Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдары туралы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Педагогикалық ғылымдар» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., доцент м. а.

Рысбекова А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдары

Орындаған: Алжігітова Тоғжан

ППП -211тобы

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2016

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасы “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:

Білім беру бағдарламасы - білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.

Әлуметтік ғылым (әлуметтену) - деген ұғым аясындағы міндеттері алуан түрлі әлеуметтендіруші әсерлерді ( ұйымдастырылған және өздігінен орын алған) анықтау мен негіздеудің және оларды мақсатты түрдегі педагогикалық ықпалға айналдыруды көздейді. Құзыреттер - студенттердің оқыту үдерісі кезінде алған білім, іскерлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті.

Мүгедек - заңдылықты актілерде бекітілген, оның заңдық анықтамасы берілген, және оны басқамен ауыстыру құқықтық көз қарасынан алғанда сыпайылыққа жатпайды.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ЖОО - жоғары оқу орны

МШ- мүмкіндігі шектеулі

ШҚ - шығармашылық қабілеті

ДО - дидактикалық ойын

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ. КӨМЕКШІ МЕКТЕП БАЛАЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ

1. 1 Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамытудың педагогикалық - психологиялық мәселелері.

1. 2 Көмекші мектеп балаларының тілін дамытуда сөз, сөйлеу және сөздік қор ұғымдарын пайдалану жолдары.

2 ТАРАУ. КӨМЕКШІ МЕКТЕП БАЛАЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1Балалардың тілін дамытуда санамақтар, мақал мәтелдер, жаңылтпаштар және жұмбақтардың тәрбиелік маңызы.

2. 2 Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері.

3 ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған [1] .

«Білім туралы» Заңды білім беруде жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы және мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар жарық көруде [2] .

Қазақстан Республикасы “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңын жүзеге асыруға, арнайы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету мақсатында елімізде жұмыстар атқарылуда [3] .

Қазақстанда мүгедектік мәселелерін халықаралық нормаларға сәйкес айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Қазіргі кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес, сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту мәселелерін тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын кешенді нысаналы бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді . Мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттағы оң өзгерістер 2005 жылы қабылданған заң жобаларының қатарында орын алды «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы балаларды әлеуметтендіруде үлкен жұмыстар атқарылуда [4] .

Жан-жағымызға көз жіберсек, дене және психикалық дамуында әртүрлі бұзылулары бар балалар саны өте көп екенін байқауға болады. Бірақ олардың қоғамның бір мүшесі екенін ескеру аса маңызды. Көмекші мектепте оқитын мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып тәрбиелеудің заңдылықтарын, қағидаларын, әдістерін, оқытуды ұйымдастырудың формаларын дефектология ғылымы қарастырады. Дефектология мамандығы аса үлкен жауапкершілігі бар мамандық. Осы тұрғыда дефектолог маманының негізгі міндеті мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Яғни дефектолог- бұл осы категориядағы балаларды оқыту, тәрбиелеу және кемістіктерін түзетумен айналысатын, ең негізгісі әлеуметтік ортаға қосуды қарастыратын арнайы маман болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бағдарлау, бейімдеу, кәсіптік және еңбектік реабилитациялау-қоғам алдында тұрған күрделі міндет болып табылады. Бала бойындағы қандай да бір кемістік оның толық дамыуына кедергі келтіреді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды бағдарлау, бейімдеу және қайта қалпына келтіру психологиялық көмек, қолдау және арнайы оқытуға байланысты. Бейімдеу міндеттерінің ішіндегі аса күрделі үрдіс әлеуметтік бағдарлау болып табылады. Бұл міндеттер арнайы ұйымдастырылған мекемелерде жүзеге асырылады.

Балалар ақыл-есiнiң артта қалуына негiзгi екi себеп бар: бiрiншiсi, туа пайда болады, екiншiсi, жүре пайда болады.

Туа пайда болған ақыл-естiң кемуiнiң бiрден-бiр себебi - гендiк ауру. Былайша айтқанда, даун ауруы деген атпен белгiлi болған ол хромосомалардың нормадан ауытқуынан болады. Мұндай аурумен туылған балалардың беттерi дөңгелек, көздерiнiң көлемi кiшкентай, саусақтары және алақан сызықтары өзгеше болады. Көбiне ол белгiлер балада туылған кезден байқалады, ал кейбiреулерiнде өсе келе айқын бiлiне бастайды. Бiзде даун ауруын облыстық перинаталдық орталықтағы цитогенетикалық лаборатория мамандары анықтайды

Ал, жүре пайда болған ақыл-ес кемiстiгi үш жағдайда: жатырда даму кезiнде зиян тиюден, босану кезiнде, туылған соң пайда болады.

Туылғаннан кейiнгi кезеңдегi зиян түрлерiнiң негiзгiлерiне бас, ми жарақаты, нейроинфекция, уланулар жатады.

Ақыл-естiң артта қалуына әкеп соғатын себептердiң негiзгiлерi осы. Ал, ендi оның белгiлерiн қалай бiлiп-тануға болады? Ол үшiн әр жастағы баланың психоневрологиялық даму нормасын бiлу қажет.

Балабақшаға бару балалардың ақыл-есiнiң дамуына көп көмек бередi.

Мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келгенде ата-аналар алдында оны арнайы мекемеге беру керек пе, әлде үй жағдайында қарау керек пе деген таңдау шығады. Ата-аналар бала туылғаннан кейін психологиялық және өзге де қажет кеңестер алмайтындықтан, бұл өте қиын таңдау. Мүмкіндігі шектеулі баланы үй жағдайында тәрбиелеу туралы шешім қабылданып, алғашқы қадам жасалғаннан кейін олармен толыққанды жұмыс жасау міндеті тұрады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үй жағдайында көмек көрсету бойынша тренинг - ерекше тренинг. Бұл оқыту емес, балаларға күтім жасаудың тиімді жолдарын анықтау үшін ата-аналарға көмектесу әр баланың өз диагнозы бар және көбінің диагнозы бір болғанымен, әр балаға жеке көмек, жеке кеңестер беретін білікті мамандар керек. Біздің мақсатымыз - ата-аналарға балаларына күтім көрсету жолдарын жақсартуға, олармен жақсы қарым-қатынас орнатуға, өзіне және отбасы мүшелеріне деген қамқорлықты жақсартуға ынталандыру.

Мүмкіндігі шектеулі балаларда толыққанды және өте бақытты балалық шақтың болу мүмкіндігін мыңдаған ата-ана растайды. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу өте қиын болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап болу дегенді білдірмейді. Бүгінде қиын деп отырған мәселелер ертең сізге жеңіл немесе кем дегенде үйреншікті болып кетуі мүмкін. Ерекше балаңызды тәрбиелеу Сізге де өзгелерге қуаныш пен бақыт сыйлауы мүмкін.

Кемақыл балаларды «әлеуметтік бейтарап адам» деп атайды. Қоғамда «әлеуметтік бейтарап адам» болуы мүмкін емес. Мұндай пікір кемтар адам тәрбиесіне немқұрайдылықпен қарау. Сондықтан қазіргі қоғамның міндеті ерекше көмекке мұқтаж адамдарды әлеуметтік өмірге бейтарап қалдырмай керісінше оның қоғамда өз орнын табуға көмектесу.

Ақыл - ойы кем балалар үшін ең маңызды мәселелердің бірі қарым - қатынас мәселесі екені даусыз.

Тұлғаралық қарым - қатынастың пайда болуы мен нәтижелі дамуы оған қатысушылардың өзін - өзі және өзара түсінісуге байланысты. Балалар бірін - бірі қалай, қай деңгейде қабылдайды, түсінеді, сезімдері мен қасиеттерін қалай бейнелейді, өзге арқылы өзін қалай таниды, қарым - қатынас барысы да, арақатынастары да соған байланысты. Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдарының қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі нақты қалыптасқан жағдайында көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдарының мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған зерттеу жұмыстары туындап отыр. Біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдары деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Көмекші мектеп балаларының тілін дамыту барысында сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерін ашып көрсету;

Зерттеу міндеттері.

- Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамытудың педагогикалық мәселелерін қарастыру.

-Балалардың тілін дамытуда сөз, сөйлеу және сөздік қор ұғымдарын пайдалану жолдарын анықтау.

-Балалардың тілін дамытуда ертегілердің тәрбиелік маңызын нақтылау.

- Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін пайдалану.

Зерттеу нысаны: Көмекші мектепте балаларды оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Тіл дамыту

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы» Н. Ә. Назарбаев. «Әлеуметтік-экономкалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты», «Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», озат мұғалімдердің тәжірибелері.

З ерттеу әдістері : философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, оқу бағдарламалары, білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:

- Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастырудың әдіс-тәсілдері айқындалуы;

- Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ұғымдары нақтыланды.

Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдамалар мен нәтижелер:

Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамытудың педагогикалық мәселелері айқындалды;

Балалардың тілін дамытуда сөз, сөйлеу және сөздік қор ұғымдарын пайдалану жолдарын анықталды.

-Балалардың тілін дамытуда ертегілердің тәрбиелік маңызын нақтыланды.

- Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін пайдалану қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен қосымшадан тұрады.

1 ТАРАУ. КӨМЕКШІ МЕКТЕП БАЛАЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ

1. 1 Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамытудың педагогикалық - психологиялық мәселелері

Қазіргі таңда көмекші мектепте оқитын ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму- процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.

Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез - құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады. Өкіметінің алғашқы қадамынан өзіне назар аударған бала кемістігімен күресу ең басты мәселенің бірі болды, бірақ еліміздің ауыр экономикалық жағдайына байланысты алғашқы жылдары барлық күш панасыз, қараусыз қалған балаларға жұмсалды. «Кемістік» деген түсініктің өзі сол кезде кең көлемде талқыланды. Бірақ, бұл ауыр уақыт кезінде мемлекетінің кеміс балаларға қамқорлық жасауға бөлінді және бұл мәселе әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және халық ағарту ісіндегі саясатының бір бөлігі болды.

Мемлекет құрылуының алғашқы жылынан бастап, ақыл-ойы кеміс балаларға арналған мемлекеттік көмекші мектептер оқу орындарын құрылды. Бірақ, біраз жылдар бойы көмекші мектебінің оң жоспары, не бағдарламасы болмады. Оның негізінен жалпы білім беру мектептері негізгі бастауыш сыныптарының оқу жоспарлары мен бағдарламалары алынды. Олардың айырмашылығы тек ақыл-ойы кеміс балалардың оқу мерзімінің ұзақ болуында және оқу жоспарына қол еңбек пәнінің енгізілуінде болды.

Өкімет құрылуының алғашқы жылдарына қарамастан аутқыған балаларға қоғамдық көмек көрсетудің негізгі қағидалары белгіленді және ақылы кеміс балалардың құру тәжірибесін осы қағидаға сәйкес келтіру үшін бірнеше шаралар керек болды. Бірақ мектептерінің халық ағарту ісіндегі жаңа саяхаты қосалқы мектеп ісіндегі оқу мен тәрбиенің әдістерін, міндеттерін, мазмұндарын және құрылысын белгілеуге жаңа принцптер қажет екенін белгіледі. Осы жаңа қағидаларды жүзеге асырудың тиімді жолдары съездер мен конференциялардың негізгі тақырыптарының бірі болды.

1917 жылы қараша айында балалық шақты қорғау мәселесін іске асыру үшін ақыл-ойы кеміс балалардың тәрбиесі мен оқу мәселелерін қарастыратын, мектеп-санаториялық кеңесі құрылды. Осындай кеңестер губернияларда ұйымдастырылады. Бұл мектеп-санатория кеңесі қызметінің мазмұны мен міндеттері келесі бейнеде анықталған: баланың аяғына тұруына көмектесу үшін, баланың кемістік жаратылысын әр жақты зеттеуі керек, қоғамға пайдалы жұмысшыны оралту-мемлекеттің ісі. Бұл адамгершілік іс.

Бұл кеңестің басқарушысы В. М. Банч-Бруевич 1918 жылы тамыз-қыркүйек айларында өткен І Бүкілресейлік съезде осы кеңес қызметінің жұмыс жоспары бойынша сөз сөйледі. Бұл съезд халық ағартуының барлық сұрақтары бойынша мемлекетінің саясаты мен жалпы бағытын белгіледі.

Бүкілресейлік съезде балалық шақты сақтау қайраткерлерімен ақылы кеміс балаларға жаңа және қажетті қамқорлық туралы мәселе қарастырылды. Съездің қарары қоғамдық және семьялық форма арқылы тәрбиелеуге болатынын белгіледі. Осы съезде А. С. Грибоедов [5] әртүрлі кемістікке байланысты мекемелер құруды ұсынды. 1920 жылы бала кемістігімен қараусыз қалғандармен және бұзақылармен күресудегі қоғам қайраткерлерінің І Бүкілресейлік съезд өтті. Съезд ауытқыған балардың тәрбиесі мен оқуындағы көптеген сұрақтардың шешілуінің маңызды мәселе-лері қабылданды. Съезд ақыл-ойы кеміс балаларға арналған мекемелер сұрақтарын және арнаулы мекемелерді бітірушілердің тағдыры туралы мәселелерді қарастырды. Он төрт баяндама ақыл-ойы кемістік мәселесіне арналған. Сонымен бірге А. Н. Граборовтың [6] ақыл-ойы кемістікке, кемістіктің түрлеріне, ақыл-ойы кеміс балалардың еңбек тәрбиесінің қағидаларына арналған баяндамалары осы мәселеге байланысты болды. А. Н. Граборовтың пікірі бойынша, ақыл-ойы кміс балаларға арналған мекемелер жүйесі, олардың кемістігіне сәйкес салынуы керек. Артта қалушылардың қалыпты сыныптарға қайта оралту мақсатымен жалпы білім беру мектебінде қосалқы сыныптарды оқыту керек. Ақыл-ойы кемістерді мектеп-интернаттар тәрбиелеу қажет.

Көмекші мектептер міндетті түрде оқушыларға аяқталмаған жалпы және профессиялық білім беруге тиіс екенін атап айтты. Ол келесі талаптарға жауап беретін, көмекші мектептерге арналған арнайы оқу жоспарын қажет екенін айтты;

а/нақтылығы;

б/ырғақтылығы;

в/бірлігі;

г/байланыстылығы;

д/құр тәрбиеге сүйенгені.

Ол өзіне мектеп оқуына дайындық мақсатын қызмет ететін/сенсорлық мәдениет, психикалық ортопедия, сөйлеу кемістігінің түзету/ арнайы оқуларды енгізуге тиіс. А. Н. Граборов мектеп түрін ұзартуды ұйымдастыру керек екенін айта отырып, бірлескен оқу мен тәрбие міндеттерінің шешілуіне үлкен үлес қосты. Үлкен күш-жігерді қажет ететін, ақыл-ойы кеміс балалардың қызметке қызықтыратын жағдайлар жасады.

А. Н. Граборовтың кітабына үлкен баға бере отырып, Л. С. Выготский «Ақыл-ойы кеміс балаларға практикада жасалған тәрбие әдістерінің тек көмекші мектептерге емес, ол сонымен қатар жалпы мектептер үшін де үлкен маңызы бар» - деген. Сонымен бірге Л. С. Выготский [7] ақылы кеміс балалардың тәрбиесін психикалық ортопедия мен сенсорлық мәдениет басты роль атқармайтынын айтты. Ол А. Н. Граборовтың ақыл-ойы кеміс балалардың оқу мен тәрбие ісіндегі мәселелердің шешілуінің жарты жолына тоқталғанын айтты.

Л. С. Высотскийдің пікіріне қосыла отырып, Л. В. Занков [8] былай деген: «Дидактикалық материалдағы жеке жаттығуларды алып тастап, сенсорлық мәдениет пен психикалық ортопедияны комплексті бағдарламаға және баланы тұрмысы мен ойынына толық енгізу қажет». Бірақ қосалқы мектептердің барлық жұмыстарын бірінші сыныптың аяғына дейін ақыл-ойы кемістердің ерекшеліктеріне, психикалық қызметтерінің кемісшілігімен оны толықтырудың дамуына назар аудара отырып, оларға айқын және толық тоқталу міндеттерімен қамсыздандыру керек.

М. П. Поставская [10] съезде көмекші мектептерден жалпы білім беретін мектептерден ақыл-ойы кеміс балаларға арнаулы сыныптар, ал артта қалушыларға қайталау сыныптарын ұйымдастыру қажет деген ұсыныс жасады. Оның пікірі бойынша ақыл-ойы кеміс оқушылар бастауыш бағдарламасын 5-6 жылда өтуі тиіс деп айтты.

Ақыл-ойы кеміс балаларға арналған арнайы мекемелердің алғашқы құрылу кезеңінде, кемістікпен күресудің бірнеше маңызды теориялық негіздер бастамаларын жасағанын атай айту керек. Мемлекет ақыл-ойы кеміс балаларды өзінің қамқорлығына алады, қоғамдық пайдалы мүшесі болу үшін, оларға барлық жағдай жасайды, барлық ауытқыған балаларға бірдей жалпы білім беруі тиіс.

Л. С. Выготский кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруды көмекші мектептердің алғашқы қатардағы міндеттерінің соңынан жатқызады. Ол ақыл-ойы кеміс балалардың әлеуметтік сезімі төмен деген көз-қарасты дұрыс емес деп санайды. Кемістіктің маңызын түсінуге биологиялық жолмен жақындауын терімке шығара отырып, « Л. С. Выготский арнаулы педагогикалық жеке ғылым болу правосын толық жоққа шығарады. »

Л. С. Выготский ақыл-ойы кеміс балалардың кемістігін түзету жүйесінде медициналық-биологиялық әдісті бағаламаудын, міндеттер мен әдістерде, мақсаттарды арнаулы педагогикалық ерекшеліктерін теріске шығарады. Басқа жағынан Л. С. Выготский ауытқыған балалардың оқу мен тәрбие жүйесін филантропиялық тұйықтан құтқара отырып, оқу мен тәрбие саласында олардың алдына кең көлемді міндеттер қойды.

Л. С. Выготский ақыл-ойы кеміс балалардың аурулары, олардың дұрыс психикалық өмірі деген пікірді сынайды.

Л. С. Выготский мектеп міндеттерін кемістікке пайдалану емес, олардың жүзеге асыру деп түсінеді. Ол «ақыл-ойы кеміс бала ақыл-парасаты дұрыс баладан гөрі мектеп ойлану қабілетін дамытуды қажет етеді. Ол мектептен бөлек бұл қасиеттерді меңгере алмайды. Бұл түсініктемеде біздің бағдарламалардың міндеті балаға терең ой беру, оның алдына өмір құбылыстарының негізгі байланыстарын ашу, тарихи маңызы бар педагогиканың емдеу әдістеріне көзқарас туғызу.

Көмекші мектептердің міндеттерін қорытындылай отырып, Л. В. Занков балаларды коллектившілдікке тәрбиелеу, еңбек қызметіне, мәдениетті өмірге қажет әдеттер мен білім беру керек және оларды қоршаған ортаға қызықтыру қажет», -деген тұжырымға келді [11] .

Автор білім беру мектеп бағдарламасының мазмұны мен көмекші мектеп оқу материалының мазмұны бірдей болуы тиіс деп санайды. Бағдарламалардың құрылу қағидалары ұқсас. Бұл жинақтылық негізгі өмір құбылыстарының (табиғат, еңбек, қоғам) арсындағы байланысты түсіндіреді; адамдардың еңбек қызметі мен баланың өз еңбегі негізгі түбір сияқты қоршаған айналаның шындығын зерттеуге бірігеді, өмір практикасымен байланысы; «жақыннан алысқа» принципі және басқалары.

Л. В. Занков «ақыл-ойы кеміс оқушылардың кемшіліктерін әлсіреу, түзету және толықтыру» бойынша тәрбиелеу жұмыстарының маңыздылығын іске асыруға болатыны айтты. Сондықтан көмекші мектептердің барлық бағдарламаларын тәрбие жұмыстарымен қамтамассыздандыру қажет» .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдары
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
Сөйлеу дағдысын дамыту
Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балаларды ақпараттық технология білімін жетілдіру
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz