Қазақстанның шөлді аймақтары


Қазақстанның шөлді аймақтары
Шөлді аймақ жалпы аумағы 124, 6 млн. гектар. Өзіне тән өсімдік жамылғысы аоуан түрлі. 2500-2800 түрі бар. Олардың ішінде 200-215 түрі - эндемиктер. Шөлді аймақта 5 белдеме ажыратылады.
1. ) Солтүстік далалы жердегі құрғақ, қоңыржай, ыстық шөлдер - жалпы аумағы 40 млн. гектар. Немесе еліміздің жер аумағының 14, 7 %-ын алады. Өсімдік жамылғысы астық тұқымдасты жартылай бұталы (бөз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдық бұталы (жүзім-рақ-шағыр жусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды.
2. ) Орталық (Солтүстік Тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер - аумағы 51, 2 млн. гектар немесе республика жерінің 18, 9 % -ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған.
3. ) Оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер - аумағы 30, 3 млн. гектар немесе Қазақстанның 11, 1 %-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемераидты - жартылай бұталы (сұр жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювгейлі-эолды құмдарда бұталы-сексеуілді эфемеройдты (сексеуіл-қоянжын-жүзімді) өсімдік жамылғылары тән.
4. ) Тау етегіндегі өте құрғақ, өте ыстық шөлдер-аумағы 3, 2 млн. га немесе Қазақстанның 1, 2 %-ын құрайды. Негізінен эфемороидтың ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі.
5. ) Тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер-аумағы 11, 6 млн. га, немесе республиканың 4, 3 %-ын алып жатыр. Эфемеройдты псаммфиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән. Қазақстанның таулы экожүйелерінің аумағы - 18, 6 млн. га, яғни республика жерінің 7 % -ы. Бұл жерде есепке алынып отырған 4-5 биіктік белдеулі биік таулар ғана. Таулы экожүйелердің флорасын 3400-3600 түр құрайды деп шамаланған. Оның ішінде 540-570 түрлі эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 155-170 эндемик түрлері бар. Олардың ішінде шыршалы (шренктік шырша, сібірлік шырша) : май қарағайды: самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай) : қылқан жапырақты ормандарда: алмалы (сиверс алмасы, қырғыс алмасы), өрікті (кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) - жапырақты ағаш ормандары атап өтуге болады.
Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы - пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсем безендірушілік 700-800, ширнелік 1300-ден астам, Эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері кездеседі.
Шөлдену процесімен күресу жолдары .
2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары шығарыла бастады. Әлемдік тәжірибие көрсеткендей экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізгі кез келген мемелекеттің әлеуметтік экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылады. Осы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы «Қазақстан - 2030» стратегиясының басымдылықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI - ғасырдағы күн тәртібінің негізгі ережені қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханесбургте өткен (2002 жыл) тұрақты даму жөніндегі дүние жүзілік самиттің шешімдерін ескере отырып әзірленді. Қоршаған ортаның жай-күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы тұжырымдаманың ережелерін кезең - кезеңмен іске асыруды көздейді. Бірінші кезең-(2004-2007 жылдар) -қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс - қимыл жоспарын әзірлеу.
Екінші кезең - (2008 -2010 жылдар) қоршаған орталық сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру. Үшінші кезең (2011 -2015 жылдар) қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу. Қуаңшылық пен шөлденуге қарсы күрес туралы халықаралық конвенция Алматы қаласында 1994 жылы өтті. Қазақстанның көп бөлігі қурау аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66 % - түрлі деңгейде шөлдену процестеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа себептен алынбаған кіріс шамамен 300 млрд теңгені құрайды.
Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлденуі мен тозу проблемасы шаң - тозаң дауылының пайда болуы және ауа массалараының ластанушы заттарды алыс қашықтықта жеткізуі нәтижесінде біртіндеп-шекаралық проблемалар айналуы мүмкін. 2004 жылдың барысында шөлденудің көлемі мен құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлерді және топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге, ресурстың базаны сақтауды немесе қалпына келтіруде, қамтамасыз ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен енгізуге, сондай - ақ шөлейттену мен күрес процесінде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттену мен күрес жөнінде бағдарлама әзірлеу және бекіту қажет.
Бағдарламаның негізгі нәтижелері шөлдену процестерін болдырмау және жердің тозу ауқымын қысқарту, шөлденумен күрестің экономикалық тетіктерін енгізу, ауыл шаруашылық жерлерінің өнімділігін арттыру болмақ. Топырақ ауыл шаруашылығының негізгі тірегі болғандықтан оны ластанудан сақтау агрэкологиялық басты міндет. Қазір Республикамызда топырақты бақылау мониторнгі жұмыс істейді. Оның міндеті топырақтың қазіргі күйіне баға беру, бақылау және болжау жасау.
Олар:
1) Топырақтың ауыр металдармен әлемдік ластануына жергілікті бақылау жасау.
2) Топырақтың ластануына жергілікті бақылау жасау
3) Топырақтың химиялыққұрамы мен құрылымына, ондағы өзгерістерге бақылау жасау.
4) Топырақты мелиорациялау, агротехникаларды дұрыс пайдалану т. б. бақылау жасау. Қазақстанда құрғақшылық пен шөлденуге қарсы күресу бағдарламасын ескере отырып, биологиялық әртүрлікті сақтау мақсатында биоәртүрлік обьектілерінің жай - күйін бағалау және түйіндеу, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жиелілігін ұлғайту, қазіргі табиғат және антропогендік процесетерді ескере отырып, оларды жасанды-бұзылған аумақтарды қалпына келтіру жолымен табиғат популяциялардың сирек түрлерін сақтау, елдің ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғат және мұрасы. «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі шараларды іске асыру қажет. Республика аумағында небәрі 4, 2 %- ын алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекрациялық, эстетикалық және мәдени мәнін сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі, олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет. Өзен экожүйелеріне түсетін ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың ластану мен қоқыстануының алдын - алу үшін 2005 - 2010 жылдар барысында пайдаланатын барлық су обьектілері үшін су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобаларын әзірлеу. Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшін су жетіспеушілігін тартып отырған өңірлерде өзен ағынын реттеу жөніндегі, оның ішіндегі бассейн аралық қайта бөлу, сондай-ақ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. 2003 жылдың басында Қазақстан қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель Конвенциясына қосылуы. Қазақстан трансшекаралық өзендерді ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бірыңғай құқықтық тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz