Баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері
1. Баланың құқықтары мен ата.ананың міндеттері
2. Ата.аналардың құқықтары мен міндеттері туралы баптар
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Қоғам отбасынан құралады. Ал, отбасы ата-ана мен баладан тұрады. Осы отбасының шайқалмай берік болуы ата-ана мен балаға қатысты. Ата-ана үшін өмірдегі ең үлкен қуаныш бала болса, перзент үшін де ата-анадан қымбат ешкім жоқ. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Баланы жастан» дегендей, баланың өсіп-өркендеп, қанат жаюы, инабатты, ибалы болуы ата-анаға тікелей қатысты. Қазіргі заманымызда кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстарын айтып шағымданады. Тіпті, осы тұрғыда психологтардан ақыл-кеңес сұрап та жатады. Алайда, көп жағдайда сондай келеңсіздіктердің себебі ата-аналардың өздерінен болады. Өйткені, сол ата-аналардың бұрыннан өздері түрлі қателіктерге ұрынған, психологиялық тежелістерге шалдыққан жандар болып шығады. Өздерінің қате-кемшіліктерін түсінбеген сондай ата-аналар сәбилерінің неліктен өзгергеніне қатты таңданып жатады. Сондықтан да бала тәрбиесі ата-ананың өздерін-өздері тәрбиелеуден, өз-өздерін жақсы халге өзгертуден басталады. Бала тәрбиелеудегі басты алғышарттардың бірі де осы. Бұрынғыдан қалған нақыл сөзде «Адам баласы жақсы да, жаман да қасиеттермен туылады, ал, бірақ, өтірікті қоршаған ортадан алады» делінген. Бұл ата-ана баласына өтірік айтпауы қажет дегенді алға тартады. Бүгінде кейбір ата-аналардың баласына бір тілім нан тауып беру үшін күнкөрістің қамымен үй бетін көрмей, тіршілік етіп жүргені ащы да болса шындық. Осылайша отбасының материалдық әл-ауқатын жақсартамын деп жүргенде бала тәрбиесі деген ұғым, тіпті, шет қалып жатады. Иә, мұндай ортада ата-ана баланың тек қана материалдық жағының жақсаруын көздегендіктен баянсыз байлықтың соңына түсіп, негізгі нәрселердің барлығын мүлде ұмытып кете беруі мүмкін.
1. http://www.baq.kz Аймақтық БАҚ / Заман жаршысы
2. http://www.soltustikkaz.kz
3. http://48.astana-mektep.kz
2. http://www.soltustikkaz.kz
3. http://48.astana-mektep.kz
ЖОСПАР
Баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы баптар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қоғам отбасынан құралады. Ал, отбасы ата-ана мен баладан тұрады. Осы отбасының шайқалмай берік болуы ата-ана мен балаға қатысты. Ата-ана үшін өмірдегі ең үлкен қуаныш бала болса, перзент үшін де ата-анадан қымбат ешкім жоқ. Ел болам десең, бесігіңді түзе, Баланы жастан дегендей, баланың өсіп-өркендеп, қанат жаюы, инабатты, ибалы болуы ата-анаға тікелей қатысты. Қазіргі заманымызда кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстарын айтып шағымданады. Тіпті, осы тұрғыда психологтардан ақыл-кеңес сұрап та жатады. Алайда, көп жағдайда сондай келеңсіздіктердің себебі ата-аналардың өздерінен болады. Өйткені, сол ата-аналардың бұрыннан өздері түрлі қателіктерге ұрынған, психологиялық тежелістерге шалдыққан жандар болып шығады. Өздерінің қате-кемшіліктерін түсінбеген сондай ата-аналар сәбилерінің неліктен өзгергеніне қатты таңданып жатады. Сондықтан да бала тәрбиесі ата-ананың өздерін-өздері тәрбиелеуден, өз-өздерін жақсы халге өзгертуден басталады. Бала тәрбиелеудегі басты алғышарттардың бірі де осы. Бұрынғыдан қалған нақыл сөзде Адам баласы жақсы да, жаман да қасиеттермен туылады, ал, бірақ, өтірікті қоршаған ортадан алады делінген. Бұл ата-ана баласына өтірік айтпауы қажет дегенді алға тартады. Бүгінде кейбір ата-аналардың баласына бір тілім нан тауып беру үшін күнкөрістің қамымен үй бетін көрмей, тіршілік етіп жүргені ащы да болса шындық. Осылайша отбасының материалдық әл-ауқатын жақсартамын деп жүргенде бала тәрбиесі деген ұғым, тіпті, шет қалып жатады. Иә, мұндай ортада ата-ана баланың тек қана материалдық жағының жақсаруын көздегендіктен баянсыз байлықтың соңына түсіп, негізгі нәрселердің барлығын мүлде ұмытып кете беруі мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оның тәнiн және жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар. Мемлекеттiк органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық бейiмдiлiгiн, әлеуметтiк белсендiлiгiн, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншiгiн қорғауды, балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат тұтатын, қайырымдылық iстерiне қатысатын, мәдени және спорттық өмiрге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседi. Ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтару ата-ананың (олардың орнындағы адамдардың) балаларды тәрбиелеу мен күтiп-бағу мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, ата-ананың перзентханадағы немесе балаларды емдеу мекемесiндегi баласынан бас тартуы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғады. Сол себепті, балаға білім беру тәрбиенің сыңары екендігін есте ұстаған абзал. Бүгінгі техниканың дамыған кезінде өз заманына сай білімді де, білікті баланы жетілдіру тағы да ата-ананың борышы болмақ. Иә, бүгінгі таңда бала тәрбиесі өзекті мәселенің біріне айналып отыр.Баланың алдындағы міндетімізді жақсы атқара білсек, онда қадір-қасиетті түсіне білген баланың сый-құрметпен қайтарымын берері анық. Өскелең ұрпағымызды тәрбиелеп, оған заман талабына сай білім беру-кез келген ата-ана алдындағы міндет. Ал, бұл міндеттерді жақсылап жүзеге асыру – құрметті ата-аналар, сіздердің қолдарыңызда.
Бүгінгі бала – елдің болашағы. Келешегін ойлайтын саналы ел ертеңгі күнін бүгіннен жоспарлап, бүгіннен ойластырары хақ. Сондықтан болса керек, дана халқымыз бала тәрбиесіне ешуақытта бей-жай қарамаған. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ өсіру – отбасылық өмірдің негізгі мақсаттарының бірі.

60-бап. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі
1. Ата-аналардың өз балаларына ќатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады.
2. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-аќ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.
61-бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары
1. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар.
2. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы жәнеқамқоршы орган балаға ќорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланыңќорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді.
3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-аќ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына ќатысты әке болуын анықтауды талап етуге құқығы бар.
62-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
2. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті.
Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.
3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып,өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін ќорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінугеқұқылы.
63-бап. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
жөніндегі ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулыөкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін ќорғайды.
2.Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделеріні ңарасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
64-бап. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей
отырып жүзеге асыру
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналарықамқорлығының не гізгі мәні болуға тиіс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
65-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана
құқықтарын жүзеге асыруы
1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуғақұқығы бар.
Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс.
2. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді.
Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардыңмүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері мен апа- сіңлілеріне (ќарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардыңадамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с.с) ескереді.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды ќорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді.
4. Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады.
Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата- ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар.
Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
66-бап. Ата-аналардың басқа адамдардан балаларын талап
етуге құқығы
1. Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үші н сотқа шағымдануға құқылы.
Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланыңмүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағатта ндырудан бас тартуға құқылы.
2. Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына береді.
11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу
67-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):
1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;
2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;
3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4) балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;
5) заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
2. өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-анақұқығынан айырылуы мүмкін.
68-бап. Ата-ана құқығынан айыру тәртібі
1. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі.
Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (оларды ңорнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
2. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен ќорғаншы жәнеқамқоршы органның қатысуымен қаралады.
3. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.
4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата- аналардың(олардың біреуінің) іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті.
5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен ќорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.
69-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
1. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу (осы Заңның131бабы), сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады.
2. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz