Халықаралық Ұйымдар және Қазақтар


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1. Халықаралық ұйымдар

2. Халықаралық Ұйымдар Және Қазақтар

3. ЕҚЫҰ-Дағы Тұңғыш Қазақ

4. ЕҚЫҰ дипломаты ретiнде.

5. Пайдаланған әдебиет

Халықаралық үйымдар

Халықаралық үйымдар - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық үйымдардың, үлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т. б. ) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық үйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол үлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансүлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жүмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бүқаралық халықаралық үйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жүмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық үйым -1874 ж. қүрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық үйымдардың қүрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін элем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы қүрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді. XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық үйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық үйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық үйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде қүрылып, қызмет етеді.

Олар:

Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945),

Халықаралық валюта қоры (1945),

Бүкіләлемдік сауда ұйымы (1995),

Солтүстік-атлантикалық келісім ұйымы (НАТО, 1949),

'Мұнай экспорттаушыелдер үйымы (ОПЕК, 1960) және т. б.

Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке түлғаларды біріктіреді, үкіметаралық үйымдарға қарағанда, халықаралық қүқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары:

*Парламентаралық одақ (1889),

Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894),

Рим клубы (1968),

Гринпис (1971) және т. б.

Халықаралық Ұйымдар Және Қазақтар

Тәуелсiздiктiң туын желбiретiп дербес мемлекетке айналған Қазақстан бүгiнгi таңда әлемдiк қауымдастықпен саяси және экономикалық жағынан толық ықпалдастық орнатты. Сыртқы саясаттағы ендiгi басты мақсат - елдiң ұлттық мүддеciн қорғау. Оның аясында әлемдiк алып державалармен және халықаралық ұйымдармен байланыстарымызды нығайту, ұлттық қауiпсiздiгiмiздi қамтамасыз етiп, елдегi реформаларды жалғастыру талап етiледi. Қазақстан өзiнiң геосаяси жағдайы мен экономикалық әлеуетiне орай тар ауқымдағы аймақтық проблемалармен тұйықталып қалған емес. Елiмiздiң болашағы Еуропада да, Батыста да, Азия мен Шығыста да көрiнiс тапқан.

Бiздiң елiмiз Хельсинки қорытынды құжатының жаңа тұрпатты Еуропаға арналған Париж хартиясының, Копенгаген құжатының нормалары мен принциптерiне құрметпен қарайды. Қазақстан Бiрiккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастыққа аса зор маңыз бередi. Осы халықаралық ұйым шеңберiндегi Даму бағдарламасы, Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымы, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Босқындар iсi жөнiндегi жоғарғы комиссариат, Есiрткiге бақылау жасау жөнiндегi ұйымдармен ынтымақтастықты күшейте түсуде. Елiмiз Дүниежүзiлiк банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропа қайта құру және Даму банкi, Ислам даму банкi, Азия даму банкi сияқты халықаралық қаржы институттарымен де үйлесiмдi түрде өзара тығыз байланыс орнатып отыр.

Сыртқы саясатты айқындау елiмiздiң елдiк миссиясын жүзеге асыру бағытында дипломатиялық корпустарға үлкен жауапкершiлiк артылуда. Бұл мақсатта елiмiздiң халықаралық мәртебесiн нығайтуда Қазақстан Дипломатиясының қол жеткен табыстары орасан зор.

Елiмiздiң әлемдiк қоғамдастықта өзiндiк орны бар ел екенiн соңғы 15 жыл iшiнде айқын көрсеттi. Қазақ елiнiң саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзiндегi мемлекеттердi ынтымақтасуға ынталандырады.

Бүгiнгi таңда Қазақстан әлемнiң 130-ға жуық елiмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып отыр. Елiмiзде 80-ге жуық шетел елшiлiктерi мен дипломатиялық миссиялары жұмыс iстейдi. Елiмiз толыққанды мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың да саны артып отыр.

ЕҚЫҰ-Дағы Тұңғыш Қазақ

Сондай халықаралық беделдi ұйымдардың бiрi - ЕҚЫҰ. Соңғы кезде әлемдегi саяси өмiрге позитивтi ықпал етiп отырған бұл ұйымның халықаралық қауымдастықтағы беделi зор. Еуропалық қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйым (ЕҚЫҰ) еуропалық құрылым болғанымен, ол әлемдiк проблемаларды шешуге белсене араласып келедi. Құрамына 56 мемлекеттi бiрiктiрiп отырған ұйым саяси даму мәселелерiмен бiрге мәдени құндылықтарды және еларалық дәстүрлердi де ықпалдастыруға мүдделi. Бұл ұйымның 4 мүшесiнiң - БҰҰ-ның Қауiпсiздiк Кеңесiнiң тұрақты мүшесi екенiн ескерсек, оның планетааралық саяси рөлiнiң ерекше маңызды екенiн түсiнесiң.

Ұйымның iргетасы 1975 жылы 1-тамызда Хельсинкиде қаланған болатын. Алғашында ұжымдық келiсiмге Еуропаның 33 мемлекетi мен АҚШ және Канада мемлекеттерi қол қойды. Келiсiмдер негiзiнде: экономика, ғылым және техника, қоршаған орта саласында гуманитарлық және өзге де саладағы әрiптестiк байланыстарды көздеу белгiлендi. Кейiн ұйымның аудиториясы ұлғайып, ол КСРО-дан бөлiнiп, өз тәуелсiздiгiн жариялаған республикалармен және Балқан түбегi елдерiмен кеңейiп, мүше елдердiң саны 56-ға жеттi. Алғашқыда ол Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi кеңес аталса, 1994 жылдан халықаралық ұйым статусына ие болды. 1991 жылы оның Парламенттiк ассамблеясы құрылды. Ұйым шешiмi бұрын жай ұсыныстық сипатта болса, қазiр ол ықпалды әлеуеттiк күшке ие. Жүргiзiлген реформаларға байланысты ұйым 10 қағиданы, егемендiк теңдiгiн, құқықтық теңдiк сыйластықты, территориялық бүтiндiк пен дауларды бейбiт түрде шешудi, халықтардың өз тағдырын шешуге, өзгелердiң араласпауына кепiлдiк берудi, мемлекеттер арасындағы әрiптестiк, халықаралық құқықтық процедураларды орындауды ұстанады.
ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мемлекет ұйымда Тұрақты Елшiсiн ұстайды.
2006 жылы ОБСЕ-нiң жалпы жылдық бюджетi - 168, 2 млн. еуроны құраған. Ұйымда қызмет ететiндердiң саны 3500 адамды құраса, олардың 3 мыңдайы ұйымның негiзгi штаб пәтерiнен тыс аймақтарда орналасқан 18 миссияда қызмет iстеуде. ЕҚЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн хатшылығында және ұйымның өзге де институттарында 460 дипломат қызмет атқарады.
ЕҚЫҰ-ның барлық ұйымдық-әкiмшiлiк жұмыстарын жоспарлап, оған басшылық жасап отыру Секретариатқа жүктелген. Оған Бас хатшы жетекшiлiк етедi. Бүгiнгi таңда ұйымның Бас хатшысына кеңесшiлiк жасау - бiздiң жерлесiмiз, кәсiби дипломат Ержан Амантайұлы Бiртановқа бұйырып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан ЕҚЫҰ - ның іс басындағы төрағасы болып табылады. Алайда бұл ықпалды ұйымға қазақ елі азаматының ізі Қазақстанның жетекшілік жасауынан бұрын тиген. Бүгінгі таңда оған осы қасиетті ұйымның атынан іскерлік байланыстарға түсуге прерогатива берілген.

Бiртанов Ержан Амантайұлы - 1970 жылы 25-мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы осы қаладағы №120 мектептi бiтiрiп, сол жылы Политехникалық университетке оқуға түсiп, оны 1993 жылы үздiк бiтiрiп, ғылым жолына түседi. Техника ғылымының кандидаты. Республикамыздың Сыртқы iстер министрлiгiнде және Австриядағы елшiлiкте екiншi хатшы болып қызмет атқарған.

2002 жылдан Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның бөлiм бастығы, ал өткен жылдан ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысының кеңесшiсi қызметiн атқарып келедi. Бiрнеше шет тiлдерiн меңгерген.

Ержан Бiртанов - әзiрге ЕҚЫҰ қабырғасында қызмет атқарып келе жатқан тұңғыш және алғашқы қазақ азаматы.

Сан ғасырлық тарихы бар қазақ дипломатиясының қазiр жаңа дәуiрi басталды. Бiздiң елiмiздiң елшiлерi әлемдiк саясат тақтасында қазақстандық қоғам мүддесi үшiн ашық диалогқа түсе алатын дәрежеге жеттi. Өткен жылы Еуропалық қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының төзiмдiлiк жөнiндегi кеңесi Алматыда өтуiнiң өзi елiмiз дипломатиясының iрi жеңiсi.
Қазiргi кезеңнiң тарихи мәселелерiн бiр диалог шеңберiнде шешу мүмкiн емес. Соңғы кездерi Батыс дипломатиясы ЕҚЫҰ ұйымының стратегиялық бағытын «үрлемелi» стандарттармен толықтырып, әлемнiң батысы мен шығысын қайта құрудағы құрал ретiнде қарастырғысы келедi. Осыған байланысты географиялық және артықшылықтар жағынан әлемде көптеген өзгерiстер белең алды. Сондықтан Қазақстан ЕҚЫҰ-ның демократиялық құндылықтарды қадағалаудағы мандатын халықаралық статус дәрежесiнде сақтауын қалайды. Күштi мен әлсiздiк арасында «ұлы шахмат тақтасы» комбинациясы әлi де жүрiсiнен таңған жоқ. Осыған орай 2005 жылдың 6-желтоқсанында Люблянда ЕҚЫҰ Министрлер кеңесiнiң кездесуiнде ұйымға мүше мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлерi «Шыдамдылық пен құқықтарды шектемеу: өзара түсiнiстiк пен құрметке ықпал ету» туралы шешiм қабылдады. Азаматтардың ой еркiндiгi, сөз бостандығы, дiни сенiмдерiне және ұлтаралық өзара түсiнiстiк туралы пiкiр алысылды.
Әлемдегi осы тақырып төңiрегiнде жүрiп жатқан пiкiрталастар өткiрлiгi өте жоғары. Соңғы уақыттардағы оқиғалар этностық және конфессиялық дәстүрлердiң көпқырлылығы жағдайында мәдениеттердiң үнқатысуларын ұстануға үндейдi. Мұндай диалогты Қазақстан ерте бастады.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Лиссабонда өткен ОБСЕ-ге мүше мемлекеттер мен үкiмет басшыларының басқосуының екiншi мәжiлiсiне төрағалық етiп, жоғарыдағы мәселелерден туындайтын республикамыздың әлемдiк саясаттағы платформасын айқындап бергенi бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ Мемлекеттік Университетінің Ғылыми кітапханасы
Саяси қозғалыс
Күрділердің мәдени орталықтары
Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар
Ұлыбританиядағы қазақтар туралы
ҚР мен ТМД елдері қатынастарындағы қазақ диаспорасының мәселелері (ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басы)
Қазақ зиялыларының қалыптасуы
Қазақстандағы қоғамдық-саяси бірлестіктер мен қозғалыстар анализі
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Ортақ отан - Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz