Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. ЖЭС.ке көшудің әлеуметтік . экономикалық және саяси алғышарттары.
2. Тауар . ақша қатынастары қызметінің ұлғаюы.
3. Азық . түлік диктатурасын жою.
4. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер . су реформасы және оның нәтижесі.
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.
1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал, ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай кешпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы 2 млн-ға, қой-ешкі 6,5 млн-дай, түйе-0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.
1. Қазақстан тарихының көне заманнан бүгінге дейін. «Очерк». Алматы. «Дәуір». 1994.
2. Қазақстан тарихы I,II,III,IVт. IV.Т. Алматы 2010
3. Қазақ оқу құралдары Алматы 1994
4. Қазақ энциклопедия 2 - томы Алматы «Атамұра» 2002
5. Қазақстан тарихы I,II,III,IV,V. V.Т. Алматы 2010
6. Қызыл қырғын. 37-де опат болғандар

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік – экономикалық және саяси алғышарттары.
Тауар – ақша қатынастары қызметінің ұлғаюы.
Азық – түлік диктатурасын жою.
Қазақстанның оңтүстігіндегі жер – су реформасы және оның нәтижесі.
ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат

1. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы

Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.

1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал, ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай кешпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы 2 млн-ға, қой-ешкі 6,5 млн-дай, түйе-0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.

Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шаруашылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі темен, шикізат пен отын жетіспеді

Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты экономикалық бірнеше меншік түрі: париархалдық, үсақ тауарлық, капіталистік жекеменшік, мемлекеттік-капиталистік орын алады. Бірақ олардың экономикадағы көлемі әртүрлі еді. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.

Қазақ ауылында капитализмге дейінгі қатынастар таза түрінде болған жоқ. Олар капиталистік қатынастармен тоғысып немесе үштасып жатты. Қазақстан халқының таптық құрылымының елдегі орталық аудандарынан айтарлықтай айырмашылығы болды. Мұнда ұлттық буржуазияның тап ретінде қалыптасу процесі аякталмаған еді.

Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір етеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым кеп және қайырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.

Тауар – ақша қатынастары қызметінің ұлғаюы.

Нарықтық катынастарды босатудың аса маңызды тұсы сауда еркіндігіне жол беру болды. Алайда мемлекет алғашқыда идеологиялық сарынмен айбарыс сасаласына өз бақылауын орнатуға тырысты. Ол бірнеше ай бойы қала мен ауыл арасында жергілікті тауар айырбасын ұйымдастыруға әрекет жасады. Сойтіп айырбас операцияларының арасындағы делдалдық кызметті Кеңес үкіметінің басшылығы, бақылауымен және тікелей тапсырмасымен жұмыс істеген кооперация атқарды. Мемлекет арнаулы декретпен (1921 жылғы 7 сәуір) оған азық-түлік органдарының фабрика-зауыт және қолөнер кәсіпшілігі бүйымдарын дайындау мен ауыл шаруашылық өнімдеріне салаларындағы міндетті тапсырмаларын орындауды жүктеді. барлық азық-түлік өнімдерін (мәтінде осылай -авт.), мемлекет дайындаған және национализацияланған фабрикалар мен зауыттардан алынған сонымен қатар шет елден әкелінген көпшілік қолды тауарларды бөлу тек солар арқылы жүзеге асырылды. Декретте РКФСР-дін барлык азаматтары тұтыну қоғамына бірігеді, ал әрбір азамат тұтыну қоғамы пунктерінің біріне жазылады деп атап корсетілді.

Кооперация туралы айтқанда мемлекет айтарлықтай қулыққа барды, бұл шін мәнінде еркіндік принципі немесе кооперациялаудың кез келген нысанының императивті жағдайы толықтай ескерілмеген, кайсы бір мемлекет иелігіне алынған кұрылымдар болды.

Жалған кооперация осылайша жеке меншік нарық айналымы стихиясын мемлекеттік реттеу мен тежеу кұралына айналады деп есептелінді. Бұлай болуы әбден мүмкін еді, оған Ленин күдік келтірген жоқ. Партияның Х съезінде ол былай деді: Біз пролетариаттың саяси өкіметін әлсіретпей қайта отырып, жергілікті еркін тауар айналымына едәуір дережеде жол бере аламыз. Мүны қалай істеу керек - бұл практикаға байланысты іс. Менің міндетім - теория жағынан мұның жүзеге асыруға болатын нәрсе екенін сіздерге дәлелдеп беру.

Алайда бұл идеяның мүлдем жарамсыз екенін практиканың өзі корсетті Қазақстанда 15 млн сом алтын ақша және 1921 жылғы акшанын 14 млрд сомасында айналым қоры (мануфактура, бақалшық, металл бүйымдары ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары, тұрмыстық заттар, махорка, керосин сіріңке және т.б.) құрылды. Алайда белгіленген көлемдегі астық өнімдерінің тек 37%-ын және ет өнімдерінің 26%-ын ғана дайындауға қол жетті.

Сөз жоқ бұған тауар айналым қорының жеткіліксіздігі және жұтандығы, болу желілерінің дамымағаны, ауыл шаруашылығында астықтың аз шығу мен күйзеліс әсер етті. Дегенмен, ең басты себеп мемлекеттік тауар жекеше сауда-саттықпен кай жағынан болса да бәсекеге түсе алмауы еді. 1921 жылдың күзінде Ленин амалсыз, тауар айналымынан ештене шықпады, жекеше нарық бізден мықты болып шықты және айшалымының орнына біз қарапайым сатып алу-сату, сауда-саттыққа ғана кол жеткіздік деп мойындады.

Кооперацияға сүйену де өзін-өзі ақтамады. Осы кезден бастап оның қызмет аясы тарыла түсті. Ал КСРО ОАК-і мен ХКК-нің желтоқсандағы (1923) азаматтардың бірыңғай тұтыну қоғамына міндетті жазылуының күшін жойған, оған кіру мен одан шығу тек халықтың өз еркінде екендігін жариялаған декретінен кейін, ол халықты жаппай камтыған және рөлін тоқтатты. 1925 жылдың соңында болу мен айырбас саласында кооперациялау еуропалық тұрғындардың 20%-ын (сол жылдардағы есептерде жазылғандай) және казақ шаруашылыктарының 8,6%-ын ғана қамтыды.

Осы кезге дейін-ақ кооперация, мемлекеттік сектор сияқты, жекеше сауда-саттыкпен тең бәсекелік күреске түсуге қабілетсіздігін (әр түрлі мемлекеттік дотациялар, несие және тауармен қамтамасыз ету түріндегі жеңілдіктер, тауар босату бағасын томендетуге мүмкіндігі болатүра және түптеп келгенде идеологиялық қолдау да солардың жағында болғанмен) корсетті. Қалалардың тауар өткізу желілері құрылымында оның үлес салмағы барлығы 3-ақ пайызды құрады, ал бұл кезде жеке секторда ол 95,3%-ға жетті (мемлекеттік саудада - 1,6%). Республиканың ауылдары мен қыстақтарында тиісінше 12,9 және 85,1 %-ды (мемлекеттік саудада — 2,0%) құрады.

Сауда айналымына келетін болсақ, ол қалалық жеке меншік иелері есебінен 84,7%-ды, кооператорлар есебінен - 14,0%-ды (мемлекеттік саудада - 1,3%) кұрады. Ауылдар мен қыстақтарда (кооперациядағы бағаның төмендігі есебінен) екі сегменттің де үлесі бірдей дерлік болды: жеке меншікте - 50,5%, ал кооперативтік саудада - 49,5%.63 Демек, экономикалық логикадан тыс әрекет ету талпынысы, яғни тауар-ақша қатынастарына сүйенбей, оны айналып өту сәтсіз аяқталды.

Тап сол кезде, большевиктер мұны қалады ма, жоқ па, қоғам тауар-ақша қатынастарының ақиқаттығын сезіне келе, Т - А - Т формуласы бойынша кең ауқымда және сеніммен өмір сүре бастады. Оның қызметін жеке меншік-капиталистік (мемлекет меншігінде жоқ шағын және ұсақ кәсіпорындар, сауда-саттық, ірі шаруа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан
Демография және әлеуметтану
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
Саясат тарихы туралы ақпарат
Антиинфляциялық саясат және оның Қазақстандағы ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
Пәндер