Біріккен Араб Әмірліктері


Мазмұны
1 Ел ордасы
2 Саяси ахуалы
3 Халқы
4 Діні
5 Тілі
6 Мерекелерi мен демалыстары
7 Ұлттық тағамы
8 БАӘ-гі климат
9 БАӘ-нiң шипажайлары
10 Саяси құрылымы
11 Банктері
12 БАӘ-нiң салт-дәстүрлері
13 Әкімшілік-территориалық құрлымы
13. 1
14 Пайдаланған әдебиет
Біріккен Араб Әмірліктері - солтүстік-шығыстағы Арабыстан түбегінде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. Қатармен, Сауди Арабыстанмен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады.
Ел ордасы
Ресми астанасы - Абу-Даби қаласы болып табылады. Ал туристтік және саудалық орталығы - Дубай шаһары - деп есептеледі. Әрбір әмірліктің есімі оның бас қаласының атауымен сәйкес келеді.
Саяси ахуалы
1971 жылы құрылған федеративті мемлекет Біріккен Араб Әмірліктері - жеті тәуелсіз әмірліктерден тұратын жас ел, әр әмірліктің есімі негізгі қаласымен байланысты аталған белгілеуі болады: Абу-Даби, Дубай, Шарджа, Аджман, Ум-аль Кувейн, Рас-Эль-Хайма және Фуджейра. Әр бір әмірліктің әміршісі - шейх, ал жалпы мемлекеттік басқару билігі жоғарғы кеңеске берілген.
Халқы
Халықтың 80%-ы басқа елден келушілер болып табылады. 2000ж. Санақ бойынша этникалық арабтар барлық тұрғынның 48, 1% (оның ішінде БАӘ арабтары - 12, 2%, бедуиндер - 9, 4%, египеттік арабтар - 6, 2%, оман арабтары - 4, 1%, сауд арабтары - 4%), оңтүстік Азиядан келгендерi - 35, 7%, ирандықтар - 5%, филлипиндіктер - 3, 4%, еуропалықтар - 2, 4%, басқалар - 5, 4% бөлігін құрады.
Діні
БАӘ-нiң діні - ислам. Дегенмен, басқа діндерге де рұқсат берілген.
Тілі
Араб тілі, сонымен бірге ағылшын тілі де кең таралған.
Мерекелерi мен демалыстары
1 - қаңтар - Жаңа жыл. 11 - ақпан - Құрбан Айт 5 - сәуір - Хижра бойынша Жаңа жыл. 14 - маусым - Мұхаммед Пайғамбардың туылған күні. 25 - қазан - Лелат аль - Мирадж, Мираж түні. 27 - қараша - Рамаданның басталуы (мөлшермен) 2-3 желтоқсан - Ұлттық күн. Мерзімдері өзгермелі діни мерекелер де бар. Мысалы, Ид Аль Фир - Рамадан аяқталған соң 3-4 күн өткеннен кейін Хижра бойынша жаңа жыл (мұсылман күнтізбесі бойынша) Пайғамбардың туылған күні (Милед ан Наби) .
Діни мерекелердің мерзімі Исламда қабылданған айлық күнтізбе бойынша белгіленеді. Күндік күнтізбеге қарағанда айлық күнтізбенің жылдық айналымы 11 күнге қысқа болып келеді.
Діни мерекелер кезінде ресторандар жұмыс істемейді немесе онда темекі шегуге, спирттік илімдіктер ішуге тыйым салынады. Рамадан мерекесін алып қарайық. Бұл айда дүкендердің жұмыс уақыты қысқартылып, қоғамдық орындарда ішіп-жеуге, темекі шегуге болмайды. Бұл талаптар отель территорияларына таратылмайды. Бұл шектеулер әр эмиратта өзінің қатыгездігімен ерекшеленеді.
Демалыс күні - жұма.
Ұлттық тағамы
Арабыстан асханасында келесі тағамдар кең орын алған: хомус - бұршақ пен күнжіт ұрығынан жасалған паста, таббуле - ұсақталған жұмсақ ет, ақ желкен мен майдаланған бидай, гузи - жаңғақ пен күріш қосылған қозы еті. Харис - арнайы дайындалған бидайдан пісірілген ет.
Араб Әмірліктері - теңіз елі, сондықтан мұнда ет тағамдарынан басқа теңіз жануарларынан жасалған тағамдар өте көп. Таңқышаян, асшаян, омар, тунa - бұлар бұлар күріш және арнайы дәм қосарлармен бірге берілетін тағамдар.
Араб елінің дәстүрлі жеңіл тамағы - шауырма (араб шелнегіне оратылған салатпен өрге қозы немесе балапан еті) - қаланың әр бұрышында сатылады.
Жергілікті десерттер өте дәмді - умм али (нан нудингісінің бір түрі), эш асаяя (бетіне крем жағылған тәтті ірімшік бәліші), мехалабия - (қызғылт сумен және пістелермен себілген ботқа) .
Кофе тағайындау - бұл елдегі үлкен өнер болып есептеледі. Ең кереметі - аравиялық, ашық түсті. Ол жартылай қыздырылған дәннен жасалады. Сан жетпес Арабыстан кафелерінен оның дәмін татуға болады.
БАӘ мұсылман елі болғандықтан, спирт ішімдіктері мейрамханалар мен сыраханадарда, қонақ-үйлерде ғана сатылады. Тек Шардж әмірлігінде ғана алкогольге мүлде тыйым салынған. Дубаи - ең демократиялық қала болып саналады. Қоғамдық орындарда, көшеде, жағажайда алкогольді пайдалануға болмайды. Транспорт жүргізуге мас кезінде мүлдем тыйым салынған. Бұл үшін үлкен айып-пұл салынады, тіпті қамауға алуы да мүмкін. Құбырдан су ішу зиянды емес. Шөлмектегі суды да пайдалануға болады.
БАӘ-гі климат
БАӘ нағыз құрғақ субтропикалық климатымен ерекшеленеді(жылына жауын-шашын дәрежесі - 13см) . Жаз мезгілі өте ыстық болады(+48°С-ге дейін) . Күн және бұлтсыз аспан жылына 360 күн. БАӘ-дe туристтік маусым жазғы аптап азайған кезде қыркүйек айының соңында басталып, мамыр айының бірінші жартысына дейін созылады.
БАӘ-да желтоқсан мен қаңтар ең салқын айлар болып есептеледі. Бұл кездегі ауа температурасы күндіз +28°С, түнде +18°С көрсетеді.
БАӘ-нiң шипажайлары
БАӘ - әлем туристтері үшін ең бай және тартымды тарап. Парсы шығанағының жылы сулары, құмды жағажайлары, шөлейтті табиғи көріністері, желкенді құрма, банан және лимон шоқтарының ылғалды алқаптары, қазіргі кезеңгі өмір тәртібі, халықтың ұлттық дәстүрге деген сенімі, еуропалық тамаша супермаркеттерi мен шығыс базарлары - бұның бәрі саяхатшылар үшін қиял әлемі.
Саяси құрылымы
Мемлекет басшысы - Президент. Сонымен бірге әр қайсы әмірліктің өзіне тәуелді қызметтері, жеке үкіметі бар.
Банктері
БАӘ-гі және жергілікті шетел банкілері ақыл-кеңес қаржы қызметтерінің барлық түрлерін көрсетеді. Банктердің жұмыс уақыты: сенбіден сәрсенбіге дейін 8. 00-13. 00, бейсенбі күні 8. 00-12. 00 дейін. Кейбір банктер сағат 16. 00-17. 00-ге дейін ашық болады. Айырбастау бөлімшелері 8. 00-13. 00 және түстен кейін 16. 00-20. 30 дейін жұмыс істейді. Ақша бірлігі - дирхам.
Айналымда 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 5000 дирхамдық ақшалар жүреді. Сонымен бірге 1 дирхамдық металл тиындары да бар, оның сыртында Құман бейнеленген.
БАӘ-нiң айырбастау пұлы - филз деп аталады. Бір дирхам 100 филзді құрайды. Мұнайлы әуе бейнеленген 50 филз кең қолданылады. Ұсақ ақшалар құнының төмендігіне байланысты сирек қолданылады. 25 филздік ақшада - елік, 5 филзде - балық бейнесі суреттелген.
Қонақ-үйлердің көпшілігінде, сауда орталықтарында, ірі дүкендерде American Express, Master Card, Visa, Dinners Club төлем кәртішкелері қабылданады, ал банкоматтарды кез келген халық ірі қоныстанған орталықтардан таба аласыз. Шетел және ұлттық пұлды енгізуге және шығаруға шектеулер қойылмас.
Электр жарығы - 220В, 50Гц.
БАӘ-нiң салт-дәстүрлері
Біріккен Араб Әмірліктерінiң салт-дәстүрлері оның мұсылман елі екендігінен бастау алады. Сондықтан, бұл елмен түсінісіп, келісімге келу үшін және жақсы дем алу үшән осы халықтың дәстүрін сыйлауыңыз қажет.
Ислам шарттары, әсіресе, қасиетті Рамадан айында қатаң сақталынады. Тәуліктің жарық кезінде мұсылман баласынң аузы берік болады. Қылмыс пен заң бұзушылықты Шариғат соты қарастырады. Есерткі тарату мен жыныстық қатынас сипатындағы қылмыстар қатаң жазаланады. Спирттік ішімдіктер ішуге мейрамханада, сыраханада немесе қонақ-үй нөмірінде ғана рұқсат етіледі. Қоғамдық орындарда алкогольді пайдалану немесе көшеде мас болып жүрудің соңы қылмыстың жазалауға немесе елден көшіруге әкеліп соғады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz