Бюджет кірістері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ 4
1.1 Бюджет кірістері және олардың көздері 4
1.2 Бюджет кірістерінің сыныптамасы 5
1.3 Бюджеттің салықтық және салықтық емес кірістерінің сипаттамасы, рөлі мен мәні 8

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІН ТАЛДАУ 11
2.1 2007.2009 жылдары салықтық түсімдері 11
2.2 2007.2009 жылдары салықтық емес түсімдері 14
2.3 2007.2009 жылдары трансферттік түсімдері 15

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 17
3.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары 17
3.2 Бюджет жүйесін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі 20

ҚОРЫТЫНДЫ 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 23

ҚОСЫМШАЛАР 24
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының алдында тұрған басым міндеттердің бірі экономиканың шикізат емес салаларында бәсекеге қабілетті өнім өндіруге қабілетті экономиканы дамытудың жаңа сапалық деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет жүргізіп отырған экономикалық саясат индустриялық дамуды, экономиканы әртараптандыруды, оның өсу көзін шикізат емес секторға ауыстыруды ынталандыруға бағытталған.
Билiктiң барлық деңгейлерiнiң әрқайсысына өз өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiгiн дербес iске асыру үшiн олардың шығыс өкiлеттiктерiне сай келетiн салықтық және салықтық емес кiрiс көздерiнiң бекiтiлуi жүзеге асырылып, сондай-ақ бюджетаралық реттеудiң тиiстi тетiгi анықталатын болады.
Бұл ретте облыс-аудан деңгейлерiнде салықтар мен бюджетаралық трансферттердi бөлу мәселелерiн облыстар қарамауы тиiс, ол заң деңгейiнде өз шешiмiн табуы тиiс, бұл елдiң мемлекеттiк құрылысының бiртұтас сипатына сәйкес келетiн болады.
Бюджеттердiң төмен тұрған деңгейлерiн реттеу мақсатында жоғарыда көрсетiлген салықтармен қатар, орындайтын қызметтері мен шығыстардың көлемiне қарай жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiне түсетiн бөлiнетiн және басқа да салық түрлерi ретiнде анықталуы мүмкін.
Жергiлiктi бюджеттер үшiн осы нұсқаны қабылдаудың оң тұсы бюджеттiк алулар тетiгiн жою болып табылады. Осындай мәселелер бюджет жүйесіндегі кірістерді арттыру жағдайларына қатысты болады және бұл талқыланатын өзекті тақырыптар болып келеді. Өйткені нарықтық экономикада дамудың бірде-бір тиімді жолы ретінде Ұлттық қорды бюджеттік түсімдер есебінен барынша толтыру болып табылады.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты – нарықтық экономика жағдайында бюджеттік кірістердің ролін көрсету, бюджеттік кірістерді арттыру себептерін айқындау, жетілдіру жағдайларын дәріптеу.
Курстық жұмысқа қатысты келесі міндеттерді атауға болады:
- нарықтық экономика жағдайында бюджеттік кірістердің мазмұны мен экономикалық мәнін сипаттау;
- Қазақстан Республикасы бюджет жүйесіндегі кірістер сыныптамасын көрсету, оларға қысқаша сипаттамасын беру;
- бюджет құрылымындағы түсімдер бөлігінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жасау;
- орын алған үрдістерді анықтау, оларға түсініктеме беру;
- Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсету;
- бюджет кірістерін арттыруды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы жұмыс кіріспеден, үш тараудын тұратын бөлімнен, қорытындыдан құралған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
3. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңы;
4. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы;
5. «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы;
6. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру заңды іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 Қаулысы.
7. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 шілдедегі № 660 Қаулысы
8. «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысы;
9. «Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығы;
10. «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы N 5 Заңы;
11. http://www.ak_orda.kz – Қазақстан Республикасы Президентінің сайты
12. http://www.government.kz – Қазақстан Республикасы Үкіметінің сайты
13. http://www.minfin.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің сайты
14. http://www.minplan.kz – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сайты
15. http://www.salyk.kz – Қазақстан Республикасы Салық комитетінің сайты
16. http://www.stat.kz - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің сайты
17. http://www.nationalbank.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің сайты

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының алдында тұрған басым міндеттердің бірі
экономиканың шикізат емес салаларында бәсекеге қабілетті өнім өндіруге
қабілетті экономиканы дамытудың жаңа сапалық деңгейін қамтамасыз ету болып
табылады. Мемлекет жүргізіп отырған экономикалық саясат индустриялық
дамуды, экономиканы әртараптандыруды, оның өсу көзін шикізат емес секторға
ауыстыруды ынталандыруға бағытталған.
Билiктiң барлық деңгейлерiнiң әрқайсысына өз өкiлеттiктерi мен
жауапкершiлiгiн дербес iске асыру үшiн олардың шығыс өкiлеттiктерiне сай
келетiн салықтық және салықтық емес кiрiс көздерiнiң бекiтiлуi жүзеге
асырылып, сондай-ақ бюджетаралық реттеудiң тиiстi тетiгi анықталатын
болады.
Бұл ретте облыс-аудан деңгейлерiнде салықтар мен бюджетаралық
трансферттердi бөлу мәселелерiн облыстар қарамауы тиiс, ол заң деңгейiнде
өз шешiмiн табуы тиiс, бұл елдiң мемлекеттiк құрылысының бiртұтас сипатына
сәйкес келетiн болады.
Бюджеттердiң төмен тұрған деңгейлерiн реттеу мақсатында жоғарыда
көрсетiлген салықтармен қатар, орындайтын қызметтері мен шығыстардың
көлемiне қарай жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiне түсетiн бөлiнетiн және
басқа да салық түрлерi ретiнде анықталуы мүмкін.
Жергiлiктi бюджеттер үшiн осы нұсқаны қабылдаудың оң тұсы бюджеттiк
алулар тетiгiн жою болып табылады. Осындай мәселелер бюджет жүйесіндегі
кірістерді арттыру жағдайларына қатысты болады және бұл талқыланатын өзекті
тақырыптар болып келеді. Өйткені нарықтық экономикада дамудың бірде-бір
тиімді жолы ретінде Ұлттық қорды бюджеттік түсімдер есебінен барынша
толтыру болып табылады.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты – нарықтық экономика жағдайында
бюджеттік кірістердің ролін көрсету, бюджеттік кірістерді арттыру
себептерін айқындау, жетілдіру жағдайларын дәріптеу.
Курстық жұмысқа қатысты келесі міндеттерді атауға болады:
- нарықтық экономика жағдайында бюджеттік кірістердің мазмұны мен
экономикалық мәнін сипаттау;
- Қазақстан Республикасы бюджет жүйесіндегі кірістер сыныптамасын көрсету,
оларға қысқаша сипаттамасын беру;
- бюджет құрылымындағы түсімдер бөлігінің негізгі көрсеткіштеріне талдау
жасау;
- орын алған үрдістерді анықтау, оларға түсініктеме беру;
- Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін
атап көрсету;
- бюджет кірістерін арттыруды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы жұмыс кіріспеден, үш тараудын тұратын бөлімнен, қорытындыдан
құралған.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ
1. Бюджет кірістері және олардың көздері

Бюджет кірістері - ол мемлекеттік қызметтерді орындауға қажетті елдің
бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес
билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын
тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар қоры
қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама тар, бірақ
олардың республиканың мемлекеттік кірістерінде шешуші мәні бар.
Бюджет кірістерінің басты материалдық көзі – ол Ұлттық табыс. Ұлттық
табыстың өсуі мемлекетті кірістері және мемлекетті бюджет кірістері
көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз етеді.
Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын нысандар мен әдістер
жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер
маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындаған
мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер.
Кірістер, бюджет несиелерін өтеу сомалары, мемлекеттің қаржы
активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар бюджеттің түсімдері болып
табылады.
Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен
түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері болып табылады.
Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие
болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін
жою немесе оларды өзгерту бюджеттік кодекске міндетті түрде өзгерістер
немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
Салықтық түсімдер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып
табылады.
Салықтық емес түсімдер негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге
жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерінде
көзделгеннен басқа, Бюджеттік кодексте және Қазақстан Республикасының басқа
да заңнамалық актілерінде белгіленген, бюджетке міндетті, қайтарымсыз
төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке
тегін негізде берілетін ақша болып табылады.
Бюджетке түсетін түсімдерге жатады:
• мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;
• мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;
• мемлекет меншігіндегі жер телімдерін жеке меншікке сатудан немесе оларды
тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан
Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген
тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден;
• мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
Трансферттер түсімдері бюджеттің бір деңгейінен басқасына, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер
түсімдері болып табылады.
Бюджеттік несиелерді өтеу сомалары бюджеттен алынған несиелер бойынша
негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік
кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін
түсімдер болып табылады.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер заңды
тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың,
мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік
кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік
кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де
мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдері болып табылады.
Қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және
(немесе) қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері болып
табылады.

2. Бюджет кірістерінің жіктемесі

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына негізделген белгілі бір
сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің топтамасы
бюджет түсімдерінің жіктемесі болып табылады.
Бюджет түсімдері жіктемесінің топтамасы санаттан, кластан, шағын
кластан және өзіндік ерекшеліктен тұрады.
Санаттар түсімдердің экономикалық белгілер бойынша топтастырылуын
көрсетеді.
Өзіндік ерекшелік бюджетке төлем немесе түсім түрін айқындайды.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдеріне мыналар жатады:
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік
табыс салығы;
- қосылған құн салығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында
өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге
және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған
құн салығы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының
аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
- шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;
- ойын бизнесі салығы;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы;
- тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы
қазбаларды өндіруден алынатын салық;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан
Республикасының жасалған келісім-шарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі
үлесі;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнімді бөлу
туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемі;
- жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша
автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымнан басқа, Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін
алым;
- теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат берілгені үшін алым;
- бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттік тіркелгені (есепке қойылғаны)
үшін алым;
- дәрілік заттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта
тіркелгені үшін алым;
- шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың,
шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық
шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені
үшін алым;
- радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиіліктегі құрылғылардың
мемлекеттік тіркелгені үшін алым;
- қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы
байланыстың берілгені үшін төлемақы;
- радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
- республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны
үшін төлемақы;
- жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
- кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
- республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны
үшін төлемақы;
- әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;
- кеден бақылауын және кеден рәсімдерін жүзеге асырудан түсетін түсімдер;
- отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар;
- консулдық алым;
- жеке басын куәландыратын құжаттар берілгені үшін мемлекеттік баж;
- жүргізуші куәліктерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
- механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер
берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
- мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің берілгені үшін алынатын
мемлекеттік баж;
- нотариаттық іс-әрекеттер жасалғаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
- зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні
бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
- мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын
мемлекеттік баж;
- механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің техникалық байқаудан
өткені туралы куәліктің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж
республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады.
Республикалық меншіктен түсетін кірістерге мыналар жатады:
- республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің
түсімдері;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері;
- республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
- республикалық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлесіне кірістер;
- республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
- екінші деңгейдегі банктердің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар
қаражатының орналастырылғаны үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі Қазақстан Республикасы Yкіметінің депозиттері бойынша
сыйақылар;
- республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
- қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер;
- республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
Облыстық бюджетке түсетін түсімдерге мыналар жатады:
- облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке
табыс салығы;
- облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша
әлеуметтік салық;
- қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы;
- облыстық маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін
алым;
- облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін
төлемақы;
- жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
- орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
- жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны
үшін төлемақы облыстық бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.
Оларға мыналар жатады:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
- облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
- облыстық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне
дивидендтер;
- облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
- облыстық коммуналдық меншіктің мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;
- облыстық бюджеттен берілген несиелер бойынша сыйақылар;
- уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
- облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;
3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын
айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
5) облыстық бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер облыстық бюджетке
түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп
берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша облыстық бюджетке негізгі
капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен трансферттері,
республикалық бюджеттен трансферттер облыстық бюджетке трансферттер
түсімдері болып табылады.
Облыстық бюджеттен берілген несиелерді өтеуден, oблыстық коммуналдық
меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін, облыстардың жергілікті атқарушы
органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер облыстық бюджет есебіне
жазылады.

3. Бюджеттің салықтық және салықтық емес кірістерінің сипаттамасы,
рөлі мен мәні

Бюджет түсімдерінің негізін салықтар және алымдар түрлеріне
жұмылдырылатын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік
және шаруашылық нысандарынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар
қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті
төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни
заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден
басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды
уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалған.
Мемлекеттік бюджет кірістері салықтық түсімдерге, салықтық емес
түсімдерге, негізгі капиталды сатудан түскен кірістеріне, ресми
трансферттерге, мемлекетке ақысыз негізде берілген ақшаларға бөлінеді.
Республикада бюджет кірістерінің құрылымында ең үлкен үлес салмақты
салықтық түсімдер алады.
Салықтар, алымдар, баж салықтары арқылы экономиканың басымдылық
салалары мен бөлек экономикалық аумақтарды жетілдіруге немесе олардың
дамуын баяулатуға, тұрғындардың бөлек топтарының табыстарын реттеуге,
белгілі бір экономикалық іс-әрекетті ынталандыруға не болмаса одан бас
тартуға мүмкіндік жасауға болады.
Анықтама бойынша салықтық түсімдер деп ҚР бюджетке салықтар және
басқа да міндетті төлемдер жөніндегі ҚР заңымен (Салық кодексімен)
тағайындалған бюджетке төлейтін салықтар мен басқа да төлемдер айтылады.
Сондықтан, салықтық түсімдердің экономикалық мазмұны солардың негізіндегі
салықтар құрайды. Олар кірістердің материалдық көзі – Ұлттық табысты қайта
бөлісуге қатынасатын болғандықтан өндірістік қатынастарды арнайы нысанын
құрайды. Осыған байланысты салықтық түсімдер тұрақты ішкі белгілерімен,
заңнамалықты даму мен ерекше нысандарымен сипатталады. Олар нақты
әрекеттегі ақшалай қатынастармен дәлелденеді және қаржы қатынастарының
бөлігі ретінде үнемі қозғалыста болады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес барлық бюджет
түрлерінің құрамына келесі салықтар кіреді:
1. Корпоративтік табыс салығы;
2. Жекелеген табыс салығы;
3. Қосымша құн салығы;
4. Акциздер;
5. Үстеме пайдаға салық;
6. Экспорттайтын шикі мұнайға салық;
7. Бонустар;
8. Роялтилер;
9. Әлеуметтік салық;
10. Жер салығы;
11. Бірыңғай жер салығы;
12. Транспорттық құралдарға салық;
13. Мүлікке салық;
14. Қазақстан Республикасының өнім бөлігі бойынша үлесі.
Салықтық түсімдерге Бюджеттік кодексімен бюджеттердің түрлері мен
деңгейлері бойынша тағайындалған басқа да әр түрлі алымдар, ақылар мен
баждар жатады.
Бюджеттік кодексте салықтық түсімдердің нақты түрлері бюджет
жүйесінің тиісті деңгейлері бойынша бекітілген. Республикалық бюджет
бойынша өте маңызды фискалдық және экономикалық мәні бар салықтық түсімдер
бекітіледі. Бұл мемлекеттік мүддеде салықтардың қаржылық ұғым ретіндегі
қызметтерін пайдалану қажеттілігімен дәлелденеді, себебі салықтардың
фискалдық қызметі мемлекетке экономикалық қатынастарды реттеуге объективті
шарттар туғызады.
Салықтық тетік заңнамалы түрде Салық кодексінде бекітіледі. Қоғам
өмірі мен мемлекеттің іс-әрекетінде салықтардың рөлі осы салықтық саясат
пен салықтық тетік арқылы көрінеді. Мемлекеттің экономикалық саясатына
байланысты салықтық түсімдердің рөлі мен мәні, тетігіі өзгереді, оларды
жаңарту мен жетілдіруі болады.
Салықтық емес түсімдер маңында бюджетке Салық кодексінде
қарастырылғандардан басқа Бюджет кодексінде тағайындалған міндетті және
қайтарылмайтын төлемдер жатады. Салықтық түсімдерге қарағанда салықтық емес
түсімдердің мығым тағайындалған мөлшерлемелері жоқ, басқаша айтқанда, олар
фискалды-тұрақты сипатта емес, сондықтан мұндай түсімдер мөлшерін өткен жыл
деңгейінде жоспарланады. Салықтық емес түсімдер тізімі бюджеттер түрлері
мен деңгейлері бойынша заңды және жеке тұлғаларға бөлек міндетті нысан
ретінде Бюджет кодексімен тағайындалады.
Салықтық емес түсімдер жіктеледі:
1. аумақтық белгілері бойынша;
2. қалыптастыру мен төлету белгілері бойынша;
3. төлемдер төлету үшін нақты негіздері бойынша.
Бірінші белгілері бойынша белгілі деңгейдегі бюджетке түсетін, яғни
республикалық, облыс немесе аудан бюджет кірістеріне, салықтық емес
түсімдер тағайындалады. Екінші белгілері бойынша міндетті және өз еркімен
төлейтін төлемдерге бөлінеді. Үшінші белгілері бойынша салықтық емес
түсімдер төлемді қалыптастыратын негізге байланысты нақты түрлерге
бөлінеді, мысалы, бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
тауар сатудан түсімдері.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамында салықтық және салықтық емес
түсімдердің рөлі мен мәні өте зор, себебі барлық кірістер ішінде 80-90
проценті осы түсімдер үлесіне жатады және жалпы ішкі өнім көлемінің 25
процентін құрайды, ал салықтық түсімдердің жыл сайынғы өсуі орта есеппен 12-
13 процентке жетеді.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІН ТАЛДАУ
1. 2007-2009 жылдары салықтық түсімдері

Бюджеттің 2007 - 2009 жылдарға арналған кірістері Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңге
арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы, 2006 жылғы 1 шілдеден
бастап Ұлттық қор тұжырымдамасының қолданысқа енгізілуі және Мемлекет
басшысының Жолдауында айтылған салық саясатының негізгі бағыттары негізінде
айқындалды.
2008 жылға арналған республикалық бюджеттің күрделі экономикалық
жағдайда  іске асырылғанын ешкім де жоққа шығармайды.  Жалпы, 2008 жылғы
бюджет түсімі 3 триллион 330 миллиард теңге, шығысы 3 триллион 658 миллиард
теңге құрап, тапшылығы 327,5 миллиард теңге шамасында болды.
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган  830 бақылау іс-
шараларын жүргізіп,  64,2 млрд. теңгенің қаржылық тәртіп бұзу фактісі
анықталды. Оның  51,1 млрд.теңгесі бюджет қаражатын орынсыз пайдалану
бойынша;  11,1 млрд. теңгесі тиімді пайдаланбау бойынша; 349,5 млн. теңгесі
нысаналы пайдаланбау бойынша. 
Есеп комитетінің есебі бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілері
жоспарлау процесіндегі кемшіліктерді жоймауына байланысты республикалық
бюджет 17 рет нақтыланып, түзетілгенін атап көрсетті. Ал, бұл өз кезегінде 
салықтың азайып, мемлекет міндеттемелерінің уақытында орындалмау қаупін
күшейте түсті. Мәселен,  2008 жылы республикалық бюджеттің қосымша
нақтыланғанына қарамастан, негізгі салықтар бойынша жылдық жоспар 
орындалмады. Анықтап айтқанда, қосымша құн салығы  жоспары - 109,4 млрд.
теңгеге, корпоративтік табыс салығы - 23,8 млрд. теңгеге, акциздер 3,1
млрд. теңгеге орындалмаған.
Әрі бюджетті нақтылау барысында осы салық түрлері  кемітілген 
болатын. Бұл жерде  қаржы дағдарысы мен тауар нарығындағы сұраныстың
төмендеуінің әсері болды дегенмен, себеп ол ғана емес. Ол себептер не
дегенге келетін болсақ, есеп комитетінің бағалауынша, Үкімет республикалық
бюджет түсімдерінің артуы үшін барлық мүмкін резервтерді пайдалана
алмаған.  Ол резервтер келесілер:
Біріншіден,  салық салынудан табысты жасыру тәсілдерінің бірі жалған
кәсіпкерліктің етек алуы. 2008 жылы республикада 378 тұлға жалған кәсіпорын
деп танылған. Бұдан бюджет  қосымша құн салығы бойынша 29 млрд. теңге, 
корпоративтік табыс салығынан 52 млрд. теңгеден астам  зиян шекті. Жалған
кәсіпкерліктен шеккен жалпы шығын 81 млрд. теңгеден асып отыр.
Екіншіден,  2008 жылы салықтар бойынша берешек 81,0 млрд. теңгеге
жетті және ол 2007 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өсті.
Үшіншісі салық тексерулерінің сапасын арттыруға қатысты. Жыл сайын
салық қызметтері орасан айыппұлдар мен өсімпұлдар есептегенімен, 2008 жылға
тексеру актілері бойынша қосымша есептелген бүкіл берешектің (ол 299 млрд.
теңге) тек 4,6 пайызы ғана өндіріліп алынған.
Үкіметтің салықтық және кедендік түсімге  тиісінше бақылау жасамай,
либералды салық саясатын жүргізуінен республикалық бюджет кірісі
айтарлықтай шығынға ұшырады. Мысалы, 2007 жылы Қазақстан алыс шет елдерге
шығарылатын мұнай өнімдерінің экспортына кедендік баж салығын енгізді. Бұл
ретте ТМД елдеріне шығарылатын экспортқа баж салығы салынбайтын
болғандықтан, ол елдерге мұнай өнімдерін әкету 35 есе ұлғайған.
Ал, осы мұнай өнімдерін Қазақстанның қатысуынсыз алыс шет елдерге
қайта экспорттаған кезде бюджеттің шығыны 11 млрд. теңгеден асып кетті.
2007-2009 жылдары мемлекеттік бюджетке облыстар бойынша салықтар
түсімдерінің серпінін қарастырғанда, келесі жағдайлар анықталды:
Соңғы үш жылдың ішінде облыстар жалпы бюджет кірістерінде салық
түсімдері көлемінің төмендеуі байқалады. Мәселен, бюджетке ең көп салық
түсімдерін әкелетін өңірлерге Астана қаласы, Қарағанды облысы, Атырау
облысы жатады. Аталған өңірлер республика бойынша салықтық түсімдердің
жартысынан жуық үлесін құрайды және де бұл көрсеткіш жыл сайын артып
келеді.(Қосымша, Сурет 2.1)
Дегенмен 2007-2009 жылдары салық түсімдерінің көлемі төмендеді.
Мәселен, 2007 жылы салық түсімдерінің жалпы көлемі 2 629 048 млн. теңгені
құрады. 2008 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда аздаған өсімі 12,7 %-ті
құрайды. Алайда 2009 жылы бұл көрсеткіш алдыңғы жылғымен салыстырғанда, 19
%-ке жуық төмен. Бұған көптеген себептерді келтіруге болады. Мысалы, шағын
және орта бизнес субъектілеріне салық төлеуге қатысты мораторий жариялау
және мұнай бағасының төмендеуі сияқты жаһандық қаржы дағдарысының салдары
ретіндегі себептерді айтуға болады.
2007 жылы республика бойынша жалпы салықтық түсімдердің құрамын
анықтасақ, онда ең ірі бөлікті корпоративтік табыс салығы (29,51%),
қосылған құн салығы (28,46%) және әлеуметтік салық (12,52%) түрлері алады.
Керісінше ең аз үлестерді алымдар, мемлекеттік баж, көлік құралдарына,
мүлікке салынатын салықтары, жер салықтары құрайды. Бұлар бюджетке өте аз
шамада түсім түсіреді, бірақ-та олардың үлестері жыл сайын ұлғайып келеді.
(Қосымша, Сурет 2.2)
2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 2007 жылы
2733351,338 млн теңгені (2730887,908 млн. теңге – аудиттелген қаржылық
есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер енгізуге
байланысты (Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 29
маусымдағы № 269 Заңы), оларға сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын
барлық кәсіпорындардан тікелей салықтардың түсімі Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына есепке алуға жатады, 2007 жылғы 1 шілдеден бастап мұнай
секторы кәсіпорындарының саны артты (55 кәсіпорыннан 157 кәсіпорынға
дейін).
2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1139270,342 млн
теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан тікелей салықтардың
түсімі есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды
қоспағанда) – 1037094,009 млн. теңге, оның 346150,165 млн теңгесі (2833577
мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастауқайта айырбастау операциясын
дәл сол кезде жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті
шотына теңгемен есепке алынған шетел валютасындағы түсімдер, мұнай секторы
кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер
(жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын түсімдерді қоспағанда) –
848,186 млн теңге, республикалық меншiктегі және тау-кен өндiру мен өңдеу
салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түскен түсiмдер –
90 млн теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен
түсімдер – 5407,073 млн. теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқарудан түскен инвестициялық кiрiстер – 95920,984 млн. теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы
кәсіпорындарынан түсетін түсімдерде негізгі бөлікті (66,77%) заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдердің
жалпы сомасының 16,5%-ін құрайтын роялти алады. Үстеме пайдаға салынатын
салық түсімдердің жалпы сомасының 11,25%-ін құрайды және өнімді бөлу
жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі түсімдердің жалпы сомасының 4,29%-
ін құрады.
Ал 2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты
3 310 783,225 млн теңгені құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 21%-ке өсті.
Ұлттық қордың таза активтері 3 309 371,524 млн теңгені (аудиттелген
қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны
Мемлекеттік кірістер
Қаржы жүйесіндегі мемлекет кірістерінің орны мен рөлі
Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы
Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Мемлекттік бюджет
Мемлекеттік бюджет кірістері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қызметтері
Пәндер