Жұмыр құрттар класының жіктелуі мен практикалық маңызы


Тақырып 6:Жұмыр құрттар типі. Геогельминттер. Жалпы сипаттамсы, жіктелуі және практикалық маңызы.
Мақсаты: жұмыр құрттар класының жіктелуі мен практикалық маңызы, жалпы сипаттамасы мен студенттерді таныстыру.
Оқытудың міндеттері:
1. Жұмыр құрттар өкілі, мысалы адам аскаридасының тіршілік ету ерекшеліктерін және құрылысын оқу.
2. Адам аскаридасының практикалық маңызын оқу.
3. Жұмыр құрттар өкілдерінің практикалық маңызын оқу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жұмыр құрттар типінің жіктелуіне сипаттама беріңіз.
2. Жұмыр құрттар типіне жалпы сипатттама.
3. Жұмыр құрттардың жеке класына жалпы сипаттама беріңіз.
4. Геогельминттер тобы несімен ерекшелінеді.
5. Медициналық маңызы бар - геогельминттер, жұмыр құрттар типінің экологиялық жіктелуіне сипаттама беріңіз.
6. Миграциясыз дамитын геогельминттерге сипаттама. Трихоцефалёз - қоздырғышы Власоглав. Энтеробиозды қоздырушы - острица. Олардың құрылысының ерекшеліктері, тіршілік циклі, патогендік әсері, жұқтыру жолдары, диагностикасы, жеке және жалпы алдын алу шаралары.
7. Миграциямен дамитын геогельминттерге сипаттама. Аскаридоз - қоздырушысы аскарида.
8. Стронгилоидозды - қоздырушы ішектік - угрицасы. Олардың құрылысының ерекшеліктері, тіршілік циклі, патогендік әсері, жұқтыру жолдары, диагностикасы, жеке және жалпы алдын алу шаралары.
Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар: сабақ тақырыбын талқылау және өңдеу, тесттілеу, жүйелік семинар: оқытылатын тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу, оқу сұхбаттасу: берілген тақырыптың сұрақтары бойынша білімін бекітіп және жақсарту үшін арналған сұрақтар.
Ұсынылатын әдебиет:
Негізгі:
1. К. Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005. - 373 б.
2. К. Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005. - 379 б.
Қосымша:
1. С. Ә. Әміреев, А. Жаханов, Қ. Құдайбергенұлы. «Медициналық паразитология» С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің 75 жылдығына арналған. Оқулық. Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.
2. Қуандықов Е. Ө., Әбілаев С. А. Медициналық биология және генетика. Оқулық. - Алматы «НАS», 2006.
3. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 2. Низшие целомические : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. - М. :Асаdemia, 2008. - 448 с.
4. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 3. Членистоногие : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. - М. :Асаdemia, 2008. - 496 с.
5. Шарова, И. Х. Зоология беспозвоночных / И. Х. Шарова. - М. :Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2004. - 592 с.
Жұмыр құрттардың дене тұрқы ұзын-ұршық немесе жіпше тәріздес. Тері бұлшықет қапшығы бірнеше қабатты, тығыз кутикула болғандықтан, созылмалы емес, гиподермасының барлығы біртекті цитоплазмалық массадан тұрады. Денесі жеке жасушаларға бөлінбеген көп ядролы және бір қабат біріңғай салалы бұлшықеттерден құралады, кутикуласы негізінен қорғаныштық қызмет атқарады. Денесінде ұзынан созылып жатқан арқа және құрсақ бұлшық еті бар. Олардың кезектесіп жиырылуы нәтижесінде бүгіліп жазылатын қуатты қимыл жасайды, кеңістікте еркін қозғалады.
Ас қорыту жүйесі. Дененің алдыңғы бөлігінде орналасатын ауыз қуысынан басталады.
Жүйке жүйесі. Жұтқыншақ маңындағы сақинадан тұрады. Сол сақинадан артқы, құрсақ және 2 бүйір жүйке бағаналары шығады.
Зәр шығару жүйесі. Ол протонефридиялардың орнын басатын 1-2 жасушалы тері бездерінен тұрады, одан екі жаққа бүйір өзектері түрінде өсінділер кетеді. Артқы жақта өзектері бітеу, ал алдыңғы жақта олар сыртқа қарай саңылау ашылатын бір өзекке қосылады. Сонымен қатар зәр шығару өзектерінің бойымен орналасқан арнайы фагоцитарлы жасушалар ыдырау өнімдерін шығару қызметін атқарады.
Жұмырқұрттардың өзіндік ерекшеліктері, денесінің құрамына үнемі белгілі жасушалар саны енеді. Бұл олардың өсуін және регенерацияға бейімделуін шектейді. Медициналық маңызы бар тек қана нағыз жұмырқұрттар класының өкілдері.
Нағыз жұмыр құрттар класы - Nematoda
Нематодалардың тері-бұлшық еттік қапшығы кутикуладан, гиподермадан және бұлшық еттерден тұрады. Бұл кластың өкілдерінің құрылысы типтің негізгі сипаттамасына сәйкес келеді.
Геогельминттердің эклогиялық жіктелуі. Миграциямен дамитын, миграциясыз дамитын, адам ағзасында тек миграция жасайтын геогельминттер.
Миграциясыз дамитын гельминттер.
Гельминттердің бұл тобы көбінесе мамандандырылған түр болып табылады, жұмыртқалары үшін оттегі қажет, личинкалар қажет емес. Миграцияның болмауы сол гельминтоздардың клиникалық айқындалуын өзгертеді. Олар қатерсіз өтеді, аурудың бірінші байқалуы паразиттер жетілген кезде пайда болады. Өкілдері влагослав, және бала острицасы.
Влагослав - трихоцефелез қоздырғышы. Влагославта алдыңғы соңы созылған, гельминттің жалпы ұзындығы 3-5 см, жұмыртқалары ақшыл, сопақша 50 мм-ге дейін. Орналасуы - ащы ішек және тоқ ішектің жоғарғыы бөлігі, шырышты қабықтың терең қабаттарына ұлпа сұйықтығымен және қанмен қоректенеді. Тіршілік циклі нәжіс бөлінген жұмыртқалар 3-4 жетіден кейін инвазиялы болады. Адамның зақымдалуы инвазиялы жұмыртқаларды жұтқанда жүреді. Патагенді әсері - тіршілік ету барысындағы бөлінетін өнімдермен улану қабыну көріністері, бас ауырады, қалтырау, ішектің дисфункциясы, аппендициттің жалған белсенді. Профилактикасы (алдын алу) : жеміс-жидектерді жуу, ошақты ауруларды анықтау үшін тұрғындарды тексеру.
Балалар острицасы - энтеробиоза қоздырғышы. Энтеробиоз-пероральды контагиозды созылмалы жүретін гельминтиоз, көбінесе балаларда таралған. Морфологиясы: ұсақ құрттар, аналықтары 12 мм-ге дейін. Аталықтары спиральды иілген 5мм-ге дейін. Жұмыртқалары сопақша, ассиметриялы, түссіз. Острица ащы ішектің төменгі бөлігінде және тоқ ішектің жоғары бөлігінде патазиттейді. Острицаның аналықтары терінің перианальды жұмыртқаларында жұмыртқа слсды да одан кейін өледі. Оларда тез (4-6 сағ. кейін) толық личинкалар дамиды және инвазиялы болады. Острицалардың паразиттеуі балалар ағзасына біртекті патологиялық әсер етеді Олардың әсерінің негізгі ерекшелігі олар, арнайы емес иммунитетті басып, екіншілік иммунодефицитті жағдайды тудырып, әртүрлі соматикалық инвекциялы және басқа да, аурулардың жиі туындауына әсер етеді. Острицамен инвазирленген балалар, мысалы күнделікті тұрмыс жағдайында қарым-қатынаста дизентериямен ауырады. Берілу сипаты 2-3, 5 есе жиі сауларға қарағанда. Дизентериямен ауыратын науқастарда бірге болатын энтериобиозбен бірге ағзаның айқындалған интоксикациясын және тоқ ішектің терең өзгерістерін куәлайтын белгілер жиі кездеседі. Аурдың белгісі құсқысы келу, құсу, бас ауруы, жалпы әлсіздік, дененің жоғары температурасы, гипотония, іштің қатты түйнеп ауруы, дәреттің жиі болуы, нәжістепатологиялық қоспалардың болуы байқалады Энтериозбен ауыратын науқастардың басқа ауруларға оның ішінде ішек инвекциасы қарсылығын төмендететін басқа бір себебі острицамен инвазиясы нәтижесінде бактериоцидті әсері бар асқазан сөлінің қышқылдығы және асқазан секрециясының интенсивтілігінің төмедеуі. Бұл инвазия үшінзаңды болып гипоацидты жағдайлар және он екі елі ішектің жарасымен қосылғанда, әсіресе айқын мінез алатын асқазанның эскреторлы қызметінің төмендеуі. Онда басқа аурулар қоздырғышына антогонистік қасиет көрсететін ішек фикрофлорасының өзгерістері саулармен салыстырғанда 4 есе жи кездеседі. Қорыта айтсақ бала ағзасында острицалардың болуы профилактикалық егудің эффектілігін төмендетеді. Энтериобиозбен гименолепидоздың берілу механизмдері мен қозғыштардың даму циклінің кейбір ерекшеліктері острицамен кермек цепенінің ара-қатынасының симбиотикалық мінезін білдіреді. Инвазирленген ағзаның резистентілігін төмендетіп, энтериобиоз гименолепидозды қабылдауды жоғарлатады және оның таралуына мүмкіндік жасайды. Баларда острицалардың паразиттеуінің біршама негатиті салдары олардың иесінің ағзасына механикалық әсерімен байланысты. Қыз балаларда вульвогониттердің пайда болуында острицалардың рөлі дәлелденген. Острицалар балардың дамуына, жүріс тұрысына және ой санасына теріс әсер етеді. Соңғы жылдары 78, 77 науқас барларда дамудың аз аномалияларының (ауытқулары) (7 ден көп) жоғары саны анықталады, ал сау бала үшін максимальды рұқсат етілетін саны 5-7 ден аспауы керек. Оларға жоғарғы қозғыштық, аңқаулық, оқу үлгерімінің төмендеуі, есте сақтаудың төмендеуі байқалады, зиянды әдеттер қалыптасады, дененің массасымен өсуі тоқтайды, сабаққа дайындалу уақыты ұзарады. Сонымен бірге паразитарлыинвазиялар оның ішінде острицалармен, аз дегенде 2 қатар себептердің күші (тік және жанама түрдегі) білу процестерін біршама нашарлатуы мүмкін. Соңғысына сонымен бірге нашар (жеткіліксіз) тамақтану қолайсыз әсер етеді. Бар жоғары айтылғандардың бәрі энтеробиоздың жеке және жалпы алдын алу шараларының күшеюін талап етеді.
Миграциямен дамитын геогельминттер.
Бұл топ өкілдерінің ерекшелігі адам ағзасына түсіп, олар личинка кезеңінде үлкен қан айналымға, жүрекке кейін кіші қан айналымға, өтеді. Өкпеде личинкалар альвеоларға миграцияланып, бронхтармен, кеңірдекпен және көмекеймен көтеріледі. Бұл орын ауыстырулар жөтел рефлексін шақырады да личинкалар, екінші рет жұтылады. Тек осындай миграциядан кейін личинкалар жынысты жетіледі. Личинкалардың бұл миграциясы қатты интоксикацияның дамуына, ағзаның аллергизациясына әкеледі, тек содан кейін ғана гельминтозды инвазиямен байланысты белгілер пайда болады. Бұл топқа (адам аскаридасы), (он екі ішектің қисық басы), (ішек уграциясы), (нектар) .
Адам аскаридасы. Аскаридоз -бұл ерте кезеңде аллергиялық белгілермен және өкпенің зақымдану синдромымен, кеш кезеңінде ас қорыту жолының зақымдалуымен жүретін гельминтоз. Аскаридоз ертеден белгілі. Мысалы: ол тралы Әберс папирусында айтылады. (б. э. д. 6 ғасыр) . Денсаулық ұйымының (ВОЗ) мәліметі бойынша 1 млрд - тан астам адам аскаридозбен ауырады. Ол барлық жерде таралған, мәңгілік мұз аймағы, шөп және құрғақ жазықтардан басқа. Инвазия көзі адам. Жұмыртқалардың жетілуі топырақта +10 нан+37 С бойынша температуралық диопозонында, ылғалдылығы -8% аз емес, оттегімен және топырақтың белгілі құрылымында өтеді. Осы жағыдайларда жұмыртқа 15-17 күнде инвазиялы болады. Зақымдану экзогенді жолмен кір қол, жемістер, топырақ қалдықтары арқылы жүреді. Әсіресе, топырақты зарарсыздандырылмаған адамның нәжісімен өңдеген жерлердің инвазиясы қатерлі.
Ауру қоздырғышы - аскарида, геогельминт, дара жынысты жануар. Аналығының ұзындығы 24-44 см, аталығынікі 15-25 см. Әдетте ішекте оның құрамымен қоректеніп орналасады. Күніне аналығы 200 мың жұмыртқа салады. Сыртқы ортаға жұмыртқалар инвазиялы емес түрде саналады. Адам зақымдалғаннан кейін бірнеше сағаттан соң ащы ішектің қуысында ішек қабырғасы арқылы күре (вена) тамырларына белсендіөтетін личинкалар пайда болады. Әрі қарай қан ағысымен личинкалар бауырға, төменгі қуыс күре тамырға және соңында өкпенің капиляррлы жүйесіне миграция жасайды. Бұнда личинкалар альвеолалар мен бронхиололардың қуысына белсенді шығып, ауа жолдарымен миграция жасайды. Өкпеде личинкалар 2 рет түлейді, өседі де, 1, 5-2 мм-ге жетеді. Бронхиолалардан личинкалар бронхыға, сосын трахеяға түсіп, жөтелгенде жұтқыншаққа жұтылғанда қайтадан ішекке түседі. Миграция ұзақтығы 14-15 күн. Ащы ішектің қуысында және шырышты қатпарларында пісіп жетілген аскаридалар дамиды. Зақымдалғаннан адам нәжісінде гельминттердің жұмыртқалары пайда болғанға дейінгі кезең 2, 5-3 айды құрайды. Адам ағзасында аскарида тіршілігінің ұзақтығы 9-12 ай. Аскаридоздың 2 кезеңі болады: 1 личинкалы немесе миграциялы. 2-шісі кеш немесе ішектік. Бірінші кезеінде личинкаларды зақымдаушы әсерінің иесінің ағзасының паразиторлы антигендермен немесе личинкалардың өлімі жағыдайындағы ыдырау өнімдерімен сенсибилизациясының маңызы басты орын алады. Личинкалардың зақымдаушы әсері қан кетумен анықталады және үлкен инвазиялы бөліктерде қан кету ошақтары үлкен, ол асқынуға өлімге де әкелуі мүмкін. Кеш кезеңі өшірілгентүрде өтеді. Науқастар әлсіздікке, жоғары шаршағыштыққа, тәбеттің төмендеуіне, сирек іш ауруына, тұрақсыз үлкен дәретке шағымданады. Ерте кезеңнің диагностикасы үлкен қиындықтар тудырады, кеш кезеңі нәжісте аскарида жұмыртқаларын табуға негізделген. Болжау көп жағдайда қолайлы негізгі емі кең спектрлі әсері бар нематодқа қарсы препараттар.
Ішек угрицасы стронгилоидоз. Қоздырғышы ішек угрицасы. Стронгилоидоз бұл өзін өзі емдеуге келмейтін ұзақ жүретін ауру. Бірінші рет ауру Кохинхин қызбасы атымен 1876 ж. Норманмен сипатталған. Қоздырғыштың билогиясын 1882 ж. Лескарт ашқан. Ішек угрицасының денесінің көлемі жынысты жетілген жағыдайында 0, 7-2, 2 мм, ащы ішектің шырышты қабығының қалыңында, басы он екі елі ішектің ішек криптілерінде паразиттейді. Бірақ көлемдік инвазияда олар асқазанның пилорикалық бөлімінің, барлық ащы ішектің соқыр және ирек ішектің шырышты қабығына өтеді. Аналықтардың репродуктивті бедсенділігі төмен, тәулігіне олар пісіп жетілген рабдит тәрізді личинкалары бар 50 жұмыртқа ғана шығарады. Личинкалар жұмыртқадан шығып сыртқы ортаға инвазирленген науқастың нәжісімен шығарылады. Бұнда олардың дамуы 2 жолмен өтуі мүмкін: аз қолайлы жағдайда олар филярий тәрізді(инвазиялы) личинкаларға, қолайлы жағдайда олар бос мекендеуші аналықтармен аталықтарға айналады. Соңғылары ұрықтанғаннан кейін жұмыртқа салады, олардан рабди тәрізді личинкалар шығады. Олар бос мекендеуші құрттардың жаңа ұрпағын беруі мүмкін, бірақ филярий тәрізді личинкалар үлкен және кіші қан айналымдарымен миграция жасайды, өкпеден ауа жолдарына өтеді, одан жұтқыншаққа, асқазанға ішекке өтеді. Миграция ұзақтығы 17-37 тәулік. Жынысты жетілу миграция кезінде болады. Өкпеде немесе ішектің қуысында аталықтар аналықтарды ұрықтандырады да өледі. Гельминттердің тіршілігі бірнеше айға созылады, бірақ стронгилоидозбен өзін инвазияланудың жиі жағыдайларына байланысты жылдар және он жыл бойы ауырады. Ауру барлық жерде таралған. Зақымдану жиі өтеді перкутанды жолмен (жалаң аяқ жүргенде, жермен байланысты жұмыс істегенде) сирек-пероральді (жидек жеміс арқылы) . Рабдит тәрізді личинкалар топырақта +4 0 С дейін температурада өледі +4 ден +16 0 С диапозонында олар тірі қалады бірақ дамымайды, 16 дан 36 0 С дейін температурада және 60% ылғалдылықта филярий тәрізді личинкалар дамиды (24-28 сағ. ) ішінде. Бірақ 20 0 С - 36 0 С дейін бос мекендеуші түлеріде пайда болуы мүмкін +35 - 55 0 С температурада және жеткілікті ылғалдылықта тек бос мекендеуші түрлері ғана дамиды. Стронгилоидозбен көбінесе белгілі мамандық иелері: жер қазушылар, шахтерлер, ауыл шаруашылығының жұмыскерлері ауырады. Паразиттің патагенді әсеріұлпа жараттауымен олардың өнімдерімен сенбебилизациясымен берілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz