Ақтөбе қаласы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ақтөбе

Ақтөбе қаласы - Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, Ресейдің Орынбор облысымен, сондай-ақ Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарымен шектесетін Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Қалада 300 мыңнан аса халық тұрады.

Ақтөбе - қала, Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы (1932) . Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Темір жол, әуе және автомобиль қатынастарының маңызды торабы. Мұғалжар тауының оңтүстік-батысында Елек өзенінің сол жағалауына, Ақтөбені айнала орналасқан. Патша әскерінің Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы үшін соғыс бекінісі ретінде алғашқы қазығы 1869 жылдың мамырында қағылған. 1891 жылдың 25 мамырынан уездік қала, Торғай облысы Ақтөбе уезінің орталығы. Орынбор - Ташкент темір жолының салынуына байланысты (1905) тораптық темір жол стансасына 1933 ж. аэропорт (оның жаңа ғимараты 1978 ж. ) пайдалануға берілді. Тұрғыны - 2000 ж. - 277, 5 мың, 2002 ж. - 273, 8 мың, 2004 ж. - 280, 3 мың, 2006 ж. - 292 мың адам болды. Қалада әр жылдары маңызды саяси оқиғалар өтті. Тұрғындары Бүкілресейлік ереуілге қатысты (1905) . Кеңес өкіметі орнағаннан кейін (8(21) . 1. 1918) азамат соғысы жылдары ақ гвардияшылармен күрескен әскери күштер жасақталып, Кеңестік майдан орталығына айналды. Қазақстан өлкесінің 1 Кеңестік конференциясы өтіп, онда барлық қазақ жерін Кеңестік Қазақ республикасының құрамына біріктіру туралы шешім қабылданды. 1920 - 30 жылдары қалада паровоз және вагон депосы, механикалық зауыт, диірмен, элеватор, нан комбинаты, «Металист» артелі салынды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары ферроқорытпа және хром, рентген аппаратуралары, ауыл шаруашылық машиналары (қой қырқатын электр аппараттары, трактордың қосалқы бөлшектері), тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары (ет комбинаты, қалалық сүт зауыты, элеватор, тоқыма, жиһаз және тігін фабрикакалары) пайдалануға берілді. Құрылыс базасы (кірпіш, темір-бетон бұйымдары, силикат-қабырға материалдары зауыттары, үй құрылысы комбинаты, т. б. ) құрылды. Ірі құрылыс ұйымы - 1946 ж. іргесі қаланған «Ақтөбеқұрылыс» тресі (қазіргі «Ақтөбеқұрылыс» жобалау-құрылыс фирмасы) . 2-дүниежүзілік соғысы жылдары мұнда бірсыпыра кәсіпорындар көшіп келді. Қалада 321-атқыштар дивизиясы, 101-ұлттық атқыштар бригадасы, теңізшілердің дербес атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және басқа да әскери бөлімдер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. Қаланың 29 тұрғыны бұрынғы Кеңес Одағының батыры атағына ие болған. Оның ішінде шығыс халықтарынан шыққан екі қаһарман қыздың бірі Әлия Молдағұлова бар. Ақтөбеде алғашқы оқу орны - екі кластық орыс-қазақ училищесі 1884 ж. ашылды. 1896 ж. Ыбырай Алтынсариннің бастамасымен қазақ қыздары үшін әйелдер училищесі жұмыс істей бастады. Құдайберген Жұбанов атындағы Мемлекеттік университет, медицина академиясы, «Дүние» университеті, Талғат Бигелдинов атындағы жоғары әскери авиациялық училище, колледждер, қазақ және орыс драма театры, тарихи-өлкетану мұражайы, облыстық филармония, Молдағұлованың мемориалдық мұражайы, Отан соғысында қаза тапқандар мемориалы, Қазақстанда саяси қуғынға ұшырағандарға, Молдағұлова мен Исатай Таймановқа қойылған ескерткіштер бар.

Тарихы

Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың негізі қаланған күн болып есептеледі.

Біздің қаламыздың құрылысының басталуы туралы Петербургтің «Биржевые ведомости» газеті былай деп хабарлады: «… Ақтөбе бекінісіне Елек өзенінің сол жағында Елек қорғанысынан 180 верст, Орынбор-Қазалы керуен жолына жақын, Қарғалы өзенінің тармағындағы Ильинка станицасынан 170 верст қашықтықта жер таңдап алынды… Құрылыс қазірдің өзінде басталып кетті, Елек уездік басқармасын күзге дейін көшіріп болу көзделуде».

Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.

1880 жылы Ақтөбеде алғашқы халық санағы жүргізілгенде, 409 тұрғын болды. Олар 38 үйде тұрды, оның 5 үйі ағаштан, 33 үйі саман кірпіштен салынған.

Ақтөбеде бірінші мектеп 1884 жылы пайда болды. Бірінші «Триумф» синематогрофы 1910 жылдан бастап жұмыс істеді.

1901 жылы алғаш Ташкентте, ізінше Орынборда осы екі қаланы Ақтөбе арқылы жалғастыратын темір жол құрылысы басталды. 1904 жылы болат жолдың бойымен уақытша қатынас ашылды, одан кейін тұрақты қозғалыс басталды.

Бүгінгі Ақтөбе

Бүгінгі Ақтөбе - өнеркәсібі, кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай қала.

Облыс орталығында әлеуметтік сала дамыған, білім беру мекемелері, оның ішінде жоғарғы оқу орындары желісі, мәдени-спорттық өмірі өркендеген.

Ақтөбе қаласында 2008 жылы Бауырым (фильм) түсіріліп, үлкен экранда көрсетілді.

Белгілі тұлғалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар
Ақтөбе қаласының әкімдігінің аппараты
Ақтөбе облысының өзендерінің суының жылдық нормасын табу
Инвестициялық жоба жайлы
Ақтөбе қаласының атмосферасын басқа қалалармен салыстыру
Тары бірнеше дақылдарға жақсы алғы дақыл
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері
Кәсіпкерлік түсінігі және кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
Атмосфералық ауаның ластану индексі
Баласағұн қаласының тарихын теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz