Заңгерлердің кәсіби этикасын зерттеу
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... 3
1 ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
1.1 Құқықтық сана түсінігі, құрылымы, ерекшеліктері
1.2 Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Құқық органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары ... ... ...16
2 ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Құқықтық мәдениет түсінігі, құрылымы,ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2 Құқық қорғау органдарының жеке мамандықтар қызметінің ізгілікті этикалық негіздері ... ... ... ...33
2.3 Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым . қатынас жасау мәдениеті ... ...37
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ..57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ...59

Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып білуге деген ұмтылыс күнненкүнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пəндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек — адам. Осындай тоғысудың нəтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тəжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық, жергілікті құқық жəне т.б. қалыптасады. Құқық философиясына жүгіну — қазіргі заманға адам өмірінде құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы — құқықтың танымдық, құндылықты жəне əлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мəні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нəтижесінде жəне қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы ғылым.
Құқық этикасы белгілі бір дəрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тəн бірқатар ерекшеліктері де бар. Философия əртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні таңдайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау əрқашан жекелік сипатқа ие жəне іштей еркін бола тұрып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, əділдік, жақсылық пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз байланысты болады.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы 2014
3. Ғабитов Т.Х. “Заңгер этикасы” Электрондық оқу құралы. Алматы 2003ж.
4. “Этика юриста” Институт Международного права и Международного бизнеса ”Дәнекер” Габитов Т.Х. Алматы. 2000ж.
5. Габитов Т.Х. и Жатканбаев Е.Б. “Этика бизнеса”. Анкара, Йепа. 1997ж.
6. “Професианальная этика сотрудников правоохранительных органов” Москва, Щит и меч, 1998ж.
7. Букреев В.И, Римская И.Н. “Этика права” Москва, 1998ж.
8. Габитов Т.Х. и др. “Основы этики” Алматы, 1997ж.
9. Конституционное право Республики Казахстан. Сборник конституционно-правовых актов. Алматы, 2002ж.
10. С.М. Әпенов. “Қылмыстық атқару құқығы” Алматы. 2001ж.
11. З.Ж. Кенжалиев “Қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет” Алматы, 1997ж.
12. С.А Ынтымақов. “Азаматтық құқық” Алматы, 2000ж.
13. Б.Қ. Төлеубекова “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы” Алматы, 2000ж.
14. Адвокаттардың кәсіби этикасының ережелері. 2002ж.
15. Валицкий А. Нравственность и право в теориях русских либералов
16. Молчанов А. О роли правовой культуры в деятельности органов
17. Макаров С. Ю. Вечность проблем адвокатской этики на примере деятельности адвокатов Древнего Рима // Адвокатская практика. — 2010. — № 5. — С. 23-26.
18. Е. В. Васьковский. Основные вопросы адвокатской этики. — С-Пб., 1895. — 58 с. — C. I—II.
19. Кони А. Ф. Нравственные начала в уголовном процессе (Общие черты судебной этики) // А. Ф. Кони. Избранные произведения. — М., Госюриздат, — 1956.
20. Никитова А. В., Штыкова Н. Н. Юридическая деонтология и этика. Учебное пособие. — Муром: Изд.-полиграф. центр МИ ВлГУ, 2005. — 116 c.
21. Кодекс судейской этики // Российская юстиция. — 2005. — № 1-2.
22. Приказ Генпрокуратуры РФ от 17 марта 2010 года № 114 «Об утверждении и введении в действие Кодекса этики прокурорского работника Российской Федерации и Концепции воспитательной работы в системе прокуратуры Российской Федерации» // Законность. — 2010. — № 6.
23. Приказ МВД РФ от 24 декабря 2008 года № 1138 «Об утверждении Кодекса профессиональной этики сотрудника органов внутренних дел Российской Федерации»
24. Приказ МВД РФ от 19 ноября 1993 года № 501 «Об объявлении решения коллегии МВД России от 29 октября 1993 г. № 5-км/1»
25. Кодекс профессиональной этики адвоката // КонсультантПлюс.
26. Морозько В. Кодекс профессиональной этики солиситоров // Корпоративный юрист. — 2007. — № 8. — С. 61.
27. Байбосынов Р. Құқықтық мәдениетті көтеру – басты міндет //
28. Байбосынов Р. Құқықтық мәдениет – бас назарда // Заң
29. Естенбаев Ж. Құқықтық мәдениет – демократия кепілі //
30. Өтешова З. Құқықтық білім болмаған жерде құқықтық мәдениетте жоқ
31. Бахтиярова Г. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдары // Жалпы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
1.1 Құқықтық сана түсінігі, құрылымы, ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .7
1.2 Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Құқық органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары ... ... ...16
2 ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Құқықтық мәдениет түсінігі, құрылымы,ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2 Құқық қорғау органдарының жеке мамандықтар қызметінің
ізгілікті этикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.3 Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым – қатынас
жасау мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .37
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы:
Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып білуге деген ұмтылыс күнненкүнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пəндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек — адам. Осындай тоғысудың нəтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тəжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық, жергілікті құқық жəне т.б. қалыптасады. Құқық философиясына жүгіну — қазіргі заманға адам өмірінде құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы — құқықтың танымдық, құндылықты жəне əлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мəні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нəтижесінде жəне қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы ғылым.
Құқық этикасы белгілі бір дəрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тəн бірқатар ерекшеліктері де бар. Философия əртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні таңдайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау əрқашан жекелік сипатқа ие жəне іштей еркін бола тұрып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, əділдік, жақсылық пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз байланысты болады.
Құқықты түсінуде негізгі екі бағыт бар: объектіге зор мəн беретін (объектоцентристік) жəне субъектіге зор мəн беретін (субъектоцентристік) бағыттар. Этика бұлардың екіншісін таңдайды. Яғни, құқық этикасының субъектоцентристік бағыты басқа бағыттарды жоққа шығарады: бұл жерде ең маңыздысы — субъектінің мүдделері (бұл мəселеге ұқсас жағдай ретінде сот процесіндегі адвокатты тағайындау мен оның ролін атауға болады: адвокат əрқашан сотталушының мүддесін білдіреді).
Ал объектоцентристік бағыт адамға құқықта қалыптасқан мүмкіндіктерге тəуелді ауыспалы сипат береді. Яғни, адам жүрістұрыс еркіндігі “берілетін” немесе ”берілмейтін” объект ретінде түсіндіріледі.
Құқық этикасының пəніне анықтама берместен бұрын, этиканың пəні мен құқықтың пəнінің анықтамаларын келтіріп өткен жөн болар.
Мораль дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабы зерттеушінің объектоцентристік немесе субъектоцентристік бағытты ұстануына байланысты əртүрлі болады.
Объектоцентристік дүниетаным адамды табиғитарихи үрдістің (процесстің) нəтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқарасқа сəйкес, адамның дамуы экономикалық, саяси, техникалық жағдайлармен анықталады. Мұндай дамудың жоғарғы сатысы болып адамның ақылпарасаты табылады. Аталған бағыт арқылы көптеген мəселелерді түсіну қиынға соғады: неге тарих көп жағдайларда адамды гуманизациялаудан алшақтатады, неге адам нақты əлеуметтік жағдайларға нашар бейімделеді, неге ол қарамақайшылықсыз бақытты көтере алмайды жəне т.б.
Субъектоцентристік дүниетаным адамды басқаша қабылдайды. Бұл бағытқа сəйкес, адамның бойында болмыстың барлық құпиялары көрініс тапқан. Оны тек ұтымды əдістермен таныпбілу мүмкін емес. Адам — микрокосм, оның əлемінің нақты айқын шегі жоқ. Тарих дегеніміз адамның
өзінөзі дамытуының “соқыр тəуекелі”, ал объективтік шындық — адамның ішкі күшқайратының дамуының көрініс табуының нəтижесі.
Құқықтың пəніне жүгінуде, құқық туралы əдебиетте оны түсінудің кем дегенде екі жолы бар екендігін ескеріп өткен жөн: құқықты кең мағынада түсіндіру жəне тар мағынада түсіндіру. Кең мағынада құқық əдетғұрыпты (əдет құқығы), дінді (канондық құқық), табиғи құқықты, позитивтік құқықты, тірі құқықты жəне т.б. қамтиды. Тар мағынада құқық мемлекет жариялаған нормалар мен заңдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, іс жүзінде құқықты түсінудің екі жолы қалыптасқан.
А. А. Гусейнов моральдың ерекшеліктерін былай анықтаған:
а) ол адамның бірігіп өмір сүру қабілетін сипаттайды жəне адамдар арасындағы қатынастардың нысанын білдіреді;
ə) моральдық заң əрекеттің субъектісі мен объектісін бөліп қарастыруға жол бермейді, яғни, моральды жариялау мен оны өз басынан өткеру — бұл біртұтас үрдіс;
б) мораль — адамның ерікті түрде өз мойнына алған ауыр жүгі. Мораль — адамның өзін өзі бəске тігуімен сипатталатын ойын. Сократ у ішуге мəжбүр болған. Иса пайғамбар керіп шегеленген. Джордано Бруно отқа жандырылған. Ганди өлтірілген. Міне, бұл ойынның ұтыстары осындай.
Заңдар жекелеген адам санаттарына қатысты қатал, моральға қайшы, қайырымсыз болуы мүмкін. Неге? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мораль мен құқықтың өзара əсерін талдауға тырысып көрелік. Яғни, алдымен, құқықтың адамгершілік құндылықтар мен моральдық нормалар туралы көзқараста қалай көрініс табатынын, содан кейін, моральдың құқыққа қалай əсер ететінін қарастырайық.
Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дамуының белгілі бір кезеңінде, яғни, филогенезде жəне онтогенезде пайда болады. Моральдан бұрын адамдық “Меннің” қалыптасуының сатылары орын алады:
а) Табыну сатысы адамның “Біз” феноменінен көрініс табатын əлеммен біртұтастығын, оның əлем мен басқа адамдардан ажырамайтындығын, адамның дүниетанымының басқалармен біртұтастығын білдіреді;
ə) Мəдениет сатысы адам қызметінің жəне адамдық ерекшеліктердің алуан түрлілігі жағдайындағы мəдени нысандарды іріктеуді білдіреді. Бұл сатыда біз адамгершілік деп атайтын адамдар арасындағы өзара қарымқатынастардың табиғи нормалары қалыптасады, негізгі адамгершілік құндылықтар: еркіндік, жақсылық, жамандық, əділдік пайда болады. Мəдениет сатысы өркениеттің пайда болуымен аяқталады.
б) Социум сатысында жақсылық, жамандық, еркіндік құндылықтары орыштың əлеуметтік түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда əлеуметтендіріледі де, əлеуметтік жəне құқықтық нормаларға айналады. Бұл кезде олардың адамгершілік бастамасы біртіндеп жоғалып, жойылып кетеді. Егер алдыңғы сатыда біз гуманистік этика (фр. humanite — адамды сүю) туралы сөз қозғасақ, бұл сатыда əлеуметтік этика жөнінде пікірлер айтылды. Əлеуметтік этиканың ерекшелігі — ол жекелеген, нақты бір адамның емес, социумның мүдделеріне бағытталған. Адам бұл этикада қоғам əсер ететін объект ретінде немесе басқа социум (қоғамның немесе белгілі бір əлеуметтік институттың бөлігі) ретінде көрініс табады.
Əлеуметтік этика, ең алдымен, адамның жүрістұрысының сыртқы келбетіне, оның этикеттік имиджіне назар аударады. Ол адамдағы сыртқы мен ішкі элементтерді тікелей түрде бөліп қарастырады, сөйтіп, оны еркіндіктен айырады. Осыған байланысты, адамға сыртқы əсер мен жеке мінезқұлық арасындағы ішкі шиелініс қайнар шегіне жетіп, ол сыртқы қарамақайшылықтардан көрініс табады.
Осылай, қазіргі кездегі түсініктегі құқық салыстырмалы түрде кеш, өркениеттің пайда болуы жағдайында пайда болған (Римде). Ол күрделенген сыртқы əлеуметтік өзара əсерлесулердің жүйесінде адам тұлғаға айналған кезде пайда болады. Осы кезде адамның жекелеген адамдық бастамасы көлеңкеге, яғни, интимдік, достық қарымқатынастар, жеке шығармашылық əлеміне ауысады, ал бұл жағдайда адамгершілік норма, құндылықтың қажеттігі туындайды. Заңды социологизм асқан дəлдікпен əлеуметтік психологияның, антропологияның, адам биологиясының жаңалықтарынан, техникалық өнертабыстардан не алуға болатынын “ескере” отырып, құқықтың, заңның барлық салаға талғаусыз əсер ететіндігін көрсетеді.
Құқық жүріс тұрыстардың сыртқы жағына, ал этика олардың ішкі жағына мəн береді. Олардың өзара күресіне қарамастан, құқықтық норма өзінің моральдық, адамгершілік мазмұнының арқасында ғана өмір сүреді. Осы жағдай арқылы көптеген “бос” заңдардың өмірде кездесуі түсіндіріледі. Сондықтан да, құқық моральдық климатты, адамгершілік құндылықтарды сақтау үшін мүдделі. Себебі, олар құқықты қоректендіріп отырады.
Құқықтық жəне адамгершілік нормалардың шиелінісі көп жағдайларда адамды зорлауға, қанауға бағытталған тоталитарлық жүйе заманында, мемлекет мүдделерінің адамның табиғи құндылықтарымен қайшы келетін заманында орын алады. Бұл шиеліністен шығудың бірденбір жолы — құқықты өзгерту (жасанды құрылым ретінде), оны адамға қарай ыңғайландыру, адамның
мүдделері мемлекет мүдделерінен жоғары тұратындай, ал мемлекет адамның өзінөзі жүзеге асыруына мейлінше мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін құрал болатындай етіп жағдай жасау.
Диплом жұмысының өзектілігі: Заңгерлердің кәсіби этикасын дамыту – заманның құқықтық сананы дамытудың негізгі мәселелерінің бірі.
Диплом жұмысы тақырыбының ғылыми зерттелу деңгейі:
Диплом жұмысының мақсаты: Заңгерлердің кәсіби этикасын зерттеу.
Диплом жұмысының міндеттері: Құқықтық сана және оның құрылымы мен ерекшеліктеріне анықтама беру. Заңгерлік кәсіби сана міндеттері мен ерекшеліктерін анықтау. Құқықтық мәдениеттің құрылымы мен ерекшеліктері, және құқық қорғау органдарының қызметі мен ізгілік этика негіздері тақырыбына талдау жасау.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі:Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден құралады.
1 ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
1.1 Құқықтық сана түсінігі, құрылымы, ерекшеліктері
Құқықтық сана - дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді.
Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан. Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың бабасы болған негізін қалаушылардың озық құқықтық санасының Солтүстік Америкадағы қоғамдық процестерді демократияға, бостандық пен гүлденуге қалай ілгерілеткені мәлім.
Адам мен азамат құқықтарының, заң үстемдігінің, билікті бөлісудің, тәуелсіз сот әділдігінің идеялары өмірде орнықты, олар осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған болатын және олар дүниежүзілік құқықтық санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан жоқ. Және басқа бір, неғұрлым жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын зейнетақы құқығының дүниежүзілік практикасы негізінде ортақ зейнетақылық құқық қатынастарын толғағы жеткен реформалаудағы жанталаса “қарсылық көрсетті”. Құқықтық сана- сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды. Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан қызбалықпен, тіпті есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға тән психикамен байланысты. Ол құқықтық санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа және құқықтық шындыққа көзқарас бейнелетін сезім, көңіл-күйі, сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл жасалған қылмыс жөнінде ашынушылық және оның құрбанына жаны ашушылық, әділ сот үкіміне қанағаттану сезімі; қылмыстық жазадан қорқу немесе Конституцияны құрметтеу болуы мүмкін. Құқықтық сезімдер, көңіл-күй көп жағдайда әлеуметтік ортаның, жеке адамның тікелей араласатын ортасының ықпалының әсерімен қалыптасатынын ескеру керек[1,28б].
Көптеген социологиялық зерттеулерде адамның белгілі бір ортада болғанда, өзі басқа адамдармен байланыс жасамаған кездегіге қарағанда, көбінесе мүлде өзгеше сезініп, ойлап, әрекет жасайтыны атап өтілген. Жеке адамның құқықтық сансының деңгейімен ерекшеліктерін анықтау ұшін оның отбасыыны, ұжымының, бейресми араласатын топтарының және тиісті әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік-құнды бағдарын білу қажет болатыны сондықтан. Құқықтық сананың құбылмалы элементі көңіл-күйі болып табылады, өйткені ол өзгеріп отырады, құқықтық идеяларды таратудың көмегімен иландыру мен көтермелеуге сәйкес келетін саналы әсерге бейім болуы мүмкін. Адамдардың дағдысына, олардың тұрмыс-салтына енетін нәрсе құқықтық сананың белгілі-бір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға байланысты тұрақты элементтерін айқындайды. Қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік, сондай-ақ азаматтық құқықта сол заңдарға қоғамдық құқықтық сана арқылы және оны мақұлдауымен адамдардың әдет-ғұрпымен сенгізілген кінәден арылу туралы, зиянды жуып-шаю туралы, моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы ережелер кездесетіні анық. Құқықтық санадағы дәнекер элемент-жеке адамның өз әрекеттерінің заңдылығын өзінің бағалауы. Өздерінің ниетін, мотивтері мен қылықтарын сын көзбен және дер кезінде бағалай білу оның адам мінез-құлқындағы реттеуіштік, алдын алушылық, немесе, керісінше, белсендіруішілік рөлін айқындайды. Өзін-өзі бағалау өзінің заңды әрекеттеріне қанағаттану немесе істелген істері үшін ұялу, өкіну сезімінен көрінуі мүмкін. Адам ожданының көрінісі ретінде ұялу, опыну оның мінез-құлқындағы құқықтық ауытқуды тежей алады. Жеке адамның құқықтық психологиясында ішкі өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру- жеке адамды құқықтық тәрбиелеудің және жалпы әлеуметтендіру процесінің міндеті. Құқықтық идеология дегеніміз құқықтық сананың құқықты және өмір шындығының құбылыстарын тұғырнамалық түрде бейнелеп, бағалайтын заңдық ұғымдарды, принциптерді, теорияны құрайтын жоғарғы қабаты.
Адамның күнделікті тәжірибесіне сыйып кететін құқықтық шындықтарды әдетте, сезімдік қабылдауға ұқсас құқықтық психологиядан айырмашылығы- құқықтық идеология бейне бір құқықтық бағалаудың рационалдық деңгейіне сәйкес келеді, құқық пен мемлекет құбылыстарын ой елегінен неғұрлым терең өткізуді бейнелейді. Құқықтық идеологияға құқықты қоғам қажеттеріне сай келетін идеологиялық жағынан жетілген мәдени-тарихи доктрина етіп көрсету үшін оның мәнін, әлеуметтік құндылығын ашып беруге ұмтылыс тән. Бұған табиғи құқық концепциясы, норматившілдік теория, құқық пен мемлекеттің марксистік доктринасы мысал бола алады.
Құқықтық құндылықтар әрбір топта бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен әділеттік идеяларын мүлде құрметтемейтіндерінде топтық құқықтық сананың әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік жағдайлардың қалыптасуы мүмкін. Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ.
Заңдардағы барлық уақытта дер кезінде жаңартыла бермейтін жаңсақтықтар мен жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық бейнесінің көрінуіне теріс әсер етеді. Тыйым салушы нормалар мен қызметтік көзқарастың басым болуы оған бүлдірушілік ықпал етеді. Соның салдарынан қоғамдық құқықтық санада құқықтың мәнін қажеттіліктің пен әділеттіктің шоғырланған көрінісі ретінде емес, қайта күштеу ретінде қабылдау мен түсіну сақталып келеді. Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға азаматтан гөрі, мемлекет көбірек мүдделі деген пікір таралып кеткен. Мазмұнының толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай құқықтық сана құқық теориясында дағдылы, кәсіби(заңгерлердің құқықтық санасы) және ғылыми болып бөлінеді. Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері, олардың күнделікті және өмірлік тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық пен заңдылық жөніндегі сезімі мен көңіл-күйі болып табылады. Бұл- құқықтық сананың ең жылжымалы түрі, толық емес және үздік-создық, фрагментарлық болған соң ол сонымен бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және құқық қолданудың кемшіліктерін байқауда “қырағы” болып келеді. Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер арасында қылыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық қолдануда өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стереотиптермен (күдікшілік, “айыптауға бейімдік”, дәлдік және формалдылық, ілеспе заң нормаларын, іс-әрекеттің секторын немесе тіпті негізгі құқықтық өрісін көру) белгіленген, жазудан ерекше стилі мен заң тілін қалыптастырады. Бұл- құқықтық сананың біршама толық түрі.
Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады, ол қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды дамыту жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады. Құқықтық сананың осы ең толық түрін иеленушілер құқықтанушы және мемлекеттанушы ғалымдар болып табылады. Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес, қайта, құқықтық білімнің, тұрақты құндылық- құқықытық бағдардың және соларға сәйкес заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді. Құққтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқықбұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жпасауына сәйкес келуін анықтайды. Құқық өз нормаларына сәйкес мінез-құлыққа оң көзқараста болады. Алайда егер жеке адам заңды бұзбаса, құқық нормаларын жазалаудан қорыққандықтан немесе өзінің комформизмі салдарынан, яғни жұрттың бәрі сияқты істеймін принципі бойынша бұзбайтын болса, бұл әлі де оның қажетті құқықтық мәдениеті бар екендігі білдірмейді. Сол сияқты жеке адамның немесе топтың кез-келген құқықтық белсенділігін құқықтық мәдениетке жатқызуға болмайды. Заңдарды білуге және оларды өздері қызмет етіп жүрген мақсаттарға зиян келетіндей етіп пайдалануға болады. Өмірде құқықтарды, сөз бостандығын қоғам мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, қиянат жасау да сирек кездеспейді. Керісінше, заңсыз әдістермен ізгі мақсаттарға жетуге тырысатын кездер де болады. Демек, әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе ұжымның жеткілікті құқықтық мәдениетінің компоненті деп танылуы мүмкін.
Демократиялық жаңару, нарықтық экономикаға көшу, әлемдік өркениетке қосылу кезіндегі мемлекет функцияларының эволюциясы.
Құқықтық сана сезімнің басты мақсаты – адам, азамат, қоғам мүддесіне сәйкес келетін, олардың мүдделерін қанағаттандыратын құқықтық нормаларды ортақ игілік үшін қабылдау қажеттілігінің негізгі бастамашысы болып табылатындығында. Құқықтық мәдениет болса – құқық нормаларын білу, толық түсіну, оларды басшылыққа ала отырып, адамзаттың ортақ мүддесіне қызмет істеуді білдіреді.
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар. Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды.
Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы.
Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан. Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың бабасы болған негізін қалаушылардың озық құқықтық санасының Солтүстік Америкадағы қоғамдық процестерді демократияға, бостандық пен гүлденуге қалай ілгерілеткені мәлім. Адам мен азамат құқықтарының, заң үстемдігінің, билікті бөлісудің, тәуелсіз сот әділдігінің идеялары өмірде орнықты, олар осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған болатын және олар дүниежүзілік құқықтық санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан жоқ. Және басқа бір, неғұрлым жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын зейнетақы құқығының дүниежүзілік практикасы негізінде ортақ зейнетақылық құқық қатынастарын толғағы жеткен реформалаудағы жанталаса “қарсылық көрсетті”. Құқықтық сана- сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды.
Құқық теориясында құқықтық сана өзара байланысты 3 міндетке: танымдық, бағалаушылық, реттеушілік міндеттерге бөлінеді.
Танымдық міндет құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің құқықтағы мәнділігі мен тиістілігі туралы түсініктері тұрғысынан ой елегінен өткізуден тұрады. Бағалаушылық міндет құқықтық шындық құбылыстарын ұқсастыруда, оларды реттеудің нақты ережелерімен сәйкестендіруде болып табылады.
Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.
Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың, азаматарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы аз емес.
Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір топта бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен әділеттік идеяларын мүлде құрметтемейтіндерінде топтық құқықтық сананың әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік жағдайлардың қалыптасуы мүмкін.
Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ.
Заңдардағы барлық уақытта дер кезінде жаңартыла бермейтін жаңсақтықтар мен жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық бейнесінің көрінуіне теріс әсер етеді. Тыйым салушы нормалар мен қызметтік көзқарастың басым болуы оған бүлдірушілік ықпал етеді. Соның салдарынан қоғамдық құқықтық санада құқықтың мәнін қажеттіліктің пен әділеттіктің шоғырланған көрінісі ретінде емес, қайта күштеу ретінде қабылдау мен түсіну сақталып келеді. Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға азаматтан гөрі, мемлекет көбірек мүдделі деген пікір таралып кеткен.
Мазмұнының толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай құқықтық сана құқық теориясында дағдылы, кәсіби(заңгерлердің құқықтық санасы) және ғылыми болып бөлінеді.
Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері, олардың күнделікті және өмірлік тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық пен заңдылық жөніндегі сезімі мен көңіл-күйі болып табылады. Бұл- құқықтық сананың ең жылжымалы түрі, толық емес және үздік-создық, фрагментарлық болған соң ол сонымен бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және құқық қолданудың кемшіліктерін байқауда “қырағы” болып келеді.
Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер арасында қылыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық қолдануда өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стереотиптермен (күдікшілік, “айыптауға бейімдік”, дәлдік және формалдылық, ілеспе заң нормаларын, іс-әрекеттің секторын немесе тіпті негізгі құқықтық өрісін көру) белгіленген, жазудан ерекше стилі мен заң тілін қалыптастырады. Бұл- құқықтық сананың біршама толық түрі.
Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады, ол қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды дамыту жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады.
1.2 Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі.
“Этика” терминінің этимологиясы латын тілінің “ethos” деген сөзінен барып тіремді. Ол бастапқыда “хайуандық үңгірі”, құстың ұясы, “ аңның апаны” сынды мағынада пайдаланған сөз. Бір сөзбен айтсақ, тірі жанның өзіне тиесілі өмір сүру мекені дегенді аңдатқан. Бірте – бірте ол сөзбен “ бірлесе тіршілік етуші адамдар тобының орналасқан орны, мекенжайы дегенді де белгілейтін болды.
Халық жасампаздығының көрінісі болып табылатын тіл бір орнында қатып тұрған дуние емес. Ол үнемі өзгеріс үстінде болатын шығармашылық процесс. Сол сияқты “этос” ұғымы да бірте – бірте бастанды мағынасынан алшақтап, ортақтаса өмір сүру барысында олардың бойында қалыптасқан мінез – құлық, іс - әрекет ұқсастықтарын білдіруші әдет – ғұрып деген мағыналарға ие болады. Сонымен бұл терминнің “шығу төркінінен” адамдардың арналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру дағдыларына байланысты әртүрлі мінез – құлық ережелері, олардың өз ортасына лайықты жүріс – турысы, тыныс – тіршілігі қалыптасқандығын байқаған халық даналығын көреміз.
“Этика” терминін философия аясына туңғыш енгізген әрі осы тақырыпта қаламын көселте жазған адамзаттың ұлы устаздарының бірі – Аристотель еді. Аристотель “ этика” деп этикалық ізгіліктерді зерттейдін жайт – Аристотельдің ізгіліктерді туралы ілімінің негізгі қагидалары. Ол бойынша, адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі турден турады: этикалық және дианоэтикалық. Егер этикалық – ізгіліктер адамның мінез – құлқына, темпераментіне жататын болса, дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл – парасатына тиесілі дүниелер. Сөйтіп, Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шындылықты, ал дианоэтикалық ізгіліктерге; ақыл, парасатты жатқызады.
Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып білуге деген ұмтылыс күннен күнге атуда. Этика да, құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек – адам. Осындай тоғысудық нәтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық, жергілікті құқық және т.б. қалыптасады. Құқық философиянына жүгіну – қазіргі заманға адам өмірінде құқықтық алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы – құқықтық танымдық құндылықты және элеументтік негіздері туралы ғылым, қудықтың мәні туралы ілім. Басқаша, сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нәтижесінде және қандай мақсаттар үшін құқықты орныңтыратындығы туралы ғылым.
Құқық этикасы білгілі бір дәрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тән бір қатар ерекшеліктері де бар. Философия әртүрлі мектептер мен бағаттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көз – қарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні таңдайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау әрқашан жекелік сипатқа ие және іштей еркін бола турып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, әділік, жақсылық пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз байланысты болады.
Құқықты түсінуде негізгі екі бағыт бар: объектіге зор мән беретін (субъектоцентристік) бағыттар. Этика бұлардың екіншісін таңдайды. Яғни құқық этикасының субъектоцентристік бағыты басқа бағыттарды жоуққа шығарады: бұл жерде ең маңыздысы – субъекттінің мүдделері (бұл мәселеге ұқсас жағдай ретінде сот процесіндегі адвокатты тағайындау мен оның ролін атауға болады: адвокат әрқашан сотталушының мүддесін білдіреді).
Ал объектоценристік дүниетаным адамды табиғи тарихи үрдістің (процесстің) нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқарасқа сәйкес, адамның дамуы экономикалық, саяси, техникалық жайдайлар мен анықталады. Мұндай дамудың жоғарғы сатысы болып адамның ақылпарасаты табылады. Аталған бағыт арқылы көптеген мәселерді түсіну қиынға соғады: несе тарих көп жағдайларда адамды гуманизациялаудан амиақтатады, неге адам нақты әлеуметтік жағдайларға ашар бейімделеді, неге ол қарама – қайшылықсыз бағытты көтере алмайды және т.б.
Ал объектоцентристік бағыт адамға құқықта қалаптасқан мүмкіндіктерге тәуелді ауыспалы сипат береді. Яғни, адам жүріс – тұрыс еркіндігі “ берілетін” және “ берілмейтін” объект ретінде түсіндіріледі.
Кәсіби этиканың міндеттері
Адамгершілік тәрбиесі- бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері:
ізгілік сана қалыптастыру;
инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту;
адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қылыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнық-тыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.
Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру лазым:
1) адамға енң қымбат - өмір;
2) балалар- өмір жалғасы;
3) тәртіптілікпен байланысқан еркіндік;
4) отансүйгіштік (патриотизм);
5) ұлтжандылық;
6) интернационализм;
7) борыш, ар, намыс, ождан, тәртіп сақтау, кішіпейілдік және т.б.
Қазіргі тәрбие жүйесіндегі ең маңызды да көкейкесті проблемалар-бұл оқушылардың жыныстық тәрбиесі және еңбекке қатынасы.
ТІ-нің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралі туралы мәліметтер ендіреді. Мораль- адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі. Мораль принциптерін, нормасымен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормаларды білу, түсіну наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек олардың қалыптасуына қажетті алғышарттар ғана болып есептеледі.
Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжірибесіне өтіп, ой толғасына еніп, тәрбиеленушілердің өзіндік талқы сарабына түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне көтеріледі.
Этикалық ТІ–нің ең басты мақсаты- адамгершілік мінез- құлықтарды қалыптастыру, ТІ күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс- әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым- қатынас бейнелейді. Адамгершілік әдет- қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек. Жоғары адамгершілік іс- әрекет қажеттігін қалыптастыру – этикалы ТІ-нің маңызды бөлігі.
Адамгершілікті қажеттіктің көмегімен ізгілік мораль негізі- еркін таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін дамытудан этикалы ТІ функциясы орындалады. Әдет- қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым (қарым- қатынас ережесі, жүрәп – тұру мәдениеті, тәртіп) және күрделі болады (еңбекке дайындық және оны қажетсіну).
ТІ-ні орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі ережелерді негізге алған жөн:
1. Адамгершілік тәрбие процесі адам үшін “күреске” айналмауы тиіс. Тәрбие “күрес” есмес, күнделікті күрделі жұмыстан тұратын ұзақ маңдай тер ісі.
2. Тұлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.
3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар туындату қажет.
4. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.
5. Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым, жай нәрселерге негізделеді.
6. Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру т.б.
7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалар сөзін бөлу және тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу т.б.
Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің салдарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете білу керек.
1.3 Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары
Құқық қорғау органдары қызметінің негізгі мәні олардың атауынан айқын көрінеді: бұл мемлекеттің маңызы конституциялық міндеті - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және сақтауды жүзеге асыру. Олардың басқа да қалған функциялары – қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау, қылмыстылықпен күрес, қоғамға қарсы бағытталған құбылыстардың алдын алу және т.б- осы маңызды міндеттің элементтері. Құқық қорғау органдарының өзіде мемлекеттің элементі, оның негізгі құрылымдарының бірі белгілі бір қоғамның қалыпты өмір сүруін ұйымдастыратын, әлеуметтік нормалар мен қатынастардың жүйесі ретінде құқықтың кепілі қызметін атқаратын билік құрылымы- болып табылады.
Құқық қорғау органдары өз қызметін жүзеге асыруда мынадай негізгі әдістерді қолданады: құқық бұзушылықтардың алдын алу (яғни, азаматтармен тәрбие жұмыстарын жүргізу) және ерекше жағдайларда тікелей зорлау нысанын иеленетін мәжбүрлеу санкцияларын қолдану. Жоғарыда келтірілген анықтамадан көрініп тұрғандай, “биліктік күш” түсінігі (яғни, мәжбүрлеуге, зорлауға негізделген әрекет) құқық қорғау органдары қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.
Бұл мәселеден мынадай сұрақ туындайды: мәжбүрлеу, тікелей зорлық адамгершілік сипатта бола алама? Олардың қазіргі кездегі қоғамға қажет екеніне ешбір күмән жоқ; даулар оның қолдану саласына, зорлықтың дәрежесіне қатысты ғана туындауда. Ал, зорлықтың моральдағы мәселесіне келетін болсақ, бұл мәселенің позитивтік және негативтік шешімі ұзақ уақыт бойы тіпті, қазіргі күннің өзінде де ғалымдарды екі бағытқа бөлген: моралистік және реалистік. Бірінші бағыт барлық адамдарға мектеп қабырғасынан белгілі. Біз Лев Толстойдың шығармашылығынан “зұлымдыққа зорлықпен қарсы тұрмау” концепциясымен таныстық ( дінге сенушілер бұнымен одан да ертерек танысады, себебі, ол Исаның өсиетеріне айтылған). Бұл концепция гуманизм қағидасына негізделген пацифистік және басқа да қозғалыс-тардың негізінде жатыр. Осыған ұқсас көзқарастарды қазіргі кездегі көптеген ғалымдар да білдіруде. Олардың қатарынан XX ғасырдың ірі философы, әлеуметттанушысы және тарихшысы Макс Веберді атауға болады. Ол “моральдық тұрғыдан мәжбүрлеу әрқашан кері бағаланған, тіпті, ол саясатты жүзеге асырудың жалғыз құралы болаған күннің өзінде де ” деп тұжырымдайды.
Реалистік бағыт құқық пен моральдың белгілі бір әлеуметтік топтар мен класстардың ортақ мүддесін көрсету мен білдіруіндегі біртұтастығын негізге алады. Олар осы екі нысанда нормативтік, реттеушілік бағыт кеңінен таралған. Бұл бағыт мәжбүрлеумен зорлықты кез келген әлеуметтік өмір сүрудің қажетті құрамдас бөлігі ретінде қабылдайды.
Құқық қорғау органдарының қызметі туралы нақты білмейтін тұлғалар бұл жұмыстың адамгерщілік мазмұны туралы ойланбайды да. Қарапайым, бұл қызметке қатысы жоқ адамның көзқарасы бойынша бұл құрылымдар тек қорқыту және зорлау құралдарын ғана қолданады. Және олардың ойынша, бұл саладағы талаптар- осы құралдарды қолдану қабілетіне қойылатын талаптар. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысында төмендегідей адамгершілік қасиеттердің ерекше роль атқаратынын білмейді де: адалдық, адамдарға деген махаббат, әділеттілік, батылдық, қоғам алдындағы өз әрекеттері үшін жоғары жауаптылық және т.б. Қызметкерде аталған қасиеттердің болуы оның кәсібилігінің міндетті өлшемі болып табылады.
Адам күнделікті нан үшін, материалдық игіліктер үшін ғана өмір сүрмеуі керек. Ол үшін, ең алдымен, шындық пен бостандық,арұят пен қадір қасиет, адамгершілікпен гуманизм жоғары тұруы тиіс. Сол себепті де, жеке тұлғаның жоғары моральдық қасиеттері ретінде қарастырылатын адам мінезінің түрлері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік іс-әрекеттерінің ажырамас бөлігі, олардың кәсіби шеберлігінің, адамгершілік, және мәдени даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Кез келген қоғамда өмір сүріп, еңбек ету - бұл өз мақсаттарына жетуге ұмтылған қазіргі күнгі адамдардың қызметі ғана емес. Бүкіл әлемде мемлекеттік қызметтің кәсіпкерлікке қарағанда пайдасы азырақ екендігі белгілі. Алайда, қоғамның саған билікті бергенін сезіну мемлекеттік қызметтің кейбір артықщылықтары белгілі бір материалдық шығындардың орнын толтырады.
Егер азаматтар заңды әділетсіз, адамгершілік пен адалдыққа қарсы деп тапса, онда оны орындау қарама қайшы, яғни, қоғамды тұрақсыздандыратын нәтижеге алып келеді.
Сонымен құқық қорғау органдары қызметкерлері тұрақты түрде қоғам мен өзінің қызметтік құрылымының адамгершілік тұрғыдан бір - біріне әсер ету саласында қызмет атқарады. Бір жағынан, ол қоғамның адамгершілік тәрбиешілік әсерін секзінеді, екінші жағынан, ол өзі азаматтарға тәрбиелік әсер етеді: егер оның заң талаптарын орындауы әлеуметтік әділеттілік ісіне қызмет етсе және оны адамдар терең адамгершілік сипатта деп сезінсе, оның тәрбиелік әсері оң сипатта болады; ал егер азаматтар бұл әрекеттерді әділетсіз және адамгершілікке қарсы деп қабылдаса - кері әсері тиеді.

2.1 Құқықтық мәдениет түсінігі, құрылымы, ерекшелігі
Міне құқық қорғау органдарындағы тәрбие қызметі осындай негіздерге сүйенген. Оның көптеген аспектілері бар, бірақ адамгершілік сипаттағы тәрбиелеу-органдардың және бөлімдердің басшыларының, тәрбиелеу және кадрлық аппарат қызметкерлерінің, қызметтік ұжымдардың тәрбиелік қызметінің аңызды нысаны болып табылады.
Борыш категориясы – этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол, бол! Борышта басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті таң әлде қайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен қатар, талап етеді, оның жүзеге асуын қалайды. Борышты адам болу – оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау да.
Көптеген ғуламалар борыш сезімін жоғары бағалаған. И. Кант жазғандай, борыш – адамды өзінен өзін жоғары қоятан ұмылық а. Блок та оған қосылғандай. “ Борышынды ұмытпа, ал – бұл әлемдегі жалғыз әуен. Борышсыз өмір де, құштарлық та жоқ” деген. Борыш категориясы кең қолдауды тапқан сала болып ежелден бері әскери және құқық қорғау қызметтері саналады. Осы салаларда шынайы да, жалған да борыш адамдарға әсер етуші негізгі күиі ретінде қолданылып келген және әлі де қолданылуда. Сол себепті де, мансапқорлық мақсаттарға жетуде осы категорияны пайдалану жиі кездесін жатады. Мұндай борыш шынайы ма, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz