Қазақстандағы қазіргі демографиялық жағдай


Жоспар
- Қазақстандағы қазіргі демографиялық жағдай
- Халықтың табиғи өсіміне сипаттама
- Демографиялық болжам
Қорытынды.
- Қазақстандағы қазіргі демографиялық жағдай
Халықтың бала туу деңгейін көтеріп, өлімді азайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру демография саясат пен отбасын нығайтудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі мақсаты болып табылады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында Демографиялық саясат және отбасын нығайтудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылауға арнайы ұйымдастырылған «дөңгелек үстелде» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті,
Талқылау ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қоры, Азаматтық бастамалар орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Айткүл Самақова, Елена Тарасенко, ҚР Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік және халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, тұжырымдама жобасы еліміздегі демографиялық ахуалды жақсартудың негізгі қағидалары, мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру механизмін анықтайды. Сондай-ақ онда 2010-2020 жылдар аралығында елімізде бала туу көрсеткішінің артуына қолдау көрсету, өлім көрсеткішін төмендету, миграциялық көрсеткіштерді оңтайландыру, отбасыларға жағдай жасау шарттары көзделген. Егер тұжырымда жүзеге асырылатын болса, үш және одан да көп балалы отбасылардың саны артады. 2020 жылға қарай балаға босану кезінде қайтыс болатын аналар санын 100 мың адам ішінде 15-ке дейін, сәбилердің шетіненуін 100 мың адамның ішінен 12 оқиғаға дейін төмендету, әйелдер мен еркектердің өмір сүру ұзақтығының ара айырмашылығын биылғы 10, 5 жылдан 2020 жылы 8 жылға дейін қысқарту көзделген. Сондай-ақ жәрдемақы көлемін арттыру, жас отбасылардың баспаналы болуы, еліміздегі мүгедектер мәртебесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, халық өсімін шет елдегі қандастарымызды тарту есебінен көбейту қарастырылған. Шараға қатысушылардың айтуынша, тұжырымдама дер кезінде жасалып отыр. Сондықтан ол толықтырылып, тез арада жұмыс істей бастауы тиіс.
Бүгінгі отырыс барысында бірқатар ұсыныстар жасалды. Олар алдағы уақытта тұжырымдама жобасына енгізілмек.
- Халықтың табиғи өсіміне сипаттама
Қазақстан халқының саны 2000 жыдың басында 14896, 1 мың адам болды. 1989 және 1999 жылы 16199, 2 мыңнан, 1999жылы 14953, 1 мың адамға азайды. Шындығында жеке облыстар, қалалар және ауылдар арасында халықтың аумақтық қайта бөлінумен қатар жүретін халық санының кемуі, елді мекендер желісі мен жүйесінің қалыптасуына елеулі өзгерістер туғызады. Қазақстан халқының динамикалық аймақтар бойынша едәуір айырмашылықтары байқалады. Соңғы екі халық санағының арасында еліміздің аймақтарының 80% -да (78, 6%), оның ішінде Павлодар облысында 85, 6%, Ақмола облысында -78, 6%-ға дейін, Солтүстік Қазақстан аймағында едәуір халық санының төмендегені байқалады. Тек Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өсу тенденциясы сақталуда. Бірақ бұл облыстарда да халық саны салыстырмалы азаюда. Екі халық санығының арасындағы он жылда халық саны недәрі 5, 3%-ға ғана өсті. Халық санының және оның аймақтарының төмендеу тенденциясы еліміздің экономикасы тұрақталмайынша, халықтың тұрмыс жағдайы жақсармайынша біраз уақыт сақталуы мүмкін.
Әзірше елімізде және оның аймақтарында халықтың сыртқа жаппай қоныс аударуы байқалып, туу деңгейі төмендеуде.
Экономикалық реформалармен байланысты болған өзгерістер (өнеркәсіп, оның ішінде өндеуші салалар кәсіпорындарының жабылуы) урбандалу үрдісіне едәуір әсер етті. Еліміз және оның аймақтарында қала халқы санының өсуі баяулап, оның керісінше жедел төмендеуі байқалуда. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша халық саны екі халық санағының арасында 8, 85%-ға төмендесе, еліміздің өнеркәсібі дамыған аймақтарында қала халқының саны- Алматы облысында 13, 3%-ға Ақмола облысында -24, 3%-ға азайды.
Қала халқы санының қысқаруы орташа және шығыс қалаларда көбірек болды. Олардың халық саны қысқарып қана қоймай, кейбір шағын қалалар тіршілігінің тоқталуы байқалды. Халықтың саны 10 мың болатын қалалар (1989ж. 67 болса, 1999ж. 60-қа түсті) . Ал халқының саны 20 мың болатын қалалық елді мекендер он жылда 17 мыңға дейін төмендеп, Қазақстандағы орташа қалалар 42%-ға күрт азайды. 12 қаланың орнына 1999 жылы 7 ғана қала қалды. Сондай-ақ ірі қалалар саны да, азайды. Республикадағы осы қатардағы 25 үлкен қаланың орнына бүгінде бір ғана Алматы қаласын қалды. Реформа кезеңінде 500 мыңнан төмен тұрғыны бар қалалар Қарағанды қаласы жатты (1989 жылы 507, 3 мың адам, ал 1999 жылы - 436, 9 мың адам) .
Халық санағы аралығы кезеңінде қала халқы негізінде елімізден тысқары жерлерге көшіп-қонуы есебінен қысқарды. Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан сияқты екі аймақтағы халықтың бір шама өсуі-табиғи өсу және халықтың ауылдан қалаға, республика ішілік қоныс аударуы есебінен жүзеге асуда. Экономиканың құлдырауы, еліміз аумағы бойынша салыстырмалы түрде халықтың орналасуын біркелкі ете отырып, қала халқының шоғырлануының бұзылуын (декоцентрация ) күшейтуде.
Ауылдық қоныстану үрдесі қалыптасуының едәуір аймақтың айырмашылығы байқалады. 1999 жылғы статистикалық мәліметке сүйенсек, ауыл халқының ең жоғарғы үлес салмағы Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына келеді. Осы екі облыстар үлесіне ауылдық мекендер тұрғындарының 35, 6% келеді. Қазақстанның жеке аймақтарында ауыл халқы санының өзгерісі әрқалай. Мысалы, 1989-1999жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа ауыл халқының саны 19, 5%-ға азайды, Қарағанды облысында-21, 2%-ға Шығыс Қазақстан облысында -14, 2%-ға азайғандығы байқалды. Бұл жағдайлар 7 суреттегі картограмада көрсетілген.
- Демографиялық болжам
Кез-келген ғылымының құндылығы болашақты білу қабілетімен бағасы-демография негізінен халық санына байланысты болжамға құрылатын ғылым. Болжам қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Демография азды-көпті нақты болжамды 25-30 жыл алдын-ала беруі мүмкін. Ал бұл уақытта алдыңғы буын аға ұрпақ өкінішке қарай тұтастай болмасада біртіндеп кеми бермек. Демографиялық болжам ары кеткенде 20-15-10-5 жылға яғни қысқа мерзімі қамағат тұтатын саяяси, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық болжамдардан озық тұрады. өтен шақтағы өсіммен салыстырғанда, келешекте халықтың кемуі ұзаққа созылады және мехнизмінен аңғарғандай оның өз заңдылығы бар-қарапайым орын алмастырудан (1-2 бала) көп төмен тұрған бала туудың әлсіз жағдайында қатты қартайған халықтың табиғи кемуі-сәйкес емес.
Егер екінші мыңжылдық жер шарының барлық түкпіріне халықтар қоныстанғандықтан “Нomo sapiens” деп аталса, онда соңғы ХХ ғасыр Адамзат баласының санының тез өсуімен сипатталады. Адамзат баласының санының тез өсуімен сипатталады әлем халықтарының саны 4 есе көбейеді. Адамзат санының 6млрд-қа жетуі ең аз мерзім ішінде өсті, небары-11 жылда. (1988-1999) .
Алайда, сөзсіз болатын абсолютті тығыздықтағы баяу депопуляцияны еңсеру қажет және сол арқылы барлық халық міндетті түрде көпбалалыққа (1-2 баладан) біртіндеп көшеді. Бұл яғни, адамдардың демографиялық іс-әрекеттерінің ғаламдық өзгеріске ұшырауы хақында 1999 жылдың қазан айында адам санының 6 млрд-қа көбеюіне байланысты “Almaty Times” газетінде алғашқы рет жазған болатын.
Әлемдік “демографиялық жарылыс” алдымен словян тілдес халықтарды, әсіресе оның ішінде орыстарды шарпыса, одан кейін демографиялық жарылыс үлкен қуатпен түркі тілдес халықтарды, оның ішінде 1 кезекте Османдық түріктерді қамтыды. Одан көп кейін мұндай халықтардың жылдамдатылған өсімін қазақтар, сонан соң да Орталық Азия халықтары бастан кешті.
Жуық арада 2010 жыл олардың саны-теңеседі, осыдан 50 жыл бұрын славяндардың саны 3 есе көп болса, ал 80 жылдан кейін керісінше түркілер 2 есеге дейін өседі, кейінен де православиеліктер мен түркітілдес этностардың ақырғы және шешуші позициялары бірдей болып келеді. Бұл кереғарлықта халықтардың даму заңдылығы терең жасырынып жатыр. Орталық Азия немесе Түркістан территориясы 6 млн км 2 құрайтын бір тұтас этномәдениетті аймақ болып табылады.
Шығыс және оңтүстік бөліктерін қоса есептеген халықтарының саны 75 млн адамға шейін жетеді.
Орталық Азия халықтарының қатарына өзбек, қазақ, тәжік, қырғыз және қарақалпақ т. б. түркі халықтары жатады.
Демографиялық болжамның қазақ ұлының 2030 жылға дейінгі болжамын берсек:
1979-2030 жылдары.
1979 ж (санақ) -5289, 1989 ж (санақ) -6497. 1999 ж (санақ) -7985, 2005 ж (санақ) -8650, 2010 ж (қысқа мерзімді) -9300, 2020 ж (орта мерзімді) -10700, 2030 ж, (ұзақ мерзімді) -12000. Бұл сандарды көре отырып біз қазақтардың 70%-ды құрайтын болады. Демографиямыздың күміс кезеңін оралмандар мен ішкі табиғи өсім беріп отыр.
Динамика(1979-2000) және Қазақстан Республикасындағы (мың адам) диаипора мен ірі этностардың саны (2030 дейін) болжам кесте
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz