Жаза тағайындау туралы



1 Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi
2 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн
3 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын
мән.жайлар
4 Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi
неғұрлым жеңiл жаза қолдану
5 Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау
6 Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза
тағайындау
7 Мерзiмдердi қосу кезiнде оларды белгiлеу тәртiбi
8 Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу
Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында белгiленген шекте және осы Кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.

2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз осы Кодекстiң 55-бабында белгiленедi.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
IV БӨЛIМ Жаза тағайындау

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi

1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында белгiленген шекте және осы Кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.

2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз осы Кодекстiң 55-бабында белгiленедi.

3. Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн

мән-жайлар

1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;

в) жүктiлiк;

г) айыпкердiң жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;

з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезiнде жеңiлдетушi ретiнде ескерiлуi мүмкiн.

3. Егер жеңiлдететiн мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза тағайындау кезiнде қайталап ескерiле алмайды.

4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң д) және к) тармақтарында көзделген жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзiмi немесе мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң нeмece мөлшерiнiң ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екiсiнен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен аспауға тиiс.

Ескерту. 53-баптың 4 бөлiгi жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын

мән-жайлар

1. Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру;

в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;

д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж) жүктiлiк жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау;

з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинап қылмыс жасау;

к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау;

л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау;

м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;

н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы;

о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы;

п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.

2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көрсетiлген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде қайталап ескерiлмеуi керек.

3. Жаза тағайындау кезiнде сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.

55-бап. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi

неғұрлым жеңiл жаза қолдану

1. Әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, айыпкердiң рөлiне, оның қылмыс жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мiнез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және әрекеттiң қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен тағайындалуы мүмкiн, не сот жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн.

2. Жазаны жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жай деп танылуы мүмкiн.

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау

1. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде соның себебiнен қылмыс ақырына дейiн жетпеген мән-жай ескерiледi.

2. Қылмысқа дайындалғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде аяқталған қылмыс үшiн тиiстi бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң жартысынан аспауы керек.

3. Қылмысқа оқталғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi бапта ерекше қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнен ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң төрттен үшiнен аспауы керек.

4. Қылмыс жасауға дайындалғаны үшiн және қылмыс жасауға оқталғаны үшiн өлiм жазасы мен өмiр бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

57-бап. Қатысып жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау

1. Қатысып жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде оны жасауға адамның iс жүзiнде қатысу сипаты мен дәрежесi, осы қатысудың қылмыс мақсатына жету жөнiндегi мәнi, оның келтiрiлген немесе келтiруi мүмкiн зиянының сипаты мен мөлшерiне ықпал ескерiледi.

2. Қатысушылардың бiреуiнiң жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезiнде ғана ескерiледi.

58-бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

1. Қылмыстардың жиынтығы кезiнде сот әрбiр қылмыс үшiн бөлек жаза (негiзгi және қосымша) тағайындап, түпкiлiктi жазаны жеңiлiрек, қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сiңiру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе iшiнара қосу жолымен белгiлейдi.

2. Егер қылмыстар жиынтығында тек ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар қамтылса, онда түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен тағайындалады.

3. Егер қылмыстардың жиынтығында ауыр немесе аса ауыр қылмыс қамтылса, түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен не жазаларды iшiнара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жаза жиырма жылдан аспауы керек.

4. Егер қылмыстардың жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы не өмiр бойы бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда бiр аса ауыр қылмыс қамтылатын болса, түпкiлiктi жазалау iшiнара немесе толық қосылып тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жазалау жиырма бес жылдан аспауға тиiс.

5. Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негiзгi жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар үшiн тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкiн. Жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкiлiктi қосымша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаны жеке даралау мәселелері
Қылмыстық жаза тағайындау қағидалары
Қылмыстардың көптігінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстардың қайталануы және жаза тағайындау
Жазаны жеңілдетудің тәсілдері
Қылмыстық жаза туралы
Жаза туралы тусінік оның белгілері және мақсаты. Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Жазалау және оның мақсаты
Қылмыстық жаза тағайындау туралы
Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
Пәндер