Ақша айналымын тұрақтандыру әдістері мен нышандары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. АҚШАНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.1. Ақшаның пайда болуы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Ақшаның қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Ақшаның металдық және номиналдық теориялары ... ... ... ... ... ... ... 9

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ 12 2.1 Ақшаның тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары .. 12
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша агрегаттарын пайдалану ... ... . 21
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша қоры және оның құрылымы ... 24

3 АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... . 26
3.1. Ақша айналымын тұрақтандыру әдістері мен нышандары ... ... ... ... 26
3.2. Қазақстан Республикасындағы ақша саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы шаруашылығы: ақша жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша қатынастары; қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен - пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Бұл жағдайда отандық және шетелдік банктік тәжірибені салыстырудың өзіндік мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды іске асыру үшін нарық экономикасы дамыған елдерде жинақталған ақша-несие қатынастары мен банк ісінің даму тәжірибелерін қолдану қажет. Экономикалық жағдайлардың өзара салыстыруға келмейтіндігі себепті банктік технологиялар мен ақша-несие саясатының әдістерін көз жұма отырып, қаз-қалпында көшіріп алу мүмкін емес.
Сондықтан аталған курстық жұмыстағы барлық материалдың шетел тәжірибесін ескере отырып берілуі - экономикалық категориялардың нақты өмірiміз бен шаруашылық тәжірибемізде қолдануға қаншалықты сәйкес келетінін өз бетінше теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізіп барып талдап-түсінуге мүмкіндік тудырады.
Аталмыш курстық жұмыс - ақша, ақша айналымы, ақша жүйесін қарастырады. Онда ақшаның теориялық мәселелері, оның нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономиканың нарықтық тұрғыдан түрлендірілуіндегі рөлі мен алатын орны қамтылады.
Курстық жұмыстағы бұл мәселелердің барлығы бүгінгі таңдағы ел экономикасын әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде қалыптастыруға бетбұрыс жасаған - қоғам өмірі мен экономика саласында өтіп жатқан жаңа саяси экономикалық қарым-қатынастар жағдайындағы өзгерістер тұрғысынан жан-жақты қарастырылады.
Ақша теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен - нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақшаның өзіндік ерекше белгілерін, оның қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рөлі мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетін танып білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.
Курстық жұмыстың сұрақтары абстрактылықтан — нақтылыққа өту жолымен беріледі, бұл өз кезегінде экономикалық категориялардың мәнін жүйелі түрде зерделеуді қамтамасыз ете отырып, олардың біртұтастығы мен әрбір элементтерінің өзара байланыстылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас теориялық оқу материалдарын нақты өмірден және шаруашылық тәжірибелерінен қол үзбей қарастыруға мол мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың міндеті - ақша теориясы, ақша айналысының негізі, ақша жүйелері т.б. бойынша жалпы түсiнiк беру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әубәкіров Я. Экономикалық теория негіздері. Алматы,2004
2. Мәуленова С.С. Экономикалық теория. Алматы, 2003
3. Осипова Г.Н. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002
4. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы, 2001
5. Ханжигитов Н. Выбор показателя базовой инфляции в Республике Казахстан // Экономика и статистика №1. 2006
6. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономиқалық теория. Ақтөбе, 2004
7. Казахстан в цифрах. Агенство Республики Казахстан по статистике. Алматы, 2005
8. Послание Президента народу Казахстана «Об основных направлениях внутренней и внешней политики на 2003 год».
9. Послание Президента народу Казахстана «Об основных направлениях внутренней и внешней политики на 2004 год».
10. Регионы Казахстана. Агенство Республики Казахстан по статистике. Алматы, 2005
11. Тенденции Казахстанской экономики // Деловая неделя, №12, 1998: №8, 1999
12. Реформирование экономики Казахстана. Под ред.Кенжегузина М.Б., Алматы, 1997
13. Современный Казахстан: экономика, политика, общество. Институт развития Казахстан. Т.1-2.-Алматы, 1997
14. Кажамкулов Т. Саяси экономика негіздері.Алматы: Қайнар, 1991
15. Кейнс Дж. М. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1978
16. Экономика и статистика., №3-4, 1999
Экономика. Учебник по курсу "Экономическая теория" /Под ред. А.С.Булатова. М., 1997

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы
шаруашылығы: ақша жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-
соңды болмаған жаңа ақша қатынастары; қаржы институттарының жаңа түрлерінің
пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына
бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде
монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік-әміршілдік
басқару жүйесінен - пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге
бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту
тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Бұл жағдайда отандық және шетелдік банктік тәжірибені салыстырудың
өзіндік мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды іске
асыру үшін нарық экономикасы дамыған елдерде жинақталған ақша-несие
қатынастары мен банк ісінің даму тәжірибелерін қолдану қажет. Экономикалық
жағдайлардың өзара салыстыруға келмейтіндігі себепті банктік технологиялар
мен ақша-несие саясатының әдістерін көз жұма отырып, қаз-қалпында көшіріп
алу мүмкін емес.
Сондықтан аталған курстық жұмыстағы барлық материалдың шетел
тәжірибесін ескере отырып берілуі - экономикалық категориялардың нақты
өмірiміз бен шаруашылық тәжірибемізде қолдануға қаншалықты сәйкес келетінін
өз бетінше теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізіп барып талдап-түсінуге
мүмкіндік тудырады.
Аталмыш курстық жұмыс - ақша, ақша айналымы, ақша жүйесін қарастырады.
Онда ақшаның теориялық мәселелері, оның нарықтық қатынастар жағдайында
қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономиканың нарықтық
тұрғыдан түрлендірілуіндегі рөлі мен алатын орны қамтылады.
Курстық жұмыстағы бұл мәселелердің барлығы бүгінгі таңдағы ел
экономикасын әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде қалыптастыруға
бетбұрыс жасаған - қоғам өмірі мен экономика саласында өтіп жатқан жаңа
саяси экономикалық қарым-қатынастар жағдайындағы өзгерістер тұрғысынан жан-
жақты қарастырылады.
Ақша теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен - нарықтық
қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы тәжірибелерімен тығыз
байланысты. Ақшаның өзіндік ерекше белгілерін, оның қоғам мен экономиканы
қайта құрудағы рөлі мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық
категориялармен өзара әрекетін танып білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің
ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.
Курстық жұмыстың сұрақтары абстрактылықтан — нақтылыққа өту жолымен
беріледі, бұл өз кезегінде экономикалық категориялардың мәнін жүйелі түрде
зерделеуді қамтамасыз ете отырып, олардың біртұтастығы мен әрбір
элементтерінің өзара байланыстылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай
көзқарас теориялық оқу материалдарын нақты өмірден және шаруашылық
тәжірибелерінен қол үзбей қарастыруға мол мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың міндеті - ақша теориясы, ақша айналысының негізі,
ақша жүйелері т.б. бойынша жалпы түсiнiк беру.

1. АҚШАНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ

1. Ақшаның пайда болуы

Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ.
Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель
ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны — белгілі шарт, адамдар арасындағы
саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері
ақшаны — мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде
қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске
жататындығын айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, тауар құны қатынасында
қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терен
байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда
ғана оның жұмбақтығы да жойылады.
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие
болады: алғашқысы жай немесе кездейсок, ол алғашкы қауымдық қоғамда бірінші
ең ірі енбек бөлінісінен сон, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар
тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал
екіншілері - жермен айналысты, сөйтіп енімді айырбастау үшін экономикалық
негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бірегей
сипатқа ие болды:
Т ↔ Т экв.
1 қойға = 1 қап астық экв.
Бұл мысалымызда бірінші тауар өзінің құнын басқа тауарда айырбасын
көрсетсе, онда салыстырмалы құн түрінде болғаны, ал бір қап астық оның
эквиваленті болып табылады, яғни эквивалентті түрде болғаны.
Тауар өндірісінің ары қарай дамуы тауар айырбасын реттілікпен жүргізуге
алып келді. Айырбаста екі ғана емес, одан да көптеген тауар түрлері
қатысады. Құнның — толық немесе кеңейтілген екінші түрі қалыптасты.
Осы катардағы тауарлар эквивалент болып табылады, қойға қайта деген
қоғамдык еңбек шығындарын куәландырады.
Құнның кеңейтілген түрінің пайда болуымен қатар, сондай-ақ айырбаста
киындықтар туындады.
Мысалы қойдың иесіне астық қажет, бірақ астық иесіне қой керек емес,
оған балта қажет, ал балта иесіне қой керек. Неғұрлым нарыққа тауар көп
түскен сайын, қиындыктар да көбейе түседі.
Бұл жағдайда астык иесі қойды алуға келіседі, сөйтіп өзінің астығына
айырбастайды, себебі оны (қойды) балта иесі алуға ынталы. Осы жерде қой
делдалдық. яғни жалпыға ортак (жалпылама) роль атқара бастайды. Сөйтіп,
құнның үшінші түрі қалыптасып, ол жалпылама деп аталады.
Кейініректе жалпылама эквиваленттік ролді игілікті металдар (алтын, күміс)
атқара бастады, себебі оның өзіне тән бірқатар артықшылығы болды: жеңіл
бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сакталатындығы, ең маңызды артықшылығы
сол, осы металдардың аз ғана бөліктерінде көптеген еңбектің сіңірілгені
болып табылады.
Алғашқы қағаз ақша 1260-1263 ж.ж. Қытайда пайда болды. Капитализм
кезінде қағаз ақшаның алғашқы партиясы 1690 ж. Англияның Солтүстік
Америкадағы Массачусетс колониясында шығарылған болатын және ол алғашқыда
солдаттарға жалақы төлеуге арналған. Россияда алғашқы қағаз ақшалар
(ассигнация) 1767 ж. шығарыла бастады.
Монета атауы (латынның монес ақылшы деген етістігінен шыққан) б.д.
дейінгі V ғ. Юноны – Монеталар ордасында (храм) Римде ұйымдастырылған
алғашқы теңге (монета) сарайынан шыққан (Юноны- Ақылшы).
Ең ауыр металл теңге (монета) заңды түрдегі құндылығы 10 талерлік
шведтің мыстан құйылған теңгелері саналады. Олар XVIII ғасырда да соғылды,
олардың әрқайсысының салмағы 19 кг 710 грамға теңелетін.
Құндылығы жағынан ірі теңге 1654 жылы шығарылған 200 махурлы үндінің
алтын теңгесі болды. Оның салмағы 2 кг 177 гр, диаметрі 136 мм құрады.
Тарих куәландырғандай, монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып
есептелінеді. Онда монета ең алғашкы рет шамамен б.д.д. 7-ші ғасырда ойып-
өрнектелген түрінде шыкты. Ал монета термині Юнон-Монета храмы атымен
байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда
болған.
Деньги ұғымы түркілердін - күміс металды теңге деп атауынан
шыккан. Ол ХV-ші ғасырдың басында Әмір Темірдің (хан) басқару кезеңінде
дайындалған. Ен алғашкы рет қағаз ақшалар ХІІ-ші ғасырда Қытайда пайда
болған, ал ХІІІ-ші ғасырда Шыңғысхан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға
еркін айырбастаған.

1.2. Ақшаның қызметтері

Ақшаны калай түсінуге болады? Құн түрінің дамуы мынаны куәландыруды:
ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол -жалпылама эквиваленттік
роль атқаратын тауар. Кез-келген тауар өзінің құнын ақшамен керсетеді. Ақша
қандай қызметтер атқарады?
Ақшаның бірінші қызметі — құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық,
тауардын құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады.
Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап
ету керек емес. Тауар құнының ақшалай қорсетілуі баға деп аталады. Баға
сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз
құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.
Тауар құны мен алтын құнының тәуелділігі ерекше мүделікті байқатады.
Сұраным мен ұсыным бір-біріне сай келгенде баға ею мөлшердің яғни тауар
құнымен алтын құнының арақатынастарымен анықталады.
Егер тауар бағасы тауар құнына қарайлай өссе, онда алтын құннын тауар
бағасына деген байланысы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Алтын
құны көп болса, тауар бағасы төмен болады және керісінше — алтынның құны
төмен болса, тауар бағасы жоғары болады. Сөйтіп тауар бағалары негізінен
тауардың өз құнына тура пропорционалды және алтын (ақша) құнына кері
пропорционалды өзгереді.
Екінші қызметі — айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма-қол түрінде
атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды
ешкім сатқысы келмейді, егер оның айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл
қызметті айналыдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белтілері атқарады. Егер
айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және алтынның қоры
шашырайтын болса, онда алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры
мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік (сақтық) қор ретінде қажет.
Ақша тауарлар алмасуында делдалдық рөл ойнайды. (Т-А-Т): тауар сатуды
жүзеге асырып (Т-А), тауар өндіруші түскен ақшасына өзіне қажетті басқа
тауарды сатып алады (А-Т). Айналым құралы болып тек нақты ақша алынады.
Үшінші қызметі — төлем құралы. Бұл қызметті тауарды - ақша несиеге
(төлемді ұзарта отырып) саткан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер
рентасын, жалақыны, диведендті, пәтер төлемін және т.б. телегенде атқарады.
Несие қатынастарынын дамуымен байланысты жана айналым құралы — несие
ақшалар пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырысы, чек, пластикалық
қарточка. электрондық ақша. Несие ақшалардын болуы қолма-қол ақшаларды
қатыстырмай-ақ қарызды жабудын өзара есептесу мүмкіндігін қарастырады.
Ақшасыз есеп айырысу тауар айналымы тұтынысының қолма-қол ақша
белгілерін кәдімгідей қысқартады, сөйтіп әлеуметтік-экономикалық салдарға
соқтырады: кассирлер мен күзетшілер саны, сейфке сұраным, көлік құралдары
қысқарады және ақша белгілерін басуға шығындар азаяды. Ең бастысы — өзара
есептесу процесі жеделдейді, ақша бірлігі түрактылығы мығымдала түседі.
Төртінші қызметі — қазына жинау қорлану құралы. Ақша айналысын
тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жаблықтарды немесе ұзақ
мерзімге пайдаланатын (теледидар, тоназытқыш және т.б.) тауарларды сатып
алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушінің
белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, сөйтіп өзін нарық
кездейсоқтығынан сақтандырады. Бұл рөлді толық бағалы ақша (алтын)
орындайды. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін манызды.
Бесінші қызметі — ақшаның әлемдік ақша түрінде болуы. Әлемдік ақша
алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұракты валюта болып табылады.
Әлемдік аренада ақшаның айнылым құралы емес, төлем құралының рөлі
бірінші орында болады. Бұл алдымен халықаралық несиенің дамуымен
түсіндіріледі. Халықаралық аренада ақша өзінен - К. Маркстің бейнелеп
айтуындай, - ұлттық шекпенін алып тастайды және өзінің ең алғашкы түріне
енеді — игілікті металл қаймағы түрінде болады.

3. Ақшаның металдық және номиналдық теориялары

Ақшаның металдық теориясын меркантилизм мектебінің өкілі Томас Мэн
(1571-1641 жж.) жасаған. Осы теорияға сай — алтын мен күміс озінің
табиғатына қарай және олардын табиғи касиетінің күш-қуаты бойынша — ақша
болып табылады. Ақшанын металдык теориясының дамуы тарихи тұрғыдан ХVІ-шы
және ХVІІ-шы ғасырларда болған. Ол Америкадан Еуропа елдеріне алтын мен
күмістің ағылуына байланысты жүзеге асқан. Тауар өндірісі мен құн нысаны
түрінің даму тарихы көрсеткендей, ақша — бұл тауар өндірісі және құн түрі
дамуынын өнімі. Алтын мен күміс өз бетінше ақша емес, олар қай уақытта да
тауар өндірісіндегі адамдардың өндірістік қатынастарын көрсеткен уақыттан
бастап ақша бола алады. Алтын мен күмістің ақша болуы олардың алтын және
күміс болуында емес, бастысы — олардың қоғамдық еңбектің өнімі болуында.
Тауар құны алтынмен өлшенеді, себебі тауарға да және алтынға да қоғамдык
еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтында қоғамдык еңбектін көптеген мөлшері
баршылық.
Несие қатынастары және ақшасыз есеп айыруға көшу, несие ақшасының
пайда болуы ақшаға деген номиналистік көзқарастын кеңірек тарауына алып
келеді. Ақшанын номиналистік теориясынын негізгі идеясы мынаған саяды: ақша
тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады, бағалылығын
мемлекет бекітеді. Сондықтан, ақша белгісінің алтынмен ешқандай байланысы
жок. Номиналистік теорияны жақтаушыларға ағылшын экономисі Дж. Кейнсті және
американ экономисі Пол Самуэльсонды жатқызамыз. Дж. Кейнс Еңбекпен қамту,
пайыз және ақшаның жалпы теориясы (1936 ж.) кітабында мемлекеттің заңды
телем құралы ретінде ұсынатынын қарастырған. Алтын бағалылығын жасанды
санаған, алтын құштарлығынан арылуға шақырған және мемлекет реттейтін
қағаз ақшаны жактаған.
Американ экономисі Пол Самуэльсонның ойынша: Ақша — бұл әлеуметтік
шарттылық. Демек, ақша номиналистік теория өкілдерінің ойынша, бұл
зомбылық бағалылыктағы жасанды төлем құралы, яғни алтынмен байланысы жоқ..
Бүрын айтқанымыздай, осындай қорытындының негізіне несие ақшаның пайда
болуын жатқызамыз, себебі несие ақшалар арнайы тауар болып табылады және
олар айырбас құнына ие болады.
Сондықтан да мемлекет ішіндегі түпкі төлемнің сауда-саттығы кезінде алтын
талап етілмейді. Әлемдік нарыққа қатысты айтар болсақ, онда барлық төлем
есептеулершін құралы тек алтын ғана болып табылады.
Ен соңында тарихтың пайдалы сабақтарын еске алуға тура келеді.
Номиналистік теорияның алғашкы идеясы Ертедегі Римде пайда болған. Сол
кездің өзінде мынадай хабар өмір сұрген: егер король немесе императордың
ақшаны ақша деп дәріптеген жарлығы болса, кез-келген акшаның түрі, тіпті
алтын монетанын өзі төлем күшіне енеді. Осы хабарды практикада Рим
императоры Гай Калигулла (37-41 бғ.д.) жүзеге асыруға талпынды. Оған
барлық, өкімет билігі қолында сияқты керінді. Ол өзінің жылқысын сенат
мәжілісіне алып келді. Ол өзіне шын қызмет көрсететіндердің оның аяғын
сүйуді талап етті. Ешкім оған қарсылық жасай алмады.
Ол кезде Индияда, Цейлонда, Африканың кейбір аудандарында ақша ретінде
каури деп аталған ерекше қабыршақ қолданылды. Олар өте сирек кездесетін,
оларды өндіру көптеген еңбекті талап етті, сондықтанда олар өте қымбат
бағаланды. Рим қазынасы тіпті азайған кезде, күштілігімен танылған
Калигулла жарлықшығарды: Менің нұсқауыммен теңіз жағалауынан жиналған ұлу
қабыршағы ақша болып табылады. Алайда алып күш иесі императордың бұл
жарлығының күл-талқаны шықты: ешкім де бұл ұлу қабыршағын алмалы. себебі
олар ақша емес еді.
Қазіргі әлемде мұндай мысалдар көптеп кездеседі. Кейбір елдерде ақша
белгілері зомбылық курспен шығарылды және олар ешқандай материалдық
бағалылықтармен қамтамасыз етілмеген. Бірақ бұл жаңа ақша белгілерінің
курсы толыққанды шетел валютасына қарағанда жедел төмендеуде. Тұрғындар
одан кұтылуға тырысады, сөйтіп толыққанды шетел ақша белгілерін ала
бастайды.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2.1. Ақшаның тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары

Тауар айналымына қызмет жасайтын ақша айналымы, ақша айналымының
экономикалық заңымен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге
қажетті ақша санына (Аа) сай болады және мынандай формуламен анықталады:
Аа=
мүндағы ∑С - тауар бағасының сомасы;
А - бір есімдегі ақша бірлігі айналымының саны.
Нарық жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезенде үш фактордын
стихиялы өзара іс-әрекетімен - айналатын тауардың массасымен, олардағы
бағаның қозғалысымен, ақша айналымыньщ жылдамдығымен — анықталады.
Алайда ақша айналым құралы ретінде ғана қызмет жасап коймай, төлем құралы
қызметін де атқарады. Сондықтан да жоғарыда қарастырған айналым үшін
қажетті ақша саны формуласы (Аа), кәдімгідей өзгеріске ұшырап, темендегідей
түрге ие болады:
Аа= (БС -Н + Т - ӨЕ)Ш
мұндағы Аа — айналымда болатын ақша саны;
БС — еткерілуге жататын тауар бағасынын сомасы;
Н — несиеге өткерілетін тауар бағасынын сомасы;
Т — мерзімі келген төлемдер;
ӨЕ — өзара есеп айырысу;
Ш — бір өлшемді ақша бірлігі айналымынын шапшандығы
Тауар массасы мен айналымда болатын ақша бірлігі санының арасындағы
тепе-тендіктің бұзылуы, тауарды қамтамасыз ете алмайтын ақша бірлігінің
пайда болуы инфляцияны білдіреді -ақшаның сатып алу қабілетінің темендеуі,
құнсыздануы. Бұл тауар бағасынын жасырын немесе ашық өсуіне алып келді.
Экономикалық тұрғыдан инфляция дегеніміз не? Инфляция (латынның
inflatio — қампиған деген сөзі) — қағаз ақшанын құнсыздануымен пайда
болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға
деңгейінің көтерілуімен байқалады. Бұның өзі, барлық бағаның арнайы
көтерілуін көрсетпейді. Олардың баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі
өседі.
Инфляция - кешенді себептерден туындайды және олардың ен маңыздысы
мыналар басып табылады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу
үшін қағаз ақшалар шығарылады; мемлекеттің өндірістік емес шығындар
(әсіресе әскери шығындар) деңгейінің жоғарылығы тұтыну игіліктерін шығаруды
арттырмайтын және адам еңбегі шығынымен тікелей байланысты; тауар
тапшылығы, оның сұранымды ұсынымнан алшақтауға алып келуі және осынын
негізінде — бағаның өсуі; бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда
болуы, олардың өзінің өніміне тұтыну сапасын арттырмай-ақ немесе барынша
өте қымбат өнімді шығарумен жүзеге асырылуы: жалақы өсуінің енбек
өнімділігі өсуінен алшақтығы және баскада бірқатар себептер. Бұл себептер
мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін және артық ақша
эмиссиясының (эмиссия - айналымға ақша мен бағалы кағазды шығару) пайда
болуына көмектеседі.
Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны қөзқарасы
тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады: а) баяу; ә)
қарқынды; б) ұшкыр. Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10%-дан
аздау) өседі. Инфляция 2-3% болған жағдайда, нарық үшін орыңды құбылыс
болып табылады. Мысалы, 1992-ші жылы инфляция: Францияда - 2.7%, Германия
мен АҚШ-та - 3,8% болды. Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи
(жылына 20-дан 200%-ға дейін) өседі. Мұндай инфляцияға жол бермеу керек,
себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшындырады
(тұрғындардың өмір деңгейі төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды және
т.б.). Ұшкыр инфляция кезіңде айналымдағы ақшанын саны мен баға
астрономиялық жылдамдыкпен (500-1000%) өседі. Қоғамның экономикалық
тарихында ұшкыр инфляцияның танқаларлық мысалдары баршылық, (инфляция
Боливияда 1985-ші жылы - 3400%, Аргентинада 1990-шы жылы — 2000% болған).
Аргентина экономикасын ауыл шаруашылығы құтқарды. Бұл сала басқасына
қарағанда елде басым болып, уақыттын белгілі кезеңін нарықтық
қатынастарынсыз-ақ өмір сұруге мүмкіндік туғызды.
Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономиканы
көңілдендіруге әсерін тигізеді және құрделі қаржының өсуіне ықпал етіп,
жұмыссыздар армиясын жоя бастайды. Американ экономисі А. Манның айтуынша,
бағанын қалыпты әрі ұзак көтерілуі шаруашылық жағдайын жақсартады және
тұтыну қабілеттілігін арттырады. Шынында да инфляцияның бірінші кезеңде,
қағаз ақша қарқынын қамтамасыз ету олардын эмиссия қарқынынан (сұлама
инфляцияны айтамыз) қалған кезінде, арнайы инфляциялық конъюктура пайда
болып, тауар бағасынын өсуі уакытша өндірісті ұлғайтып, тауар айналымын
ынталандырады. Алайда ақшаның құнсыздануының деңгейіне қарай инфляция
өндіріс пен айналым процесін ұйымдастыруды тезірек бұзатын әсерлеріе
(қарқынды инфляция) тап болады. Сәйтіп, несие-қаржы және валюта жүйесінің
(гиперинфляция) толық бұзылуына алып барады.
Нарықтық инфляциялық тепе-теңдігінің қандай түрді қабылдануына
байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңкы деп айырамыз. Ашық
инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет
көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-тендік
сұраным жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда
бұны ашық инфляция дейміз. Ашық инфляция жекелеген тауар нарығында бағаның
кезеңмен төмендеуіне толық сай келеді немесе тіпті болмағанда олардын өсуін
баяулатады. Демек, ашық инфляция нарық механизмін кәдімгідей өзгертіп, оны
аса бұзбайды.
Басылыңқы инфляция, оны кейде жасырын инфляция деп те айтады. Ол
бағаны реттейтін (жалақыда болуыда мүмкін) экономиқаға тән, яғни жалпылама
мемлекетгін бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар
тапшылығы, өнім сапасының төмендеуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігіңде,
көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады.
Басылыңқы инфляция мемлекеттің тауарлық бағаны сұраным мен ұсыным тепе-
теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады. Мұнда ақша жалпылама
сатып алу құралы және тауар мен қызмет көрсетуді үлестіру өлшемі болуды
тоқтады.
Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция басым
болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын ұшқыр
инфляцияға айналды. Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260% құраса, 1994-
те - 1258, ал 1995-тің аяғында теңге тұрақтана бастап, инфляция төмендеді
және 60,3%-ға қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 28,7%-тын маңында болса, 1997-
ші жылы - 11,2%. 1998-ші жылы - 1,9%. 1999-шы жылы - 17,8%, 2000-ші жылы -
9,8% құраса, ал 2003 жылдың аяғында 5,9%-ға тұрақтады.
Шетел экономистері сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі
типке жіктейді: а) сұраным инфляциясы; ә) өндіріс шығынының өсуімен иемесе
жиынтық ұсынымының азаюымен болатын ұсыным инфляциясы. Сұраныс
инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деуге болады: Тауардың өте аз
мөлшеріне өте көп ақша жұмсалмақ. Сондай-ақ сұраным инфляциясы нарықтық
байланыстық монополизмнің бұзылуынан және әкімшілдік-әміршілдік басқарудың
ұзақ билеуі кезінде болады. Олар бұл жағдайда өзінше ерекше түрді
қабылдайды. Мысалы, біздің экономиканы алатын болсақ ұзақ жылдар бойы
табиғи емес ең төменгі жұмыссыздықты жүзеге асырып келді. Бұған көптеген
рентабельді емес кәсіпорындар және артық жұмыс орынын сақтауі еңбекті көп
қажет ететін өндірісті консервациялау арқылы қол жеткізіліп, ол еңбек
өнімділігіне теріс әсер етті. Қай кезде де жалақының бір бөлшегі еңбекпен
келмесе, онда ол сұраным инфляциясына айналады және бағаны арттыруға
итереді.
Ұсыным инфляциясы шығын мен ұсыным нарығының өзгеруі нәтижесінде пайда
болуы мүмкін.
Инфляцияны баланстану дәрежесі бойынша былай жіктейміз: а) баланстанған
инфляция және ә) баланстанбаған инфляция. Баланстанған инфляцияда әр түрлі
тауар мен қызмет көрсетудің бір-біріне қатынасында баға өзгермейді, ал
баланстанбаған кезінде - әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бағасы бір-
бірімен салыстырғанда түраксыз және әртүрлі пропорияда өзгереді. ТМД
елдерінде әзірше баланстанбаған инфляция барынша белең апуда, ол шағын және
орта біпнеспн дамуына белгілі кедергілер жасауда. Баланстанған инфляцмяны
алатын болсак, кәсіпкерлік к,ызметтін дамуына аса ка\шті емес.
Инфляция философиясы мынаған саяды: оның тереңдеуінің (іркасында
экономиканы уакытша козғалту факторынан үдайы өндіріс процесін тежеуіе
айналады. Өндіріс қарқыны темендеп, жономикалық өсу пропорциясы бұзылады,
ақша-несие, қаржы және валюта механизмі бұзыла бастап, елдегі әлеуметтік-
зкономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық экономикалық
қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып,
экономикалық кылмыс, келеңкелі зкономика және т.б. белсенділігін арттырады.
Инфляция баға иидексі көмегімен өлшенеді. Ағымдағы кезең үшін инфляция
денгейі (қарқыны) төмендегідей болып анықталады. Ағым кезеңіндегі баға
индексінен өткен кезендегі баға индексі алынып, өткен кезендегі баға
иғгдексіне бөлінеді.
Нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып — валюталық нарық болып
табылады. Бұл шетел валютасын сатып алу-сату операциясы бойынша (банкнот,
қазыналық билет пен монета түріндеп ақша белгшері) экономикалық - каржы
қатынастар жүйесі. Валюталық операцияға катысу делдалдык брокерлік биржа
арқылы жүзеге асады.
Валюта — бұл ақша бірлігі және оны тауар құны мөлшерін өлшеу үшін
қолданылады. Валюта ұғымы үш мағынада қолданылады: а) сол елдің ақша
бірлігі (Қазақстан теңгесі, АҚШ доллары, Ресей рубльі, Жапония иені,
Ағылшын фунт- стерлингі және т.б.) және оның әртүрлі типтері - алтын,
күміс, қағаз; ә) шетел мемлекетінің ақша белгісі, шетел ақша бірлігі
түріндегі несие мен төлем құралдары және халықаралык есептеуде қолданылатын
— шетел валютасы; б) халықаралық (аймактық) ақша есептеу бірлігі және төлем
құралы (евро).
Валюта қолдану саласы мен тәртібіне қарай былай бөлінеді:
а) еркін конверсияланатын (толық қайтарымды) және ол кез-келген шетел
валютасына белгілі баламамен шексіз айырбасталады;
ә) барлық валюталық операция бойынша ішінара (ішінара қайтарымды)
конверсияланатын; конверсияланбайтын (қайтпайтын, түйык) - тек бір елдін
шеңберіғіде айналымда болатын
б) басқа шетел валютасына айырбасталмайды. Еркін конверсияланатын
валютаға: АҚШ доллары, ағылшын фунт стерлингі, швейцария франкісі және
жапон иені жатады.
Көптеген дамушы елдердің ұлттық валютасы тұйықталған болып келеді.
Біздің ұлттық валютамыз теңгеге келетін болсак, ол әлемдегі бірден-бір
конверсияланбайтын, тұйық валютаға жатады. Қазіргі уакытта Қазакстан
Республикасынын ғалым-экономистері теңгенің конверсиялануына қол
жеткізуін қарастыруда. Олар экономикалық реформаны тереңдету жолдарын
іздестіруде. Шетел мамандарының ойынша, қазір теңгенің конверсияланбауы
темендегідей себептермен түсіндіріледі: а) валюталық курстың жоғарылығы: ә)
ішкі бағаның рационалды болмауы; б) тауардың конверсияланбауы. Соңғысын тек
қана тұтыну нарығын баланстандыру жолымен жоюға болады.
Нарықтық экономика жағдайында ұлттық валюта тенге нарықтын
калыптасуына және онда бәсекенің болуына көмектеседі, ішкі бағаны
нақтылайды, отандык өндірісті әлемдік деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді,
дәйекті сыртқы экономикалық мамандануды жұзеге асырады. Осы кезде
капиталдың халықаралық ынтымақтасуынын жаңа түрі пайда болып, елдін
халықаралық инвесторға айналуы басталады.
Ұлттық валюта тенгенің енгізілуі Қазақстан Республикасы — егеменді
мемлекетінің барлық атрибуттарының толық безендірілуінің соңғы қадамы
болады. Қазақстанның көп ғасырлық тарихында алғашкы рет өзінің ұлттық ақша
бірлігі — теңгеге ие болды. Ұлттық валютаны енгізу туралы шешім ең дұрыс
шешім болып табылады.
Барлық елдерде валютаны конверсиялау жетістік ретінде қарастырылады,
профессивті өзгерістер нәтижесін жүзеге асырушы және тұрғындардын өмір
деңгейін көтеруте бағытталады. Ашық экономикалы қоғамда валютаны
конверсиялау ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылықпен байланыстыруда
интеграциялық факторларды құрудын басты тетіктеріне айналады. Өзінің
тауарлы массасын балама емес айырбастан және экономикалық егемендікті
құрулын басты белгісі бола алды.
Валютаны конверсияландыру дегеніміз алдыменен -экономиканын әлемдік
нарықта бәсекелестік қабілетгілігін жасау, ал валюта-қаржы жүйесін сыртқы
сауда мен валюта-несие қатынастарын халықаралық стандартқа сай қайта құру.
Қазақстан Республикасында өндірістің тұрақты құлдырауы кезінде бюджет
тапшылығының барынша аса ұлғайуында және үздіксіз инфляцияда теңгенің
қажетті конверсиялау шарты мыналар болмақ: а) өнімнің технологиялық
профилінің импортты ауыстыратын өндірісінің міндетті дамуын қалыптастыру:
ә) мемлекеттің телем балансын жетілдіру; б) инфляцияның қарқынын төмендету.
Мемлекет қандайда бір қатаң ақша саясатын жүргізуге тырысады, осы
факторларды ескермей теңгенің конверсиялануына қол жеткізу мүмкін емес.
Экономиканы көтеру керек, себебі ол сыртқы сауданын технологиялық
профилінің негізі болып табылады. Бұл ұлттық валютанын конверсиялау
мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уакытта Казақстан Республикасының экономикалық жағдайы
тұрақсыздануда және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның пайда болуы және мәні
Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі жайлы
Ақша айналымын болжамдық жоспарлау
Инфляция туралы ұғым
Аралас экономиканың мәні
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары
Жұмыссыздық мәселесі және түрлері
Экономикалық теорияның негізгі қызметтері
Аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалы
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
Пәндер