Азаматтық құқықтың әдісі және қағидалары


Азаматтық құқықтың әдісі және қағидалары
Жоспар
Кіріспе
І. Негізгі бөлім.
1. 1. Азаматтық құқықтың әдісі.
1. 2. Азаматтық құқықтың қағидалары.
1. 3. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Азаматтық құқықтың әдісі және қағидалары.
Егер азаматтық құкықтың пәнінің түсінігі қандай қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен реттелетіндігімен байланысты болса, ал азаматтық құқықтың әдісі сол қатынастар азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіндігін білдіреді. Азаматтық құқықтың пәні мен әдісі өте тығыз байланысты ұғымдар.
Әрбір қүқ саласына өзіндік ерекшелігі бар реттеу әдісі тән.
Олар:
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың заңдық теңдігі, яғни жеке заңды түлғалар азаматтық айналымда мүліктік басқа да жағдайларға қарамастан тең құқықты. Бұл дегеніміз ешқандай бір тарап екінші тарапқа бір жақты негізде міндеттер жүктей алмайды.
2. Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысу барысындағы еріктілік, әрбір жеке және заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарын өз еркімен өз мүддесі үшін иемденеді және жүзеге асырады.
3. Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысұшы тараптар құқықтарын қорғауда тең құқыққа ие және қорғау мүмкіндігін иеленуде еркін болады. Азаматтық құқықтарды қорғау соттар арқылы жүзеге асады.
4. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі. Оның мүліктік және өтемді болуы (компенсация), келтірілген залалды толык өтеу құқығы.
Азаматтық құқықтың қағидаттары
(прннциптері)
1. "Принцип" (қағидат) термині латынның сөзі - бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (қағидаттары) -ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылы мүмкін болады.
Қағидаттар азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Соңдықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипатталады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-құқық нормаларының барлық жүійесін қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны қолдану міндетгілікке айналды. Бұрын-сонды азаматтық принциіггер заң норма-ларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырыңцама регівде бекпілмеген еді, тек "азаматшқ зандардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпылама тршрымдамамен шеісгелетін. (Қазақ КСР АК-нің 4 бабы) . Қазіргі кезде азаматтық құқық принциптері нормативтік роль атқарады.
Профессор Ю. Г. Басин азаматтық құқық принцитерінің рөлі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды: "Біріншіден, олар тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден, ол жаңа занды жасау немесе бұрынғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері басшылыққа алынады. Төртіншіден, мұндай принциптер құқықтық нормалардың бастапқы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсіндірілуі жузеге асырылғанда назарға алуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6, 392 баптарын қараңыз) . Бесінішден, заң принциптеріне сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, әрине, мұның өзі аталған жағдай кездескеңде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң өкілдері жуйесінің сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің азаматтық құқықтағы құқықтарын да белгілейді. Екіншіден, азаматтық құқық принциптері өзінің реттеу жуйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың Конституциялық құқығын азаматтық құқықтар арқылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.
Азаматтық құқықтың мынадай принциптері бар:
азаматтық-қуқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
- меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушьшық;
- шарт еркіндігі;
- жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындшъі;
- азаматшқ құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру,
5. нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету:
6. азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодексің "Азаматтық зандардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық зандарының адына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікгі қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ дейміз.
Азаматтық құқықтық қатынастарға
қатысушылардың теңдігі
Азаматтық құқықтың басты қағидаттарының бірі олардың қатысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдастемесінің өзімен айқыңдалады. Яғни бұдан азаматтық-құқықтық қатынастарда жақтардың жағдайы тәуелсіз, тең дәрежеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқыңа, іншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек. Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатыңастар жүйесінде субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді:
1) мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық-құқықтық қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады. Бір айта кететін жәйт, азаматтық-құқықтық қатынастардағы мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитеті) заңда көрсетілмеген (АК-тің 111-114 баптары) ;
2) заңды тұлғалардың құқылық мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне біртабан жақын келеді. Мысалы, қазіргі кезде азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады, сондай-ақ заңға қайшы келмейтіндей шарт талаптарының кез келгенін тандауға ерікті; заңды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішінде келісім шартты жасасуға хақы бар;
3) егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда ҚР-ның азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай құқықтар мен міндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға хақылы, және сондай міндеттерді орындауға міндетті. (АК-тің 3 бабының 7-тармағы) .
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында меншік иелерінің құқын қорғауға байланысты теңдік принципі тұжырымдалған. Мұның өзі оларға қатысты құқықтардың бұзылуына қарсы қорғану құралын субъектілер бірдей қолданады дегенді біддіреді.
Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық принципі. Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иелеңуі оны тұғынып, белгілі бір мақсатына, яғни керегіне жаратуы үшін керек, ал оның өз қалауын қанағаттандыру адамға тән, сондықтан бұл орайда ол қызмет ету құралын бәрінен де жоғары қояды.
Мемлекет пен құқық, оның ішінде азаматтық құқық азаматқа мұндай жағдайды қамтамасыз етеді.
Қашан да меншік құқығы азаматтық құқықтың орталық институты болып есептелген және меншік иесінің құқының қорғауды барынша талап еткен. Міне, сондықтан да азаматтық құқық меншіктің қол сұқпаушылық қағидасына негізделеді.
Меншікке қол сұқпаушылық Азаматтық кодекстің басқа нормаларында да өзіңдік көрініс тапқан, ал оны нақтылайтын тұжырымдама Конституцияның 26-бабының 3-тармағыңда бекітілген. Яғни онда былай делінген: "Соттың шешімімен ешкімді өз мүлкінен айыруга болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін". Конституцияның бұл қағидалары Азаматтық кодексте реквизициялау, күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу және т. б. қатынастарда қолданылады (АК-тің 253, 254, 256-баптары) .
Қазіргі кезде заңда меншік құқығымен қатар меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары да қаралған, оларға да қол сұқпаушылық принципі қолданылады, айталық:
а) жерді пайдалану құқығы; ә) шаруашылық жүргізу құқығы;
б) оралымды басқару құқығы; в) өзге де заттық құқықтар (АК-тің 194, 195- баптары) .
Кей жағдайда меншік құқығы шектеулі болуы да мүмкін. Мысалы, "Жер туралы" Заңның 48-бабында жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ретінде жерге, айналадағы табиғи ортаға, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі жөнінде айтылған.
Бірақ та заң арқылы белгілі бір дәрежеде шектеу қойыла тұрғанымен азаматтық зандағы меншік құқығының алар орны ерекше, ал меншік иесі нарықтың басты тұлғасы болып табылады. Бұл бұрын-сонды болмаған меншік құкығын қорғаудың жаңа тәсілдерінің өмірге келуімен байланысты болып отыр. Мысалы, оған қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік арнайы тіркеуге енгізу жатады (АК-тің 118-бабы), сондай-ақ қозғалатын мүліктің, мәселен, бағалы қағаздардың меншік құқының сенімді де жедел ұштастырудың жаңа тәсілдері жасалды (АК-тің 129-140 баптары) .
Шарт еркіндігі принципі . Заң шығарушы меншікгі емін-еркін пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл прйнцип нарықтың дамуына және бәсекеге қажетті алғы шарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен АК-тің 10-бабының 6-тармағында көрсетілгеніндей әрбір тұтынушының тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға мүмкіңдігі бар.
Шарт дегеніміз - шаруашылық қызметінің негізгі құралы. Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін өз еріктерімен, өз мұдделеріне сүйене отырып тағайындайды, сонымен бірге заң құжаттарына қайшы келмейтін жағдайда олардың кез қелген шарт жасасуына мүмкіндігі бар.
Азаматтық кодекс шарт жасасуға мәжбүр етуге тыйым салады, дейтұрғанмен бұл орайда оған кейбір жағдайда жол берілетіндігін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді (АК-тің 380-бабы) .
Бұл принципті қолдануда мемлекеттің тағайындауымен белгілі бір дәрежеде шектеу қойылуы мүмкін, мысалы, оған валюталық шектеуді жатқызуға болады. Айптылық, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің валютаға деген резиденттердің экспорттық операциялары төлемдерін және экспорттық валюта тусімін міндетті сату ретін шектеуді тағайындауға құқығы бар (Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" Заңының
3-бабының 2-тармағы) .
Шарт еркіндігін шектеуді тек мемлекет қана емес, сонымен бірге азаматгық айналым да жүзеге асырады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 11-бабына сәйкес заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған монополистік және қандай болса да басқа қызметқе жол берілмейді.
Жеке істерге кімніқ болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтын принципі, Бұл принцип Азаматтық кодекстің 2-бабының 1-тармағында тұжырымдалған және де ол жеке істерге кімнің болса да озбыр-лықпең араласуына жол беруге болмайтындығын қарастырады. Азаматтық құқықтың бұл нормасы Конституцияның 18-бабында бейтілген: "әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқық бар" деген талапты алға тартады.
Жеке істерге ісімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеу билік және басқару органдарының, ата-андлардың, қызмет орны жетекшілерінің және басқа адамдардың әрекет қабілеті бар азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне қожалық етуіне, пайдасын бөлісіп, кірісін пайдалануына тыйым салады. Егер заңда көзделмесе, әлде біреудің рұқсаты, келісім беруі, ақпарат ұсынуы талап етілмейді. Жеке, отбасылық, коммерциялық құпиялары бар мәліметтерді беруді талап етуге тыйым салынады.
Азаматтық кұқықтарды кедергісіз жузеге асыру принципі
Азаматтық кодекстің бұл принципі конституциялық ережеде де жазылған: "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар" (Конституцияның 26-бабының 4-тармағы) . Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзі осы принципке байланысты. Азаматтық кодекстің 8-бабына сәйкес, азаматтар мен занды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, оның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайда-ланады. Бір айта кететін жайт, олардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартқан жалпы ережеге орай бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқтырмайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатта және әділ әрекет жасап, зандардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік, әділеттілік ережелерін сақтауға тиіс.
Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әділ әрекет жасауы көзделеді (АК-тің 8-ба-бының 4-тармағы) .
Азаматтық құқық конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халық денсаулығы мен имаңдылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және заңмен шектелуі мүмкін (Конституцияның 39-бабының 1-тармағы) .
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тарапқа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді (АК-тің 8-бабының 3, 5-тармақтары) . Осы талаптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады.
Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы жөніндегі ереже де маңызды. Тауарлар, қызметтер және ақша Қазақстан Республикасының барлық аумағында еркін қозғалыста болады. Қазақстан Республикасындағы не заң шығарушының, не атқару билігінің тауарлар мен қызметтердің қозғалысын шектеуге хақылары жоқ. Еркін қозғалысқа тек заңмен ғана тыйым салуға болады.
Нуқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету принципі
Азаматтық құқықтар мен міндеттердің көбісі мүліктік қатынастармен байланысты. Демек, олар белгілі бір дәрежеде материалдық мазмұнға ие. Азаматтық заңға бұл принципті енгізу азаматтық құқықтың езекті мәселелерінің бірі - құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіруді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету мәселесін шешуді жүзеге асырады.
Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау принципі. Соттың қорғауын қамтамасыз ету принципі.
Бұл конституциялық принцип: әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар (Конституцияның 13-бабының 2-тармағы) . Бұдан аз ғана уақыт бұрын сот арқылы қорғану рөлі төмен болып келді, яғни тек заңда көрсетілген жағдайда ғана сотқа шағыну мүмкін еді (мысалы, бұрынғы "Еңбек туралы" заң кодексіне тіркелген атышулы тізімнің 1-және 2-кестесі) .
Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықты қорғау сот (төрелік сот немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады. Белгілі бір жағдайларда бұрмаланған азаматтық құқық басқа да тәсілдермен қорғала алады. Занда көзделген ретте мұндай қорғау әкімшілік тарапынан жүзеге асуы мүмкін (АК-тің 9-бабының 2-тармағы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz