гөр”, - деп дұға етеді. Сол кезде тас жарылып, үңгірдің ауызы ашылады да, олар үңгір абағынан құтылады. ” (Хадисті Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті)

Ата-анаға қалай жақсылық істеу жолдары:

• Аллаһ Тағалаға қарсы келмейтін істерде оларға мойынсұну;
• Барынша жақсылық істеумен олардың разылығын алуға тырысу;
• Ата-ананың алдында дауыс көтеріп сөйлемеу;
• Сөз және іс жүзінде оларға жамандық істеуден сақтану.

“Расулуллаһ с. ғ. с. : “Күнәнің ең ауыры - бала өз әкесін лағынеттеуі”, - дегенде, біреу: “Я, Расулуллаһ с. ғ. с. ! Бала өз әкесін қалайша лағынеттеуі мүмкін?”, - деп сұрағанда, Расулуллаһ с. ғ. с. : “Ол біреудің әкесіне тіл тигізіп балағаттағаны - өз әкесін балағаттағанымен тең. Әрі, біреудің анасына тіл тигізіп балағаттағаны - өз анасын балағаттағанымен тең”, - деп жауап берді. ” (Хадисті Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабуснама: ата-ананы құрметтеу және өнегелі тәрбие қағидалары
Исламдағы ата-ана мәртебесі және перзенттік парыздар
Тәубенің қасиеті және исламдық негіздері: Құран мен хадистер талдауы
Қорқыт Ата толғаныстары: мәңгілік өмір, өлім және исламдық аспектілер
Хадис ғылымы: тарихы, жіктелуі, алты сенімді жинақ және таңдамалы тақырыптық хадистер
Қазақ салт-дәстүрлерінің исламдық негіздері мен үндестігі
Отбасындағы тәлім-тәрбие: мақсаттар, міндеттер және педагогикалық негіздері
Исламның Қазақстандық халықтық тәлім-тәрбиеге ықпалы және қалыптасуы
Психология және дін психологиясы: ұғымдар, әдістер және исламдық дәстүр
Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мәні және қайта жаңғыруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz